“Қазақстанда шоу – бизнес жоқ”

    “Қазақстанда шоу – бизнес жоқ”

    Рамис Халилуллинді көңіл-күйдің “генераторы” десе болады. Ол – асаба, жүргізуші, ұйымдастырушы, кәсіпкер, биші, дизайнер, волонтер. Ал негізгі мамандығы – аспаз-кондитер. Кішкентай кезінде каратэге де қатысыпты. Оның нақты мақсаты, арманы болған жоқ және әлі де ізденіс үстінде. Бірақ көп нәрседе бірінші. Рамистің шымылдық сыртындағы өмірі қандай? Барлығына үлгерудің сыры неде?

    “6 жасымнан ансамбльде өнер көрсеттім”
    Ақтөбеде туып-өстім. Отбасында жалғыз баламын. Көбіне әжемнің бауырында тәрбиелендім. Анам мені кішкентай кезінде би үйірмесіне бергісі келіпті, бірақ мен сурет салуды жақсы көрдім. Айтсам сенбейсіз, өте тыныш, өзімен-өзі жүретін балақай болдым (күлді-ред.). Балалық шағым Темір ауданында өткендіктен, өзімді “темірлікпін, ауылдың баласымын” деп айтып жүремін. Бұл - менің анамның, әжемнің туған жері. Жазғы каникулда үнемі сол жақта жүретінмін. Сонымен, сурет салғанды қатты ұнаттым. 6 жасымда көркем-сурет үйірмесіне барып қатысып, кейін мектебінде оқыдым. Оған қоса әкем татар ұлттық ансамблі режиссерінің көмекшісі болатын. Әкеммен бірге репетицияларға әуелі көрермен ретінде барып, 12 жасымнан бастап ансамбльде өнер көрсете бастадым. Би биледім. Есімде, 1 сынып оқитын кезімде анам менің репетициядан кеш келгенімді көріп, үй жұмысын өзі орындап қоятын. Балалық шағымды әлі күнге сүйсіне еске аламын. Жып-жылы естеліктер санамда сайрап тұр. Ол кезде Оқушылар сарайына троллейбуспен,маршрутпен жалғыз өзім бара беретінмін. Билет құны 1 рубль болатын. 10 жасымда каратэ секциясына қатыстым. Жасыл белбеуге дейін жетіп, кейін тастап кеттім. Бір сөзбен айтқанда, балалық шағым өнер мен спорттың қайнаған қазанында өтті.

    “Бір күнде жүргізуші болған жоқпын”
    Жастайымнан өнерге жақын болсам да, ешқандай театр, өнер училище-институтттарында оқыған емеспін. Көңілді тапқырлар клубына да қатысқан жоқпын. Негізі көбісі солай ойлайды. Мектепте қабырға газеттеріне сурет салып, сахна сыртында дыбыс операторы ретінде музыка қосатын болдым. Дегенмен, би сайыстарының алдын бермедім. Мектеп аралық конкурстарға би қимылдарын өзім ойлап тауып, қатысып жүрдім. Жүргізушілікке бір күнде келген жоқпын. 2010 жылы қаладағы демалыс базасының бірінде арт-директор боп жүрген жерімнен жұмыстан шықтым. Үйленген кезім. Отбасын асырау керек болды. Кеткім келмесе де, ол жердің жалақысы төмен болатын. Басында тойларда дыбыс операторы, диджей боп жүрдім. Бір кездері Алматы циркінде де жұмыс істедім. Онда да алдымен дыбыс операторы, кейін нөмірлерді хабарлайтын конферансье болдым. Циркпен гастрольдік сапарларға шығып жүрдік. Ақтөбенің бүкіл аудан-ауылдарында болған шығармын. Сағат таңғы 4-те оянғаннан бір күнде 2-3 ауылды аралап үлгеретінбіз. Сөйтіп жүргенде мені қаладағы сауда-ойын-сауық үйлерінің бірінде өткен коммерциялық концертке шақырды. Марқұм ағамыз Есен Дәуітовтің көмегі тиді сонда. Сол кезден бастап шараларға жаттанды сценариймен шыққанды құп көрмедім. Әр тойға, концертке, іс-шараларға ақ парақ арнап, бастан-аяқ сценарийді жаңадан жазып шығатынмын. 2013 жылдан бастап қалада алғашқы банкетке арналған мейрамханалар ашылғанда, көбісі үлкен аудиторияны иіріп әкетуді білмеді. 200-300 адамның алдында командаммен бірге жаңа дүниелер ойлап тауып, қызмет көрсеттік. Барлығы кеше ғана болғандай. Егер тойдан бастап концертке дейінгі барлық шараларды санайтын болсақ, 2009 жылдан бері әр түрлі деңгейдегі 1500-нан астам шараны жүргіздім. Халықтың алдында шығарда үнемі “бүгін жаман өнер көрсетемін” деген ойда боламын. Неге екенін білмеймін, сол кезде ғана барлығы ойдағыдай өтеді. Ал, егер өзіме тым сенімді шықсам, міндетті түрде жайсыз оқиға болады. Ал, негізі мамандығым – аспаз-кондитер. Оренбургте училищеде оқып, кейін суши-барларда шев-аспаздың көмекшісі боп жұмыс істедім. Бала кезімнен түпкілікті арманым болмапты. Сондықтан өзімді әр түрлі салаларда сынап, іздеп келемін. Әлі де ізденіс үстіндемін. Өз ісінің мамандарымен жұмыс істегенде бірге тау қопаруға болады. Өкінішке қарай, талантты адамдар Ақтөбеден жиі кетіп жатады.
    “Отбасы алдындағы жауапкершілік - бірінші орында”
    35 жасыма қарай әрине, отбасымның алдындағы жауапкершілікті, отбасы құнды-лығын бірінші орынға қоямын. Содан кейін жұмыс, басқасын айтуға болады. Рамис – ең алдымен, жар, әке. Жұмыс – екінші орында. Мен ашқан ивент-агенттігінде өз ісін жақсы көретін әмбебап қыз-жігіттер жиналған. Өзім әмбебап болғандықтан, оны басқаларынан талап етемін. Әзірге тұрақты кеңсем жоқ. Бірнеше кеңсе ауыс-тырдым. Болашақта үлкен студия ашу ойымда бар.

    “Ұйықтамасаң бәріне үлгеруге болады”
    Бәріне үлгеруге болады, бастысы ұйықтамауың керек. Ұйқыны жақсы көремін деп айта алмаймын. Негізі бүкіл шаруаны соңына дейін ұстап, бір күн қалғанда бәрін атқарып тастайтыным бар. Білмеймін, әлі күнге осы әдетімді қоя алмай жүрмін. Бірақ істеген ісімнің сапасы қашанда ойдағыдай шығады. Оның үстіне қызым балабақшаға барады. Түске дейін ұйықтауға тіптен мүмкіндік жоқ. Бір аптада 168 сағат бар. Әр сағатқа шаруаларыңызды рет-ретімен бөліп тастасаңыз, тіпті өзіңізге артық уақыт қалады. Шетелдік менеджерлердің тәжірибесі ұнайды. Олар бір күнмен өмір сүрмейді. Олар тіпті аптаға, айға деп те емес, іс-шараларды жазға, күзге жоспарлап қояды. Бұл тәсіл маған да көмектеседі. Тайм-менеджмент – бүгінгі күні өте керек дүние.

    “Бізде шоу бизнес-жоқ”
    Бұл – менің жеке пікірім. Қазақстанда шоу-бизнес жоқ. Шоу-бизнес деген не? Ол – продюссерлердің көптігі, авторлық құқықтарды сақтау, сапалы тауар, әртіске деген құрмет, әртістің 100% шығармашылыққа берілуі. Бізде бұл жағы ақсап тұр. Өнер иелерінің көбісі тойда, көбісі телевизияда жүр. Мәдениетіміз алға жылжығанымен, шоу-бизнес, тағы да айтайын, жоқтың қасы. Бізде той-бизнес қана бар. Сұқбаттың басында айтып кеткенімдей, қайталауды ұнатпаймын. Әр мерекелік шарадан жаңа бір нәрсе ойлап тауып жүремін. Бізде халық та, асаба-жүрігізуші де тұрақтылыққа, әдемі тұрақтылыққа үйреніп қалған. Қызыл лента қию, басшылардың әдеттегі құттықтау сөзі, соңынан концерт өткізу маған жат. Сол үшін әріптестеріммен ара-тұра дауласып қаламын. Бірақ ешқашан бақ таластырған емеспін. Барлығын танимын, барлығымен ортақ тіл табысамын. Әрине, қатты сөзге келетін кездеріміз болады. Қала кішкентай болған соң, клиент үшін туындайтын түсініспеушіліктер бар. Кімнен қателік кетсе де, өзім бірінші боп татуласқанды жөн көремін және ренжіскендерін достастыруға тырысамын.

    “Пайызға жұмыс істеу – жабайылық”
    Үйде көп сөйлемеймін. Шымылдық сыртында әңгімеге ашықпын. Көбіне бір-бірін танымайтын әртістер, жүргізушілер амандаспай, кекірейіп тұрады. Маған ондайлар ұнамайды. Мен олардың бәрін сөзге тартамын. Өзім барып амандасамын. Бір сахнада өнер көрсетіп жатқан соң, соңына дейін бірге болу керек деп ойлаймын. Көңіл-күйім болмай, өзімді жайсыз сезініп тұрсам да, сахнада жағымсыз жайттарды көрсетпеймін. Қызуым көтеріліп, басым ауырып сахнаға шыққан кезім болған жоқ. Аллаға шүкір. Бірақ барлық шараларда форс-мажорлық жағдайлар болады. Күніне 2-7 өтініш келіп түседі. Күніне ең аз дегенде 1 адам, болмаса 5-6 адам іздеп келеді. Айтпақшы, ешқашан пайыз сұрамаймын. Бұны жабайылылық деп санаймын.

    “Жаңылтпаш айтып, шешен болу мүмкін емес”
    Шешендік өнерге бірден келе қойған жоқпын. Бұл өнердің тіпті қайдан, кімнен берілгенін де білмеймін. Дәл қазір менде бары ол – тәжірибе. Екіншіден, бұл менің күнделікті оқып, ойыма түйетін ақпараттар. Ресей әртісі Геннадий Хазановты кумир санаймын. Хазановты көп зерттеймін. Қазір стенд-ап, импровизацияның уақыты болғандықтан, іс-шараларды сценарийсіз басқаруды үйрендім. Шешен болғысы келген адам алдымен ойын нақты жеткізе алуы керек. Жаңылтпашқа жүйрік болу ештеңе білдірмейді. Бастысы, тыңдарманға ойын жеткізе алуы. Егер жүргізушінің ойы анық, түсінікті болса, оны аудитория сілтідей тынып тыңдаса, жеңіс деп айтуға болады. Осы жерде жастардың бет алысы қатты қуантады.

    «Депутат болу ойымда жоқ»
    Өзімді саясаттан көрмеймін. Сондықтан депутат болу ойымда жоқ. Депутат болмай-ақ, қаншама пайдалы іс жасауға болады. Дегенмен, елдегі, шетелдегі саяси ахуалдарды оқып-біліп жүремін.

    «Өзімді патриот санаймын»
    Патриотпын. Дегенмен, әлеуметтік желілердегі негатив пікір жазатындардың ойымен көбінесе келісе бермеймін. Өзің отырған ағашты кеспе деуші ме еді?! Менің де кейде әкімдіктің кейбір шешімдерімен келіспейтін тұстарым болады. Ойымды объективті жеткізіп отырамын. Көптеген достарым басқа қалаға, шетелге қоныс аударып жатады. «Ақтөбеде не бар? Одан да Астанаға бар. Мәскеуді бағындыр» деп айтатындары бар. Маған өзімнің туып-өскен қаламда қызмет еткен ұнайды.

    Сұқбатыңызға рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Күйеуіме күнде рахмет айтамын”
  • “Жарасыммен өмір сүретін жұптың әйелі ерке болады”
  • “Ақтөбеге бүйрегіміз бұрып тұрады”
  • Фариза Төлебаева: Ол кезде бала болсам да, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындық әлі есімде
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге