Аман Құлбаев: “Клоун болғым келді”

    Аман Құлбаев:  “Клоун болғым келді”

    Ол әуелде клоун болғысы келді. Сол арманы жас жігітті Жамбылдан Алматыға жетелеп әкелді. Ол жарты ғасырға жуық ғұмырын театрға арнаған ұстаз, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының негізін қалаушылардың бірі. Ол – Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы университетінің “Театр өнері” факультетінің деканы, профессор Аман Құлбаев.

    Аман аға, Ақтөбеге қош келдіңіз! Қателеспесек, бұл екінші рет келуіңіз ғой?! Алғаш келгенде де дәл осылай актерлік мамандықта оқып жатқан студенттерге дәріс оқып едіңіз...
    Иә, осымен екінші рет келуім. Бес жыл бұрын Қ.Жұбанов атындағы университеті жанындағы колледж студенттеріне “Сахна қозғалысының негіздері” тақырыбында дәріс оқыған болатынмын. Жиі келіп тұруға мүмкіндік бола бермейді. Шақырған соң келесің. Әйтпесе жұмыс бабының өзі ешқайда мойын бұрғызбайды. Сыртқа көп шыға бермеймін. Факультетім бар, қаншама студенттерім бар. “Театр өнері” факультеті – академиядағы ең үлкен факультет. 1971 жылы Құрманғазы атындағы Өнер институтының “Драма театры және Кино актері” мамандығын бітірген соң, 1973 жылдан бері ұстаздық қызмет жолындамын. Кезінде театр факультеті консерваториядан бөлініп шыққанда 28 жасымда сол факультетке декан болып, өз алдымызға жеке театр және көркемсурет институты боп құрылғанбыз. Бірте-бірте Өнер академиясына айналдық. Қазір академияның түлектері, ұстаздық құрамы, дербестігі жағынан Орта Азиядағы ең үлкен рухани мектеп боп қалыптасты. Мәмбетов, Ноғайбаев, Жантөрин, Байсеркенов, Обаев – әрқайсысы өздерінің курстарын алып, дәріс оқып, оқу орнының үлкен өнер ордасына айналуына ықпал етті. Қаншама шәкірттер дайындап шығарды. Өнер академиясында Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан, Вьетнам, Моңғолиядан келіп, оқу оқыған жастар болды.Қытайда тұратын қазақ жастары әлі де көп келеді.

    Аға, сөзіңіз аузыңызда. Актер болуды, режиссер болуды танымалдылықпен ғана өлшейтін жастар көп кездесе ме? Ондай жағдайда не істейсіздер?
    Режиссер болу оңай шаруа емес. Ол жан-жақты, білімді, білікті азамат болуы шарт. Біз тек алғашқы қадамының нық басуына ықпал етеміз, әрі қарай режиссерді тәрбиелейтін, шыңдайтын ол - театр, шығармашылық орта. “Сен актерлік оқуға түстің, сенен актер жасаймыз” деп біз ешкімнің басынан сипамаймыз. Ол – жалаң сөз. Актер боп қызмет ету үшін не керек, не істеу керек деген тапсырманы әрі қарай алып кете алатын шығармашылық топты қалыптастырамыз. Студенттерге дәріс оқып жүріп, көзіміздің жеткені: жаһандану деп қазіргі методика мың түрленсе де, бәрібір Станиславскийдің салып берген сара жолына жетері жоқ. Әлі өміршең. Ең дұрыс бағыт екендігін дәлелдеп келеді. Өткенде актер, режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың 70-жылдығында сахна пластикасы, вокал, сөз саптауға байланысты өткізілген шеберлік сыныбына 13 облыстан актерлер келіп, дәріс алды. Біз бәріміз сабақ бердік. Ондағы мақсат – облыстағы театр актерлерінің бір-бірімен қоян-қолтық араласуы, бірігуі, шығармашылық деңгейдің жоғары сатысына көтерілуі болатын. Негізінде облыстық театрлардың жағдайы өте қиын. Олар күнде спектакль қойып жатқан жоқ.

    Осы арада Тахауи Ахтанов атындағы театр туралы пікіріңізді білгіміз келеді...
    Сіздердің театрларыңыз туралы айтар болсақ, театрдың қамқоршы ешкімі болмаған. Ахтанов театрының труппасы әуелде жап-жақсы жұмыс бастаған. Бірақ кейін соның бәрін жоғалтып алған. Жаны ашитын адамы жоқ, қожайыны жоқ. Орайы келгенде Мағзұмға (Мағзұм Бақытжанов – ред.) осыны бетіне басып отырамын. Екеуміз Жамбыл театрында жұмыс істедік, бірге өстік. Актер деген күнде бәйгеге шабатын аттай жіптіктей болуы керек. Өзіне сын көзбен қарап, өзін-өзі дамытып отыруы керек. Ол жұмыс қалып қойған. Режиссерлер спектакльді қойып береді, премьерасы дүркіреп өтеді. Бәрі қол шапалақтайды. Шымылдық. Ал, одан кейін спектакльді сол деңгейде ұстап тұратын кім? Басшы дұрыс болмағаннан кейін, тәртіп те жоқ. Екі спектакльді көрдік. Өздері сөз қосып алады екен. Сахнада ойнап жүрген актерлердің бәрі – жастар. Өздерінше «шындық таптық, біз осылай көрінеміз» дейді. Кешіріңіз, ол кәсіби деңгей емес. Соның бәрін беттеріне басып, көздерін шұқып айттым. Одан кейін мені жақсы көрсе де, жек көрсе де өздері білсін. Бұрынғы директорына да, мәдениет басқармасында отырған келіншекке де «сіздер театрды қандай күйге түсіргенсіздер?» деп сынадым. Әр істің басы-қасында сол саланың майталмандары жүруі керек қой. Яғни, өнерді түсінбеген соң, мән бермей отыра берген. Театрда кәсіби режиссер қызмет етуі керек. Мұнда магистратура бітірген, бір жас жігіттері бар екен. Оның да жаны ашып тұрғаны шамалы. Режиссер өз басының режиссері емес, сол шаңырақтың режиссері екенін сезінгенде ғана іс алға басады. Жеке даралықтан коллективке көшу үшін театрдың атқарар істері әлі көп. Орыс труппасы тіпті жеке мемлекет болып кеткен. «Қазақ театрында жұмыс істеп отырып, қазақ спектаклін қоя алмасаңыздар, сіздер кімсіздер?!» деп Тормышеваны да сұрақтың астына алдым. Сөйтіп екі труппаға жиналыс өткізіп, жаңа келген басшыға бағыт-бағдар сілтеп, сәл де болса ат салыстым деп ойлаймын.

    Нұрхан Кәдірбай – Жүргеновтің түлегі, өзіңіздің шәкіртіңіз. Жаңа басшыға қандай үміт артасыз, театрдан қандай нәтиже күтесіз?
    Нұрхан – әбден ысылған, театрда да ойнаған, басшылық қызметте де болған еңбекқор, пысық азамат. Әкімшілік дұрыс таңдау жасады, театрға дұрыс басшы келді деп өз басым ойлаймын. Оның қолынан көп нәрсе келеді. Өзі организатор, жан-жақты, энергиясы мол жігіт. Себебі басынан көп жағдайды өткізді. Егер біздің сөзімізден кейін бір серпіліс, сілкініс пайда болса, онда театр ұжымы облыс деңгейінен шығып, республикалық конкурстарға қатыса бастайды. Қойылымдарын жоғары деңгейде өткізуге талпынса, онда біздің ісіміздің ақталғаны. Театрдың тағы бір кемшілігі - зейнетке шыққан актерлері әлі штатта отыр. Олар енді штаттан шығып, контрактіге отырулары керек. Өнерде де өзінің заңдылығы бар. Жасың келді ме, жарты мөлшерлемемен жұмыс істеуге тиіссің. Бұлар заңдылықты бұзып, биліктің бәрін соларға беріп қойған. Ал, билік режиссерде болуы керек. Әкімшілік екеуі бірлесе отырып, қызмет атқарулары қажет. Кадр жетіспеушілігі де бар екен. Бірақ ол мәселені жуық арада шешеміз деп отыр. Ал, актердің өсуі үшін, жан-жақта жүрген мықты-мықты актерлерді, олардың ойнап жүрген спектакльдері мұнда бар болса, соларды театрға шақырып, жергілікті актерлермен араластырып ойнату керек. Сонда ғана өсу болады. Осы жолы «Тарлан» колледжінде дәріс оқыдым. Бұндағы студенттерді де массовкаға, эпизодтарға жиі шақырып тұрған дұрыс. Өнерге келген жастар кабинетте дәріс тыңдай бермей, сахнада әрлі-берлі жүрулері керек. Бұлардың не оқу театры, не сахнасы жоқ. Өздері біреудің ғимаратын жалдап отыр. Ол дегеніңіз – үлкен қателік. Бұл – әкімшілік тарапынан жіберіліп отырған қателік. Өнерлі азаматтардың өз шаңырақтары болмайынша, олардан көп нәрсе күту бекершілік. Аядай бөлмеде 20-30 студент сығылысып отыр. Олардан қандай актерлер шығады?! Қарап отырсаңыз, Ақтөбеде бірнеше халық театры бар. Бір облыста ондай халық
    театры жоқ. Ал, сол халық театр-лары ертең мамандар сұратса, колледжді бітірген студенттер барады. Ол жерден шыққан таланттар бізге, Жүргеновке оқуға келеді. Осы байланысты үзіп алмауымыз керек. Актерлік мамандықта оқып жатқан студенттердің өздерінің ғимараттары болуы керек. Сонда ғана кәсіби білімнің алғашқы сатысы қаланар еді.

    «Тарлан» колледжінде үш күн дәріс оқыдық дедіңіз ғой. Болашақ актерлердің бет алысы қандай екен?
    Жақсы. Шеттерінен жанып тұрған жастар екен. Өте көп. Бәрін спортзалға жинап алып, сабақ бердік. Сабақ біткен соң да, ағалап тіпті артымыздан қалмайды (күлді-ред.)

    Аға, асығып отырсаңыз да сұрайыншы. Сіз үнемі «актерлікке қалай келдіңіз?» деген сұраққа «менің клоун болғым келді» деп жауап бересіз. Неліктен клоун?
    Клоунның мықтылығы айта-йын ба? Ол сол сәтінде көрген адамының болмысын, психологиясын айнытпай салып береді. Ал, оған үлкен шеберлік керек. Өзі өте сирек мамандық. Соны аңсап, мен Жамбылдан Алматыға келген болатынмын. Бірақ консерваторияда ол мамандық болмады. Содан құрылыс техникумына түсіп кеттім. Ондағы ойым қалай да Алматыда қалу болатын. Сөйтіп жүргенде Асқар Тоқпанов көріп қалып, актерлік оқуға түсіп кеттім. Институт бітіргенімде мені «Қазақконцертке» жетелеп алып барған Роза Бағланова болатын. Онда жүргізуші болдым. Әскерге барып-келген соң, кафедраға шақырып алды. 3-курстан бастап Шәкен Аймановтың жетекшілігімен жас Абайды сахнаға алып шықтым. Содан бері өнер деп жүргенімізге 45 жыл болды. Әлі жүрміз. 70-ке келдік. Демалысқа жібермей жатыр (күлді-ред.)

    Сізден дәріс алған шәкірттер қазір республикалық сахналарда өнер көрсетіп жүрген актерлер. Арасында тойға шығып, асабалық өнер көрсететіндері бар. Асабалық актерді өсіре ме әлде өшіре ме?
    Бәріне топырақ шашпайын. Біздің актерлердің көбісі жалқау, өз бетінше ізденбейді. Ізденіп, тапқан дүниелерін режиссермен бірлесіп, соны алға шығаруда өте кемшін. Бұл жағынан орыстар пысық. Ол жағын мойындауымыз керек. Асабалық – уақытша, жеңіл-желпі кәсіп. Актерлердің көбісі асаба. «Жан сақтауымыз керек» дейді. Ол өтірік. Олардың ойлары – көбірек ақша табу. Бұл дұрыс емес. Ынсап керек. Үй-күйі келіспей жүрсе, бір сәрі. Дегенмен, көзі қарақты көрермен той-тоймалақта көріп алған әртістердің спектакліне бармайды. Сөйтіп актердің қадір-қасиеті кеми береді. Оны актер деп емес, той-томалақтың асабасы ретінде ғана танитын болады. Шынымды айтсам, осы жағы мені қынжылтады.

    Аға, шынайы сұқбатыңызға көп рахмет! Еңбегіңіз жана берсін!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облыстық драма театрына жаңа басшы келді
  • Т.Ахтанов театры драма емес, құрамаға айналды
  • Елтай Кемал: Қызым – менің мақтанышым
  • “Махаббат мұңы” жоғары бағаланды
  • Ахтанов театры шақырады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге