Ардақ Елеусіз: “Мен “жеңдім” деп дандайсымаймын”

    Ол – бала кезінен күйге жақын болған өнерпаз. Ақтөбе халқы оны көп тани бермейді. Ол – қазақтың дәстүрлі өнерін насихаттап, аянбай тер төгіп жүрген күйші. Ол – "Мен – қазақпын" жобасының жеңімпазы – Ардақ Елеусіз.

    Ардақ, Сізді Ақтөбенің көпшілік халқы біле бермейді екен. Тек “Мен – қазақпын” жобасынан кейін ғана тани бастады десек, қателеспейтін шығармыз. Оған не себеп?
    1993 жылы 7 шілдеде Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. Ата-анам – Тимур-Ағила Тұрмағанбетовтер, ағам – Арман. 2000 жылы №21 орта мектептің мектепалды класына, 2001 жылы 1-класына қабылдандым. Қазіргі Қазанғап балалар өнер мектебі сол кезде №21 мектептің ішінде болатын. Сонда оқыдым. Ол жердегі алғашқы ұстазым Дәметкен Алданазарова болды. Музыкалық мектеп 7 жылға дейін білім береді. 7 жылдан кейін музыка мектебін үздік дипломмен аяқтап, Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің жанында (бұрынғы Қазақ ұлттық музыка академиясы) арнайы мамандандырылған мектепке кеттім. Орта білімі, колледжі, интернаты, университеті бар. Сол жерге 2007 жылы 7 класты бітіріп бардым. Музыкалық мектепті бітірген соң колледжіне түстім. Бәрі де сол жерде. Орта білімді де үздік аттестатпен аяқтап, университетіне түстім. Бәрінде де емтихан тапсырып, сүрінбей өттім. Грантқа қабылдандым. Университетті тағы да 4 жыл оқып, 2017 жылы бітірдім. Қазанғаптың Қадырәли Ержанов деген шәкірті бар. Одан бері Жәлекеш Айпақов, Сәдуақас Балмағамбетов, Бақыт Басығараев деген қазанғаптанушы күйшілеріміз бар. Астана қаласындағы ұстазым Бақыт Басығараевтың баласы Еділ Басығараев. 2007 жылы сол жерге барғаннан 2017 жылға дейін сол кісіден тәлім алдым. Менің сүйікті ұстаздарымның бірі, бірегейі. Сол кісінің арқасында осындай жетістіктерге жеттім десем болады. Мені Ақтөбеде көп танымайтын себебі – менің Астанада болуым деп ойлаймын. Үйдегілер жолымды ешқашан бөгеген жоқ. Ақтөбеде болғанда түрлі үйірмелерге – жүзуге, шахматқа, боксқа, күреске, гимнастикаға да қатыстым. Бірақ домбыраны мүлдем тастаған жоқпын. Ол кездері де аймақтық, қалалық, облыстық түрлі байқауларға қатысып жүрдім. 2017 жылы ақпанның 4 күні филармонияда жеке шығармашылық концертімді берген едім. Содан кейін мені осы жаққа жұмысқа шақырды. Өзім де бір жағынан туған жеріме келейін, осы жақтың мәдениетіне өзіндік үлесімді қосайын, концерттерге шығып, осы жақтағы бағымды сынап көрейін деп келген жайым бар. Наурыз айында Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясына жұмысқа қабылданып, Ахмет Жұбанов атындағы оркестріне домбырашы болып кірдім. Келгеніме өкінбеймін, бiрак орташа бір күйде жүрмін. Қалай түсіндірсем екен?.. Өзім үшін қуанамын. 10 жыл бойы далада жүріп, осы жаққа, ата-анамның қасына келгеніме қуанамын. Қостанайда Сағын Жалмышев атындағы байқауға қатысып, лауреат болып келдім. Өзімнің туған өлкемнің намысын қорғап жүргеніме қуанамын. Қуанбайтын сияқтымын дегенім сағыныштан сияқты. Бала кезімнен бауыр басқан ортаны аңсаймын. Балалықтан азаматтық санам қалыптасқан жер Астанада. Саналы адам, өнер қызметкері ретінде түсініскен жандар да, ұстаздарым да сол жақта. Үлкен-үлкен концерттерім де сол жақта. Қазіргі жағдайымды, солист болсам да, күйшілер қатарында отырғанымды ұят санамаймын. Оркестр көп жағдайда солистті құртып жібереді. Ондай жерде көрінбей де қаласың.

    Сізге халық назарында болған ұнайды екен ғой?
    Мәселе назарда болу емес, өз білімімді көрсеткім келеді. Кез келген адам өз-өзін бағалайды ғой. Көбі өздерін шынайы бағасынан асыра бағалайды. Оркестр құрамында емес, жеке өнерде халыққа берерім көп болар еді. Қанша айтқанмен, қайнаған өнер ордасынан жаймен ғана ағып жатқан судай ортаға келу көңілге мұң ұялатады екен. Жан қалауына қарсы шыға алмау дегеннің не екенін түсінгендеймін. Бір жағынан ұстаздарымның “Ардақ, шыңдарды бағындыр! Алға ұмтыл!” деген аманаты тағы бар.

    Оркестр құрамында сіз сияқты жеке өнерде берері көп жандар бар шығар. Олардың да іште жүрген ойлары бар болар. Солармен бірлесіп, жаңа бастама көтеруге бұл жақта мүмкіндік жоқ па?
    Бастама көтергенде... Басшылық қолдайды деп ойлаймын. Оркестрдегі домбырашыларды танимын. Біздің Астанадан бітірген балалар бар, арасында группаластарым да бар. Бәріне бірдей солист болу жағдайы берілмейді ғой. Жайлау Асылханов ағамыз – филармонияда солист болып жүр. Ол да бәленбай жыл оркестрде отырып барып жекеге ауысқан. Бізге де сондай талап қойылады. Келе сала солист болу мүмкін емес деген пікір бар. Жоба бұл мәселелерді өзгерте ме, жоқ па – білмеймін.

    Жоба туралы айтып өтсеңіз...
    “Мен – қазақпын” жобасы өздеріңізге жақсы белгілі. Түсінген адамға Елбасының бағдарламалары аясында көптеген жақсы шаралар өткізіліп жатыр. Бұл жобаға мемлекет тарапынан өте жоғарғы деңгейде қолдау көрсетіліп отыр. Қазіргі, эстрада төрге озып, сахнаны эстрада әндері билеген заманда “Мен – қазақпын” жобасының маңызы зор. Ол халыққа өте үлкен серпін берді. Күйіміз, термеміз, дәстүрлі әндерімізді дәріптеп, оларды халықаралық деңгейге шығарды. Оның ең бір жақсы ерекшелігі – телевизиялық жоба болғаны. Барлық халық дәстүрлі өнерде жүрген адамдарды кеңірек тани бастады. 6 айға созылған бұл жоба еш қатысушыға оңайға соққан жоқ. Барлығы да өз облыс-тарынан іріктеліп келген азамат-азаматшалар ғой, шетінен “сен тұр, мен атайындар”. Арасында бұрын өткен байқауларда кездестірген қарсыластарым да бар. Үйренген жау атыспаққа жақсы демей ме... Бұл жобаның тағы бір ұнаған жері – қазылар алқасының әділ азаматтардан сайлануы. Жақсы таңдалған. Түркітанушы ғалым Мырзатай Жолдасбеков ағамыз бастаған Айгүл Үлкенбаева, Жанғали Жүзбаев, Ұлжан Байбосынова, Рамазан Стамғазиев, Ардақ Исатаева секілді өнер майталмандары ауысып отырып, төрелік етті. Осындай мықты кісілердің алдында өнер көрсетіп, жылы лебіз-пікірлерін тыңдау, солардың көңілінен шығу мен үшін үлкен белес. Бұрын дәстүрлі өнер көп жағдайда жабық ғимараттарда «жабық» түрде өтетін-ді. Әрі кетсе 1-2 күнге созылып, сосын тоқтай қалатын. Төрелік еткендердің көбісі өз аймағының баласына бүйрегі бұрып кететінін өздеріңіз жақсы білесіздер. Мына жақта ондай болған жоқ. Залдағы көрермендер бар, теледидардан көріп отырғандар бар. Жақсы өнер көрсеткендерге жаман пікір айта алмайды. Себебі барша халық көріп отыр. “Мен жеңдім” деп дандайсымаймын. Қатысқандардың барлығы – өнер шеберлері. Бәйге болған соң бір ат суырылып шығады ғой. Сонысы ғана болмаса, ең негізгісі, ең бастысы – ұлттық дәстүрлі өнердің жеңісі. Осы жоба бірінші рет болған соң түрлі қорқыныштарым болды. “Ұйымдастыру тарапынан қалай болады”, “қиын болмас па екен” деген ойлар туындады, бірақ соңына қарай, жартылай финалға келгенде, халық әр жексенбі сайын көруді үйреніп, іздейтін бола бастады. Қайсысы жеңіске жетеді екен деп барлығы тақымын қысқан шығар. Берілген дауыстарға қарап халықтың үзбей көретін болғанын сезіндім. Бәрі де – халықтың арқасы. Бір жиналыста Ерлан Қарин “Мен – қазақпын” жобасының жалғасын табатынын айтып өтті. Олай болса, біз де қуанамыз. Қазақ деген ұлы халықтың ұлы өнерін неге дәріптемеске? Неге кеңінен таратпасқа? Қазір, шыны керек, Қайрат Байбосынов ағамыз бен Қайрат Нұртасты қатар айтса, жастар Қайрат Нұртасты таниды да, ағамызды танимай жатады. Ол – қаншама әндерімізді зерттеп, олардың өшпеуіне еңбек сіңірген тарихи тұлға. Осындайдан кейін ұлттық дәстүрлі өнерді терең насихаттау керек деген ой туындайды екен. Менің мақсатым сол. Осы жобаны ойлап тауып, ұйымдастырылуына себеп болған және жүзеге асуына атсалысқан азаматтардың барлығына шын жүрегімнен алғысымды айтамын. Айтыс жақсы қолдау тапты ғой, сол секілді бұл жоба да кең тарасын деп тілеймін.

    Жан-жақтан ұсыныстар түсіп жатқан жоқ па?
    Ұсыныстар бар. Астанадан, Алматыдан шақырып жатқан адамдар бар. Мүмкіндігіме қарай көрермін. Алдымыздағы ақпан айында тағы бір жеке концерт берсем деген ойым бар. Көрерміз. Әкімшілік тарапынан қолдау көрсетіліп, талай додаларға жіберіп жатса, қалуым да мүмкін. “Мен – қазақпынға” дейін де талай байқаулар болды, бәрінен де құр қайтқан емеспін. Жүлделі орындар алып, лауреат атандым.

    Домбыра ұстауға себеп болған не?
    Бала кезім есімде жоқ. Ата-анамның айтуы бойынша, 2 жасымнан бастап домбыраға үйір болыппын. Үйге келген адамдар домбыра шертетін болса, қасына отырып алып, домбыраның құлағын тістелейді екенмін. Ағам домбыра үйірмесіне қатысты. Өсе келе домбыра алып, үйде ағам тартқанда қарсы отырып алып, мен де тартатын болдым. Осыны байқағаннан кейін ата-анам мені музыка мектебіне беріпті. Домбырамен бағым ашылды деуге де болады.
    Ақындық қыры бар дегенді естіп едік...
    Жігітке жеті өнер де аз дейді ғой. Бірақ ол қолға алып, күй секілді күнде айналысатын нәрсем емес. Жобада жүргізуші Аллажар Қайбар сахнаға шығып бара жатқанда сыбырлады: - Ардақ, дайын бол, қазір арнау айтуың мүмкін, - деп. Мен дайын емес едім. Шықтым. Аллажар менің 1-2 жерде айтқанымды көрген болу керек. Күйімді тартып болған соң, Аллажар Мырзатай ағаға ұсыныс тастады. Жүргізуші мен Мырзатай ағаның сөзін жерге тастамайын деп ақындық өнерімді барымша көрсеттім. Өз нағашыларым да, түп нағашыларым да – сөзге шешен кісілер, өлең шығарады. Мысалы, ұлы нағашымның бірі – Мейірхан Ақдәулетұлы. Зәкіржан Кәлкенбай бар. Солардан келген. Әкем де, ағам да өлең шығарады. Анамның да анда-санда өлең шығаратыны бар.
    Бітірген қойын дәптерлеріңіз бар ма?
    Жоқ. Мен өлең жазып, сақтап дағдыланбағанмын. Кейде телефонға жаза салам.

    Өзіңіз шығарған күй немесе күй болмағанмен әуеніңіз бар ма?
    Жоқ. Кейде көңіл-күйге байланысты бір шерткенде шығатын әуендер болмаса, күй шығармаймын. Қазақтың зерттелмеген бiраз күйі бар. Зерттелгені қаншама. Солардың бәрін толық тауыспай жатып, күй шығардым деген болмас. Олардың тарихын білу керек, жарыққа шығару керек.

    Күйшілердің бәрінің күйін білесіз бе?
    Күйшілікте жеті мектеп бар. Артық айтқаным емес, соның бәрін толықтай қамтыдым деп ойлаймын. Өйткені біздің ұстаздарымыз күшті болды. Өз ұстазым Қазанғапты жетік меңгерген. Жанғали Жүзбаев шертпе күйлерден сабақ берді. Арқа мен Қаратаудың, Алтай-Тарбағатай, шығыстың күйлерін үйрендік. Орынбай Дүйсен деген ағайымыздан Динаның, Дәулеткерейдің күйлерін, Жұмабек Қадырқұлов деген кісіден Маңғыстаудың күйлерін меңгердік. Әр мектептен толық орындап бере аламын.

    Жақын арада үйлену ойыңызда жоқ па?
    Әзірге жоспарлап отырған жоқпын (күліп).
    Әңгімеңізге рахмет.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алма Адаханова. “Ақтөбеге келіп, жан тыныштығын сезіндім”
  • Қайырғали Қожанбаев: Қайрат Нұртасқа зар боп қалдық
  • Жадыра Арыстанова: Той әндерін сахнаға алып шығу дұрыс емес!
  • Аян СЕЙІТОВ: Менің барым да, нарым да – айтыс
  • Жайлау Асылханов: Маған кейбіреулер “Отсталыйсың!” дейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге