“Алғашқы жұмыс күнім қанды оқиғамен басталды”

    Ақтөбе қаласы ІІБ Сазды полиция бөлімі кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Мөлдір Болатбаева. Телефон тұтқасын көтерген кейіпкеріміздің жұп-жұмсақ дауысына алғашында таң қалдық. Мөлдір небәрі 24 жаста. Мақсатына жетпей тынбайтын жас инспектордың демалысы жоқ жұмысы мен уақыт табуға қиналатын жеке өмірі туралы сұрап білдік.

    Ф-Формаға қызығу
    Мен оқыған мектепте өзіне жарасымды форма киген жас инспектор болды. Бірақ ол қыз кабинетте отырмайтын. Арасында ғана келіп, бізбен әңгімелесу жүргізетін. Бұл салаға келуім – сол жас инспектордың формасы мен жүріс-тұрысына қызығудан басталды. Ойша өзімнің де форма киіп жүргенімді елестетінмін. Қатты қызыққаным сонша, 9 сыныпта заң колледжіне түсу ойымда болды. Бірақ Бөкенбаев атындағы заң институтына 11 сыныпта кейін ғана түседі дегенді естіген соң, ҰБТ-ға мықтап дайындалып, өз бетімше іздене бастадым. Ата-анам қарсы болған жоқ. “Қиын болмай ма?” деген бір ауыз сөздері ғана есімде қалыпты. Құжат жинап жүргенде болашақ әріптестерім “бұл жолға түспе” деп жиі айтатын. Оған қарап жатқан мен жоқ. Институтқа 184 бала болып түсіп, соның 153-і бітіріп шықтық. Бұнда бірінші кезекте физикалық дайындығың мен медициналық көрсеткіштеріңе қарайды. Егер осы екеуінен өтсең, үкімет тегін оқытады. Оқу бітірген соң өздері бос вакансияларға орналастырады. Алғашқы екі жылында казармада жаттық. Телефон ұстатпайды, ешқайда шығармайды. Таңғы алтыда оятып алғаннан кешкі онға дейін далада жаттығу жасаймыз, күннің астында жүреміз. Басында қорықтым, шыны керек. Ішке кіре сала, ештеңеге әлім келмей ұйықтап қалатынмын. Қиын болды. Ұл-қыз деп бөлмей, бәрімізге бірдей қарады. Арамызда бір курсант тәртіп бұзса, ол үшін бүкіл взвод жаттығу жасайтын. 2016 жылы оқу бітіріп, сол жылдың маусым айында теракт болардан бір күн бұрын ІІБ Сазды полиция бөліміне жұмысқа тұрдым. Алғашқы жұмыс күнім қанды оқиғамен басталды. Ер балаларды жан-жаққа жұмсап жіберді, біз іште жүрдік. Казармалық режимді алып тастап, жағдай қалпына келген соң, ІІД-не Астанадан шақырту хат келді. Ойламаған жерден Ішкі істер министрі Қасымовтың қолынан лейтенанттық шенімді алдым. Ақтөбеден жалғыз мен бардым. Оған аймақтардан оқуды жақсы оқыған, институтты үздік бітірген курсанттарды жібереді екен. Астанаға қызметке де шақырды. Үйдің үлкені болғандықтан, отбасым мен анамның сөзін қимай осында қалдым. Қазір енді қай қалаға жұмысқа шақырса да, баруға дайынмын.
    И-Инспектордың бір күні
    Инспекторлар белгілі бір аумақты қарайтын және мектеп инспекторы болып екіге бөлінеді. Мен – мектеп инспекторымын, қарамағымда екі мектеп бар, екеуі де қазақ мектебі. Таңертең сегізде мектепке келемін, бірінші ауысым оқушыларымен жұмыс жасаймын, таңертеңгі линейкаларына қатысамын. Күнде оқушыларға “бейсауат жүрмеңдер, қолымызға түсіп қалмаңдар, қалалық мектептердің бірінде топтық төбелес болыпты” деп ескертіп
    отырамын. Арасында екі мектептің айналасын қарап шығамын. Қазір 5-6 баланың басы қосылып тұрса, үрейленетін заман ғой. Екіден төртке дейінгі түскі үзілісте шаруаларыммен шығып қайтамын. Сағат төрттен бастап кешкі жетіге екінші ауысымдағы балалармен жұмыс істеймін. Оқушы 2-3 күн себепсіз сабаққа келмей қалып, ата-аналары телефондарын көтермесе, бірден үйлеріне барамын. Сынып жетекшілері алдын-ала ескертіп отырады. Кешкі жетіден кейін бөлімге барып, күні бойғы атқарған істерім бойынша есеп тапсырамын. Жедел профилактикалық шараның кезі болса, үйге кешкі ас ішуге жіберіп, сағат онда қайтадан бөлімге жинайды. Содан түнгі 2-ге шейін белгіленген аумақтар бойынша рейдке шығамыз. Қасымызда міндетті түрде бір-екі мұғалім жүреді. Көңіл көтеретін орындар, ойын автоматтары орналасқан жерлер, кафелерді кезіп, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың бар-жоғын тексереміз. Қолға түскен балаларды көлікке салып алып, бөлімге әкелеміз, ата-анасын күтеміз. Демалыс күндері автобуспен жүрсек, 15-20 баланы жинап аламыз. Ал, жеңіл көлікпен 3-4 баланы бөлімге апарамыз. Ата-анасы қалада болмаса, баланы бейімдеу орталығына жібереміз. Түнгі ауысымда жұмыс істейтін жас балалардың ата-анасымен қоса, жұмысқа алушы әкімшілерді де жазаға тарту үшін хаттама толтырамыз. Сөйтіп жүргенде сағат таңғы 3-4 болады. Рейдте болсақ, таңертең 10-да жұмысқа келуге болады, шұғыл шақыртулар кезінде таңғы 8-де бөлімде отырасың. Екі-үш күн қатарынан рейд болған күндері ұйқы қанбай, қиналатын кездер болады. Ұйқыдан тұрғым келмей жатқанда анам “ешкім сені бұл оқуға түс деп қинаған жоқ” дейді. Сол сөзден кейін тұрып кетемін. Рейд болмаған күндері учаскелік инспекторлармен бірге шақыртулар бойынша үй-үйді аралаймыз. Тек жексенбі күні кешке дейін жуынып, киімдерімізді реттеуге уақыт береді. Ал, былай ресми демалыс деген бізде атымен жоқ. 8 наурыз мереке қарсаңында демалыс беретін шығар (күлді-ред.)

    Б-Балалар қылмысы
    Ақтөбедегі балалар қылмысының деңгейін орташа деп айтса болады. Қылмыс көп те емес және аз деп те айтуға болмайды. Орташа. Неден болады дегенге: балаларға ата-ананың қадағалауы жетпейді. “Бала үшін жұмыс істеп жүрмін” деп баланы ұмытып кететін ата-аналар кездеседі. Үй ішінде ерлі-зайыптылардың төбелесі, ішімдікке үйір болуы да баланың психологиясына өмір бойына сызат түсіреді. Баланың қылығында, көңіл-күйінде өзгеріс болса, ата-ана мұғалімдеріне дереу айтуы керек. Қалған жұмысты біз атқарамыз. Көп жағдай немқұрайлылықтың кесірінен болады. Көбінесе топтық төбелестер тіркеледі. Қызығы, төбелестің неден шыққанын өздері де дұрыстап түсіндіре алмайды. Ұрлық көп. Киім ұрлап, зат ұрлап, камераға түсіп қалып жатады. Себебін “бәстестім” деп түсіндіреді. Жоқшылықтан да ұрлыққа баратын фактілер кездеседі. Балалар жоғалып кетіп жатады. Өткенде ғана екі бала жоғалды. Өзіңіз білесіз. Мектептері толық ақпарат бермей отыр. Дегенмен, сабақтан жиі қалатын оқушылар екен. Ешкіммен ұрыспаған, төбелеспеген бала досын ертіп саяжайға кетіп қалған. Ақтөбеде есепке алынып, қайта-қайта қылмыс жасаған балаларды басқа қалалардағы арнайы колонияға жібереміз. Ақтөбеде балалар колониясы жоқ. Егер ісіне өкініп, кешірім сұраса, кәмелетке толмағандардың ісін қарайтын комиссиядан тәртібі нашар балаларға арналған мектептерге жіберуін сұраймыз. Ондай мектеп те бізде жоқ. Бала бәрібір басқа қалаға кетеді.

    Ж-Жұмсақтық
    Жүрегім жұмсақ болса, жұмсақ шығар (күлді-ред.). Түнгі рейдке шыққанда қолға түскен балаларды аяп қаламын. “Мамам ауырып қалып, дәріханаға жұмсап еді, апай. Жібере салыңызшы” дейді кейбіреуі. Қасымдағылар “жоқ, сені бөлімге апарамыз” десе, мен керісінше баланың орнына өзімді қойып көріп, “жібере салсақ қайтеді”, “үйіне жеткізіп тастайық” деп өтінемін. Өтірік айтып тұрған балаларды бірден сеземін. Ал, кейбір балалар шынымен қиналып тұрады. Әріптестерім кейде маған “аяудың қажеті жоқ, неге аядың?” деп ренжиді. Сонда да бірінші рет қолға түскен, себебі бар балаларға түсіністік танытып, жібере салған дұрыс деп ойлаймын.

    Қ-Қызмет талабы
    Жұмыста сылбыр болуға, жай қимылдауға, еркелеуге мүмкіндік жоқ. Мінезің қатты болу керек. Балаға да аяушылық танытуға болмайды. Ал, өз ойым жоғарыда айтқандай, баламен оның психологиясына сай сөйлескен дұрыс. Кей балалармен жұмсақ сөйлесіп, мейірімділік танытсаң, өзі-ақ ішіндегісін ақтарып салады. Балалармен жұмыс жасау кезінде жұмсақтық керек. Әрине, қыз-келіншектердің құқық қорғау органдарына қызмет еткенінің әбестігі жоқ. Біз кімнен кембіз?! (күлді-ред.) Қылмыс жасаған әйелдерге тінту жүргіземіз, олармен сөйлесіп, қылмыстың бетін ашуға тырысамыз. Жалғыз әйелдер емес, кейде қыз балалардың ер адамдарға айта алмайтын әңгімелері болады. Солармен жайлап отырып сөйлесіп, мән-жайды анықтаймыз. Ерлермен тең дәрежеде жұмыс істейміз. Нәзік жанды деп түнгі рейд кезінде не болмаса үй аралағанда қасымызға адам қосып береді. Одан басқа жеңілдік жоқ. Сонда да жұмысымды жақсы көремін. Өкінген емеспін.

    Қ-Қауіп
    Тікелей басыма қауіп төнген жоқ. Ақтөбенің көшелерінің 70-80%-на барып көрдім. Түнгі рейд кезінде өзім үшін емес, балалар үшін қорқамын. Ал, ішімдікке үйір, сәтсіз отбасыларға барған кезде іштей қорқыныш болады. Қанша дегенмен, қыз баламын ғой. Негізі үй аралағанда қасымызда тағы бір адам болу керек. Бірнеше рет жалғыз өзім барған кездер болды. Сондай кезде ішке кіріп, жағдайды көзіммен көрген соң, бірден учаскелік полицияларды көмекке шақырдым.

    А-Алғыс пен қарғыс
    Рахмет айтатындар көп, арасында қарғыс та естіп жатамыз. Бір есімде қалған оқиға былай болды: жап-жақсы баласына көңіл бөлмей, ішкілікке салынған анаға “сені ата-ана құқығынан айырамын” деп айтқан болатынмын. Сондағы әйелдің ащы сөздері әлі күнге ойымнан кетпейді. Айтпаған лас сөздері жоқ. Қанша ұмытайын десем де, қолымнан келмеді. Әрине, ол әйел кейін менен кешірім сұрады, жұмысқа тұрды, жағдайы түзелді. Мерекелерде телефон соғып, құттықтап тұрады. Үлкен кісілерден “айналайын, бақытты бол!” деген батасын естіген сайын марқайып қаламын.

    Ж-Жеке өмір
    Жұмыстың жеке өмірге әсері бар. Кері әсері, әрине. Уақыт жоқ қой енді (күлді-ред.). Тек жұмыс арасында сөйлесетін адаммен сөйлесіп, түстеніп, кешкі ас ішіп үлгеріп қаламыз. Тұрмыс құру ойымда бар. Таңдаған адамым – өзімнің әріптесім. Ұсыныс айтушылар да көп болды. Дегенмен, жүректің қалағаны болады. Кәдімгі киімдерді көп кимейміз. Сондықтан “киім алуым керек еді” десем үйдегілер күледі. Көйлекті анда-санда туған күндерде, қонаққа барғанда киемін. Болашақта “сен анасың, үйде отыр, бұл жұмыс саған қол емес” деген сұрақпен бетпе-бет келетінімді білемін. Бірақ әзірше жауабым дайын емес. Не айтарымды білмеймін. Ойланып жүрмін.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Балабақшада кішкентай қызды балалар талап тастаған
  • Тәрбиеңе тастай бол
  • Жасөспірімдер арасында алаяқтық көбейді
  • Айгерім Есібекова: “Мамандығым балаларыма да әсер етеді”
  • Бала еңбегін қанауға болмайды!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге