Алма Адаханова. “Ақтөбеге келіп, жан тыныштығын сезіндім”

    Ол өнерлі отбасында дүниеге келіп, 3 жасынан бастап қолына микрофон ұстады. Ол өнерлі адамның басына үйірілетін қара бұлттан қашып құтыла алмады. Дегенмен, морт сынған жоқ. “Сахнаға шығып, өзімді қайта таптым” дейді. Маңдайына жазылған тағдырына еш өкінген емес. Өзінің айтуынша, жүрегі тек “ән” деп соғып тұр. Ол – Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі Алма Адаханова.

    Алма апай, сіздің дауысыңыз, әндеріңіз Ақтөбе жұртшылығына таныс. Табиғатыңызға жақын ба, адамды сағынышқа итермелейтін, өткенін есіне түсіретін ретро-әндер орындайсыз. Сіз туралы етене білсек дейміз...
    Көбісі ақтөбелік деп ойлайтын шығар, мен негізі Қостанай өңірінің қызымын. Амангелді ауданына қарасты Иманов кеңшарында дүниеге келгенмін. Әке-шешем, бауырларыммен кейін мен 6-сынып оқып жүргенде Арқалық қаласына қоныс аудардық. Мектеп бітірген соң, Арқалықтағы музыкалық колледжде музыкалық білім, аспапта орындау, домбырада ән салу мамандықтары бойынша оқыдым. Колледждің 3-курсында оқып жүргенде тұрмысқа шығып, ұлды болдым. Ұлым 17 жаста. Астанада білім алып жатыр. Талант деген адамға байыз тапқызбайтын дүние екен ғой. Арқалықтағы үйіміз теміржол бойының қасында болатын. Пойыз өткен сайын біртүрлі Астанаға кеткім келіп, елітіп жүретінмін. Ол жақта мені күтіп отырған ешкім жоқ. Ертеңгі күнімнің не боларынан бейхабармын. Содан бір күні заттарымды жинап, ұлымды алып, Астанаға тарттым да кеттім. Не үшін келе жатқанымды да білмеймін. Алдым тұман. Күйеуім екеуміздің ажырасқан кезіміз ғой. Оның себебін ашып айтпай-ақ қояйын. Өнерде жүрген адам қарапайым халыққа үлгі болу керек. Келеңсіз оқиғалармен халықтың көңілін басқа арнаға бұрудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бірақ менің көрмегенім жоқ. Соның арқасында пісіп-жетілдім десем де болады. Мен қазір бұрынғы Алма емеспін. Тағдырымнан «таяқ жеймін» деп, ештеңеден қорықпайтын, батыр қызға айналып кетіппін (күлді –ред.) Бастапқы кезде өте қиын болды. Ұлым кішкентай. Музыкалық білімімді жетілдіруім керек деп алдыма мақсат қойып, Қазақ ұлттық өнер университетінің күндізгі бөліміне оқуға түстім. Күнде балам екеуміз сабаққа кетеміз. Қатарластарым өзімнен 10-12 жас кіші. Бастапқыда сөзіміз жараспай жүрді. Жансұлу Қожабекова деген жаныма жақын тартқан жалғыз құрбым болды. Өзі ақтөбелік. Сол қыз маған көп көмектесті. Баламды жетектеп жүріп, оқу оқып, сессия кезінде күн-түн демей дайындалып, оның үстіне жұмысым бар. Қазір соның бәріне қалай үлгердім деп таң қаламын. Оқу бітірген соң, ел қатарлы қарапайым жұмыс істеп жүрдім. Алланың берген дауысы адамды жай отырғызбайды. Ән айтқың келеді, халықтың алдына шыққың келеді. Ішім аласапыран, алай-дүлей боп жататын. Филармонияда жұмыс істеуді армандадым. Кейін Ақтөбеге келуіме құрбым Жансұлу сеп болды. Сөйтіп тәуекел деп, Ақтөбеге келіп, жан тыныштығын осында сезіндім.

    Байқауымша өнерге кішкентайыңыздан жақын болған сияқтысыз. Отбасылық ансамбльдеріңіз болған жоқ па?
    Өнердің екі түрі болады. тума талант, жүре пайда болатын талант. Менікі тума талантқа жатады. Ескі әндерді сүйіп өстім, халық әндеріне құмарттым. 3 жасымнан бастап ән айттым. Домбыра тартуды да ешкім үйреткен жоқ. Қолым жетпесе де, тырмысып ойнап жүріп, игеріп алыппын. Домбыра десе екі көзім жанып, арқам қозып, есім кететін. Әкем жағы да, шешем жағы да кілең өнерлі кісілер. Дұрыс айтасыз. «Домбыра сазы» деген отбасылық ансамбліміз болған. Аудандық, облыстық слеттарға қатысып, жүлделі орын алып жүріпті. Бірақ әрі қарай даму жағын ойламай, күнделікті әндерін айтып, тойларға шығып, ән айтып жүре берген ғой. Содан мен 3 жаста болғанда ансамбль тарап кетеді. Өзім сегіз ағайындымын. Бәрі шетінен ән айтады, домбыра тартады. Ішінде өнерді қуған мен ғана. Басқалары әр түрлі саламен кетіп қалды.

    Жоғарыда айтып кеттіңіз ғой, көрмеген қиындығым жоқ деп. Бұған сіздің өнеріңіз себеп болды ма екен?! Қазақ халқының санасында әйел затының өнерде жүруі қалыпқа сыя бермейтін ұғым ғой. Артынан сөз ереді, қызғаныш туады дегендей...
    Бауырларыма болсын деп, үй-ішіме жалтақтамай, өз күшіммен жетілдім. Бір күш осыған дейін мені қолдап келеді. Өзім сеземін оны. «Бойдақ қыздың аты көп» дейді ғой қазақта. Рас, ергізбейін десең де, артыңнан сөз ереді. Бірақ оған қарап қалған жоқпын. Күйеуіммен ара-қатынасымыз әу бастан күрделі болды. Ол отбасының жауапкершілігін мүлдем сезінген жоқ. Қараңғылығы ғой. Астанада жұмыс істеп жүргенде неврозбен де ауырдым. Өзіңіз білесіз ғой, жан бағамын деп жанталасқан жұрт ол жақта. Арасында ресторан-кафелерге шығамын, той басқарамын, ән айтамын. Тіпті демалудың не екенін ұмытып қалдым. Қазір ғой, Ақтөбеде жаны жайсаң адамдармен араласып, филармонияда жұмыс істеп, ән айтып, арасында балаларға сабақ беріп, күн кешіп жатырмын. Бірақ ойда жүрген жоспарлар көп. Күйбең тірлік, жанталас, ауыртпашылықтан қажыған жүрегім байыз тауып, енді ғана өз-өзіме келіп жатырмын. Жалғыз жүріп шаршаған да екенмін, жанымды түсінетін, маған тірек болатын азамат кездессе деп жүрмін (күлді –ред.).

    Филармонияның әнші-әртістері туған қаласының, елінің абыройын асқақтатып жүргенімен, жалақылары 50-60 мың шамасында ғана. Пәтер жалдап тұратындары қаншама. Өзіңіз де пәтер жалдап тұратын шығарсыз?
    Менің қадамым құтты болды ма екен деп ойлаймын. Бердібек Сапарбаев ағамыз әкім болып, «Өнер орталығы» бой көтеріп, филармонияның құрамы толысып, алды үйлі боп жатыр. Өзім пәтер жалдап тұрамын. Ол рас, айлығымыз мардымсыз. Таза филармонияның жалақысымен өмір сүру мүмкін емес. Міндетті түрде қосымша жұмыс керек. Өзім филармониядан бөлек, №11-ші көруі мен естуі нашар балаларға арналған түзету (коррекционный –ред.) балабақшасында музыка жетекшісі боп жұмыс істеймін. Бірақ алдағы уақытта айлығымыз көтерілетін шығар деп ойлаймын. Әнді өз ақшамызбен жазғызамыз, костюмді өз ақшамызбен тіктіреміз. Оның бәріне қалтаң қалың болуы керек. Филармонияда да ән жаздыруға болады. Бірақ кезек күтесің. Әріптесіңді аттап, әдепсіздік көрсету жат. Уақыт қысқанда жеке ән жазушылардың көмегіне жүгінесің.

    Неше аспапта ойнай аласыз?
    Домбыра, баян, фортепиано, гитарада ойнай аламын. Енді фортепианода профессионалды түрде ойнай аламын деп айта алмаймын. Балалардың әндерін сүйемелдеуге шамам жетеді. Бала деген періште ғой. Олармен жұмыс істесең, депрессияға түспейсің (күлді – ред.). Жаның тазарады, адамға дем береді.

    Әнді қалай таңдайсыз?
    Кездейсоқ тыңдап қалған жақсы бір әнді ыңылдап айтып жүріп, жүрегіме орнықтырып аламын. Сосын барып халыққа жеткіземін. Жүректен шыққан ән ғана жүрекке жетіп, бойды шымырлатады емес пе?! Мен сол ретро әндерді, халық әндерін ерекше жақсы көремін. Қоржынымда сондай әндер өте көп. Кредиттен шаршаған халықты одан сайын шаршатып, даңғұр-дұңғыр ән айтудың мәні жоқ. Ән адам жанын емдер болса, тек халық әндері, Шәмші сияқты композиторлардың әндері ғана емдей алады деп ойлаймын. Мұны неге айтып отырмын, мақтағаным емес, мен ән айтқанда дабырласып отырған халық тына қалады. Әнші күнде өзіне есеп беріп отыруы керек. Есеп бермей, қалай болса солай жүріп, ерсі көрінсең, өзіңіз айтпақшы, клоунға, арзан әртіске айналасыз. Ол үшін халықты кінәлаудың қажеті жоқ.

    Халық әндері, классикалық әндер өз алдына. Балаларға арналған әндердің сапасы қандай? Өзіміз көбіне орысша әндер айтып өскендіктен, тіпті балаларға арналған қазақша әндер есіме түспей отыр...
    Қазіргі ноталарды ашып қарасаңыз, екі–ақ жол, сосын екі-үш нота қайталанып келе береді. Сосын бір түрлі бояуы жоқ әндер кездеседі. Керексіз боп қалған балалар әндері қаншама?! Біздің бала кезіміздегі әндерге түк жетпейді ғой. Балаларға ән шығаратын композитор-ақындар көп. Ибрагим Нүсіпбаевтің әндерін ерекше айтуға болады. Бота Бейсенова деген автордың әндері шығып жүр. Кейбір әндерін балалар айтқысы келмейді де. Ұрпақ тәрбиелеу осыдан басталады ғой.

    Өнерде жүрген адамдардың арасында шынайы достық бола ма?
    Барлығы үшін жауап бермейін. Менің бұл жақта жаныма жақын достарым жоқ, араласатын адамдарым көп. Құдайдан сұрап алған екі досым бар. Олар Астанада тұрады.

    Сұқбатыңызға рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әли Ермекбаев: “Қазақстанның музыкасына реформа қажет”
  • “Қайрат Нұртас” Ақтөбеде тұрады
  • Бейбіт Оралұлы: Ән айту еріккеннің ермегіне айналды
  • Татьяна Бурмистрова: Шын ниет болса, бәрін де үйренуге болады
  • Жадыра Арыстанова: Той әндерін сахнаға алып шығу дұрыс емес!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге