“Саяхатымның нүктесін Марспен қойғым келеді”

    Данат Әлиев – дүние қууды ойламай, 10 жылдан бері ел-жерді аралап жүрген ақтөбелік жігіт, саяхатшы. Оның мақсаты әлемнің ең керемет 100 еліне бару болса, соның бүгінде 44-не табаны тиіпті. Еуропа, Азия, Оңтүстік және Солтүстік Америка, Африка, тіпті Антарктида да болған. Бүгінгімен өмір сүретін саяхатшының алдағы жоспары қандай? Еліміздегі туризм ісіне неге көңілі толмайды? Шетелде жүріп берген сұқбатын оқи отырыңыздар.

    Карлсонның “қанаты” мен журналдағы дерек
    Бала кезімде “Бөбек Карлсон” және “Дымбілместің Айдағы хикаялары” атты сүйіп оқыған екі кітабым болды. Екеуінде де аспанда зырылдап ұшып жүретін кейіпкерлердің өмірі суреттелген. Біз өмір сүріп жатқан әлемнен бөлек басқа әлем бар, онда бәрі бақытты өмір сүруде деп ойласам керек. Анама үнемі “сен зауытта жұмыс істейсің ғой, маған пропеллер алып келші, Карлсон сияқты аспанда ұшып жүргім келеді” деп айтатынмын. Әлі есімде. Осы Ақтөбеде туып-өскенмін. Қ.Жұбанов атындағы университетте оқыдым. Ал, мамандығымды ашып айта алмаймын. Құпия мәлімет болып қалсын. Ал, енді саяхаттауға қалай келдім? Бір күні анам “Лиза” журналын үйге алып келді. Ішінде “Әлемнің 100 керемет жері” деген қызықты материал болды. Қызылды-жасылды суреттерді қарап отырып, осы жерлерге барсам деп армандайтынмын. 2008 жылдары интернеттен саяхатқа арналған веб-сайт тауып алып, содан бастап әлемнің түкпір-түкпірін аралауды бастадым. Әлемнің ең керемет 100 елінде болуым керек деп алдыма мақсат қойғанмын, бүгінде 44 елге саяхаттап үлгердім. Ең бірінші Испания мемлекетіне әпкеммен сүйікті тобымның концертіне бардық.

    Саяхат па әлде үйді жөндеу жұмысы ма?
    Негізі менен ақшаны қайдан аласың, қалай табасың деп жиі сұрайды. Жауабы қарапайым: жол шығынын жабатын жұмысың болу керек. Жапондар айтпақшы, егер қолың бір нәрсеге жетпесе, демек ол нәрсені қатты қажет етпегенің. Мен бұл сөзбен толықтай келісемін. Сіздің алдыңызда үнемі екі таңдау тұрады: үйге қажетті тұрмыстық заттар сатып алу, не ел аралап, саяхаттау. Мен екінші жолды таңдадым. Білесіз бе, Ақтөбедегі үйіме 15 жылдан бері жөндеу жұмыстарын жасамадым және оған бола басымды қатырғым келмейді. Маған эмоцияға, шытырманға толы оқиғалар маңызды. Әркім өзі біледі ғой. Біреуге көлік ұнайды, біреуге ел-жер кезіп жүру ұнайды. Өткенде бір кісі айтады: “маған саяхаттаған ұнамайды, одан да кешкілік достарыммен сыра ішіп жүрген жақсы” деп. Бұл тұрғыда ешкімді күштеуге болмайды. Дәл қазіргі уақытта әлемді аралаймын деген адамға ешқандай кедергі жоқ.

    10 жылдық саяхат – 44 ел
    Саяхат бүкіл әлемге жол ашады. Саяхатшылардың көкжиек танымы кең. Олар өзге елдің жағдайын, тұрмысын, табиғатын, мәдениетін, ахуалын жақсы біледі. Яғни, әр елді аралаған сайын білім қоржыны толыса береді. Мысалы, Боливияда халық өте кедей тұрады, салыстырмалы түрде Сингапурде түрлі технологиялар қарыштап дамып кеткен. Американың Мичиган штатының ірі қаласы саналатын Детройтта қылмыс деңгейі жоғары. Жаңа Орлеанда да сол көрініс. Бір жағы туризм саласы дамыған ел деп сырттай ойлаймыз ғой. Шын мәнісінде қауіп-қатері көп. Әр елді сырттай салыстырып жүремін. Тұтастай алғанда Американың халыққа қызмет көрсетуі бәрінен дамып кеткен. Бір ретте дрон аппаратым істен шығып, маған оны бірнеше күннің ішінде тегін жөндеп берді. Біздің Қазақстанда жаңасын сатып алғаның оңайырақ болушы еді (күлді-ред.). Ал, Ресейде кей адамдар дөрекілеу, тіпті мұражай қызметкерлері, күзетшілері жай сөзбен түсіндірместен, итеріп-теуіп қатты таң қалдырды. Күзетшінің үстінен арыз жазуға тура келді. Бізде Қазақстанда қоғамдық орындарда қызмет көрсету деңгейі жаман емес, дәмханаға барсаң әдепті сөйлеседі. Ал, жалпы қызмет көрсету сапасы әлі де ақсап тұр.

    Қазақстан және оның дамымаған туризмі
    Еліміздегі туризм ісінің жетілмеген тұстары дейсіз бе? Негізі бізде туризм әлі де болса дамымаған. Жолдарымыздың сапасы өте нашар. Өзім жақсы көретін Шарын шатқалына бару үшін шаң-тозаң жұтып, шаршап-шалдығып әрең жетемін. Тіпті жол бойында қоғамдық әжетханалар салынбаған. Тұтастай алғанда тазалыққа жатпайтын жер. Бұл мәселелерді баяғыда-ақ шешіп тастауға болар еді. Мысалы, Ақтөбедегі Ақтолағай қырқасына көптен бері баруды армандап жүрмін. Бірақ оған жол талғамайтын көлікпен, бір-екі түн жолда аялдап бармасаң болмайды. Бізде туристерге арналған осындай жерлердің бәрі қолжетімсіз. Қазақстандағы туризм ісі көңілімнен шықпайды. Дамып жатыр деп те айта алмаймын. Үкімет тарапынан алға жылжу жоқ.
    Авиабилеттер мен медициналық сақтандыру
    Билеттерді аviasales және skyscanner сайттарынан қараймын. Әлеуметтік желіде осы екі сайттың парақшасына жазылуға кеңес беремін. Қандай авиакомпаниялар ұшатынын алдын-ала қарап алып, бірден билетті сатып аламын. Осылай еткен дұрыс. Егер қандай да бір қиындық туындаса, бұл ендігі авиакомпанияның жауапкершілігіне сын. Кейде агрегатор-сайттардағы билет құны авиакомпания сайтындағы билет құнынан арзанырақ болады. Медициналық сақтандырусыз шетелге шығуға болмайды. Шарттары көңіліңізден шығатын банктің бірінен өзіңізге виза-карточкасын ашып, медициналық сақтандыруды рәсімдеп алғаныңыз жөн. Бір ретте Таиландта тамақтан уланып, асқазанымды тексерткенім үшін 200 доллар төледім. Елге келген соң, сақтандырушы банк емге кеткен ақшамды толық өтеп берді.

    “Жаман жер жоқ, жаман адамдар бар”
    Үнемі айтып жүремін: маған барған елдердің бәрі ұнады. Кедей ел, бай ел деп бөлмеймін. Әр елдің өзіне тән бояуы, құпиясы, ешкімге ұқсамайтын ерекшелігі болады. Қауіпті елдердің ішінен Латын Америкасын атауға болады. Перу, Бразилиядағы аудандарда жалғыз жүруге болмайды. Ол жақтарда алтын-күміс әшекей тағып, көшеде жүруге тыйым салынған. Әсіресе, қыздарға ескертетін жайт. Кез-келген бұрышта пышақпен қорқытып, мойныңыздан шешіп әкетуі мүмкін. Қайда жүрсең де, сақ болуың керек.

    Марсқа ұшу және мүмкіндік
    Марсқа ұшуға мүмкіндік туса, қуана келісер едім. Бірақ арман мен мүмкіндік қатар келмей жатыр. Марсқа кез-келген адамды ала бермейді, физикалық жағынан мықты болуың керек. Саяхатымның нүктесін Марс-пен қоюды армандаймын. Бөгде планетаны зерттеп, мүмкін сол жақта қалып қоярмын (күлді-ред.). Қалжыңдаймын.

    Біржылдық жоспар мен бүгінгі өмір
    Айына бір рет Ақтөбеде боламын. 3-4 күн аялдаймын. Болашақты болжап, ештеңе айтқым келмейді. Тіпті терең ойланбаппын да. Бүгінгімен өмір сүрген дұрыс шығар?! Ал, жоспарды алдын-ала бір жылға құрып тастаймын. Жоспарда АҚШ, Жапония, және Түркияға автосаяхат жасау бар.

    Сұқбатыңызға рахмет! Қанатыңыз талмасын!

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Өмір бойы бір тесіктен сығалап келе жатырмын”
  • Саулентай Талғатқызы: “Бала – ата-ананың дәлме-дәл көшірмесі”
  • Сәния Қалдығұлова: “Отбасылық өмірді емес, карьераны таңдадым”
  • Владимир Авраменко: Өмірде екі зат қана маңызды – денсаулық пен ар-ұят
  • Дмитрий Петрухин: Мен Қазақстанның туын 150 елге алып бардым
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге