“Ақтөбеге бүйрегіміз бұрып тұрады”

    “Ақтөбеге бүйрегіміз бұрып тұрады”

    Ақтөбеге Мирас пен Құралай Бекжановтар концертке келді. Ән кешінің басталуына аз уақыт қалса да, жағаласып жүріп сұқбат алдық. Әнші «Керек.info» газетіне эксклюзив сұхбат берді. Өзінің балалық шағы туралы баяндады.

    А– Ақтөбе
    Ақтөбеде туып-өстім. Жилянкада тұрдық. 3-сыныпқа дейін Құрмыштағы №14 мектепте, одан кейін Қарғалы орта мектебінде білім алдым. Кілең 5-ке оқып, бірінші партада отырған алғыр, озат оқушы болдым дей алмаймын, орташа оқыдым (күлді-ред.). Әкеміз механизатор болған соң, темір-терсекке үйір боп өстім. 5-6 сынып оқыған кезімде көліктің моторын өзім бұзып, жинай алатынмын. Ал, одан ертерек трактор, жеңіл машиналар жүргізуді үйреніп алдым. Бойым кішкентай. Басымды шығарып, алдымды көріп аламын да, кабинкаға лып етіп кіріп кетіп, педальді басатынмын. 5-сыныптан бастап музыкалық мектепте гитара сыныбында оқыдым, одан кейін музыкалық колледжде білімімді жалғастырдым.

    А-Алматы
    Алматыда қоныс тепкенімізге биыл 10 жыл болады. Ең алғаш келгенімізде бізді ешкім танымайтын. Концерттерге де шығарғылары келмеді, тойға да шақырмады. Ақтөбеде жинаған аз-маз атақ-беделдің бұл жақта еш пайдасы болмады. Бәрін қайтадан нөлден бастап, 10 жылда танымалдылыққа қол жеткіздік. Әншіліктен бөлек Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында сабақ беремін, өнер студияларымыз бар, қосымша кәсіппен айналысамыз.

    Ә-Ән
    Бұрын кеңес уақытында әрбір жаңа ән көркемдік кеңестен өтетін. Тіпті оны қай әнші орындау керек деген де сұрақ туатын. Олар әншінің өзін де жан-жақты зерттеуге ерінбеді. Бірнеше кезеңдерден өткен сол әндер халықты тәрбиеледі, жүректеріне із қалдырды. Қазіргі әндер тек көңіл-көтеруге, билеуге арналған. Ән мәтіннен озып кетті. Өнер адамдары халықтың ырқына жығылды, сөзге мән беру қалды. Тек қауымның көңілінен шықса болды. Өнерде құлдырау басталды. Бір сөзбен айтқанда, бұрын әндер халықты тәрбиелейтін, қазір тек билетуге шамасы жетеді. Ұлттық аспаптарды, дәстүрлі әндерді насихаттау азайды. Ақшасы көп адамдар клип түсіріп, телеарналарға күндіз-түні ойнатып қояды. Ол ақылы. Ал, радиода ән бір кездері арман болған «Алтын қорға» еніп кетсе болды, жылма-жыл беріле береді. Бұл проблемаларды мемлекеттік деңгейде көтеріп, шешпекке ниет танытқан органдар жоқ.

    Д-Дос
    Әсіресе, Қанат пен Света десе, шығар жанымыз бір бөлек. Димаш ұлымыздың әр қадамына тілеулес болып, әр жетістігіне қуанамыз. Осы жаққа концертке ұсыныс түсіп әрі Қанаттың ата-анасының «Алтын тойы» дегенде, Ақтөбеге қалай жетіп келгенімізді байқамай қалдық.

    Е-Еңбек
    Біреулерден асып, жұмыс істеп жатырмын деп айта алмаймын. Себебі талай шаруаның басын біріктіріп, шаршамай еңбектеніп жүрген азаматтарды білемін. Мен болсам, таңның атысы күннің батысы, үй көрмей жүрген түгім жоқ. Өзімді аса еңбекқормын дей алмаймын. Шүкіршілік айтамын.

    Ж- Жаңалық
    Жаңа жыл қарсаңында «Жұбановтар әлемінде» өнер мектебіміз ашылды. Жетекшісі - өзіміздің досымыз, мықты музыкант Дина Ниязова. Дәл қазіргі уақытта мектеп өнерлі балаларды іріктеп қабылдап жатыр.

    К-Классика
    Құралай екеуміз консерваторияда классикалық вокал бағытында сабақ алған әншілерміз. Классика – біздің жүрегіміздің төрінде. Жақында Алматыда өткен ән кешіміздің бірінші бөлімінде симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ, орыс, шетел композиторларының классикалық шығармаларын орындадық.

    Қ-Құралай
    Құралай екеуміз консерваторияда бір-бірімізді танығанмен, неке қию сарайында ән салып жүріп, жақын араластық. 2000 жылы шаңырақ көтердік. Төрт баламыз бар. Үйде үлкен кісі болған соң, бір-бірімізге дауыс көтерудің өзі ұят. Пенде болған соң, арасында ренжіп жатасың. Сондай уақытта үйде мамам болса, кейін айтармын деп ойлап, ұмытып кетіп жатамын (күлді-ред.). Әрі Құралайды енесі «бәрін де күліп жеңесің» деп үйретіп қойған. Көрген шығарсың, үнемі екі езуі жиылмайды (күлді-ред.). Қалжың. Табиғаты сондай.

    Қ-Қызмет
    2000 жылы туған жерге қызмет етейік деп, Құралай екеуміз Ақтөбеге қайтып келдік. Бұл жақта 7-8 жыл жұмыс істедік. Өзім музыкалық колледжде, пединститутта сабақ бердім, облыстық филармонияда әнші болып қызмет істедім. Арасында трактор жөндеп сатамын. Күн ұзаққа трактордың астында жатып, кешкісін Президенттің алдына ән айтқан кездерім болды. 2008 жылы әнші досым Мұқасан қоярда-қоймай Алматыға шақырып, тағдырдың да жазуы болар, тәуекел деп көшіп кеттік. Ақтөбе туып-өскен жерім болғандықтан, әрқашан келуге дайын тұрамын. Даласының кеңдігінен көзің тояды. Алматыға барсаң керісінше биік үйлер мен таулардан көзің талады әрі тұман, түтін.

    О-Отбасы
    Үйдің үлкенімін. Әкем Алматыға келіп, жер алып, үй салып берген соң, өмірден өтіп кетті. Менен кейінгі екі бауырым Ақтөбеде отбасын құрып, шаруаларын дөңгелетіп отырған. Алматыда жарты жыл жүрген соң, үйдегілерге шарт қойдым: «сіздер қасымда болмасаңыздар, менің бұл жақта жарқырап жүруімнің еш мәні жоқ» деп. Ойлана келе, анам мен бауырларым бәрін тастап, жанымызға көшіп келді. Мирас пен Құралай болып жүргеніміз – анамыздың, ауызбіршілігіміздің арқасы.

    Н-Негатив
    Әлеуметтік желіден бірен-сараң негатив пікір көрсем, соның өзі жүрегіме қадалып қалады. Ал, жалпы біздің инстаграмдағы 99,9% оқырманымыз жағымды пікірлер қалдырады. Дұрыс айтылған сын болса, жақсы қабылдаймыз. Сын бар жерде өсу бар. Ең басты сыншымыз – анамыз. Бізде ешқашан жұлдыз ауруы болған емес, артық кетіп бара жатсақ, анамыз орнымызға қояды (күлді-ред.).

    Т-Танымалдылық
    Барлық адамның назарында жүру қиын. Жақында өмірімізде бірінші рет Египетке барып, демалып келдік. Жұмыс бабымен шетелге жиі шықсақ та, арнайы қыдырғанымыз сол болды. Соның өзін халық «бұлай ақша құртқанша мұқтаж адамдарға көмектеспей ме?» деп теріс қабылдап жатыр. Негізі танымалдылықтың пайдасы көбірек.

    Э-Эстрада
    Классикалық шығармалар орындайтын мықты өнер иесі болмасам да, эстрадада халықтың ықыласына бөленіп жүрген әншімін деп санаймын өзімді. Бірақ әлі де болса, вокалдық шеберлігімді ұштауым керек. Тіпті кейде осы жағына жас кезімде неге мән бермедім деп ойланамын. Эстраданың деңгейі дегенде, өзім де қыз өсіріп отырған әкемін ғой, қазақ қыздары қадірінен айырылмаса екен, көпшіліктің алдында «маған жігіт қайда» деп өзеуремесе екен деймін. Мәдениетіміздің бір бөлшегі саналатын эстрадада арзанқол дүниелердің қаптап кеткені өкінішті,әрине. Ең, өкініштісі – біз бұны байқап жүрген жоқпыз, біз тек көзді жұмып билеп жүрміз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алма Адаханова. “Ақтөбеге келіп, жан тыныштығын сезіндім”
  • Әли Ермекбаев: “Қазақстанның музыкасына реформа қажет”
  • Света Айтбаева: “Мен әжемнің тұңғыш немересімін”
  • Жадыра Арыстанова: Той әндерін сахнаға алып шығу дұрыс емес!
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге