“Сахнада ақылды әртістер өте аз”

    “Сахнада ақылды әртістер өте аз”

    Ақпанның алғашқы күндері Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Гогольдің “Ревизор” комедиясы Ақтөбе жұртшылығына премьера етіп ұсынылды. Басты рөлдердің бірін Астанадан келген актриса, эстрада әншісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Айгүл ИМАНБАЕВА ойнады. Кезекті қойылымның алдында өнер иесімен аз-маз сұқбаттасып қалдық.

    А-Ақтөбе мен Айгүл
    Ақтөбе – менің жиі келіп жүретін жерім. Мұнда жора-жолдастарым көп. Сол себептен қала маған бөтен емес. Батыстың психологиясы да бөтен емес, әкем – Орал өңірінің тумасы. Ақтөбелік көрермендердің кенже қалып келе жатқан театр өнеріне деген ықыласы, қабылдауы, түсінуі, қошеметі керемет. Әрбір сөзіңді жібермей тыңдайды, әрбір әсерлі сәттеріне қол соғады. Өзі театр сүйер қауым спектакльге келсе, спектакль өзгеше жүреді, залда өзгеше энергетика қалыптасады. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрындағы “Ревизор” премьерасында осы дүниені сезіндім. Өз басым сахнада рахаттанып, арқаны кеңге салып жүрдім. Премьераның бірінші күні аузымнан “давай!” деген сөз де шығып кетті (күлді - ред). Режиссеріміз “осылай қалдыра бер, сценарийге сыяды” дегеннен соң қалдырдым. Болат ағам (Әбділмәнов – ред.) театрға келген күні “облыс қана деп қараймыз, мұнда да қаншама таланттар бар” деп еді. Бұл пікірді бұрыннан бері айтып жүрмін. Жамбыл облыстық драма театрында да кезінде белгілі режиссер Қуандық Қасымовтың шақыртуымен “Сыған серенадасы” спектаклінде Изолдьданы алып шыққан болатынмын. Сол кезде облыстық театрларда небір талантты, потенциалы мықты актерлердің барына көзім жеткен. Мұндағы жастар да өте талантты, бәрі “сен тұр, мен атайын”. Бір-біріне ұқсамайтын образдарды бір деммен алып шықты. Ұжымдағы атмосфера өте жақсы. Театрда гример болсын, костюмер болсын, жұмысы ұнамаса, жақсылап “қуырып” алатын мінезім бар. Жасың бар, кәрің бар демеймін, бәрінен кәсібилікті талап етемін. Мысалы, мұнда Света деген грим жасайтын апай бар. Өзінің жұмысына тастай. Не дейсің оған?! “Алматыдан келген жұлдыз едім” деп “арзан” мінезімді көрсету орынсыз. Қайта бұл кісілерді жақсы көріп кеттім. Біреуі шайымды дайындап, біреу арқама орамалымды жауып бәйек боп жүр.

    Т-Театр
    Театрда ақша табу үшін жүрген жоқпын. Театр – менің өмірім. Табыс көздері басқа жақта да бар. Театр – жаныма дем беретін, рух беретін “қорек”. Күлсең де, жыласаң да, мұңайсаң да, қуансаң да – бәрін театрда сыртқа шығара аласың. Дәл осылай жеке ән кештерін өткізгенде рахаттанамын. 2014 жылы шығармашылық кешімді өткізгенде халықпен тығыз байланыста болдым. Ал, көп әншінің бірі боп, концерттерге қатысқанда ешқандай ләззат ала алмаймын. Театрда көрерменнен энергетика аламын, көрерменге эмоция сыйлаймын. Сол себепті, театр менің өмірім. Басқаша сөзбен жеткізе алмаймын.

    Н-Негатив
    Әлеуметтік желілердегі негативтерге осы жақында үйде ауырып жатып, жауап бергенім бар. Бос жатқанда не істейсің?! Қарап отырсам, неше түрлі сұрақтар қойылады екен. “Сәбитпен бірге тұрасыз ба? Айтпайсыз ғой шыныңызды” депті. “Мен сондай тексіз, санасыз адамға ұқсаймын ба?” деп бір-екі рет ерінбей жауап жаздым. Негізі негативтерді елемеймін. Итпен бірге ит боп үрсең, не қадірің қалады?! Принципті түрде жарнамаларды өшіріп отырамын. Жалпы әлеуметтік желіде тек өнерімдегі жаңалықтармен бөлісемін, үй-ішімнің суреттерін көп сала бермеймін. Ет жақын, ең жақын деген үш құрбымды мүлдем көрсетпеймін. Олар менің көрінбейтін жауынгерлерім сияқты, өнерге қатысы жоқ адамдар. Халық – ұлық, тобыр – былық. Дәл сол әлеуметтік желіде тобыр көп.

    Ш -Шығарма-шылық
    Астанаға көшіп келгеніме 2 жыл болды. “Шабыт” өнер университетінде курсым бар. 10 шақты кішкентай әнші балапандарым бар. Оларға вокалдан сабақ беремін. Алматыда ашқан өнер мектебім көшуіме байланысты жабылып қалды. Алматыдағы театрдың жұмысы, Астанадағы театрдың жұмысы бар. Әншілік өнеріме кейінгі жылдары көп көңіл бөлмей жүрмін. Ет пен сүйектен жаралған адаммын ғой. 24 сағатты “жұлмалап” қайда жеткіземін?! Онсыз да аз ұйықтаймын. Әзірше театрға мықтап күш салып жатырмын. Фестиваль, конкурстарға көп қатыстық. Еуропа мен Ресейден бас жүлделер әкелдік. Оның бәрі тарих. Өзімнің жеке “А.И” музыкалық театрымның көркемдік жетекшісі, бас режиссері бар. Театрдың жұмысы жүріп жатыр. Жаңа қойылымның репетициясына кіріскелі отырмыз. Ғ.Мүсірепов театрында 20 жылдан бері жұмыс істеймін. Қазір келісімшартпен Астанаға көшуіме байланысты олар менің ыңғайыма қарап, спектакльдерінің кестесін жасайды. Уақытымыз болып жатса той-домалаққа барып қайтамыз. Ал, бірақ сенбі-жексенбі үйде той күтіп жататын қазақтардың “сортынан” емеспіз. Жұмыс жетіп артылады. Жасарып келе жатқан жоқпыз, кейінгі ұрпаққа қажет дүниелер қалдыруымыз керек.

    О-Орынсыз сұрақ
    Адам адаспау үшін адасады ғой. Мінезім сол баяғы туа біткен мінез ғой. Оң мен солымды таныған соң, қатая түскен шығармын. “Албырлық кетті, албырттық қалды, алғырлық қонды” демей ме?! Қатайдым. Ішімдегіні кез-келген адамға ақтара салмаймын. Біреумен жатана-жастана сырласып, мұңымды-жырымды айтатын әдетім де жоқ. “Бұрын басқаша едіңіз, қазір мүлдем өзгеріп кеттіңіз” деп айтып жатады. Ол заңдылық, біріншіден. Екіншіден, бұл сұрағыңыз орынсыз. Адам жасына, деңгейіне, өресіне сай өзгереді. Ұлымның өзі 20-ға келді.

    Ж-Жүректің қалауы
    Халық әр сенбі сайын мені біреуге қосып отырады (күлді – ред.) Былтыр осы жағдайға қатысты республикалық сайттардың бірімен арада үлкен дау болды. Менен сұқбат алған қыз сұқбаттың мағынасын бұрып жіберді. Заңгерімді жіберіп, іс сотқа дейін барып, ақыр аяғы өздері Иманбаеваны жазбастай болған шығар. Рейтинг, сенсация деп адамның тағды-рымен ойнауға болмайды ғой. Құдайдан үміті бар адамның біреуіміз. Егер ол бақ басыма бұйырып жатса, бақыттан басым айналып жүретін шығармын. Өзімді, өнерімді қабылдайтын, жібі түзу азамат болса, әрине. Әзірге ондай адам жолықтырған жоқпын. Оның үстіне балам тұрғанда, аузымды майыстырып, осындай әңгімелер айтқым да келмейді. Оның да ортасы бар, дос-тары бар. Өзі де үйленетін жасқа жетіп қалды. Бұндай сұрақтардан көбіне айналып өтуге тырысамын. Құдайдан үміт бар. Ондай бақ бұйырып жатса, ұлым да қарсы болмайды. Ал, бірақ 40-қа келгенде біреу үшін өмірімді өзгертіп, оның өміріне ыңғайланатын жайым жоқ. Осы күніме шүкір. Осы көрген балама шүкір.

    Р-Рөл
    Рөлді ұнатпай ойнау деген болмайды. Қандай рөлді болсын, табиғатыңа қарсы болса да, алып шығуың керек. Оң жамбасыңнан түскен рөл әрине, бақыт. Мысалы, “Ревизорда” режиссер маған “дуанбасының әйелі осылай болу керек” деп рөлді бағыттап берді, мен соны алып шығуға тырыстым. 2,3-ші премьераларда Анна Андреевна өзіміздің Жанар Айжанова екен ғой деп ойлап қоямын. Сол кісіге қарап ойнауға тырыстым. Кинода Томиристі ойнауды армандаймын. Спектакльде бүкіл ішкі потенциалымды ашып көрсететін, кең ауқымды рөлдер ойнағым келеді. Маған драма да, трагедия да, комедия да жақын. Жанр таңдамаймын. Түсірілім алаңында да, театр сахнасында да өзімді жайлы сезінемін.

    К-Көрермен
    Көрермен маған қошемет көрсетті екен деп масаттанып кетпеймін. Ыстық ықыласқа бөленген жақсы, дегенмен сол шыққан биігіңнен құламау, көрерменнің саған деген махаббатын жоғалтып алмау, абыройыңды төкпеу, әрі қарай өсу – ең басты мақсат.

    С-Сахна мен сана
    Сахнаның киесі бар. “Сахнаның киесі ұрады” деген сөзді қазақ тегін айтпаған. Әртіс деген қауымға талантты болу өте аз. “Гениальный” әнші-әртісіңе де ақыл керек. Біздің өнер адамдарына ақыл-сана жетіспейді. Ақылды әртістер бар, бірақ олар өте аз. Құр талантты болып, бірақ басыңда бір шөкім ми болмаса, ұшпаққа шықпайсың. Сол себепті сахнаның киесі ұруы мүмкін.

    Ү-Үйдегі Айгүл
    Үйдегі Айгүл жатып алып, кітап оқығанды жақсы көреді. Көп сөйлемейді, үнемі ойда жүреді.

    Ұ-Ұстаным
    Адами қалпымды сақтау: өз-өзімді алдамау, шынайы болу, өнерге адал болу!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Аман Құлбаев: “Клоун болғым келді”
  • Берік НҰРМАҒАНБЕТОВ: Қазақтар кез келген әзілге күлмейді...
  • Кеңес КЕМАЛБАЕВ: Театрға келмегенде тергеуші болар едім
  • Елтай Кемал: Қызым – менің мақтанышым
  • Ахтанов театрында әскери драма сахналанды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге