«Ойылдың потенциалын пайдалана алмай жүрміз»

    █ Аудандық газетке мұрнын шүйіретіндер бар. Бала арманға қанат бітіріп, тілшіліктің томағасын сыпыратын – осы жергілікті басылымдар. Ширек ғасырын журналистикаға арнаған, футбол десе жанын беретін қаламгер, ҚР Журналистер одағының мүшесі Серікбай Қойбағаровтың ғұмыры Ойылымен, “Ойыл” газетімен астасып жатыр. «Ғұмырым сынаққа толы болғанмен, ештеңеге өкінбеймін» дейді журналист.

    “Ойыл шаруа қожалықтарының ақшасы аз”

    Қазіргі таңда Ойыл жолы салынған, еңсесі түзеліп келе жатқан аудан болғанмен, мысалы Барқынның етегіне туристік нысандар орнатуға болар еді. Инфроқұрылымдары дамымай жатыр. Екіншіден, сол орманда керемет дәмді алмалар өсіп тұрды кезінде. Әбден жерсініп кеткен алмалар еді. Бірақ кейінгі кезде ағаштар өнім бермей қалды. Ауданның азаматтары жылда-жылда егіп, келістіре алмай жүр. Нақты не себептен өспей қалғанын білмеймін. Әйтпесе сол су, сол топырақ, сол ауа ғой. Тарыны неге брендке айналдырмайды дейсіз. Біздің ауданның шаруа қожалықтарының әлеуеті төмендеу. Былайша айтқанда, ақшасы аз, қолдарында қуатты техникалары жоқ. Егісті қолда бар техникаларын жөндеп-жөндеп алып, өңдеген соң, жер дұрыс игерілмей қалады. Сосын ол жерден бірдеңе сұраудың өзі ұят. Қазір енді 2-3 шаруа қожалығы ғана тарыны егіп жүр. Бір жағы аймағымыз тәуекел аймаққа жатады әрі естуімше қырдағы өскен қызыл тарыға субсидия берілмейді. Сондықтан мұны Үкімет өзі назарына алып, ірі корпорацияларды тартып, қолға алса мүмкін Ойылдың тарысының атағы кеңге жайылар. Мемлекет қаржысына күн көріп отырған аудан болғандықтан, потенциалын толық пайдалана алмай отырмыз. Ал, жергілікті шаруа қожалықтарына 2 жыл қатарынан тары шықпай қалса, шаруашылығы тұралап қалады ғой. Тәуекел аймақ деп отырғаным – осы. Ойылдың топырағы жауған жаңбырға қарай кейде өнімді аста-төк береді де, кейде бермей қалады. Жиілігі 4-5 жыл. Осыдан екі-үш жыл бұрын жігіттер мақсары (сафлор-ред.) егіп, біраз олжаға кенеліп еді. Кейінгі жылдары шықпай жүр. Ал, табиғаты төзімді қой мен жылқыға ғана ыңғайлы, ірі қараға қиындау. Қазір енді ауданда 5-6 мың бас жылқы бар. Ол аз. Қой саны жылдан-жылға азайып жатыр. Себебі әртүрлі. Шаруа қожалықтары болса, «малшы таба алмай отырмыз» дейді. Негізі бабын тауып, күте алса, Ойылға түскен дән тал болады. Ол шындық.

    «Ойылдың киесі мұнайын сақтап тұрғандай болады»

    Жалпы Ойылдың төңірегінде мұнайдың бары рас. Бірақ зерттеген жерлерінде қоры төмен болды ма, әлде өздері тап басып, таба алмай жүр ме білмедім. Менің түсінігімде Ойылдың киесі мұнайын бермей тұрған сияқты. Ақтөбе өңіріндегі табиғаты тұмса, өндірістен жырақ, экологиялық зардабы жоқ аудан ғой өзі. Жерінде қаншама әулие адамдар жатыр. Әнеу жылы техникалары түгел жанып кетті. Бас-аяғы 15 жылдан бері сол мұнайды мамандар ала алмай жүрген шығар. Сондықтан мұның бәрі бекер емес-ау деп ойлаймын.

    «Басты проблема – қыстағы жол қатынасы»

    Біздегі енді басты проблема – ауылдар мен ауданның екі ортасындағы қарым-қатынастың қиындап кететіндігі. Бірақ соңғы жылдары байланыс үзіліп қалатындай да қыс болмады ғой. Ал, үзіліп қалса қиын. Қар басып жатқан жолдарды аршу жұмыстары мардымсыз жүргізіледі. Мердігерлер де қайта-қайта ауысып жатады. Биыл енді бұндай проблема болмас деген ойдамыз.

    «4-сыныпта журналист боламын дедім»

    4-сыныпта «Кім боламын?» тақырыбына шығарма жазғанда ойланбастан журналист болатынымды жаздым. Соған қарағанда журналистің кім екенін біліп тұрмын ғой (күлді-ред.). Әкеміз шаруа адамы болғанымен, көзі қарақты еді. «Коммунизм жолы», «Социалистік Қазақстан», «Ойыл» газеттеріне тұрақты жазылып тұратын. Бала болсақ та, сол газеттерді оқып, санамызға түйіп жүретінбіз. 5-сыныпта оқып жүргенімде өзімнің де алғашқы материалым «Ойыл» газетіне шықты. Шара Тұрмағанбетова апайың белі қылдай қыз сол кезде. Тілші. Содан бастап құлшыныс пайда болды. Неге жазбасқа?! Өзге мектептердің оқушыларының біресе суреттері, біресе өлеңдері үзбей шығып тұрады. 9-сыныптан бастап материалдарым облыстық «Ақтөбе» газетіне жариялана бастады. Қуанышым қойныма сыймады. Ең бірінші алған қаламақым – 2 сом 85 тиын болды. Тиынына тәттілер алып, 2 сомын шешеме әкеп бергенім есімде. Алғашқы табысым деуге де болды. Бала кезден қиса жаттадым, жырды жатқа айттым демеймін, бірақ есте сақтау қабілетім ерекше мықты болды. Қазірдің өзінде болған оқиғаның жылы мен күнін, тіпті сағатын ойланып отырып, есіме түсіріп аламын. Бір жағы осы жолға ұмтылуыма есте сақтау қабілетім себеп болған шығар деп ойлаймын.

    «Былғары доп турнирін жап-жақсы бастап едік»

    Мектеп бітірген соң, бірден оқуға түсе алмадым. Алматыдағы журналистика факультетіне көңілім алабұртып тұрғанмен, жер шалғай. Сөйтіп жүргенде әскерге шақыратын кез келді. Екі жыл әскери борышымды өтеп келгенімде Кеңес үкіметінің тұралап, совхоздардың тарап, еліміздің тәуелсіздік алып жатқан аласапыран уақыты. Әке-шешем өмір бақи аудандық партия комитетінің қызметкерлері еді. Партияны құлатқан екеуі сияқты жұмыстан бір күнде қысқарып қалды. Жағдайлары ауыр екен. Өзімнен кейін бес бала бар. Алды мектеп бітіріп жатыр. Ойланбастан сиыр бақтым. Оқуға кейін түстім. Оның өзінде Жұбанов университетінің филология факультетін бітіріп шықтым. Бірақ мұғалім болып бір күнде сабақ берген емеспін. Себебі оқуды журналист боп жұмыс жасап жүріп аяқтадым. Журналистикадағы еңбек жолым аудандық радиодан басталды. Радионың тілшісі де, дикторы де өзім. Ол кезде Ақтөбе облысы бойынша төрт ауданда: Ойыл, Шалқар, Ырғыз, Байғанинде жергілікті радиолары болды. Одан кейін аудандық газетте азғантай жұмыс істеп, кейін облыстық газетте, облыстық телеарнада қызмет етіп, спорт комитетінде, футбол мектебінің әдіскері болып та көрдім. Телеарнадағы «Көкейкесті» бағдарламам 3 айға жетпей жабылып қалды. Спортқа бала күннен жақын болған соң, шахматтың облыстық чемпионаттарына жиі қатысатынмын. Футболды шебер ойнай алмасам да, теледидардан көргенімді жазып, ойыма түйіп жүріп, соның бір көмегі тиді. Ауладағы балалардың ойынын көріп, кейін бастарын қосып, команда жасақтап, қалалық былғары доп турнирін өткіздік. Ол кезде облыстық телеарнаның ақпараттар бөлімінде аға редактор боп жұмыс істеймін. Бір жағы ауладағы өзімнің футбол үйреткен балаларымды ынталандырғым келді. Келесі жылы сол балалар турнирді ұтты. Мұнымен тоқтамай облыстық құраманы жасақтап, сол жылы Тараз қаласына былғары доп республикалық турниріне алып бардым. Сол турнирде менің балаларым үшінші орын алды. Кезінде аулада бір-бірімен төбелесіп, әлімжеттік жасап жүрген тентек балалар тәп-тәуір спортшыға айналды. Негізі былғары доп турнирін жап-жақсы бастап едік, аяқ жағы сұйылып кетті.

    «Бұқараның мүддесін астарлап жеткіземіз»

    Әрине, облыстағы журналистік қызмет пен аудандағы газет жұмысының арасы жер мен көктей. 2007 жылы отбасы жағдайына байланысты ауданға көшіп, келесі күні «Ойыл» газетінің редакциясына барсам, алдарында бір компьютер, жағдайлары ауыр, 3-4 қызметкері ғана бар екен. Әрі облыстағы тақырыптардың ауқымына үйренген басыма аудан төңірегінде жазылатын материалдар қораштау боп көрінді. Аудандық газет өзі - бір жапырақ. Одан қалса материалдары сол баяғы өзіңіз білетін тақырыптарда ғана. Екі айдан кейін редакторлыққа тағайындалған соң, газеттің мерейін біраз көтердік. Қазір енді электронды қызмет жүйесіне ауысу үстіндеміз. Қызметкерлер жалақыларын банк карточкасымен алады, жағдайлары жақсы, жалақылары тұрақты. Қолдарында бір-бір диктофон, алдарында бір-бір компьютер, қажет десеңіз кондиционерге дейін орнатып қойдық. Екі тілшім де облыстық газетке дайын, әбден төселген. Бірақ енді «Ойылды» өз алдына толыққанды газет деп айта алмаймын, шыны керек. Әрине, еш жерде абсолютті тәуелсіздік жоқ. Ең аяғы ауаға да тәуелдіміз ғой. Енді шамамыз келгенше мемлекеттік саясатты да, халықтың мәселесін, бұқараның да мүддесін билікке жеткізуге тырысамыз. Ашық болмаса да, астарлап, ебін тауып, сөзін тауып дегендей жазып тұрамыз. Кейде жоғары жақтағылардың аяқтарын басып кетеміз. Ол да болады. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» дейді. Алып бара жатқан қысым, төніп тұрған бақылау жоқ. Газетке шығатын материалдарды тек өзім ғана тексеріп, қол қоямын, баспаға өзім жіберемін. Шыққан соң ұсыныс, сыни пікірлер айтылып жатса қабылдаймын. Редакцияда екі қанатымдай болған тілші жігіттермен ақылдасып, келесі нөмірді талқылаймыз. Бұрын біздің кезімізде қатар жүрген журналистер бір-біріміздің материалдарымызды талқылап, жіліктеп тастайтынбыз. Қазіргі журналистер бір-бірінің материалын сынамақ түгілі, не жазғандарынан да хабарсыз. Қажет дүние қарасаңыз. Кейде азаматтардың базынасын газетке басып, дауға ұластырмай, тиісті жерлерге шығып, былай-ақ шешіп беруге тырысамыз. Арыз айтып келген азаматтар мен кей мекемелердің арасында өзара түсінбестік болады. Оқырманмен байланысымыз бар. Хаттар түсіп тұрады. Дегенмен, соңғы 5-6 жылдың төңірегінде оқырмандардың белсенділігі төмендеп кетті. Сонда да газетіміздің әр санын қызықты етіп беруге тырысамыз. Айналып келгенде 5-6 аудандық газет қана оқырманның игілігі үшін жұмыс істеп отыр. Көзіммен көрген соң айтамын. Жекеменшік аудандық газетті ұстап отырудан емес, бұл жақта моральдық түрде шаршаймын. Рухани дос іздеймін, орта іздеймін. Дөңгелек жасқа аяқ басқан соң, ойланып қарасам, бір еңбекке арқау болар дүниелер де жиналып тұр. Болашақта тасқа басып шығарсам деген ойдамын.

    «Өз өміріме өзім төңкеріс жасаған адаммын»

    Жалпы өткен істерге өкінбейтін және әлімжеттікті аса жек көретін адаммын. Әлімжеттік көрсем, шыдап тұра алмай, килігетінім бар. Талай рет шынашақтай балалардан сөз естіп, есемді жіберген кездерім болды. Ер-жігіттің басына нелер келіп, нелер кетпейді. Менің де басымнан талай оқиғалар өтті. Өмірімде үлкен шешім қабылдаған адаммын. Жасыратыны жоқ, төңкеріс жасадым. Оңай болған жоқ. Бірақ соған ешкімнің ықпалынсыз, саналы түрде бардым. Ағамның балалары, бауырларым далада жүрмесін деген ой болды. Шүкір. Бала-шағамыз бар.

    Сұқбатыңызға көп рахмет, аға!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Нұрлыбек Қалауов: “Қазір “ұры” айтыскерлер көбейіп кетті”
  • Баян Сәрсенбина: “Журналистер сот процесінен өтуі керек”
  • Ойылдық бренд - сары тары
  • Асқар Ақтілеу: “Журналистер бір-бірін көре алмайды”
  • Шара Тұрмағанбетова: “Бас сатуды” үйрендім
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге