“Айлығымыз аз болса да, алатын сауабымыз мол”

    Мейірбике деген кім? Ол – аурухана не медициналық орталықтың 70-80 пайыз жұмысын атқаратын еңбекқор қызметкер. Ол – хатшы, ол – науқасты күтуші, ол – дәрігер мен фельдшердің оң қолы, ол - ... кете береді. Сондай бір әмбебап мейірбикелермен жолығуды көздеп едік. Дәл таптық. Элеонора Жазболғанова, Ақтөбе облыстық медициналық кеңес беру және диагностикалық орталығының аға мейірбикесі, “Үздік мейірбике” номинациясының бірнеше мәрте иегері. Элеонора Кеңесқызының жүзінен мейірім төгіліп тұр. Ғұмырының 30-дан астам жылын медицинаға арнапты. Науқастың мінезін есіктен кіргеннен сезіп, қалай сөйлесуді шебер меңгерген қызметкер.

    “Бір әулетке бір дәрігер керек”

    Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы, Ақкөл совхозында дүниеге келдім. Сол ауылда онжылдық мектепті бітіріп, медицина саласын таңдайтыныма нық сенімді болдым. Ауылда аппақ халатпен жүріп, үнемі көршілерінің алғысына бөленетін сыйлы жандарға деген қызығушылығым ерте оянды. Жұмыстарына, киімдеріне сүйсіндім. Инеден қорыққан жоқпын. Керісінше ине салуға құштар болдым әрі шешемнің “әулетімізге бір медицина қызметкерi керек” деген тілегі де бар болатын. Сөйтіп Ресейдің Свердловск қаласындағы медициналық училищесіне оқуға түстім. 1987 жылдан бері мейірбике боп қызмет етіп келемін. Ең алғашқы еңбек жолым Ақкөлдің Қандысор деген бөлімшесінен бас-талды. Бөлімшеде жалғыз өзім әрі меңгеруші, әрі мейірбике. Екі жыл жұмыс істеп Ақтөбеге келіп, балалар ауруханасының хирургиялық бөлімінде, кейін теміржол ауруханасының кардиологиялық бөлімінде қызмет істедім. Отбасын құрған соң, жоғары оқу орнын оқуға мүмкіндік болмады. 2010 жылы осы орталық ашылғанда 25 емделушіге арналған күндізгі бөліміне ең бірінші боп келген мейірбикелердің бірімін. Содан бері мейірбике, аға мейірбике боп жұмыс істеп келемін. Әр 5 жыл сайын біліктілігімізді арттырып тұрамыз. Негізі жұмысын кардиологиялық саладан бастаған мейірбикелерге басқа саланы игеру қиын емес. Кардиология – барлық жағынан ең күрделі сала. Тәжірибеден түйгенім – осы. Балалармен де жұмыс істеу қиын. Алайда ол жерден де ысылып шығасың.

    “ЖОО-ға түспедім деп өкінген кездерім болды”

    Мейірбикенің жұмысы оңай емес. Алайда бас кездерінде “неге ЖОО-ға түспедім” деп өкінген кездерім болды. Оның бәрін науқастардың жүрекжарды алғыстары мен ақ баталары жуып-шайып кететін. Әлі де солай. Тіпті қазір өкінішім басылып қалған сияқты (күлді-ред.). Ауруханада оларға бізден жақын кім бар?! Кейде тіпті ет жақындай боп кетеміз. Үйлеріне шығып бара жатқанда қолымызды алып, лебіздерін білдіргенде жұмыстың рахатын сезініп, шаршағанымызды ұмытамыз. Aлғашқы көмек көрсету кезінде қолыңнан ештеңе келмей, көмектесе алмайтын жағдайлар болғанда қиындығы сезіледі. Көз алдымда өмірден өтіп кеткен пациенттің бейнесі көпке дейін ойымнан шықпай жүреді. Көмектесе алмадық деп қиналамын.

    “Бұрын дәрігерлерге шағым аз түсетін”

    Науқас пен емделушінің, қарапайым халық пен дәрігерлердің арасындағы өзіңіз айтып отырған шиеленіс бар. Ол бұрыннан бар. Енді 30 жыл жұмыс істеген соң, еріксіз салыстырып қарайсың ғой. Айырмашылық – жер мен көктей. Бұрын дәрігерлерге арыз-шағым айту, шиеленіс өте сирек болатын. Жағдай онша жасалмаған кездің өзінде, шприцтерді қайнататын, дәрі-дәрмек қат болған заманда жұмыс істеу оңай-тын, реніш аз. Қазір науқастар мен емделушілерге барлық жағдай жасалған. Бірақ шағым айтушылар күннен-күнге көбейіп келеді. Бұның бірақ дәл себебін айтып бере алмаймын. Қазіргі адамдар ауруханаға келген кезде айқайға дайындалып келеді. Есіктен кіргенде сұрақ қойып үлгермейсің. Олар соның арасынша 3-4 сөз айтып тастайды. Көп кикілжің “амбулаториялық картам қайда?” дегеннен басталады ғой (күлді-ред.) Көп жағдайда өздері үйлеріне алып кетіп, ұмытып кетеді. 30 жылда психолог боп кеттім. Кімнің қандай екенін, қалай сөйлесу керек екенін кабинетке кіргеннен біліп отырамын. Ашуын басамын, жыласа жұбатамын, мазасы қашса, сабырға шақырамын. Емнің бойға даруы көңіл-күйге байланысты. Ашуланып келген науқас кетер кезде “жақсардым” деп сирек айтады. Ем бойына дарымауы мүмкін, дарыса да сезбеуі мүмкін. Емделемін деп келген науқастардың бір күннен соң жағдайлары жақсара бастайды.

    “Электронды жүйе қағазбастылықтан арылтады”

    Толтыратын қағаздар өте көп. Кейде тіпті дәрігерлердің науқаспен сөйлесуге шамасы келмей қалады. Сол кезде біздер сөйлесіп жатамыз. Көңіл-күйін, не болғанын, қайдан келгенін сұраймыз. Ал, қарапайым халық біздегі қағазбастылықты өкінішке қарай әлі түсінбейді. Күнделікті сұралатын қағаздар болады. Оларды дер кезінде толтырып, басшылыққа көрсетпесең, тағы болмайды. Қағаздан бас алмасаң науқастар ренжіп жатады. 1-мамырдан бастап электронды жүйеге көшуді бастадық. Екі аптаның ішінде нәтижесін көріп жатырмыз. Жазу азайды, қағаздар азайды. Енді науқастың жеке ақпаратынан бастап ауру тарихы, диагнозы, сараптама қорытындылары - барлығы арнайы бағдарламада сақталып тұратын болады. “Қағаз бен қаламның да керегі болмайды” дейді. Расымен, науқасқа тым көп сұрақ қоямыз. Көбінесе уақыт сонымен кетеді.
    “Күндіз – медорталық, кешке – үй аралау”

    Кешкі сағат 6-да жұмыстан келген соң, туған-туыстың, көрші-қолаңның қоңырау соғуы, үйге шақыртуы басталады (күлді-ред.). Кейде қалжыңдап “мен негізі күндізгі бөлімде ғана жұмыс істеймін” деп айтамын. Күніне міндетті түрде 2-3 адам хабарласады. Қолымнан келгенше уколын салып, системасын қойып, алғашқы көмегімді көрсетемін. Бармай қалуға, бас тартуға болмайды. Өзім үшін міндет сияқты боп кеткен.

    “Пациент алдында мейірбикенің міндеттері көп”

    Пациент алдында дәрігер мен мейірбикенің міндеттері өте көп. Есіктен кіргеннен бастап көңілін табу – біздің міндетіміз. Қанша жерден дауыс көтеріп, ренішін білдіріп жатса да, ауырып келген адамның жағдайын түсінуіміз керек. Өкінішке қарай, жас, жаңадан келген мейірбикелердің тарапынан олқылықтар болып жатады. Кикілжіңдерді көзім шалып қалса, киілігіп кету жоқ. Кабинетке шақырып алып, оңашада ескерту жасаймын. Кей науқастар “мынау не дәрі?”, “мынау қандай система?” деп тәптіштеп сұрайды. Дұрыс. Оны да біздің қызметкерлер ерінбей түсіндіруге міндетті. 4-5 сағаттық система қоятынын да ескертуге міндетті. Ал, пациенттер стационардың тәртібіне бағынып, ауру тарихын толтырғанда қандай дәрілерге аллергиясы барын айтуға міндетті. Аллергиялық шок кез-келген дәріден басталуы мүмкін. Көбісі мұны ескере бермейді.

    “Жұмыстың көбісін медбикелер атқарады”

    Дәрігердің тасасында қалатынымыз рас. Бірақ атқаратын жұмысымыз екі есе (күлді-ред.).Оны бәрі біледі. Бәрі келіседі деп ойлаймын. Емді тағайындаған дәрігердің де мойнында үлкен жауапкершілік бар. Дегенмен, сол емнің нәтижесі біздің жұмысымызға да байланысты. Науқасты күліп қарсы алу, жағдайын жасау, көңіл-күйін бағу, уақытылы емін жасау, қадағалау - біздің мойнымызда. Мәселе – айлықтың аздығы. Қанша сағат жұмыс істесең де, алатын айлығымыз тұрақты. Күніне 80-100 адамға система қоямыз. Үкімет
    отырыстарында медқыз-меткерлердің орташа айлығы осынша деп айтады. Оны біз көріп жүргеніміз жоқ. Жұмыс өтіліне, категорияға ақша қосыла ма дейсіз?! Қосылады. Жалақысы көп деп жеке емханаларда жұмыс істеуге болар еді. Бірақ оның да қиыншылықтары бар. Бір адамға бағынышты боласың. Өзімсініп жұмсағылары келеді. Біздің буын жалақыға мән бермегенмен, қазіргі жастар жұмысқа тұрарда бірден айлық мөлшерін сұрайды. Сосын мемлекеттік орталықтарға келгілері келмейді. Айлықты айтсаң, теріс айналып кетіп қалады.

    Ашық әңгімеңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әдемі Демеуова: “Көмегіме мұқтаж жандарды тастап кеткім келмейді”
  • Айгүл КЕНЖЕБАЕВА: Ата-анамыз қасымызда болғанға не жетсін?!
  • Қатерлі ісікке шалдыққан науқасқа шындықты айту керек
  • Серік АҚШОЛАҚОВ: Мен науқас пен дәрігердің бір одақ болғанын қалар едім
  • Самат Данияров: Адамдарды жақсы көремін
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге