Саулентай Талғатқызы: “Бала – ата-ананың дәлме-дәл көшірмесі”

    Саулентай әлеуметтік желіде алғаш рет “келінupgrade” жобасын дүниеге әкелді. Негізгі мамандығы программист болғанымен, бұл салаға басындағы тұрмыс жағдайы алып келген. Өзінің айтуынша, еуропалық білім алған, қазақи психолог. Ол бүгінде “Pro женщин” әйелдерді дамыту орталығында психолог болып қызмет істейді. Үш баланың анасы, сүйікті жар, сүйкімді келін.

    Саулентай, шыны керек, жай психологтарды білеміз, бірақ “қазақи психолог” деген тіркесті ең бірінші сізден естіген шығармыз. Мұның мәнісі неде?
    Менің өзім осыдан 10 жыл бұрын психолог қызметіне жүгінуіме тура келді. Ақтөбедегі бар мамандар шыны керек, көңілімнен шықпады.
    Не үшін іздедіңіз сонда?

    Ол кезде енді ғана тұрмыс құрған жас келіншекпін. Сол баяғы тұрмыс мәселесі, “мені ешкім түсінбейді” деген ойлардан қиналып, бұлай жалғаса беруге болмайтынын түсіндім. Ішкі түйсігім жақсы жұмыс істеп тұрды. Астанада психолог болып жұмыс істейтін құрбыларым қолдарынан келгенше көмектесіп, бағыт-бағдар беріп отырды. Соның арқасында психология саласына қызығушылығым оянды. Ол кезде программист боп жұмыс істейтінмін. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің психология факультетіне сырттай оқуға түсіп, диплом алып шықтым. Бірақ дип-лом алған күні “қазір маған бір адам ажырасу мәселесімен келсе, мен не айтамын” деген ой қатты мазалады. Білім болғанымен, практика жоқ. Сосын тағы да қаладағы психологтардың қызметіне жүгіндім. Маман ретінде алдарына барып тұрған соң, енді олардың қате айтып тұрғанын түсіндім.

    Мысалы?
    Мысалы, психолог ешқашан шешімді айтпауы керек. Ол біз үшін қылмыс боп саналады. Осы ісімнен ештеңе өңбес деп жүргенімде, 2014 жылы Астанаға Новосібірден Рима Ефимкина деген атақты психолог келетін болды. Астанаға барып, Ефимкинаның тренингісіне қатыстым. Маған қатты ұнады. Соңынан қалмай жүріп, қай жерде білім алу керек, қандай кітап оқу керек, қандай мұғалімдерге бару керек – барлығын сұрап білдім. Ол маған бағыт-бағдар беретін ұстаз керектігін айтып, Астанадағы шәкірттерін нұсқады. 4 жылдан бері сол қыздардың артынан әлі қалмай келе жатырмын. Ресей, Украина, Польша елдеріндегі мықты-мықты психологтардан үйренгенім көп, сол себепті өзімді еуропалық тәлім алған психолог деп айтамын. Психологияда әр түрлі әдістер бар, менің оқыған әдісім “гештальт терапия” деп аталады. Ерекшелігі – адамның жан дүниесіндегі “жараның” көзін тауып алып, оны ашу. Бұндай кезде өзімді Шерлок Холмс ретінде сезінемін. Жұмысымның “азарты” да - осы. Клиенттің басындағы жағдайына объективті баға беру, эмоцияға берілмеу, адекватты болу, дұрыс бағыт беру, шешімді өзіне қалдыру – жұмысымның қағидалары. Қазірдің өзінде 7-8 вебинар сабақтар алып жатырмын. Сонымен қоса жақсы психолог болу үшін, әрқашан өзіңнің жеке терапияң болу керек. Жеке терапия деген – өзіңнің психологқа жүгінуің. Емделмеген психолог, психолог емес. Ол клиентке көмектесе алмайды, ол тек тәжірибесімен ғана бөліседі. 7 килограм сертификатың болуың мүмкін, егер өзің күнделікті терапияда болмасаң, ана сертификаттарыңның құны көк тиын. Енді сіздің сұрағыңызға келсек, мен өзімді жиі еуропалық көзқарас пен қазақи менталитеттің арасындағы көпірмін деп айтамын. Психологияда оқып жүргенімде иерархиядан экзамен тапсырдым. Қызығы, ғалымдардың жаңалық етіп ашқан теориялары қазақтың өмір сүру салтында сайрап жатыр. Ол үшін шыққан тегіңді, салт-дәстүріңді жақсы білсең жетеді. Иерархияға қазақ халқы қатты мән берген. Мысалы, әйел адамның бас киіміне қарап, кім екенін түсінуге болады: қыз болса, басы жалаңбас; үкі болса, айттырылған; орамалы болса, жаңа түскен келіншек; кимешегінде гүлдері болса, бөпесі бар келіншек; ал, егер кимешектің үстінде сәлделер болса, ол немерелері бар әже. Соған қарап-ақ білуге болады. Егер менің алдыма қазақтың азаматы, қазақтың қызы, қазақ әйелі келсе, ұлтымыздың түп-тамырына көз жүгіртіп, жауабын тереңнен іздеуге тырысамын.

    Сонда сіздің психология саласында жүргеніңізге қанша уақыт болды?
    2008 жылдан бері санасам, тура 10 жыл болыпты.

    Өзіңізге көмектесемін деп өзгеге көмектесіп кеткен сияқтысыз?
    Негізінде “халыққа көмектесу үшін психолог болдым” деп айтатын әріптестеріме айтар уәжім бар. Олай деу дұрыс емес. Ол – тәкаппарлықтың белгісі. Мен психологияға өзіме көмектесу үшін, психологиялық ауыртпашылықтарымды жеңу үшін келдім және өзімнің клиенттеріме көмектесу арқылы өзіме де көмектесіп жүрмін. Мен үшін клиент екеуміздің дәрежеміз бірдей. Көп талқылап жазатын тақырыбым өзіңіз білесіз, бәріне қызықты ене мен келін мәселесі. Өзім де бір әулеттің келіні болған соң, айтарым бар болған соң, “келінupgrade” жобасын бастап кеттім. Бастапқыда әлеуметтік желілерде посттар жариялап, халықтың талқысына салып жүрдім. Кейін маркетинг саласында жүрген қыз-жігіттер тренинг өткізуіме ұсыныс білдіре бастады. Сөйтіп өмір ағымымен кабинет ашып, жақсы көретін ісіммен айналысып жатырмын және де клиенттеріме “сен осынша сеанс алуың керек” деп ешқашан талап қоймаймын. Психолог қажет пе, өздері іздеп келеді. Күні мен уақытын да белгілейтін - өздері.

    Қазіргі таңда екінің біріне психолог керек деген пікірмен келісесіз бе?
    Келісемін. Бірақ екінің біріне емес, әр адамға психологтың көмегі керек. Себебі психологиялық соққы алмаған адам жоқ шығар?! Ал, соққы алмау үшін Робинзон Крузо секілді иесіз аралда өмір сүру керек. Біз өмір бойы сенімсіздікпен күресіп келеміз, мұны кемшілігіміз деп санаймыз. Ол дұрыс емес. Сенімсіздікті табиғат бізге әдейі берген. Әлем қарыштап дамып, күнде бір жаңалық ашылып жатыр. Мұның бәрі адам бойындағы сенімсіздіктен туған дүниелер. Мен осыны қабылдауыма келген әр адамға түсіндіруге тырысамын. Өзіне сенімсіз адам үнемі дамуда жүреді, жан-жақты өседі. Керісінше сенімді адамның психапаттық ауытқулары болады. Ең қызығы, менің клиенттерімнің 70%-ы ер адамдар. Мен мұны жоғары бағалаймын, мақтанамын. Олардың нөмірі бірінші мәселесі – жаңағы айтқан өз-өзіне деген сенімсіздігі. Екінші ол – әйел адамдардың отбасын сақтап қалуға, енесімен тіл табысуға, күйеуімен ара қатынасын түзеуге ұмтылысы. Бұл ретте психолог ретінде мен ененің рөлі, ене қандай болу керек деген сұраққа ешқашан жауап бермеймін. Тренинг өткізген кездерде ене мәселесін қозғамаймын. Ене – сенің сүйген адамыңның анасы. Келіндерге айтарым: баласын аялап өсіріп, қолыңа берді ме, болды. Күйеуді таңдаған өзің, ал енелер әр түрлі болуы мүмкін. Сенің қолыңнан келетіні – бір кесе шайын жымиып отырып, құйып бергенің, сыйлағаның. Ақыры қозғаған екенбіз, қазақи басылым болғандықтан, мынаны айта кетейін: отбасылық сценарийдің 4 түрі болады: отбасында ерлі-зайыптының біреуі “папасы”, біреу “қызы” рөлінде өмір сүреді. Күйеуі әйелінің барлық іс-әрекетін бақылайды, ешқайда жібермейді. Мұндай проблемадан шығудың жолы – әйелдің қаржылық тұрғыдан тәуелсіз болуы. Сонда ғана дәрежелері теңеседі. Екіншісі, отбасында әйел “маманың”, ер адам “баласының” рөлін ойнайды. Әйел күйеуі үшін барлық жағдайды істейді, ал күйеуіне бәрібір. Үшіншісі, күйеуі “мамасының баласы”, әйелі “папасының қызы”, былайша айтқанда “ханзада мен ханшайым” бір-біріне үйленеді. Қазақтарда көбіне осылай. Ата-аналары жан-жақтан махаббаттарымен буындырып жатқан соң қайтсін?! Бұдан да шығар жол – екеуінің әке-шешеден екі есе артық ақша табуы. Төртіншісі, олар - ешкімнің рөлін ойнамай, бір-бірінің өсуіне көмектесіп келе жатқан жұп. Менің мақсатым - алдыма келген ерлі-зайыптыларды осы партнерлік қарым-қатынасқа бағыттап жіберу. Сосын сенімсіздік мәселесінде өзіңді ешкіммен салыстыруға болмайды, тек қана кешегі өзіңмен салыстыруың керек.
    “Маған 28-32 жас аралығындағы қыз-келіншектермен жұмыс істеген ұнайды” дегенді жиі айтасыз. Не себепті? Сосын дағдарыс жасының кезеңдері қандай?

    Одан қалай шығу керек?
    (күлді-ред.) Себебі олар менің құрдастарым. Дағдарыс жасы деген 3 жаста басталады. Нәрестеден балаға өтетін кезеңде олар “жоқ” деп қарсылық білдіріп, қабырғаны ұрып, ешкімді тыңдамайтын қылық шығарады. Ол – қалыпты нәрсе. Себебі бала өзінің шекарасын қоя бастайды және осы кезде ата-ана “болмайды” деп басып тастаса, онда шекарасы кішкентай болып қалады. Одан кейін 13 жастағы ересектерде дағдарыс басталады. Ата-ана досымен, көршісімен қалай сөйлессе, 13-тегі баласымен де солай сөйлесуі керек. 30 жаста әйел адамда, 40 жаста ер адамда дағдарыс кезеңі басталады. 30 жасқа дейін әйелдер ата-анасы мен жақындары қалаған істің бәрін тындырып, енді өзім үшін өмір сүргім келеді дейтін уақыты. Ер адамдарда үйлі болып, жұмысқа тұрып, былайша айтқанда, дүниеге кірпіш болып қаланып, 40 жастан кейін өзі үшін өмір сүре бастағысы келеді. Көбіне осы жаста әйелдердің өзін-өзі сақтау инстинктісі әлсіздеу болады да, керемет бизнестер ашады, екінші оқу орнын бітіреді, 3-4 баланы дүниеге әкеледі. Бір сөзбен айтқанда, ешкімге жайлы болғысы келмейді, эгоистік көзқарастары ояна бастайды. Мен үнемі оларға “28-32 жас аралығында баланы да туып, жұмысты да істеп, бәрін жандырып жүріңдер” деп айтамын. Егер олай істемесе, айналып келіп, отбасына, балаларына тиісе беретін болады, себебі әлгі энергиясы ішіне сыймай тұр. 35 жастан кейін кемпірдің архетипі келеді де, физикалық тұрғыдан жас болғанымен, қорқыныш пайда бола бастайды.

    Ал, не себепті балалармен жұмыс істемейсіз және де бала мен гаджет мәселесінде сіздің көзқарасыңыз қандай?
    Негізінде балалар психологы бола аламын. Бірақ ол менің принципиалдық ұстанымым десе болады. Бала – ақ парақ. 13 жасқа дейін олар әке-шешесінің сезінгенін сезінеді, айналасындағы жағдайларды әке-шешесінің көзімен көреді, олардың уайымдағанын уайымдайды. Балаға “сені психологқа апарамын” десе, оларда іштей “менде бірдеңе дұрыс емес” деген комплекс пайда болады, тіпті психологиялық соққы алуы мүмкін. Көрдіңіз бе?! Егер шынымен зәбір көріп, қатты соққыға жығылып не жақын адамының өлімін көрсе, психологқа апаруға болады. Қалған жағдайда “баламның мінезін түзеп беріңізші” деп келіп жатса, мен оны эгоистік-инфантильдік сұраным деп қабылдап, “баламды өзіме ыңғайлы болу үшін өзгертіп беріңізші” деп түсінемін. Ал, бала - ата-ананың дәлме-дәл көшірмесі. Қабылдау барысында осыған ата-аналардың көздері жетіп, баласын өзгерту үшін, өздерін өзгерту керектігін түсіне бастайды. Сондай-ақ, балаңыз гипербелсенді, қияңқы болса, демек күйеуіңіз екеуіңіздің зыр жүгіріп, дамыл таппай жүретіндеріңіздің себебі. Тағы да айтамын: бала – өзіңіздің айнаңыз. Балаға ұрсуға болмайды. Арпалысқан сайын олар өрши түседі, сондықтан бойындағы энергиясын басқа арнаға бұрып жіберуге тырысу керек. Гаджетке қарсы емеспін. Өз басым балаларыма сабақтарын оқып, ойнап болған соң ғана, жарық жақсы түскен бөлмеде 30-45 минут қарауға рұқсат беремін. Өздері соған дағдыланып қалған. Гаджет мен үшін проблема емес.

    Сізді “стереотип бұзғыш” психолог деп айтады...
    Неге олай айтатынын білесіз бе? Мен шындық жағындамын. Көп психологтар, коучтер “бәрі жақсы болады, жылама” деп басыңыздан сипаса, мен “жоқ, сен жыла, жылау деген жақсы, тек өзіңе сен” деп басқаша нәрсе айтамын. Ал, негізі шындықпен өмір сүру оншалықты ауыр нәрсе емес. Шындыққа қарап өмір сүру – нағыз өмір сүру! Иллюзия кешігіп “жарылса”, адам ауыр дертке ұшырауы мүмкін.
    Шынайы сұқбатыңызға рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әлия Маханалина: “Ақтөбеде жылына жүзден астам әйелден сүт безінің қатерлі ісігі анықталады”
  • Айгүл Дүйсенова: “Балалар бопсалау құралына айналып кетті”
  • Валентина МӘМБЕТОВА: Жастардың неке қию салтанатына ата-аналардың да қатысқаны дұрыс
  • Қатерлі ісікке шалдыққан науқасқа шындықты айту керек
  • Владимир Авраменко: Өмірде екі зат қана маңызды – денсаулық пен ар-ұят
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге