«Нәтижесіз кеткен балалар жоқ»

    «Нәтижесіз кеткен балалар жоқ»

    Оның өмірі боевик кинолардың мотивіне ұқсас. Қоңырау соққандағы зілді дауысы көп жағдайды аңғартты. Артық мәймөңкелеу жоқ. Сұқбатқа келісіңкіремей келісті. Бір апта бойы жұмысына барып, жақыннан тануға тырыстым. Тағдырының «сыйы» әбден ысылтқан. Сүрініп қайта тұрғанын айтты. 15 жылдан бері массажбен айналысып келеді. Кейінгі бір жылда сал ауруына шалдыққан балалармен жұмыс істей бастапты. Ал, балаға келгенде мүлдем басқаша...

    «Байып кетуді ойлап, медицинаны тастап кеттім»

    Дәрігерлер отбасында дүниеге келген Рахымжан Үмбетәлиннің болашағының жарқын болмауына хақысы жоқ еді. Ата-анасы қалаға белгілі ақ халаттылар. Ол бала кезінен дәрігерлерден қорықпай, оларды қадір тұтып, еліктеп өседі. Әке-шешесі «шахтер бол, біз сияқты жалақыдан – жалақыға қарап өмір сүрме» деп қанша үгіттесе де, ол дәрігер болуды көңілі қалайды. Бірақ 90-жылдары М.Оспанов атындағы медициналық академияның емдік факультетіне оқуға түскен хромтаулық жігіт оқу орнын аяқтай алмай, аяқ асты жеке кәсіпке бет бұрады. Бірінші курста ұстазы Татьяна Острецовадан массаждың қыр-сырын үйренгенімен, оның кейін өмірінің бөлшегіне айналатынын білмеді. Сезімтал нүктелерді дәл тауып, қысылған жүйке талшықтарын босатып, массаж ісінің барлық түрлерін меңгеріп шыққан Рахымжанның кешегі балаң ойы – жеңіл ақша табу болатын. Бірақ кәсібі ұшпаққа шығармады. Жастықтың желеуімен қателікке ұрынғанын кештеу түсінді. Әрі ол уақытта массажистерге сұраныс қазіргідей болмады.

    «Басымнан не өтсе де, адамшылығымды сақтап қалдым»

    Көбіне шынайы сұқбат диктофонды сөндіргенде басталады. Әңгімесін бастан-аяқ тыңдап болып, жүргелі отырғанымда Рахымжан сатқындық туралы әңгіме бастады. Оқуды аяқтай алмағанынан бөлек, ұсақ кәсібін дамыта алмаған жігіт қаладағы белгілі компанияда жұмыс істейді. Алайда жемқорлық бабымен істі болған компания басшыларының кесірі оны да айналып өтпеді. Басы дауға ілінген жігіт бірнеше жыл құқық қорғау мекемелерінде табанын тоздырады.
    -Шыны керек, бәрі бітті деп ойладым. Қайда жүрсек те бірге боламыз деген достарым сырт айналды. Сатқындық аяқ астынан екен.
    Әлі күнге зардабын тартып келе жатқан жігіт «басымнан қандай қиындық өтсе де, адамшылығымды сақтап, өзгерген жоқпын» дейді. Ата-анасы тілекші боп қасынан табылғанымен, әйелімен некені ұстап тұра алмады. Балалары бар. Осы оқиғалардан кейін ол массажға, адамдарды емдеуге түбегейлі бет бұрады. Бір қызығы, ол бұл іске ден қойғысы келмегенімен, тағдыр айдап әкеле беріпті. 14-15 жыл бұрын инсульт алған ересектермен жұмыс істей бастағаннан бері өмірі жақсы жағына өзгеріп, жан тыныштығын тапқан. «Бұл менің ісім екенін кеш те болса түсіндім» дейді ол.

    «Массаж - дененің дәрумені»

    Алғашқыда оны массажист ретінде ешкім танымады, тіпті мойындамады десе де болады. Шағын кабинетіне тек жолдас-тары шай ішіп, әңгімелесіп кетуге келіп жүреді. Клиентсіз қайтқан күндері әр түрлі мекемелерге визитка таратып тыным таппайды. Бірақ ара – тұра массаж алуға келген адамдардың жағымды пікірлері кейін оның есігіне дамыл бермей кетеді. Өзі де жиі конкурстарға қатысып, Батыс Қазақстан бойынша үздік ондықтың қатарынан түспейді. Ал, қазір Батыс Қазақстан
    бойынша үздік үштіктің біреуі. Телефонына дамыл жоқ. Алайда күзге шейін бос орын жоқ. Маңайында шәкірттері көмектесіп жүр.
    -Дәрігерлер массажистерді менсінбейді. Ол баяғыдан бергі қалыптасқан көзқарас. Алайда мүгедек балалардың саны күннен-күнге өскен сайын сұраныс он есе артып кетті. Массаж мүгедектікті біржола емдейді деу қате түсінік. Массаж бала үшін дәрумен әрі денесінің деформацияланып кетпеуіне тосқауыл болады. Бір жылдың ішінде емге келген балалардың алды еңбектеп, аяғынан тұрды.. Қаншамасы талпынып жүр. Аналары мұны жаһанға жар салып, айтқысы келмейді. Қаншама жылдан кейінгі қуаныштарына көз тиеді деп ойлайды.

    «Нәтижесіз кеткен балалар жоқ»

    Таңертең сағат 7-ден кешкі 7-ге дейін аптасына 6 күн бойы Рахымжан Үмбетәлин сал ауруына шалдыққан балаларға массаж, емдік жаттығу жасап, инемен қысылған жүйке талшықтарын босатады. Күн сайын 20 баланы қабылдайды. Оның емдеу әдісі әріптестерінің әдісіне мүлдем ұқсамайды екен. Алдымен бір-екі күн баланың денесімен танысып-біліседі. Оған жеке папка арнап, проблемалы жерлерін қағазға түсіреді. Балалар жақпамайын былшытып жағып, механикалық массаж жасайтын мамандарға үйреніп қалған ата-аналар бұған аң-таң. 10-14 күн баланың денесін массажға дайындайды. Бір күні қыздыратын кремдер жағып, келесі күні жеңіл түрде ысқылап, тіпті дене дайын болмаса, үйіне қайтарып жіберуі мүмкін. Басында шамданған аналар болыпты. Алайда ол баланы массажға дайындап жүрген күндеріне ақша алмайтынын айтты. Әрі қала сыртындағы алыс аудандардан, ауылдардан қатынайтын ата-аналарға ем ақысын арзандатып, купон енгізген. Тек Ақтөбеден емес, оған Байқоңыр, Атырау, Ақтау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай қалаларынан келетіндер көп.
    -Мен тек сапаға жұмыс істеймін. Үлкен кісілерге бір жарым сағат, балаларға жарты сағат кетеді. ДЦП балаларға бір сағат массаж істесең дымдары қалмайды. Оларға 20-30 минут жетеді. Көп қинауға болмайды. Кері процесс кетуі мүмкін. Басқа массажистер қалай жұмыс істейді? Айына 10 күн массаж жасайды. Ақшасын алып кетеді. Келесі айда тағы солай жалғасуы мүмкін. Мен балада талпыныс пайда болса, массажды үзбей істей беремін. Әсіресе, алғашқы 1-2 айында күнде-күнде келуі керек. Арасына 2-3 күн ғана демалыс беремін. Нәтижесіз кеткен балалар жоқ. Нәтиже үшінші курстан кейін басталады. Ал, инені көп жарнамаламауға тырысамын. Қолымнан келеді. Қажет кезде саламын. Балалардың үстін таза зәйтүн майымен сылаймын. Буынға жағатын жақпамайлардың бағасы арзан емес. Бірақ жасаған массаждың нәтижесін көру үшін барлық детальдарға мән беремін. Денені қыздырмай, дайындамай бас салып массаж жасауға болмайды. Негізі бізді массаж баланың зейінін арттырады деп үйреткен жоқ. Дегенмен, кей аналар баласында интеллект пайда болғанын айтады. 14 жыл бойы ересек адамдармен жұмыс істеп үйреніп қалған соң, балалармен жұмыс істеуге қиналдым. Бір-екі баладан айқын нәтиже көрінген соң, ата-аналар менің массаж істеуге уақытым бар-жоғын сұрамастан, баласын әкеліп, отырып алды (күлді-ред.) Өзіңіз көргендей, 12 жасар қыз отырып, басын көтеріп жүр. Бұл балалардың емі – массаж бен емдік жаттығу ғана. Басқа ем түрінен нәтиже бар дегенге сенбеймін. Жағдайға шынайы баға беру керек. Айтпақшы, менің бірыңғай ақ киім киетініме қарап, кейбір адамдар емші-тәуіп деп ойлап жүр. Қарапайым медикпін, массаж жасаймын. Бейсаналы түрде адамның денесіндегі қысылған нервтерді сезіне аламын. Ішкі дауысым қателескен емес. Бірақ мұны әрі қарай ашып айтқым келмейді,- дейді ол.

    “Біз оған сенеміз”

    Айзат, 2 жастағы Ардақтың анасы:
    -Массажға әкеліп жүргеніме бір айға жақындады. Аздап интеллектісіне де оң әсер беріп жатыр. Бұрынғыдай емес, өзіне қарата айтылған сөздерді түсінеді. «Аяғың қайсысы» десең аяғын қимылдатады. Киімін шеше бастасам, екі қолын көтеріп дайындалады. Емін-еркін жорғалай бастады. Әткеншекте денесін ұстап отыра алатын болады. Гуілдеуді жиілетті. Оң жақ аяқ-қолы икемге келмей тұр. Бірақ уақыт өте ол да түзеледі деп сеніп жүрмін.
    Марина, 5 жасар Софьяның анасы:
    -Иә, Рахымжаннан қаңтар айынан бері массаж алып жүрміз. Қызым сал ауруының гиперкинетикалық формасына шалдыққан. Отырмайды, жүрмейді, сөйлемейді, мойнын ұстамайды, тамақ жұтуы әлсіз. Кішкентай кезінен үзбей ем алып жүрміз ғой. Бірақ айқын нәтижелер көрген жоқпыз. Үйге массажистер шақырттық. Жетеуін шақыртқан шығармыз. Олардан да нәтиже болмады. Кейінгі 4 айдың ішінде Софьяның омыртқасы қатайды. Бұлшық еттері қатайып, тамаққа тәбеті ашылды. Бұрын бірыңғай ботқаларды, сүтті тағамдарды ғана жейтін. Маған Рахымжан «2-3 айдан кейін қызыңыз тамақты жақсы жейтін болады» деген. Айтқанындай болды. Соңғы бір айда 5 килограмм салмақ жинады. Ол өзінің ісін беріліп тұрып істейді. Методикасы өзгеше. Енді медициналық тұрғыдан түсіндіріп бере алмаймын. Қызыма көмегі болатынына сенемін. Баламен жақсы тіл табысады. Сырттай суық көрінгенімен, балаларға келгенде жұмсақ.
    Балаға жұмсақ демекші, оның жылаған баланы бірден жұбатып, көңілсіз баланы әп-сәтте күлдіре алатын қасиетін байқадық. Балалар да әбден еркелеп алған. Біресе құлағындағы блютуз құрылғысын сұрайды, біресе құлағын бұрайды. Рахымжан бар айтқандарын істейді. Бірақ аяу жоқ. «Қолыңнан келеді», «әй, азамат!» деп арасында рухтандырып қояды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жанар Сембаева: “Ақтөбеде сал ауруына шалдыққан балаларға арналған үлкен жаттығу залы жоқ”
  • Иппотерапия – табиғи тренажер
  • Әдемі Демеуова: “Көмегіме мұқтаж жандарды тастап кеткім келмейді”
  • Медицина колледжінде мүгедектердің білім алуына мүмкіндік бар
  • Мүгедектердің массаж орталығы ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге