“Жемқорлықты оқушы кезден үйреніп жатыр”

    “Ғалым” десе көз алдыңызға кім елестейді? Иә, иә, көзәйнегін саусағымен көтеріп қойып, кітапқа үңіліп отырған кісі келе қалса, демек ғалым дегеннің ассоциациясымен сәл де болса таныссыз деген сөз. Ал біздің бүгінгі кейіпкеріміз қазіргі ғалымдардың тым жасарып кеткенін айтады. Бұл мүмкін жақсы да шығар. Бірақ, біраз жыл ғылымға еңбек сіңіріп, қызмет етіп ғалым атағын алу қашанда мәртебе дейді ол. Қазіргі ғылымның ахуалы, жастардың білімге деген ынтасы туралы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «физика» кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының мүше корреспонденті Жәрдемғали Шүкіровпен сұхбаттастық.

    Аға, сұхбатымызды “Кейіпкердің” тұрақты сұрағымен бастасақ деймін. Оқырмандармен өзіңізді таныс-тырып өтсеңіз.

    Байғанин ауданының тумасымын. Баршақұм деген жерде дүниеге келгенмін. Бұрынғы Алтай совхозының бір фермасы. Маусым айында 1949 жылы туыппын. Бастауыш мектепті сол жақтан оқып, кейін Пушкин атындағы 8 жылдық мектепті тәмамдадым. Кейін Ақтөбедегі қазіргі дарынды балаларға арналған мектеп, ол кезде Ақтөбе облыстық мектеп-интернаты деп аталады, осы оқу орнына келдім. Бала кезімде мектепті жақсы оқыдым деп айта аламын. Оқуымды Ақтөбе педагогикалық институтына түсіп жалғастырдым. Бір жыл ауылда жұмыс жасап, кейін конкурспен физика-математика факультетіне “аға оқытушы” болып жұмысқа орналастым. Арасында әскерге де барып келдім. Ол енді ер азамат ретінде отан алдындағы бұлжымас міндетім деп санаймын. 1977 жылы Киев мемлекеттік университетінде радиофизика факультетінде ғылыми ізденуші болдым. Келесі жылы аспирантураға түстім. Лазердің жаңа бағыты туралы көп еңбектер жаздым.

    Осы арада бір сұрақ еріксіз туындап тұрған сияқты. Бұрынғы кеңестік білімді алған адам ретінде айтыңызшы: қазір жастардың ғылымға деген ынтасы қандай? Жалпы жастар білім алуға тырыса ма қазір?

    Біздің заманымызда, яғни алпысыншы жылдары “физиктер және лириктер” деген ұғым болды. Яғни кеңестік кезеңде интеллигенцияның осындай субмәдениеті қалыптасты. Және сол кезде қоғамда ең үлкен жетістікке жетіп жатқандар да осы екі ұғымның айналасындағы адамдар еді. Яғни қазіргі сөзбен айтқанда, ол кезде ғылым мен өнер сәнде еді. Әсіресе, физиктер сол кезде ерекше үлкен жетістіктерге жетіп, тың жаңалықтар ашып жатты. Мысалы, ғарышты игеру, атомды мұз жарғыш кемелерді іске қосу тағы сол сияқты түрлі жаңалықтар ашылды. Сондықтан, жастар сол физика ғылымына қатты қызықты. Осы салаға көбірек ынталы болды. Қазір ғылымның бұрынғыдай мәртебесі жоқ, дәрежесі де төмен. Ғылымға, ғалымға деген құрмет те бұрынғыдай емес. Мысалы, басқаны айтпағанда, мына мен ғылыми диссертациямды қорғап келгеннен кейін физика факультетінде декан болдым. Сол кезде менің айлығым 385 сомға жететін. Сонда ол кездегі облыстық партия комитетінің жалақысы 400 сом дейтін еді. Міне, көрдіңіз бе? Ол кезде ғалымдардың, ғылымның қалай бағаланғанын? Ол кезде ғалымдардың еңбегі өз дәрежесінде шын бағаланатын. Сосын ғылыми зерттеулерге арнайы ақша бөлінетін. Мысалы, Киевте жүргенімізде әскери мақсаттағы ғылыми зерттеулерге қатыстық. Ғылыми конференциялар да жиі өтетін. Және бұл конференциялардың ғалымдарға шынымен де берері көп болатын. Бұл конференциялардың ерекшелігі сол – әлемдік ұлы ғалымдар, Нобель сыйлығының иегерлері де қатысатын. Көрдіңіз бе, ғылымның қандай дәрежеде болғанын? Осындай жұмыстың бәрі ғылымның қарыштап дамуына сүбелі үлес қосты. Және ол кезде қазақ жастары Мәскеу, Киев т.б ірі қалаларда өтетін ғылыми конференцияларға қатысып, білімдерін шыңдауға мүмкіндіктері болды. Білімдерін шыңдап, елге оралып, әрі қарай ғылымға ерекше еңбек сіңіретіндей жағдай жасалды. Қазір Қазақстанда үлкен ғылыми орталықтар жоқтың қасы. Тек Алматы мен Астанада ғана болмаса, ғылым дәрежесі бұрынғыдай емес. Ғалымдарға жағдай жасалмайды. Ғылымға қызықпайтын жастар жоқ дей алмаймын, тек оларға жағдай жасалу керек.

    Елу жылға жуық шәкірт оқытумен келеді екенсіз. Қазіргі білім беру саласындағы өзгерістер көңіліңізден шыға ма?

    Қазақстанның білім беру саласында шынымен күрделі өзгерістер болды. Білім беру жүйесін өзгерту, меніңше үлкен қателік болды. Жалпы Европада бір елден екінші елге студент көшіп кетсе, барған жерінде оқуын ары қарай жалғастыра беретін мүмкіндігі бар. Ал біздің қазақ жастарының барлығы дерлік шетелге барып оқуға мүмкіндігі жоқ. Бірен-сараны ғана барып, өз күштерімен білім алып жатыр. Магистратура мен бакалавриат енгізу, төрт жылдық қылу жалпы өз нәтижесін берген жоқ. Мысалы, бакалавр бітіргендер мектептің мұғалімі бола алмайды. Ол үшін магистратура бітіруі керек. Сосын ғылыми атақтың бәрін жойды қазір. Ғылым кандидаттары, ғылым докторы деген диссертациялар қазір қорғалмайды. Ол кезде ғылым кандидаты болу үшін 4-5 жыл шетелде, өз еліңде жүріп, көптеген ізденісте жүріп, еңбек ету керек еді. Ал докторлық атақ алу үшін де солай еді, пәленбай жыл көз майыңды тауысып еңбек етуің қажет еді. Сол кезде ғылым кандидаттарының орташа жасы шамамен 36 жас еді, ғылым докторлары 54 жастан басталатын. Ал қазір жастар магистратураны бір жарым жыл оқып алады да, ғалым бола қалады. Бұрынғының ғалымдары бір жаңалық ашатын. Қоғамға пайда әкелетін. Қазір олай емес. Жастардың арасында білімге құштарлары көп. Бірақ, қазір мимен жұмыс жасау азайды. Компьютерге бағынышты болып қалдық.

    Қазір білім деңгейін тексеру үшін тест тапсыратын болдық. Осы жүйе көңіліңізден шыға ма?

    Тест деген нәрсеге жалпы көңілім толмайды. Өйткені қазір балалар тым сауатсыз болып барады. Алдыма келген студенттер өз фамильяларын дұрыс жаза алмайды. Логикалық ойлау, өз ойын жеткізу дегенді тіпті айтпай-ақ қояйын. ҰБТ деген шыққалы бері 10-11 сынып оқушыларын тек осы тестке дайындаумен ғана өткізеді. Басқа пәндерге мүлдем мән бермейді. Бұл дұрыс па? Мысалы, баланың өзі таңдаған пәнін ғана оқып, басқа сабақтарды ысырып қою дұрыс па? Тест деген нәрсе баланың ойлау жүйесін, санасын шектеп тастайды. Тіпті басқаны айтпағанда, балаларға жемқор болуды оқушы кезінен үйретіп жатқан сияқтымыз. Тест тапсыру үшін біреуді алдау, мұғалімнен жасырып телефон алып кіру, ұсталып қалу деген нәрселерді оқушы кезінен-ақ үйретіп жатқан секілдіміз. Бір емес бірнеше телефон алып кіреді, оны әр жеріне тығып әлек болады. Осындай алдау әдіспен нағыз білімді балалар сырт қалып жатады.

    ҰБТ өтетін кезде түрлі жағдайлар болатынын естіп жатамыз. Сіздің ойыңызша, тест қалай өту керек?

    Тестті аудандарда өткізудің қажеті жоқ. Тестті тек жоғары оқу орындарында өткізсе және оларды Ұлттық қауіпсіздік комитеті бақыласа, мұндай әділетсіздіктер болмас еді. Мысалы, Түркияда тест осылай өтеді.

    Ашық әңгімеңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жас ғалымдар бас қосады
  • Жеткербай Қайдасов: “Жылда оқулық өзгерту дұрыс емес”
  • Кенжеғали Кенжебаев: “Біз жалтақ боп барамыз”
  • Баян БОРАШ: Шәкірт шыңға көтерілсе, ұстаз үшін сол бақыт
  • Ақтөбелік ғалымдарға лаборатория жетіспейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге