Бейбіт Нұртаев: “Қай іске де мықты басшы керек!”

    Қазақстан қара металлургиясының тұңғышы деп 1940 жылы іргетасы Хромтау қаласында қаланған Ақтөбе ферроқорытпа зауытын айтады. Зауыттың 75-жылдық мерейтойына орай ғұмырының 40 жылын осы салаға арнап, қарапайым жұмыстан басшылық қызметке дейін өскен ардагер металлург Бейбіт Нұртаевпен сұқбаттастық.

    Бейбіт аға, металлургия саласына қалай келдіңіз?
    Әу бастан айтатын болсам, өзім осы Ақтөбе қаласында туып-өстім. Әке-шешем аймаққа танымал адамдар болған. Шешем - Сафина Торғай ұзақ жылдар бойы мектеп-интернат басшылығында қызмет етті, әкем Құлмұрат Нұртаев ҚазҰУ-дың заң факультетін бітіріп, жолдамамен Ақтөбе облыстық сотына келеді. Бірақ әкесі репрессия құрбаны болғандықтан, оған сотта жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Алғашында мектептерде мұғалім, кейін педагогикалық институтты бітіріп, 1959-1960 жылдары сол кездегі “Социалистік жол” газетіне жұмысқа тұрады. Көп жылдар газетте жұмыс істеді. Менің металлургия мамандығына оқуға түсуімнің өзі қызық болды. Алғашында музыкалық мектепті бітіріп, пианинода тәп-тәуір ойнап жүрдім. Бірақ биология, химия сабақтарын жақсы көргендіктен, медицина саласының қызметкері болатыныма сенімді болдым. Дегенмен, көзіме байланысты медициналық институтқа түсе алмай, Алматы политехникалық университетіне барып, бағымды сынадым. Онда да медкомиссиядан өте алмай, маған не архитектура, не болмаса металлургия мамандығын таңдауыма кеңес берді. Оған да конкурс ұпайы жетпей, Калининград, Томск немесе Теміртау қалаларына жолдама берілді. Шешем “Теміртауға бар, Қазақстанның іші” деген соң, еш ойланбастан сол кездегі Қарағанды металлургиялық комбинатының негізінде құрылған ВТУЗ-ға, қазіргі Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетіне құжат тапсырдым. Сөйтіп ойламаған жерден металлург мамандығын алып шықтым (күлді-ред.). Химико-металлургиялық факультеттің “прокат өндірісі” мамандығы бойынша оқыған біздің топты сол уақытта бірден Теміртауға алып қалып, қалған екі топты Кеңес одағының құрамындағы елдерге таратып жіберді. Бізді жаңадан салынып жатқан цехтің құрылысына қатыстырмақ болды. Сол уақытта бірден Қарағанды металлургиялық комбинатына алдымен ілуші боп жұмысқа орналастым. Бір жылдан кейін бригадир, одан кейін үйлестіру бюросының басшысы міндетін атқарушы қызметінде болдым. 1987 жылы оқу бітіргенімізге 10 жыл толуына орай курстас-тармен кездесуге Теміртауға бардым. Сонда қарап отырсам, бюрода қалай жұмыс істеу керектігін де білмеймін, оның үстіне цех бастығы мен орынбасарының бойлары екі метр, гүр-гүр еткен орыстар, жиналыста “әй, сен!” деп жұдырығын түйіп сөйлегенде, жұдырықтары менің басым сияқты болатын (күлді – ред.). Қалай ғана металлургияға тап болғанмын деп таң қалғанмын. Сөйтіп Теміртауда 7 жылдай жұмыс істедім. 1959 жылы жұмысшылар ереуілінен соң, әлеуметтік мәселелер шешіліп, өндірістің гүрілдеп тұрған уақытына тап болғанмын ғой. Магнитогрскіден, Череповецтен жұмыс іздеп келіп жатқандар болды. Нағыз коммунизм сол жақта. Жалақың жоғары, үйің бар, сүт-айран, сыра дейсің бе - бәрі толып тұр. Жолдамамен жан-жақта демалып қайтуға болады. Ақтөбеге келгенде таң қалғанмын. Сүт керек пе, таңғы 6-да бидоныңды алып, кезекке тұрасың. Былтыр оқу бітіргеніміздің 40 жылдығына орай Теміртауға барып қайттым. “Білесің бе, шеф, сол кезде нағыз керемет уақытты бастан кешіппіз. Қазір индустар келіп, бәрі бітті” деп отыр. Өкінішті, әрине. Қазір ол цехқа да еркін кіре алмайсың. 1982 жылы Ақтөбеден шешем келіп, цехті аралатып көрсеткенім бар. Бір нәрсеге алаңдап кеткен болуым керек, шешем бастығымды көріп қалып, сөйлесіп тұрған. Енді бір қарасам жоқ. Сөйтсем жоғарыға кабинетіне көтеріліп кетіпті. Есіме түссе әлі күлкім келеді. Бастықтың кабинетіне барып «бір жылдан соң мына баланы үйлендіресіңдер, не болмаса жұмыстан кетеді» деп айтыпты. Өндірісті тоқтатып қоюға болмайды. Аяқ астынан менің орныма лайықты кадр қайдан іздеп таба қойсын, сөйтіп бүкіл цех болып, маған қалыңдық іздегендері бар (күлді-ред.). Біздің ауысымда екі-ақ қазақ болдық.

    Сосын сол жақта жүріп үйлендіңіз бе?
    Жоқ. Ақтөбеге 1983 жылы келіп, АЗФ-ке №1 балқыту пешіне мастердің көмекшісі боп жұмысқа тұрдым. Сол кезде бізде бухгалтер боп жұмыс істейтін Света деген жас қызға ай сайын есеп беретінмін. Өзінше қаталдығын көрсетіп, зіркілдеп сөйлесетін. Мен оған “сен кімсің соншама” деп дауыс көтеріп, ренжітіп алсам керек. Сөйтіп жүріп 1987 жылы үйлендік. Екі ұлымыз бар.
    Теміртаудан Ақтөбеге ауысып келгенде, бұл зауыттың жағдайы қандай еді?
    АЗФ-тің шығыны көп болатын. Ол кезде үкіметке қалай жұмыс істесең де бәрібір, тек феррохромыңды уақытылы беріп отырсаң болды. Экономикасы ақсап тұрды. 1987 жылы болуы керек, зауыт басшылығына Новиков келгенде ғана өзгеріс сезілді. Ол КСРО аумағында алғашқы болып, зауыттың ішкі экономикалық сұрақтарын өзінің қарамағына алып жұмыс істеді. Сол кезде өндірістің пайдасы шаш-етектен екеніне көзіміз жеткен болатын. Экономика бойынша директор орынбасары болған кезімде жұмысшыларға не үшін ақша төлесек екен деп басымыз қататын. Сенбеуіңіз мүмкін. Түскен пайданы қайда жаратарымызды білмедік. Бұл бір 100 жылда болатын жағдай шығар (күлді – ред.). Сол жылдары цех бригадирлері «темекімен қамтамасыз етпесеңдер, пешті тоқтатамыз» деген болатын. Екі аптадан кейін екі вагон темекіге қарық болды да қалды. Новиковпен келісе алмай, жұмыстан шығып кеткен кезім болған. 2 жылдан кейін өзі жұмыс істеп жүрген жеріме хат жазып, мені зауытқа алдыртты. Содан 2017 жылға дейін зауытта жұмыс істедім. Егер денсаулығым сыр бермегенде, әлі де істей беруші едім. Сонда қарап отырсам, 1977 жылдан бері бір салада 40 жыл қызмет атқарыппын. 2000 жылы Америкаға барғанымда ол жақтағылар “осынша уақыт бір салада қалай жұмыс істедіңіз” деп таң қалған. Америкада олай емес. Олардың ойлауы басқа. Бір орында тапжылмай жұмыс істеген адам карьерасы өспеген, бір орында тұрып қалған адам болып саналады.
    Нағыз зауыттың жұмысы қандай болады? Енді сіз өндірістің отымен кіріп, күлімен шыққан адамсыз ғой...
    Қалай айтсам екен?!...Бір күні екі досым “цехтің жұмысы қандай, көрсетші” деп қолқа салды. Жаз мезгілі болатын. Күн қайнап тұр. Цехқа келдік. Ішке еніп, “процесс мынадай”, “былай жұмыс істейміз” деп бәрін аралатқызып, көрсетіп жүрмін. Екеуінде үн жоқ. Көздері бақырайып кеткен. Біраз уақыт өткен соң барып: “қорқыныштан өліп кете жаздадық, жарқыл-жұрқыл, тарс-тұрс, гүрс-гүрс, оттың жалыны, төбеңнен ауыр-ауыр темірлер өтіп жүр. Құдай сақтасын!” дегенде барып түсіндім (күлді-ред.). Сондағы күлгенім-ай. Әсіресе, №1 цех – ең ескі, ең ауыр цех. 80 жылға таяу жұмыс істеп келе жатыр. Ол кезден бері аса ештеңе өзгерген жоқ. Нағыз жердегі тозақ дерсің.

    Сіздің әңгімеңізге қарап, металлургияға келу үшін жүрек керек екен ғой деп ой түйіп отырмын...
    Әрине, жүрек керек, мінез керек, шыдамдылық керек. Кезінде сельмашта жұмыс істеген досым бір күні зауытқа жұмыс іздеп келді. Өзі жасы келген адам. Мен оған “сен балқытушы боп жұмыс істей алмайсың” дедім. “Істеймін” деп айтқанынан қайтпады. Негізі қара металлургияға балқытушы боп келген адамдардың көбісі 3 күннен артыққа шыдай алмайды. Сонда да қоймады. Жақсы. Жұмысқа орналасты. Бір айдан кейін жағдайын сұрап бардым. “Қалай тамақ ішіп жүрсің?” десем, “тамағымнан ас өтпейді, су іше беремін” дейді. Мен оған “саған ескертпедім бе, оңай емес” десем, “бәрін түсінем ғой, мінезімнің арқасында жүрмін” деді. Зауыттың қара жұмысы осындай. Қатты ыстықтан шөлдеп, су іше берген жұмысшылар тәлтіректеп, есінен танып, құлап жатады. Су ішкен сайын, адам терлеп, организмдегі тұз азайып кетеді. Тер-тер боп жүрген киімдері артынан қатып қалып жатады. Аяқтары қажалады, денелері күйеді. Айта берсе көп. Жұмыстың спецификасы сондай. Теміртауда бізге сұйықтыққа тұз қосып ішуге үйретті. Бұл жақта не жай су, не газдалған су ішеді. Асханада бір уақытта 20 стақан алма шырынын ішетін жұмыскерлер болды. Ол дұрыс емес. Өзім әуел бастан ыстық қара шай ішіп үйрендім. Шай ішкенде тез шөлдемейсің, қатты терлемейсің, қатты әлсіремейсің. Осыны қаншама рет жұмысшыларға айтып түсіндірдім.

    Сондағы цехтің ішіндегі градус қандай?
    Мен оны басқаша түсіндірейін. Цехтің ішінде сатыдан түсіп-мінерде ешқашан сатының тұтқасынан ұстамайтынмын. Ешқашан. Қолғап кигенді ұнатпадым. Ал, жалаң қолмен сатының тұтқасынан ұстасаң бітті. Ұстамақ түгілі, жай түкіріп қарасаң, түкірігің пышылдап буға айналып кетеді. Цехтің іші сондай. Қазір енді басқаша. Бұрын феррасиликохром деген қорытпа болатын. Ол кезде пештің жанында тұру мүмкін еместін. Тіпті жай ғана қасынан өтіп кете алмайсың. Ал, енді металл қорытып шығарғанда, іштегі градус 1500-1700-қа дейін жетеді. Пештің аузында тұратын горновойлардан сұрасаңыз, бүкіл терің балқып, сыпырылып түсіп қалғандай күй кешесің дейді. Сондықтан көп адамның горновой болуға дәті шыдамайды. Бас тартып жатады. Физикалық тұрғыдан қатты ыстықта жұмыс істеу мүмкін емес қой. Мен сізге былай айтайын: масаңдықпен жұмысқа келген адам горновойдың қасына 5 минутқа тұрса, мастығынан түк қалмайды. Барлығы термен шығып, есін жинап алады (күлді-ред.) «Адский труд» деп осы металлургтердің жұмысын айтуға болады.

    Биыл зауытқа 75 жыл толып отыр. Қандай ой түйесіз?
    Зауытта қаншама жалындап тұрған қыз-жігіттер бар. Олар не көрді? Тәжірибе алмасу жағы ақсап тұр. Инженерлі-техникалық жұмысшылардың (ИТР – ред.) жартысы Ақсу зауытында болмаған шығар. Кеңес одағы кезінде Теміртауда оқып-жұмыс істегенде бармаған жерім жоқ. Магнитогорск, Челябинск, Новолипец, т.б. металлургиялық комбинаттарды көзбен көріп қайттым. Университетте оқу бір басқа, ол жақта тек тео-рия оқытылады. «Бейдж маркинг» деген ұғым бар, қарапайым тілмен айтқанда «өндірістік шпионаж». Басқа жақтың зауыттарындағы жұмыстарды көріп алып, керегін өзіне қолдану. Бұл бізде дұрыс жолға қойылмаған. Жаңадан құрылған 4-ші цехтегі мамандардың бәрін қайта оқыту керек. Соқыр боп туылған адамға қалайша теңіздің суретін салғызасың?! Сол сияқты. Өндірістегі ең басты жұмыс – тәжірибе алмасу. Тағы бір үлкен мәселе – біздегі мықты энергетиктердің, электриктердің жоқтығы. Павлодар, Екібастұзда керісінше ондай мамандар көп болса, бізде жоқ. Солардың тәжірибесімен неге алмаспаймыз, неге осында шақыртпасқа?! Басты кемшілігіміз – осы. Бізде «не болды және оған кім кінәлі» деген принциппен ғана жұмыс істейді. Ол адамды табады, жазалайды, орнына басқа адам қояды. Болды. Оған не себеп, білімі жетпеді ме, қалай жағдайды түзету керек деп ойланбайды. Біздің зауыт «Стрела» жобасын іске қоспай-ақ, баяғыда сандық жүйеге көшіп кетуіне болушы еді. Бұл мәселені талай көтеріп айттым. Қорыта айтқанда, мықты менеджмент пен басшылардың көшбасшылық қасиеті кез-келген өндірісті жандандырып жібереді.
    Сұқбатыңызға рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алма Адаханова. “Ақтөбеге келіп, жан тыныштығын сезіндім”
  • Нұрлыбек Қалауов: “Қазір “ұры” айтыскерлер көбейіп кетті”
  • Марс Қызылбаев: “Отыз градус ыстыққа кәдімгідей тоңамыз”
  • Владимир Авраменко: Өмірде екі зат қана маңызды – денсаулық пен ар-ұят
  • Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге