Венера Серғазина: «Қара шаңырағымның атына кір келтіргім келмейді»

    Венера Серғазина облыстық телеарнаға 90-жылдардың соңында кездейсоқ келді. Орыс тілі пәнінің маманы эфирге 60-қа жуық қыз-келіншектің арасынан таңдалып, суырылып шығады. Қарапайым халық оның қазақ телевизиясының кеңес дәуірінде қалыптасқан дикторлық мектебінің соңғы өкілдерінің бірі екенін біле бермейді. Тағдырын Ақтөбе телеарнасымен ғана байланыстыруына не себеп болды?

    Ұ-Ұстаздан тележүргізушілікке
    Тележүргізуші болу ойымда болған жоқ. Бұл мен үшін бөтен әлем болатын. Алға ауданы Қарақобда ауылында туып-өскен қарапайым қызбын. Орыс тіліне жетік болып, мектеп бітірген соң Қ.Жұбанов университетіне «орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығына оқуға түстім. 1993 жылы жоғарғы оқу орнын аяқтап, еңбек жолымды мектепте мұғалім болудан бастадым. Жас маманмын, пәтер жалдап тұрамын. Сағат аз, айлық жетпейді, қосымша жұмыс керек болды. Газеттен «облыстық телестудияға дикторлар қажет» деген шағын хабарландыруды көріп қалдым. Телеарнаға келсем, 60 шақты үміткер отыр екен. Белгілі диктор Ғабит Жалғасов, телеарнаның сол кездегі бас режиссері Лира Шариповалар кастингтің басы қасында жүрді. Кастингтен өтіп кеттім. Сөйтіп, 1996 жылдың күзінде мектепті қимай-қимай, телеарнаға жұмысқа ауыстым.

    А-Алғашқы эфир
    Бірден эфирге топ ете қалған жоқпын. Бір айдай телестудияның тәжірибелі мамандарынан дәріс алдым. Олар менің отырысымды, дауыс ырғағымды реттеп, мұғалім Венераны диктор Венераға айналдыруға бар күшін салды. Алғашқы эфирлерімді әке-шешем көре алмады, өйткені ол кезде біздің ауылда Ақтөбе телеарнасын көрсетпейтін. Мені көру үшін біздің ауылдан 12 шақырым қашықтықтағы Богословкаға барады екен. Алғашқы жылдары жауапкершіліктен, қорқыныш пен сенімсіздіктен болатын ыңғайсыздықты жан-тәніммен сезіндім. «Мұнда неге келдім, мұным қателік болған жоқ па» деген ой да жиі келетін. Эфирде қол-аяғым дірілдеп, тура бір қорғасын құйып қойғандай қозғала алмайтынмын. Қатты қобалжығаннан дауысым да басқаша шығатын. Ол кезде суфлер де болған жоқ. Жарты сағат бойы мәтінді қағазға қарап оқитынбыз. Қазіргідей еркіндік жоқ. Камера алдында қаққан қазықтай боп отырамыз. Әрі қобалжып, әрі жарықтың ыстық лебінен қара терге түсетінбіз, ол кезде студияның жарығы қатты ыстық болатын. Қазіргідей заманауи жарық жабдықтары жоқ. «Рика» телеарнасындағы Гүлбаршын Аққатова апайымыз мұны жақсы біледі (күлді-ред.). Әлбетте, эфир алдындағы қобалжу әлі күнге дейін бар. Біз де тірі адамбыз ғой. Ара-тұра сөзден сүріну, жөтелу, түшкіру сияқты ыңғайсыздықтар болып тұрады. Экран сыртындағы көрерменнің оған күлетінін де жақсы білемін. Енді неше түрлі жағдай болуы мүмкін. Көрерменнен кешірім сұрап, әрі қарай жалғастыра береміз. Кейде көңіл-күйің құлазып, қабағың түсіңкі боп жұмысқа келесің. Эфирге шығар алдында проблемам мен уайымымды буып-түйіп, шкафқа салып кетемін. Камера қосылғанда ішімнен «біссімілләмді» айтып барып, хабарымды жүргіземін. Аз ғана уақыт тақырыптық бағдарламалар жүргізген кезім болды. Дегенмен, өзімді жаңалықтар қызметінің адамымын деп есептеймін.

    Т-Телевизия және дикторлық
    Қазір диктор деген мамандықтың мағынасы сәл өзгерді ғой. Қазіргі диктор – ол жан-жақты, әмбепап маман. Қазіргі диктор тілші ретінде түсірілімге шығады, сюжет дайындайды, эфирде тележүргізуші ретінде жаңалықтарды оқимыз. Бір жағынан бұл жақсы. Проб-леманы көзімен көріп, эфирде айтып беретін жүргізушінің сөзі бұрынғыдан бетер нанымды, ұғымды болмақ. Эфирдің алдында шеф-редактормен подводканың әр сөзіне мән беріп дайындаламын. Интонация, дикция – барлығы дұрыс болуы керек. Облыстық телестудия табалдырығын аттаған сәтте Айман Мұқаева, Иван Ушанов, Людмила Незванкина сынды аға-апалардың көзін көріп үлгердім. «Диктор» ұғымы ыстық. Телевизия саласындағы маман жан-жақты болуы керек. Ол – продюсер, ол – режиссер, ол – монтаж жасаушы. Біз қазір сюжеттерді өзіміз монтаждап, өңдейміз. Соңғы жылдары Ақтөбе телеарнасы жоғары технологиялы, заманауи медиажүйеге айналғалы бұл мүмкін болды. Биыл облыстық «Ақтөбе» телевизиясының ашылғанына 58 жыл толады. Ал қазақ телевизиясы асқаралы 60 жылдық мерейтойға аяқ басты.

    Қ-Қауіп-қатер
    Журналистика – ең қауіпті мамандықтардың бірі. Халыққа ақпарат тарататын тілшілер күн сайын басын қатерге тігіп, от пен судың ортасында жүреді. Сенсация қуатын әріптестерім де бар. Біз жаңалықты объектив таратуымыз керек. Тек жанжал іздеу – парасатпен үйлеспейтін дүние. Телеарнадағы қызметтің қызық та, қауіпті де сәттері көп болды. Боранды күндері шалғайда қалып қойған кездеріміз есіме түсіп отыр. 2000 жылы түсіру тобымен апатқа ұшырағанымыз бар. Ырғыз ауданында Ы.Алтынсарин атындағы мектептің ашылғанына 120 жыл толды. Соған барған болатынбыз. Қараша айы. Алғашқы қар. Түн ортасы. Қасымда оператор, Руслан Дарбаев деген әріптесім бар. Көліктің дөңгелегі тайып кетіп, бірнеше рет аударылып, операторымыздың мо-йын омыртқасына зақым келді. Қалғанымыз дін аманбыз. Қатты қорқып кеттім. Жаспын ғой. Бір ажалдан қалдық.
    Х-Халық пен сын
    Сынды әлі күнге дейін естимін, мамандық сондай, қазіргі көрермен – талғампаз. Ұнап көр. Біздің мамандықтың қиын тұсы – халықтың ойынан шығу. Сен бәріне ұнауың керек. «Ұнамаса, басқа арнаны көр» деп шорт кесіп, көрерменді жоғалтып алуға болмайды. Сол үшін көп ізденуге тура келеді. Сөйтіп жан-жақты, сауатты, сөйлеген сөзі мен ісі, жүрісі келіскен «идеалға айналып кетуге» шақ қаламыз (күлді-ред.) Облыстың басты арнасының айнасы болу – үлкен жауапкершілік. Экранға шыққаннан бері жұмыстан тыс ортада, қонақта, той-домалақта ұстамдылық танытып, жинақы жүруге дағдыланып кеттім. Халық қарайды, халық ерінбей редакцияға телефон шалып, сын-пікірін айтады. Өзімнің 58 жылдық тарихы бар қара шаңырағымның атына кір келтіргім келмейді.

    Ж-Журналистік білім
    Әлбетте, журналистика факультетін бітірген жақсы. Дегенмен таланты болмаса, қанша жерден теорияны жатқа білгенімен, ол адамнан ештеңе шықпайды. Журналистикаға тек табиғи таланты мен қабілеті бар адамдар ғана келеді. Сөзбен жазуға туабітті шебер таланттар болады. Өз тәжірибеме сүйеніп айтар болсам, я журналистика, я филология факультетінде оқығаны жөн дер едім. Ал «журналистердің міндетті түрде журналистік дипломы болуы керек» деген пікірмен келіспеймін. Бастысы, қабілеті мен икемі болса болды.

    А-Астанадағы алты ай
    Өзгеріс қалаған кезім болып, жарты жылдай Астанаға барып, «Хабар» телеарнасында жұмыс істедім. Қайтып келетінімді білдім. Сонда да республикалық арналардан үйренерім болған соң, басшылықтан рұқсат алып кеттім. Астананың ауа райы қолайсыз, пәтер жағы қиын болды. Бұл да бір тәжірибе болды. Жаңа достар таптым. Басшылық «жатақхана берейік, осында жұмыс істе» деп айтып жүрді. Дегенмен мамамды сағындым. 80-ге таяған кәрі шешем бар. Қасында болайын деп қайтып келдім.

    А-Атақ пен «жұлдыз ауруы»
    22 жылда бірінші рет Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған медальмен марапатталдым. Соған қуандым. Эфирге шыққан алғашқы жылдары танымалдыққа сәл масаттанған кезім болды. Қазір ондай кезеңнен өтіп кеттік.

    Т-Тағдыр мен алғыс
    «Өміріңді қайта баста» деп мүмкіндік берсе, осы ғұмырымның бірде-бір күнін өзгертпес едім. Жеке өмірім туралы ашып айтқым келмейді. Сұрамасаңыз да болады.

    Сұқбатыңызға рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбенің алғашқы дикторы
  • Тілшілердің тірлігі жайлы
  • Тарихтан бір дерек
  • Ербол Шыма: Шетелде оқығым келеді
  • Гүлбаршын Аққатова: Ұрпақтар сабақтастығы үзілмегені дұрыс!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге