“Онкологиялық ауруларды домбырамен емдеуге болады”

    Термеші-жыршы, асаба Ордабай Сандыбайұлын 90 жылдардың басындағы түсініксіз аян мен аяқ асты жабысқан сырқат өзгертті. Сөйтіп аян арқылы қайырымдылық негіздегі рухани-саналық сауықтыру бағдарламасын жасап шығарады. “Болған іске өкінішім жоқ” дейді 70-тен асқан ақсақал. Халықты құрантерапия, музыкотерапия, фитотерапия, фототерапиямен емдеп жүрген рухани шипагердің арманы – Ақтөбені музыкотерапия орталығына айналдыру.

    “Ардагер өнерпаздардың ақылдастар кеңесін құру керек”
    Ақтөбенің шеткі ауданы – Байғанинде орналасқан Доңызтау үстіртінде, сиыршының отбасында дүниеге келдім. 1959 жылы Доңызтау сынақ алаңына айналып, халықты Оймауыт деген жерге көшірді. 3 сыныптан бастап сондағы Жаңажол орта мектебінде оқыдым. Өнер дарыған, халық театрын өркендеткен жер ғой. Ел аузында «Доңызтау мен Оймауыттың итіне дейін домбыра тартады» деген сөз бар ғой (күлді-ред.). Мен де кішкентайымнан өнерден құр алақан болған жоқпын. 5 сыныптан бастап көркемөнерпаздар құрамында домбыра тартып жүрдім. Сол тіршілік Алматыдағы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жаратылыстану факультетінде оқып жүргенімде жалғасын тапты. Мұхаммед Елемесов деген марқұм ұстазымның жетекшілігімен оркестрде өнер көрсетіп, бүкіл жатақханаларды аралап, ағайымның күйлерін студенттерге қолымнан келгенше үйреттім. Оркестрмен Бүкілодақтық жарыстардан қалмай қатысып жүрдік. Маңдайалды өнерпаздар облыстарды аралап, малшыларға, егіншілерге өнер көрсеткен кездеріміз болды. Сол Алматыдан үйренген білімімді кейін Темір совхозы техникумындағы өнерпаздарға сіңіріп, ондағы ұйымдастырған оркестрім Орталық телевизиядан бір-ақ шықты. Одан кейін аудандық мәдениет үйін басқардым. Ең аяғы мені Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне халықтық ән-жыр студиясын ашуға шақырды. Марқұм ректор Мұхтар Арыновтың басшылығымен жергілікті термешілерді дайындай бастадық. Қазір енді Ақтөбеде қанша термеші бар, соның бәрі менің алдымнан өтті ғой, бәрін тәрбиелеп шығардым. Ал, өзім термелерді үйрену үшін магнитофонымды арқалап, Қарақалпақстан, Астарахань елдеріне талай рет экспедиция жасадым. Наурызбек деген жырауды Қоңырат елінен тауып алып, бірнеше күн 60 түрлі мақамға дейін терме айтуды үйреніп, оларды магнитофонға жазып алдым. Қазіргі термешілер 4-5 мақамнан әрі аса алмайды. Наурызбек ұстаздан үйренген мақамның 40 шақтысы қазір есімде. Соны үйренемін деген өнерпаздар болса, көрсетіп бере аламын. Мәдениет басқармасы бұдан хабардар. Біздегі бір кемшілік – барлық жоба науқанды тіршілікпен жасалып, артынан ұмытылады. Жүйелі түрде жалғастыру жоқ. Мысалы, осы жергілікті мәдениет басқармасы ардагер өнерпаздардың ақылдастар кеңесін неге құрмайды? “Әлия гүлі” ансамблін құрған Қайырғали Қожамбаев кімнен кем?! Бұл - тәжірибеде бар дүние.
    “Жұбановта сабақ беріп жүргенімде алғашқы аян алдым”
    Жұбанов университетінде қызмет етіп жүргенімде бірнеше рет “мемлекеттік жұмысты таста, қайырымдылыққа көш” деген аян алдым. Басында түсінбедім. Одан ауру жамалды. 5 жыл ауырып жүрсем де, жұмысымды тастаған жоқпын. Ең аяғы шырпыдай болып қалдым. Бүкіл ағайындарым мені алысқа бармайды деп ойлады. Сосын бір адамдардың себебімен Түркістандағы Арыстан баб кесенесіне барып, мешітіне сәждеге жығылдым. Сәждеге жығылған уақытта ақыл-ойым, санам басқа бағдарламаға ауысқандай болды. Елге қайтып келіп, жұмыстан кетуге арыз жаздым. Ол уақытта Алланың жолына түскен адамдарды тазасын айту керек, “жынданып кетіпті” дейді. Халық “Ордабайды жын ұрыпты”, “Ордабайдың ішіне жын кіріп кетіпті” деп дүр ете қалды. Ешкімге мән бермей, аян арқылы 6-7 жыл тәрбиелендім. Ол қалай? Жыл бойы ораза ұстаймын, түні бойы намаз оқимын. Ескі мешітте 4-5 сағат бойы тоқтамай, намаз оқитын болдым. Шалдар “осы сен не оқып жатсың?” деп сұрайды. Мен болсам «Ата-ау, мен 18 жыл той басқарып, арақтың ішінде жүзіп, дүниені бүлдірген адаммын. Соны тазартып жатырмын» деймін. «Ойбай, ойбай, онда оқы» дейді әлгі шалдар (жымиып-ред.). Шындық-осы. 18 жыл бойы халықтың атқамінер азаматтарының көбісінің тойын басқардым. Ауданның мықтылары тікұшақпен тойға алдырған кездері болды. Той-домалақ өткен күннің еншісінде қалды. Қазір былайша айтқанда, жоғары мектептің ұстазымын. Менің көзқарасым әншейін адамның көзқарасынан, молданың көзқарасынан, кейбір ғалымдардың көзқарасынан бөлек. Үлкен саналық көзқарастағы адаммын.
    “14 әріпті қалай таптым?”
    Ескі мешітке намазға келіп жүргенімде “саналық намаз” деген аян алып жүрдім. Содан не керек, Құран туралы жазылған барлық кітаптарды оқып шықтым. Бірақ саналық намаздың не екенін таба алмадым. Сосын “ол маған ғана берілген намаз екен шығар” деп ойладым. Көп ұзамай “әріптер” деген аян түсті. Халифа Алтайдың қазақшаға аударған Құран әліппесін қарасам, “Хуруф-ул Мұқатта-а” деген әріптер тұр екен. Соған бірден көзім түсті. Кейін “осы әріптерді пайдалан” деген аян түсіп, ақпараттар келе бастады. Шипалық-саналық намаздың нұсқасы дайын болған соң, мешіттердегі молдаларға көрсеттім. Барлығы ду күлді. Ал, негізі осы әріптердің арқасында жасым 70-ке келсе де, өзімді 40 жастағы азаматтай сезінемін. Мен енді осыны басқа адамдарға үйреткім келеді. “Хуруф-ул Мұқатта-а” рухани-саналық сауықтыру ілімі Құранның 29 сүресінің басында орналасқан, мағынасы Аллаға аян делінетін әріптерден тұрады. Ол әріптер дауасыз дерттерге дауа болады әрі адамды Ұлы сана желісіне қосып, игілікке жеткізіп, жасартып, жасын ұзартып, жер бетінде бейбітшілікті орнықтырады. Ғылыми дәлелі қолымда бар. Егер де осы сала бойынша Ақтөбеде зерттеу орталығы ашылатын болса, қала дүркірейтін болады. Бұл – тегін, қайырымдылық жұмыс. Ешқандай садақа алынбайды. Жалпы Құран оқып, ақша алу – үлкен қателік. Құранды бизнеске айналдыруға болмайды. Ол әруақтарға тимейді. Біз коммунистік партияның “ура, ура-сымен” құрбандыққа шалынған, рухани тәрбиеден мақұрым қалған адамдармыз. Сондықтан түсінбейтін адамдарды кінәлай алмаймын. Адамзаттың таба алмай отырған затын Құдай тағаланың құдіретімен Құраннан анықтаған соң, әсіресе, бедеуліктен емделген адамдардан көп алғыс алдым. Емделу адамдардың ниетіне, ата-бабаларының қате-кемшіліктеріне байланысты. Егер де адам көп күнә жасайтын болса, тазаруы оңай болмайды. Сырқаттан ажырау – тазару. Емдейтін – Алла. Мен тек себепші ғанамын.
    “Музыкотерапиямен онкологиялық аурудан жазылды”
    Ұлттық домбыра күніне орай Абат деген жергілікті домбыра шеберіне өтініш жасадым. Екеуміз он шақты жылдан бері бірге жұмыс жасап келеміз. Ғарыштық өлшеммен жасалған, үлкендерге, балаларға арналған мұндай аспаптар еш жерде жоқ. Себебі эскизі маған аян арқылы келді. Сізге бір қызық айтайын: қайбір жылы Мейрамбек Беспаев онкологиялық аурумен арпалысып жүріп, Ақтөбеге концерт қоюға келді. Сонда осындай бір домбыраны аппақ чехолымен алдынан күтіп отырып, сыйлап жібердім. Домбыралардың нұсқалары көп. Бұлардың ерекшелігі: лак жағылмайды, ішектері қойдың, ешкінің ішегінен жасалады әрі 25 түрлі музыка аспабының үнін береді. Қобыз үні тұрақты қосылып отырады. Санкт-Петербургте 3 ай онкологиялық хосписінде жұмыс істегенімде, осы домбырамен ән айттым. Сонда ажалын күтіп отырған 12 науқас үйіне қайтқан болатын. Бұл - хоспистің тарихында болмаған оқиға. Ол жаққа да аянмен бардым. Музыкотерапиямен депрессияға түскен, қиналып жүрген адамдарды да емдеуге болады. Оған ешқандай микрофонның керегі жоқ. Әрі бұл терапияға жындар әлемі араласа алмайды. Мен музыкотерапияны бастағанда аудиторияны саналық каналға қосамын. Құранның әріптері айтылғанда жындар қатып қалады. Яғни, Алла тағала қазақтың домбырасы арқылы өзінің Құранын насихаттатып тұр. Әлемнің ешбір музыканттары өздерінің музыкалық аспабымен ешкімді Құранға шығара алмайды. Ондай жоқ. Қазаққа келген бақ – осы. Осы мәселемен медициналық университетіне, облыстық онкология ауруханасына бардым. Түсінгілері келген жоқ. Музыкотерапияны, домбыраны түсінбейтін басшы болуы мүмкін бе? Ол яғни, рухани деңгейлері нөл деген сөз.
    “Ақтөбенің потенциалын сумен көтеруге болады”
    Ақтөбенің су-бұлақ көздерінің барлығына жоғарыда айтып кеткен 14 әріп жазылған тас құран тастау керек. Неге? Су ақпарат тасиды. Су арқылы өсімдіктер нұрланады, оны ішіп жүрген жан-жануарлар аман болады, суды ішкен адамдардың барлығы ауырмайтын болады. Тек су арқылы ғана Ақтөбенің энергетикалық потенциалын көтеруге болады. Сосын имансыздық бірден тоқтайды. Назарбаев неге Ақтөбені “құтты мекен” деп айтып жүр? 1998 жылы президенттің Ақтөбеге сапарында мен ол кісіге он кітабымды бердім. «Маған біреуі жетеді» деді. Сонда «ақсақал, менің ұстазым -Арыстан баб ата. Маған аян арқылы 5 орысша кітап, 5 қазақша кітап бересің деп айтты» дедім. Сөйткенше болған жоқ, Елбасы барлығын қалтасына салып алды. Сол кітаптарды оқығаннан кейін, біздің топыраққа ғажайып ғылымның түсіп тұрғанын біліп, «құтты» деп атап жүр. Әйтпесе неге өзге қаланы «құтты» деп атамайды?!
    “Аян арқылы дәрілер жасаймын”
    Қарғалы су қоймасынан біраз шақырым жерде Мөлдіртау деген тау бар. Міне, сол таудан аян арқылы маған «тамыр ізде» деген аян түсті. Барып іздедім. Жылантамырды таптым. Кесіп қарасам, «нұн» деген әріп тұр. «Нұн» деген – Құранның жартысы. Құранның аяттарының, сүрелерінің жартысы «нұнға» аяқталады. Дәрі жасаттырып отырған ұстазым – Бекет әулие. Бекет атаның басына 20 рет шақыртуымен бардым. Сол кездері атаның топырағының мемлекеттік мәні шығады деп айтып жүргенмін. Қазір сол топырақты дәріге айналдырып жібердім. Топырақты қуырып дайындағанда да «нұн» деген әріп шықты. Бұл нені білдіреді? Жындардың залалы тимеген рухани заттар – бұлар. Мен осы заттардан дәрі жасаймын. Шымкентке шақыртумен барып, екі ай онкологиялық ауруханасында жұмыс істедім. Ақмешіт деген жер бар. Соған адамдарды алып барып жүргенімде, жерден кішкентай бір тасты ала салғанмын. Үйге әкеліп жусам, «Аллаһ» деген жазу шығып тұр. 1996 жылдан бері «Үміт» балалар үйіне қайырымдылық жасаймын ғой. Мына қызықты қараңыз: менің оқылған суымнан, дәрілерімнен, үнтаспамнан қаншама сал ауруына шалдыққан балалар ата-анасына қайтты.
    “Қастандықты алдын-ала біліп отырамын”
    Әлі күнге қызғаныш көп. Тоғыз рет қастандық жасалды. Үш рет тамағыма у салып берді. «Басыңды аламын» деп талай рет жігіттер қоқан-лоқы көрсетті. Шөлмектің үстінде жүргеніммен, өлімнен қорықпайтын адамға айналдым. Қайта адамдар менен қорықсын. Құмалақ-карта ашпаймын. Болашақты болжамаймын. Әулие аралаймын. Пайғамбар-әулиеге табынбаймын. Тек бір Алла деп өмір сүремін.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ардақ Елеусіз: “Мен “жеңдім” деп дандайсымаймын”
  • Алма Адаханова. “Ақтөбеге келіп, жан тыныштығын сезіндім”
  • Ақтөбеде қабірден алынған Құран бар
  • Мұхаммед Дәулетбай: “Намаз оқитын адамның да ішіне жын кіреді”
  • Жайлау Асылханов: Маған кейбіреулер “Отсталыйсың!” дейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге