“Өмір бойы бір тесіктен сығалап келе жатырмын”

    Қас-қағым сәттің шебері атанған кәсіби фотограф Хайреден Раушанов Ақтөбенің тарихын фотосуретпен жазып жүр. 10 жасынан бері фотоаппаратты жанына серік еткен кейіпкер “уақытты бір сәтке тоқтата алатын екі құдірет болса, соның бірі – фотосурет өнері” дейді. Сұқбатымыз осы тақырып жөнінде және өмір баспалдақтары турасында өрбіді.

    Ө-өмір бастауы
    Негізі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында дүниеге келгенмін. Сол жақта мектепті 1986 жылы бітіріп, Ақтөбедегі мәдени-ағарту училищесіне оқуға түстім. Өмір дерегімнен қысқаша айтар болсам – осы. Әке-шешем қарапайым адамдар болған, үйде жеті ағайындымыз.

    Ж-Желтоқсан көтерілісі
    1986 жылы мектеп бітіре салып, қылшылдап тұрған жас кезімізде Ақтөбеде Желтоқсан көтерілісіне ат салысқанымызды айта кетейін. Алматыда жастардың толқып жатқанын ең алғаш жатақханада ілулі тұрған радиодан естідік. «Бүлікшілер, алқаштар, наркомандар елге іріткі салды» деп күні-түні бір ақпарат айтылып жатты. «Елді Колбин деген Мәскеуден келген шенеуік басқаратын болыпты, өзіміздің қазақ құрып қалды ма?» деп жатақхана ішінде гу-гу әңгіме басталды. Біз Алматыдағы жастарды «бүлікшілер» деп қасақана айыптап жатқанын бірден сездік. Сол уақытта ішімізді намыс пен ыза кернеп тұрды. Сөйтіп училищедегі суретші жігіттердің бас көтеруімен плакаттарға «Долой Колбину!» деп жазып алып, қала орталығына шығамыз деп ойладық. Бірақ жоспарымыз жүзеге асырылмады. Біреу сыртымыздан айтып жіберді ме, әлде кездейсоқ ұсталып қалдық па, автобус ішінде жатқан плакаттарды құқық қорғау органдары тауып алды. Содан не керек, ҰҚК қызметкерлері бастап жатақхананы түгелдей қоршап, тәртіп сақшылары ешкімді сыртқа жібермей күзетіп тұрды. Шұғыл шаруаң болса, түсініктеме жазып ғана шыға аласың. Таңертең, кешке кереуетіміздің астын тексеретін болды. 10-15 күн тырп еткізбей ұстады. Дәретханаға барғың келсе де, немістің овчаркаларымен еріп барасың. Ел ішіндегі толқу басылғанымен өз ішімізде толқу біразға дейін жүріп жатты. Біздің группада әр түрлі ұлттардың балалары оқыды. Бір группаласымыздың «бараны» деген сөзі үшін көпке дейін жаға жыртысып, директордың алдына бардық. Зияны мен теперішін көрдім деп айта алмаймын. Өйткені жарты жолдан қайттық қой. 2016 жылы Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына орай медаль тақтым.

    Ф-Фотограф естеліктері
    5 сыныптан бастап мектептен тыс фото-үйірмеге қатыстым. 3 жыл фотоға түсірудің қыр-сырын шамам келгенше үйреніп алып, криминалист боп істейтін ағамның фотоаппаратын қолданып жүрдім. Қызығушылығым күн сайын күшейе түскенін өзім де сезбей қалыппын. 8-9 сынып оқып жүргенімде аудан бойынша комсомол, кәсіподақ билеттері, паспорттың суреттерін түсіретін кәнігі маманға айналып шыға келдім. Тіпті сабақтан сұрап алып, АН-2 деген жеңіл ұшақпен елді - мекендерді аралап кеткен күндеріміз болды. Қасымда жетекшім, тағы бір бала бар. Ең бірінші фотоаппаратым «Смена» деп аталды. Оны туған күніме сатып әперген болатын. Ең бірінші суретке түсіруді пейзаждан бастадым. Одан кейін «Зорьки», «Киев», «Зенит» деген неше түрлі фотоаппараттарды қолданып жүрдім. Ол кезде пленка шығару процедурасы қиын болғанымен, еңбектің қызығы мен шыжығы әлі күнге ностальгия туғызады. Ақ-қара түсті суреттерді 1998 жылға дейін қолданып жүрдік қой. 2000 жылдары “Олимпус” деген 1-1,2 мегапиксельден аспайтын фотоаппараттар “хит” болды. Жұмыстағылар “бұл фотоаппаратты байқап ұста, 67 мың тұрады” деп жиі ескертіп жүруші еді (күлді-ред.). Сандық технологияның енді-енді өмірімізге ене бастаған уақыты. 1990 жылдардың ауыр күндерінде жалғыз фотоаппаратпен, сұраныс болғаннан соң шығар, бір отбасын асырайтындай пайда түсіп жүрді. Әрі әдемі кадр үшін қымбат фотоаппараттың керегі жоқ. Осы жерде стереотипті бұзғым келіп отыр. Тіпті телефонмен де небір керемет кадрлар туғызуға болады. Ең бастысы, адамда техникасы мен қиялы бір-бірімен байланыста болуы керек. Қазір “Nikon” деген “досыммен” жұмыстан бөлек, облыстың түкпір-түкпірін аралап, әсем жерлерін суретке түсіріп отырамын. Соның бір парасын 2011 жылы “Өмір өрнектері” атты сурет көрмесінде халыққа ұсындым.

    Қ-Қызмет жолдары
    Мәдени-ағарту училищесін бітірген соң, ауылға барып фотостудия ашып, балаларды суретке түсіруге баулыдым. Кейін оқуымды жалғастырмақ ниетімен Шымкенттегі оқу-ағарту институтына іс-шараларды ұйымдастыру мамандығына оқуға түстім. Ол жақта да фотозертханада жұмыс істедім. Пленка шығаруды бес саусақтай біліп тұрсам әрі жақсы көрген ісім болса, ондай жұмысты қуана-қуана істеймін ғой. Әрі «Шымкет келбеті» деген жергілікті газетте штаттан тыс тілші болдым. «Қазақ тілі» қоғамында, жергілікті мектепте де қосымша қызметтер атқардым. 1993 жылы Ақтөбеге келіп, өзім оқыған мәдени-ағарту училищесінде 3 жыл сабақ бердім. 1995-1996 жылдары «Геолог» мәдениет үйіне режиссер болып барғанымда Желтоқсан көтерілісінің 10 жылдығына орай «Желтоқсан жаңғырығы» деген спектакльді алғаш болып, сахнаға алып шықтым. Қайрат Рысқұлбековтың рөлін өзім ойнадым. Ешқандай қиындық, кедергі болған жоқ. Училищеде режиссерлік, актерлік мамандықтарды қоса игеріп шықтым ғой. Спектакльді қоюға М.Арын атындағы мектептің ұжымы көп көмектесті. Залдағы көрермендердің егіліп жылағаны әлі күнге есімнен кетпейді. Ал, «Ақтөбе» газетінде 1996 жылдан бері жұмыс істеймін.

    Ф-Фотограф болу үшін...
    Фотограф боламын деген адамның оқу оқығанынан бөлек, таланты мен қабілеті үлкен рөл атқарады. Суретке түсіргенде қарапайым адам көре алмайтын тұстарды анық көретін қасиеті болуы керек. Қиялы ұшқыр жан фотоаппараттың тетігін басып жатқан кезде суретті ойша елестетіп, объективтің әр жағынан оны сан қырынан көре алады. Мысалы, бір адамды он түрлі етіп көруге болады. Кейбір әдемі адамдар өзінің әдемілігін суретте көрсете алмайды, керісінше түрі ұсқынсыз адамның сәтті ракурс таңдап түсірген суреті тартымды болуы мүмкін. Жолын таба білу керек, сосын тетікті уақытында дөп басу керек. Қызықты сәттерді қалт жібермей, «қағып түсірген» жөн (күлді-ред.). Кәсіби фотограф болған соң, адамдардың психологиясын жылдам тани алатын жағдайға жеттім. Әрі суретке түсіргенде газеттің макетін көзіме елестетіп, ойша орналастырып қоямын. Кадрдың бәрі бірдей сәтті бола бермейді, әрине. Дегенмен, бухгалтерлердің сабырлы қалпын, өнер адамдарының ерекше қуанып не мұңайып тұрған сәттерін қалт жібермеуге тырысамын. Суреттің әсерлі шығуына қарапайымдылық, бос кеңістіктің болмауы және шынайылық себеп болады. Ал, жақсы фотограф болу үшін жылдамдық, сабырлық, адамдармен тез тіл табысатын қасиетің болу керек. Мұны барлық әріптестерім қайталап айтатын шығар.

    Қ-Қызықты кадрлар
    Аңдып отырсаң, неше түрлі суреттерге түсіруге болады (күлді-ред.) Нені меңзеп отырғаныңызды түсіндім. Мен де арасында жиналыста көзі ілініп кеткен, телефон қарап отырған қызметкерлердің суреттерін түсіремін. Бірақ оларды әшкере қылу үшін емес, ұйықтап қалмаса екен деген ой туады (күлді-ред.) Фотоаппараттың жарқылынан мүлгіп отырған адамдар селк етіп оянады. Ал, негізі ұйықтамай отырған адамның өзі кейде фотода көзі жұмылып отырғандай көрінеді. Біржақты көзқараспен қарауға болмайды. Кейде фотоаппараттың жарқылынан автоматты түрде көздері жұмылып қалады немесе көзін төмен салып отырған адам ұйықтап отырғандай көрінуі мүмкін. Бәрінің бірдей ұйықтап қалуы мүмкін емес.

    Ж-Жеті өнер
    Кәсіби фотограф мамандығынан бөлек ән айтамын, домбыра тартамын, гитарада ойнаймын. Әйтеуір бір бала жұбататын дауысым бар (күлді-ред.). Іс-шараларды ұйымдастыра аламын, режиссерлікпен де айналысып кетуіме болады, мұғалім де бола аламын. Егер талабы бар, бірақ ақшасы жоқ жастар фотоөнерді игеруге құмартып жүрсе, тегін шеберлік сағаттарын, тренингтер өткізуге болады. Тек айтқан уақыттан кешікпей келіп жүрсе болды. Менің сағатым үнемі 5-10 минут алда жүреді. Бұрын той аралап, суретке түсіріп, ақша тапқан күндерім болды. Қазір әр мейрамханада пайызға жұмыс істейтін жас, жедел фотографтар бар. Ал, біз шығармашылықтың адамымыз. Уақыт өте келе көзқарасымыз да өзгерді. Арасында жеке фотостудиямды ашуды ойлаймын. Оның да жұмысын алып жүру үшін біраз бос уақытың болу керек. 22 жыл өтсе де, қазіргі жұмыс орным өзіме ыңғайлы, көңілімнен шығады.

    М-Мінез
    Енді өмір бойы бір тесіктен неше түрлі нәрселерді көріп келе жатырмыз ғой (күлді-ред.). Басқа фотографтардың қандай болатынын білмеймін, өзім ешкімнің көңілім қалдырғым келмейді. Қолындағы фотоаппаратына бола пайдаланып жүрген жоқ па дейсіз ғой. Олай ойламаймын. Сол адамдар суретті ыждаһаттап алмаса да, суретке түскенді жақсы көреді. Ал, мен суретке түсіргенді ұнатамын. Осы күнге дейін ешкімге «жоқ» деп көрген адам емеспін. Тіпті ешқашан ешкімге ренжімеймін. Жалпы мінезі жаман адамдардан фотограф шығады деп ойламаймын. Біздің «тіліміз» жоқ, сондықтан суретті қалай да сөйлетуге тырысамыз. Жүрген жерімнен әдемі, нәзік, жақсы ой салатын кадрлар іздеп жүремін. Кейде адамның болмысы соған сай өзгере ме деп ойлаймын.

    О-Отбасы
    Бір әйелім, екі балам бар (күлді-ред.) Қызым мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, С.Демирел атындағы университетке оқуға түсіп, қазір отбасымен Белорусияда тұрып жатыр. Ұлым Астанада қазақ-түрік лицейінде 8-сыныпта оқиды. Дойбыдан үш дүркін әлем чемпионы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алма Адаханова. “Ақтөбеге келіп, жан тыныштығын сезіндім”
  • Айжан Табаракқызы: «Қуанып жүріп, өлең жазатын ақынды көрмеппін»
  • Әли Ермекбаев: “Қазақстанның музыкасына реформа қажет”
  • Есен Елеукен: Cпорт комментаторы болуды армандайтынмын
  • Селфиді шенеуніктер де ұнатады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге