Жеткербай Қайдасов: “Жылда оқулық өзгерту дұрыс емес”

    Ол - бала кезінен есеп-қисапқа құмартып өсті. Қарапайым жылқышының баласы. Ауыл мектебінің математика бағдарламасын қорашсынып, өз бетінше ғылыми кітап-журналдар оқып, білімін тереңдетеді. Ол алдына мақсат қоя білді. Қызмет пен отбасын қатар алып жүріп, Ресейде білімін жалғастырып, жаңалық ашты. Ол – 2005 жылдан бері шығып келе жатқан геометрия, ең алғашқы электронды оқулықтарының (геометрия) авторы. Геометрияны компьютерлік графикамен ұштастырып жүрген ғалымның әлі де халыққа берері көп. Ол – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, ҚР Білім беру ісінің үздігі Жеткербай Қайдасов.

    Жеткербай аға, сабақ арасында уақыт тауып, сұқбат беруге келіскеніңізге рахмет! “Қайдасов” деген фамилиямен мектепте оқып жүріп, таныс болдық. Сіз - еліміздегі геометрия саласы бойынша ең ірі мамандардың бірісіз. Айтыңызшы, осындай математик-ғалымды дүниеге әкелген қай топырақ?
    Мен Байғанин ауданына қарасты Қораши деген кішкентай ғана ауылда дүниеге келгенмін. Құмға аунап-қунап өскен ауылдың қара домалақ баласы болдық. Өзім Ноғайты деген жердегі Сағыз орта мектебін бітірдім. Біздің кезімізде 8 сынып бітірген кейбір балалар “мектептен құтылдық” деп қуанатын (күлді – ред.). Менің сабаққа деген ынтам өте жоғары болды. Жақсы-жақсы мұғалімдеріміз болды. Математикадан Ізғали деген ағай, химия-биологиядан Жангерей Жұмабаев деген ҚазҰУ-ды бітіріп келген жас маман сабақ берді. Осы кісілердің математикаға келуіме әсері күшті болды. Оқу бітірген жылы сол әсермен Алматыға Абай атындағы ҚазПИ-ге оқуға түсіп кеттім. Біз оқу бітіретін жылдары жаңа облыстар құрыла бастады. Жезқазған, Торғай, Маңғыстау облыстары ашылды. Ол уақытта қазіргідей емес. Баратын жеріңде жағдай бар ма, жоқ па, айлығы аз ба, көп пе деп ойлануға шамаң жоқ. Ол кезде тіпті бір жыл жұмыс істемей, диплом да берілмейді. Оқу бітірді деген анықтама ғана жазып береді (күлді-ред.) Жақсы оқығандығымнан болар, мені оқу орнының басшылары өзара келісіп, Арқалықта жаңадан ашылған педагогикалық институтқа жіберді. Арасында әйелім екеуміздің кезектесіп оқыған аспирантурамыз бар. Арқалықта 1975 жылдан 2000 жылға дейін аға оқытушы, доцент, факультет деканы болып қызмет еттім. Басында тұратын үйіміз болған жоқ. Шыны керек, жан бағу қиын болды. Әйел, бала-шағаммен жатақхананың тар бөлмесінде тұрдық. Бірақ жалақымыз жақсы болды. Қазір сондай жалақы алып отырсақ, жұмыс істеуге ынтамыз жоғары болушы еді, күн көрісіміз бұдан да жақсы болушы еді ойлаймын.

    Аға, сөзіңізді бөлейін. Ауыл баласына математика, геометрия деген пәндер көп жағдайда қиынға соғады. Ол балалар керісінше ауыз әдебиетіне, тарихқа икемді келеді. Осы ретте сіздің есеп-қисапқа жүйрік болуыңызға не түрткі болды? Әлде әулетіңізде сондай адамдар бар ма?
    Әулетте ондай адамдар бар деп айта алмаймын. Неге десеңіз, мен – жылқышының баласымын. Жарықтық әкелеріміздің көзбен мал санау қасиеті мығым болатын. Жайылып жүрген жылқыларды бір шолып өтеді де, “бүгін қасқа айғырдың үйіріндегі тор бие көрінбейді ғой” дейді. Ол кісі жеке-жеке санап, түгендеп тұрған жоқ. 700 бас жылқының ішінде тор биенің жоқтығын бір қарап айта салатын. Әрі неше жылқы жетіспей тұрғанын да дәл білетін. Сондай нәрселер бізді қиялға жетелеп, есептеуге қызықтырып, тәрбиелеген шығар деп ойлаймын. Әкеміздің қасында жүріп, жылқы қайырып жүргенде “бұл қалай болды?” деп жиі ойланып жүретінбіз. Сөз арасында айта кетейін. Әкем Қойлыбай Боханов – “Социалистік Еңбек Ері” атағын алған адам. Мінезімнің өзгеше болатыны жылқышының баласы болғандығымнан шығар. Жылқышының балалары темпераментті, тәуекелшіл келеді емес пе?! Ештеңе бекерден-бекер болмайды ғой. 9-сынып оқып жүргенде ауыл дүкенінен Мыңбай Ысқақовтың математика тарихына қатысты кітабын кездейсоқ сатып алдым. Кейін Мыңбай аға институтта сабақ берді. 10 сыныпта жүргенде математикадан облыстық олимпиадаға қатыстым. Ол кезде ауыл баласына орын бермейтін әдеттері бар. Бірақ бір нәрсені санама түйіп келдім: біздің математика пәнінен оқып жүргеніміз бер жағы екен. Көп нәрседен хабарымыз аз екендігін ұқтым. Сөйтіп ауылға келіп, Ізғали ағайыма айттым. Ол кісі “Математика в школе”, “Квант” деген қалың журналдарды алдыма тастай салды. Орысша түсінбесем де, суреттерін қарап, тісім батқан есептерді шығарып жүрдім.

    Аспирантураны Мәскеуден бітірдім дедіңіз ғой. Жаңалығыңызды сол кезде аштыңыз ба?
    1976-1977 жылдары Ресейдің Рязань педагогтік институтында, кейін 1981-1984 жылдары МГУ-де әлемге танымал математиктер Н.В.Ефимов пен Э.Г.Позняктың мектебінде профессор Е.В.Шикиннің жетекшілігімен геометрия және топология мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғап шықтым. Сол кезде үш өлшемді Евклид кеңістігінде Лобачевский жазықтығының шексіз облыстарына сәйкес келетін, дифференциалдық геометрияда айтылып жүрген беттерден өзгеше тағы бір беттің бар болатынын дәлелдедім. Ол жаңалығым кейін Ресейдің ғылыми журналдарында жарияланып, магистранттарға оқытылатын арнайы курс бағдарламасына енді. Себебі жай студент оны түсіне бермейді. Е.В.Шикин деген жетекшім былтыр дүниеден өтті. Мәскеуде сол кісінің құрметіне ұйымдастырылған конференцияға қатысуым керек еді. Белгілі себептермен бара алмай қалып, іштей өкініп отырмын. Егер барғанымда академиялық мобилділік орнатып келер едім. Университет басшылығымен келісіп, студенттердің өзара тәжірибе алмасуына немесе ол жақтың ғалымдарының осында келуіне мұрындық болар едім. Студенттерді ешқайда шығармай, аудиторияда дәріс оқи бергеннен, олардың ғылымға әрі қарай ынтасы болмайды. Оның үстіне қазіргі заманның психологиясы басқа. Математиканың теңдеулерін шешіп отыруға көбісінің шыдамы жетпейді. Қазір не нәрсенің болсын, жылдам, тез болғанын қалайды.

    Аға, сіздің докторлық диссертация қорғауыңызға не кедергі болды?
    Енді оның бәріне уақыт қайда?! Отбасымды асырауым керек (күлді – ред.) Үйдегі апайыңызды оқыттым ғой. Әспет Кеңесбекқызы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Ол кісі математиканы оқыту әдістемесінен диссертация қорғаған. Екеуміз Алматыда бірге оқып жүріп, Алатаудың бөктерінен Байғаниннің құмына ертіп алып келдім (күлді – ред.) Бір жағы сол уақытта Арқалықта ұрлық-қарлық, бұзақылық жағдайлар жиі болатын. Отбасымды тастап, Ресей асып кетуге жүрексіндім. Одан бөлек тағы бір кедергілер болды. Сөйтіп жүріп, жазып жатқан докторлық диссертацияма нүкте қойылмады. 2011 жылы 60 жасқа толдым. Сол кезде “қартайып қалмай тұрғанда, елімізге жетіп, еңбегімді сіңірейін” деп айтқаным бар-тын. Сол уәдемде тұрдым. Алғашында физика-математика факультетінің іргелі және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі болдым. Қазір кафедра профессорымын. Студенттерге лекция оқимын, магистранттармен жұмыс істеймін. 5 магистрант дайындап шығардым. Дифференциалды геометрияға қатысты оқулық жазу үстіндемін.

    Оқулыққа қатысты сұрағым келеді. Мен де сіз жазып шыққан геометрия, алгебра оқулықтарымен оқыдым. Шынын айтсам, ережелерін есте сақтау қиын, есептері күрделі болатын. Жыл сайын оқулықтарды жаңартып шығарып жатыр. Бұл дұрыс үрдіс пе? Бұның нәтижесі қандай болмақ?
    2005 жылдан бастап жазған оқулықтарым 2006 жылы оқу процессіне енді. Сол жылдары 10 сынып оқушылары гуманитарлық және жаратылыстану бағыты боп екіге бөлінді. Алғашқы кезде оқулықтарымыз қатты сынға ұшырады. Неге десеңіз, ең бірінші рет қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқитын оқушыларға оқулық жазу керек болды да, тіпті не жазу керектігін жоғарыдағылар да білмеді. Бізді асықтырып, оқулық жаздырып алды. Сол кезде өздерінің оқулық жазуға шамасы келмейтін, бірақ дайын дүниені сынауға құмар адамдар өте көп болды. Кейін маған 7-8-9 сыныптардың оқулықтарын жаздырды. Оның өзінде сол оқулықтарға жауапты авторлық ұжымның арасында келіспеушіліктер болып, бір жарым ай қалғанда мені шақырып алды. Оқулық автордың ойдан жазатын шығармасы емес, осыған дейін жазылған дүниелерді іріктеу, ең керек деген ақпараттарды сауатты түрде бір-бірімен ұштастыру. Арасында кейбір мысал-есептерді ойдан құрастыратын кездерім болды. Жаңа сіз ережелері қиын, есептері күрделі деп айтып отырсыз ғой. Оқулық жазыларда министрлік бағдарлама бекітеді. Онда “мына теорема жазылсын”, “мынадай есептер болсын” деп бізге талап қояды. Біз сол бағдарлама шеңберінен асып кетпеуіміз керек. Оқулықтардың түсініксіз болуы сол бағдарламаның шикілігінен де болады. Жылда оқулық өзгерту дұрыс емес. Ең кемі 5 жыл сол оқулықпен оқыту керек. Оның ішінде математиканың оқулығын жиі өзгерту қате. Неге десеңіз, математика – нақты ғылым, оқулық жаңарғанмен сол ереже, сол есептер.
    Сұқбатыңызға рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Нұрлыбек Қалауов: “Қазір “ұры” айтыскерлер көбейіп кетті”
  • Балаш Түсіпқалиев: “Дәрігерлер 12 жыл оқып, 45 мың теңге айлық алады”
  • Кенжеғали Кенжебаев: “Біз жалтақ боп барамыз”
  • Ақтөбеде оқулыққа қатысты дау шықты
  • Ақтөбе мен Мұғалжарда оқулық тапшы
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге