“Қызметкерлерді көшеден жинамаймын”

    “Қызметкерлерді көшеден жинамаймын”

    2008 жылы ашылған Алға ауданындағы мүгедек балаларды оңалту орталығы жыл сайын 120 ақтөбелік мүгедек балаларды емдеуге алады. 10 жылдың ішінде орталықтан ем алған олардың жағдайы оңалып келе ме? Орталық не нәрсеге мұқтаж? “Керекinfo” газетінің тілшісі Алға ауданында орналасқан мүгедек балаларды оңалту орталығының директоры Римма Ахметовамен сөйлесіп қайтты.

    “Мақсатымыз – ананың өмірін жеңілдету”

    Біздің орталық 2008 жылы жұмысын бастағанмен, 2009 жылдың қыркүйек айынан ресми түрде алғашқы балаларды қабылдады. Ал, өзім бұл орталыққа 2016 жылы директор болып тағайындалдым. Негізгі мамандығым – дефектолог. Ұзақ жылдар бойы осы саланың маңайында қызмет етіп келемін. Енді орталықтың ерекшілігі неде? Мұнда мүгедектігі бар 1-15 жас аралығындағы 40 бала ата-анасыз 90 күн ем алады. 3 ай үздіксіз ем алу - мүгедек балалар үшін ең тиімді әдіс. Олар бұл уақыттың ішіне орталық пен қызметкерлеріне үйренісіп, емді жақсы қабылдайтын болады. Жылына 120 балаға қызмет етеміз. Диагноздары ұқсас балаларды төрт топқа 10 баладан бөлеміз. Ішінде орыс тобы да бар. Ондағы балалардың диагнозы әр түрлі болғанымен, ем-дом, оқыту орыс тілінде жүргізіледі. Әр топтың тәрбиешісі, қос-қостан көмекшілері бар. Аманат етіп тапсырғалы отырған балаларды басынан бақайшағына дейін тексеріп қабылдаймыз. Қашан ұйықтайды, қандай тамақ ішеді, қандай дәрілер қабылдайды, сүйікті ойыншығы бар ма, не жақсы көреді, қандай әдеттері бар – барлығын дәрігерлер жазып алады. Алғашқы екі аптада ешқандай ем-дом жүргізілмейді. Бұл уақыттың ішінде дәрігерлер консилиум өткізіп, әр балаға жеке-жеке ем тағайындайды, орталыққа бейімделуін бақылайды. Сондықтан алғашқы екі аптада ата-анаға баланы көрсетпейміз. Жатырқап жылап, мазасы қашып, ұйықтай алмаған жағдайда ғана ата-анасына хабар береміз. Олар өздері ақылдасып не алып кетеді, не тағы да бірер күн бақылауды жөн көреді. Орталықта мүгедек балаға неврологиялық дәрілер берілмейді, ине-система салынбайды. Орталықта физио-емдеу, емдік жаттығу, массаж, логопед, дефектолог, психологтың қызметтері бар. Монтессори кабинеті, акт залы жасақталған. Балалар күніне 5 рет тамақтанады, аптасына 1 рет шомылады. Тек денесі құрысатын балалар өздерінің күнделікті дәрілерін алып келеді. Негізгі мақсатымыз – балалардың өз-өзіне қызмет істей алуына жеткізу, аналардың мойнындағы жүкті жеңілдету. Өне бойы жатқан бала коляскаға отыра алса, өз бетінше дәретке барса, өзі беті-қолын жуа алса жақсы емес пе?! Тамақты шайнай алмайтын балаға ата-ана манка ботқасын ғана берсе, ол бала өсе келе дәм сезуден, дәм айырудан қалады. Біз ондай балаларға блендермен түрлі тамақтарды езіп, аз-аздан жегіземіз. Алғашында ауызынан шығарып тастап, жегісі келмейді. Бірақ үйренеді. Содан кейін жақсы көріп, жей бастайды. Балалар ешқашан қараусыз қалмайды. Әр кабинетте бақылау камералары орнатылған.

    “Ата-аналар үнемі бізді кінәлап шығады”

    Көбіне ата-аналар баласында талу, құрысу барын жасырып айтпайды. Сондықтан барлық мән-жайды ашық айтуларын сұраймыз. Эпилепсиясы бар балалардың ішінде ремиссиясы барларын ғана аламыз. Мысалы, құрысу жарты жылда, бір жылда бір-екі рет қайталанса ала береміз. Иммунитеті төмен, далаға шықпаған балалар келеді. Әрине, ауырады. Тұмау, жөтел болса, біз оларды өз күшімізбен емдеп алуға тырысамыз. Ата-аналар баланы үйлеріне алдырып, он шақты күн емдеп, қайтадан әкеліп тастауына болады. Ал, құрысқағы ұстаса, баланы үйіне қайтарамыз. Кей аналар “балам үйде ауырмап еді, осында келіп ауырды” деп бізді кінәлап жатады. Адамдар әр түрлі. Қанша жерден кабинеттер мен бөлмелерді тазалап, апта сайын төсек жаймаларын жуып, балаларға профилактикалық ем жасасақ та олар ауырады. Бәрібір бір-біріне жұғады. Сондықтан ашулы ата-ананың тарапынан болған жақсылы-жаманды пікірлеріне құлақ асуға дайынбыз. Сынды орынды қабылдаймыз. Бүгін баласын орталыққа жатқызып, ертең “балам жүріп кетті ме?” деп сұрайтын аналар болады (күлді-ред.). Гипербелсенді бала болды. Тәрбиешіге бағынбай, қасындағы балаларға горшок, ойыншық лақтыратын. Сол баламен мамандар күнде айналысты. Қайтар уақытта бала айтқанды түсініп, бұрынғыдай мінез көрсетпейтін болды. Анасы “сіз менің балама тыныштандыратын укол бергенсіз” дейді. Мен ол әйелге ештеңе айтқан жоқпын. Бала бәрібір үйіне барған соң, орталықта не істегенін айтып беретініне сендім. Былтыр тағы бір ана қызы тұмауратып ауырып қалғанында бізді сотқа беремін деп, баласын үйіне алып кеткен. Түскеніне көп бола қойған жоқ-тын. Он күн өтер-өтпестен қызын қайта әкеліп, кешірім сұрады. Баладан нәтиже көрген. Неше түрлі ата-аналар болады. Көп ата-аналар жұмыста болады, баласымен айналысуға ерінеді. Жап-жақсы нәтижемен кеткен кейбір балалар бәз- баяғы қалпына түсіп келгенде, шыны керек жүрегіміз ауырады. Қайтадан басынан бастаймыз. Біздің орталықта ғажайып ине, ғажайып дәрі жоқ әрі біз сиқыршы емеспіз. Баланың нәтижесі күнделікті дайындалумен, қатаң режиммен келеді. Басқаша мүмкін емес.

    “Орталықта жүріп кеткен балалар бар”

    10 жылдың ішінде орталықтың жеткен жетістіктері көп. Бұнда әр маусым сайын бір-екі бала жүріп кетіп жатады. Жүрмесе де еңбектеп не отыратын жағдайға жетеді. 90 күндік емді қорытындылаған кезде ата-аналарды шақырып, ауқымды жиналыс жасаймыз. Мамандар әр баланың динамикасынан хабар беріп, видео-фотоларын көрсетеді. Тұсаукесер рәсімін өткіземіз. Балалар өздері концерт қояды, би билейді. Тек ем уақыты аяқталғанда ғана емес, біз әр мерекені ерекше атап өтуге тырысамыз. Туған күндері болса, торт пісіріп тойлаймыз. Барлығы үйдегідей. Тіпті орталықтан еш нәтижесіз қайтқан балалар үйіне барған соң, неше түрлі “өнер” шығара бастайды. Аналары қуанып телефон соғады. Сондықтан, орталыққа келген балалардың барлығында нәтиже бар деп сеніммен айта аламын. Мектеп жасындағы балалардың оқуы тоқтатылмайды. Олар күнде орталық жанындағы №4 орта мектепке барып, білім алады. Үйден оқытылатын балаларға сол мектептен мұғалімдер келіп оқытады.

    “Мамандардың біліктілігі – бастыталап”

    Біздің орталықтың педагогтары мен дәрігерлері уақытылы мемлекеттік аттестация тапсырады, уақытылы біліктіліктерін жоғарылату курстарын өтеді. Бізде бала мен маман, маман мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасқа, этикаға ерекше көңіл бөлінеді. Себебі бұндай мекемеде өзгеше қарым-қатынас болмауы тиіс. Оған орын жоқ. Мен үнемі жиналыста қызметкерлеріме “қатты шаршап жүрген аналарды бізден артық ешкім түсінбейді” деп айтамын. Баламыз 1-2 күн тұмаумен ауырса, жанымызды қоярға жер таппаймыз. Ал, олар өмір бойы баласының дертімен күреседі. Ойлап қараңызшы. Олар қандай болу керек?! Сондықтан ештеңеге қарамастан біз олардың сөзін тыңдап, түсіндіріп, бағыттап жіберуге тиіспіз. Телефонмен хабарласып, баласының жағдайын сұраған аналарға баласы туралы барлық мәліметті жеткізуіміз керек. Негізі мұнда балаларды ерекше жақсы көретін адамдар ғана жұмысқа келеді.

    “Гросс тренажерін сатып алғымыз келеді”

    Мемлекеттік мекеме әрі ата-аналары бар балалар болғандықтан, демеушілер жекелей көмек қолын соза қоймайды. Дегенмен, қажетті бұйымдармен қамтамасыз етіп, мереке кезінде ет, азық-түлік, балаларға ойыншықтар жеткізетін кәсіпкерлер бар. Соның ішінде «Энергия» ЖШС көп көмектесті, балалардың музыка кабинетін қажетті техникалармен қамтамасыз етіп берді. Шаш қиюға арналған машинкалар сыйлаған ата-аналар болды. Облыстық қаржы басқармасының қызметкерлері былтыр жаңа жылда орталыққа ойыншықтар сыйлап, концерттік бағдарламамызды тамашалап қайтты. “Халық банкі” қомақты қаржы бөліп, біз оған емдік жаттығуға арналған құрал-жабдықтар сатып алдық. Енді алдағы уақытта мемлекеттен бөлінген қаржыға ходунок, вертикализатор мен көп функционалды креслоларды жаңалағымыз келеді. Жекеменшік мекеме болмағандықтан, өз бетімізше сырттан мамандар шақырып немесе басқа да ем түрлерін енгізе алмаймыз. Дегенмен, алдағы уақытта қызмет түрлерін кеңейткіміз келеді. Алып бара жатқан проблемаларымыз жоқ. Дегенмен, қазіргі уақытта Гросс тренажерін сатып алуға демеушілер іздеудеміз. Ресеймен арада келісімшарт дайын, ақшасын төлесек, ертең-ақ келіп, құрып беруге дайын. Бірақ қаржы қол байлап отыр. Көктемде “Қазхром” ҰК-на хабарласып өтініп көргенмін. Хабар болмады. Негізі тренажердің бағасы қымбат емес. Балаларға ең қажетті дүниенің бірі.

    “Басқа орталықтармен бәсекелестігіміз жоқ”

    Қаладан сырт орналасқан орталық болған соң ба, ешкіммен бәсекелестігіміз жоқ, ешкіммен қақ-соғымыз жоқ. Біз тек орталыққа келген балаларды 90 күн бойы емдеп, кішкентай да болса нәтиже шығаруға барымызды саламыз. Бізге қаладан түрлі оңалту орталықтарының мамандары келіп, тәжірибе алмасады. Өз басым бәсекелес болудан гөрі әріптестік қарым-қатынасты құп көремін. Біреуді жамандап, сыртынан сөз тасуға, шынымды айтсам, уақытым да, құлқым да жоқ. Менің бар көңілім – балаларымда және қызметкерлерімнің ауызбіршілігі. Өзім ашық, көпшіл адаммын және барлығына есігім ашық!

    Сұқбат бергеніңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде балалар арасында көз аурулары көбейген
  • Тәртіп сақшылары қайырымдылық жасады
  • Аутизм туралы неге айтылмайды?
  • Мүгедек балалар Алғаның оңалту орталығынан жара жұқтырды
  • Айгүл КЕНЖЕБАЕВА: Ата-анамыз қасымызда болғанға не жетсін?!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге