«Әміренің әніне елітіп, этникалық киімдер үлгісін жасап жүрміз»

    Ақтөбелік әпкелі-сіңілілі Радина мен Хадиша Батпеновалар бала кездерінен қылқаламға жақын боп өсті. Екеуі де қалалық көркемсурет лицейінің түлектері. Алайда Хадиша анасын тыңдап, ағылшын тілі мен менеджментке бет бұрады. Бірақ бойындағы таланты оны бәрібір дизайнер саласына алып келді. Бір жыл бұрын этникалық киімдер брендін қалыптастырған жергілікті дизайнерлер жақында Ақтөбеде өткен «Сән мен Сахна» Халықаралық байқауынан 1-орын алды. «Салиха хэндмейд» этникалық киімдер брендінің негізін қалаушы, дизайнер Хадиша Батпенова

    «Радина – Ақтөбе облысы эмблемасының авторы»
    Менің әпкем Радина Батпенова – кәсіби суретші, дизайнер, кескіндеме өнерімен шұғылданады. Қаладағы көркемсурет лицейін, Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген. Республикалық, халықаралық көрмелерде, симпозиумдарда жұмыстары танымал. Жиі Татарстанға, Башқұртстанға барады. Бүгінде Башқұртстанның стильді ұлттық төс белігісінің кескіндеме авторы. Ақтөбе облысының эмблемасын да жасап шығарған. Қаладағы беделді кофехана мен көңіл көтеретін, демалатын орындардың дизайнымен айналысты. Әрине, оған мен де көмектестім. Ерекше балаларға арнап ашқан бейнелеу өнері студиясы да бар. Ал, мен өзіңіз көріп отырғандай, ағылшын тілінің мұғалімімін. Бес жыл көркем-сурет лицейінде оқығаныммен, анамның ақыл-кеңесін тыңдап, басқа мамандыққа бет бұрдым. Радина да алғашында сурет салумен айналысып жүрді. Бірақ оны Башқұртстанға барған сапары өзгерткендей. Сол жақта этникалық киімдер үлгісімен жасауды қолға алды. Тек киімдерге ұлттық нақыштағы суреттер салумен қатар тарелка, кружкалардың сыртын да этникалық стильде безендірумен айналысты. Ақтөбеде тек футболкалардың алдына алқалардың суретін салып жүрген. Мен Алматыдан оқудан келген соң, ұзын етекті көйлегім мен басымдағы орамалым айналамдағы адамдардың наразылығын тудырды. «Арабтардың киімін киіп алғансың ба?», «Бұл бізге жат» деп жан-жақтан неше түрлі сөздер ести бастадым. Қыс мезгілі болу керек. Радинаға «өзіміздің ұлттық кимешегімізді жаңғыртсақ қайтеміз» деп ұсыныс тастадым. Себебі тек Ақтөбеде емес, тұтастай алғанда Қазақстанда жабық киінетін қыз-келіншектерге оңды, жарасымды, ашық түсті, кең етекті, ұзын көйлектер табу қиын. Ондай типтес көйлектер Бішкектен, Түркиядан әкелінгендіктен, сол жақтың ұлттық киіміне ұқсап кеткен. Әрі өңкей қара түсті. Ал, мен жас болған соң, әрі жабық, әрі заманауи, шариғат заңына сай көйлектер кигім келді. Ешкім бұл іспен айналысып та жатқан жоқ. Радина ойланып көруге келісті. Көп кешікпей этникалық киімдер брендін қалыптастыруға кірісіп кеттік.

    «Халықаралық байқаудан бірінші орын алдық»
    Көктемде қалалық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Күлшат Масалимова Радинаның футболкаларға салатын алқасына қызығып, киіммен айналысуға кеңес берді. Кейін бізді жас дизайнерлер арасында өтетін «Сән мен Сахна» Халықаралық фестивальге қатысуға шақырды. Егер жеңсек, әрі қарай ісіміздің алға басатынын біліп, бақ сынауға бел будық. Фестивальге дайындалғанымыз бөлек әңгіме (күлді-ред.) Бес түн бойы көз ілместен коллекциямызды жасап, барлығына қолымызбен сурет салып, тігіп шықтық. Ең бастысы, менің ойымда жүрген кимешектің үлгісін жасап, бұрын кимешекке зергерлік бұйымдар ілсе, біз соны бояумен салып, безендіріп байқауға алып шықтық. Қатты уайымдадық. Нәтижесінде бірінші орынды жеңіп алдық. Байқаудың ұйымдастырушысы Ханым Айдашқызы бізді қолдап, топтамаларымызды «осы жылдың жаңалығы» деп жоғары бағалады. Қазіргі таңда Астанадағы Ханым Айдашқызының дүкенімен келісімге отырып, біздің этникалық киімдеріміз сол дүкенде сатылуда. «Қатты қиналдық, демеуші іздедік» деп айта алмаймын. Барлығы өздігінен, күтпеген жерден болды. Бастысы, шариғат заңына сай киінетін қыз-келіншектер өзіміздің ұлттық көйлектерді кисе екен, мен естіген сөздерді естімесе екен деген ой болды. Ал, Радина көшпенділердің этникалық өмірі десе ішкен асын жерге қояды. Екеуміздің идеямыздан «Салиха» этникалық киімдер бренді қалыптасты деп ойлаймын. Бренд атауын әжеміздің құрметіне қойдық. Егер логотипін қарасаңыз, сандық түрінде бейнеленген. Әжелеріміздің сандығында сақталған киім-кешектерді қайта жаңғыртудамыз деген ойды береді. Республикалық телеарналардың бірінде бағдарламаға қатыстық. Жақында көрсетіледі. Жоғарыда айтып өткенімдей, намаз оқуды ертерек бастағаныммен, жабық киініп, басыма орамал тағу біраз уақытқа созылды. Көпшіліктің наразылығына тап болсам да, тығырықтан шығар жол, мүмкіндіктер барына көзім жетті.

    “19-ғасырдағы ескілікті суреттер мен халық әндерінен шабыт аламыз”
    Қазіргі таңда қазақ халқының 19-ғасырдың аяғы 20-ғасырдың басындағы суреттерін табу өте қиын. Кеңестік кезең орнап үлгермеген, патшалық Ресейдің кезіндегі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде киген киім-кешектерін үнемі іздестіріп, ғаламтор ақтарып жүреміз. Сосын шабытты қазақ халқының әндерінен аламыз. Соңғы рет Әміре Қашаубаевтың әндеріне елітіп, этникалық дүниелер жасап шығардық және жаңа заманға лайықтап, «oversize» стилінде дайындадық. Оларға өсімдіктер, ұлттық оюлар, алқаның суреттерін салдық. Таза қолөнермен жасалған киім болған соң, бағасы 40 мыңнан жоғары. Шапандарға көз майымызды тауысып, өрнектер салғанда бір емес, бірнеше күн уақытымыз кетеді. Әрі маталары мен бояулары да қымбат, сапалы. Мойындау керек, алғашында барлық қыз-келіншектерге қолжетімді баға қойғымыз келген. Дегенмен, тауардың құны оның матасы, бояуы мен сіңірген еңбекке байланысты бағалануы тиіс деген шешімге келдік.

    “Брендті патенттеп, Қазақстан бойынша шоу-рум ашамыз”
    Біздің киімді көбіне Ресей мен Башқұртстан елдері сатып алады. Себебі әпкем сол елдерде танымал, сол жақта жиі болады. Ақтөбеліктер енді ғана байқап жатыр. Қазақстанда ұлттық ою-өрнектерді қолмен киімге салатын дизайнерлер жоқтың қасы. Сондықтан болашақта брендті патенттеп, Қазақстан бойынша бірнеше қалалардан шоу-рум ашу ойымызда бар. Әрине, бәрі ақшаға кеп тіреледі. Бәлкім, болашақта үлкен цех ашып, жаппай тігетін болармыз. Ол кезде бағасы сәл арзандау болады. Барлығы болашақтың еншісінде. Ал, негізі Ақтөбеде кез-келген жобаны бастау оңай, себебі қаланы жан-жақты дамыған деп айтуға келмес. Жақында таң атпай 24 сағат жұмыс істейтін дүкен іздедім. Екі квартал жүріп, таба алмадым. Тіпті қарапайым көшіріп басу орталықтарын кездестіру қиын. Сондықтан ақтөбелік кәсіпкерлердің бұл жағынан мүмкіндігі көп. Бұрын «Керуен сити» ойын-сауық, сауда орталығынан басқа не болды?! Көшеде жүргенде ішім пысатын (күлді-ред.). Енді ғана жаңа жобалар қолға алынып келеді. Оның өзінде бір кәсіпкер батут орталығын ашса, екіншісі де дәл сондай орталық ашады. Әзірге бір-бірін қайталаудан алдарына жан салмай келеді. Шағын кәсіпке қолдау көрсететін бағдарламалардың арқасында әлі де болса тың дүниелер ойлап табуға болады. Біз де сондай бағдарламаларға жиі қатысамыз.

    “Өзімді іздеп, депрессияға ұшыраған кезім болды”
    Депрессиялық жағдай басымнан өтті. Істеп жүрген жұмысым көңілімнен шықпай, мамандығым өзіме ұнамай, немен айналысатынымды білмей, басым қатып жүрді. Бұрын спортпен де айналысқанмын, физика пәнін де жақсы көрдім. Фитнес-жаттықтырушы болғым келген кездер болды. Өзіңді таба алмаған кезде шынымен қатты қиналасың. Бұл өте ауыр. Сөзбен айту оңай да, іске келгенде біресе ресурс жетіспейді, біресе батылдығың жетпейді. Меніңше, адамға әуелден көңілі қалаған нәрсемен айналысу жетістікке жеткізеді. Ешкімнің ұсынысын тыңдап қажеті жоқ екен. Кез-келген хоббиден ақша табуға болатын заман қазір (күлді-ред.). Қарап отырсаң, адамдар неше түрлі іспен айналысып, ақша тауып жүр. Бастысы, өзіңе деген сенім, тайм-менеджментті игеру. Көп адамдар әлеуметтік желіде отырып, қаншама алтын уақыттарын зая кетіруде. Соның орнына тегін онлайн курс қарап, сөмке тоқуды, киім тігуді үйреніп алған жақсы емес пе?! Менің бір индонезиялық танысым ютубтан видео-сабақтар қарап, киім-кешек тігуді үйреніп алды. Қазір топтамалары әлемдік аренаға шығып, танымал дизайнер болып кетті. Адамда құлшыныс болса, мүмкіндіктер көп. Керісінше сылтау көп болса, кедергілер көбейеді. ▼

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Құлағыңа таққаның күміс сырға...”
  • Алтынгүл СҰЛТАНГЕРЕЕВА: Мен үшін әр өнімім қымбат
  • Не киіп жүрсің, студент?
  • Қызғалдақ көрмесі ашылды
  • The Spirit of Tengri этнофестивалі аяқталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге