«2016 жылғы теракт бізге сабақ болды»

    «2016 жылғы теракт бізге сабақ болды»

    █ Былтыр Ақтөбенің Дін істері басқармасының тізгінін 39 жастағы Жолдас Нұрланұлы қолына алды. Мамандығы – тарихшы-мұғалім. Еңбек жолын Темір ауданынан бастаған мемлекеттік қызметкер. Жолдас Нұрланұлы жат ағымдардың түп-тамыры мен шығу себептерін жіліктеп, Ақтөбенің бүгінгі таңдағы діни ахуалын ашық айтты. Кеше ғана келген басшыға ұқсамайды...

    «ЖАТ АҒЫМҒА ҚАЛАЙША ЖОЛ БЕРДІК?»
    Дін істері басқармасында бір жарым жылдан бері жұмыс істеп келемін. 2013 жылы құрылған бұл басқарманың міндеті – өңірде тіркелген 10 түрлі діни конфессия мен 91 діни бірлестіктің заң шеңберінен шығып кетпеуін қадағалау, олардың арасындағы түсіністікті қалыптастыру. Былайша айтқанда, біз - үйлестіруші органбыз. Бірақ жүргізіп отырған жұмыстарын бастан-аяқ бақылау құзырымызға кірмейді, ішкі канондық ережелеріне араласпаймыз, дамуына кедергі келтірмейміз. Ата заңымызда Қазақстан – зайырлы мемлекет деп жазылғандықтан, біз олардың көзқарастарына тең дәрежеде қарауға тиістіміз. Ал, қандай заңбұзушылықтар болуы мүмкін? Діни бірлестік кәмелеттік жасқа толмаған баланы дінге зорлықпен тарту, ата-анасының рұқсатынсыз дінді үйрету, рұқсат етілмеген орындарда діни әдебиеттерді сатуға-таратуға олардың хақысы жоқ және т.б. Егер осындай заңға қайшы әрекеттер тіркелсе, міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Заңға бағынғысы келмейтін, тіркелмей-ақ жасырын жұмыс жасап жатқан діни ағымдар да бар. Оны жоққа шығармаймыз. Бұған қалай жол бердік дейсіз ғой? Мысалы, өзімнің атам бес уақыт намазын қаза қылмаған, діндар адам болғанымен, кеңестік дәуірге тап болған әке-шешем атеистік көзқараста тәрбиеленді. Дінді мойындаған жоқ. Осы кезде ұрпақ адасып қалды. Көрдіңіз бе? 1991 жылы есімізді жиып, егемендік алғаннан кейін барлық дінге есімізді аштық. Сенсеңіз, сол жылдары елімізде хәнәфи мәзһабын білетін адамдар санаулы болды, әрі оқу орындары құрылып үлгерген жоқ. Сол заманның дінге бет бұрған жастары Түркияда, Египетте, Өзбекстанда, Йеменге, Сауд Арабиясына барып оқыды. Өкініштісі, сол мемлекеттерде оқып келген балалар сол елдің дәстүрімен үндескен дінді алып келді. Бет-жүзді тұмшалау, қара киім кию, шелпекті жоққа шығару, сәлем салуға тыйым салу, әруақты құрметтемеу осыдан шықты. Хиджаб - қазақтың ұстанымында болмаған сөз. Бұның бәрі – адасушылық, секталық ағымның әрекеттері. Жат ағымдар басқа діндерде бар. Мысалы, христиан дінінің бір ағымы «қару ұстау - қиянат», «мемлекеттік рәміздерге құрмет жасамау керек» деген теріс көзқараста. Сектаға еру сауатсыздықтан, аңқаулықтан, сенгіштіктен болады. Діннен мүлдем хабары жоқ адамға жарты сағат уағыз айтса жеткілікті.

    «ӨҢІРДЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ИМАМДАРДЫҢ ҮЛЕСІ ӨСТІ»
    Қазір Қазақстанда 9 медресе жұмыс істейді. Соның біреуі де 90-жылдары болған жоқ. Жоғары білім беретін «Нұр-Мүбәрак» университетінде 52 ақтөбелік студент оқиды. 70-ке жуық бала Бестамақтағы діни медреседе білім алуда. Облыс әкімі бұл тұрғыда балалардың білім алуын барынша назарында ұстап отыр. Болашақта елінің салт-дәстүріне қанығып өсіп, туған жерінен табанын айырмай оқып жатқан балалардан адасушылар шығады деп ойламаймын. Өткен жылы өңірде жоғары және арнаулы орта білім алған имамдардың үлесі 44% болса, биыл ол көрсеткіш 67%-ға жетті. Білікті маман ғана бұл мәселені шеше алатынын түсіндік және солардың көмегімен сектаға кіріп кеткен азаматтарды кері қайтару үшін жұмыс істеп жатырмыз. Оның әр түрлі жолдары бар. Белгілі бір жұмыс орындарына барып, әуелі қарым-қатынас орнатып сөйлесеміз, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығына шақырамыз. Осы орайда халықты сапалы діни ақпаратпен қамтамасыз етіп отырған жергілікті журналистерге алғыс білдіремін. Былтыр дін туралы 2500-ге жуық материал жарық көрген екен.

    «ХАЛЫҚ ТЕРРОРЛЫҚ ШАБУЫЛДАН КІМНІҢ КІМ ЕКЕНІН КӨРДІ»
    2011 жылдан бастап Қазақстанда 16-ға жуық террорлық оқиға болды. Соның үшеуі біздің Ақтөбеде ұйымдастырылды. Бейбіт адамдар ажал құшты. Қанды оқиғаны ұйымдастырушылардың кейбірінің көзі жойылып, қолға түскендері өмір бойы бас бостандықтарынан айырылды. Бұлар не үшін бастарын бәйгеге тікті? Себебі бақи дүниенің жұмақ өңірін аңсады. Айналасына ылаңды салып, халықты қан қақсатып, былайша айтқанда өлуге асықты. Ызаға булыққан халық оларға тістерін қайрап, ату жазасына кесілгендерін сұрап жатты. Мен оларды өлтірмеу керек деп санаймын. Себебі өлімді аңсап тұрған адамдарға біз көмектескен боп саналамыз. Керісінше ондайларды ұзақ мерзімді түрмеге қамап, азапты өмір көрсету дұрысырақ деп санаймын. Бұл – енді менің жеке пікірім. Өзіңіз жақында білесіз, Алматыда ату жазасына кесілген Күлекбаев екі рет суицидке бармақ болды. Жағымды құбылыс деп есептемеңіз, бірақ кез-келген қасіреттен де сабақ алуға болады. Халық екі жыл бұрынғы қасіреттен кімнің кім екенін көрді. Халық олардан тіксіне бастады. Қазір бей-берекет сақал өсірген, қара киім киінген адамдарды көшеден сирек көреміз. Меніңше, Ақтөбедегі діни ахуал 5-6 жыл бұрынғы кезбен салыстырғанда анағұрлым тұрақталды. Облыс әкімінің қолдауымен біз үш спектакльді («Үлкен сұрақ», «Есігіңді қаққан кім?», «Ойран шыққан отбасы») жарыққа әкелдік. «Қара жол» деген көркем фильм түсірдік. Ютуб арнасынан іздеп, көруге болады. Қазақстанның батыс өңірінде не себепті діни ахуал күрделі деген сұраққа енді «құрт түскен алма тәтті» деген тәмсіл жауап болатын сияқты. Жат ағымдағы адамдарды батыстың мұнайы, газы, хромы қызықтырады. Мәселе осында жатыр. Бір-бірін «брат», «сестра» деп халықты адастырған қауымның көршілес Ресейден келгені тағы анық. Сирия, Ирак, Ирандағы үзіліссіз соғыстардың себебі не? Барлығы айналып келгенде табиғи байлыққа таластан туды.

    «АҚТӨБЕДЕ 43 ОҚУШЫ ОРАМАЛЫН ШЕШПЕЙ ОТЫР»
    Өткен 2017-2018 оқу жылының басында облыста 396 оқушы мектеп формасын сақтамаса, бір жылдың ішінде олардың саны 43-ке кеміді. 43 оқушының ішінде жасы ең кішісі - Мұғалжар ауданындағы 5 жасар қыз бала. Тікелей орамалмен жауласып жатқан ешкім жоқ. Орамал – ислам дінінде парыз етілген амал. Дінде парыз деген сөз «бұйрық» деген мағынаны білдіреді. Бұйрық талқылануға жатпайды. Орындалу керек. Бұған ешкім дау келтіріп жатқан жоқ. Алайда кей ата-аналар түсінбестіктен орамал мәселесін асыра сілтеп жүр. Құран бойынша қыз бала бәлиғат жасына толғанда басына орамал тағу парыз етілген. Ал бәлиғат жасы ана болуға қабілетті болған кезден басталады. Біздегі ҚМБД бәлиғат жасын 15 жас деп бекітті. Енді өзіңіз ойлап қараңызшы. Даярлық сыныбына барған бес жасар қызды ана болуға дайын дей аламыз ба? Жоқ. Ата-ана Жаратқанның да бұйрығын орындап тұрған жоқ, мектептің ережесін сақтамай тұр. 25 орамал таққан оқушы бастауыш сыныптарда білім алып жатыр. 20 оқушы 5-8-сыныптарда оқиды. 9-сыныптың орамал таққан 3 оқушысы да осы тізімге кіреді. Бұл қыздардың басым бөлігі Ақтөбе қаласында тұрады. Осы жерде ата-аналарға діндегі асыра сілтеушілік түбі бір қасіретке ұрындыратынын айтқым келеді.

    «ӨҢІРДЕ 2000-ҒА ЖУЫҚ АДАМ АТА ДІНІНЕН АДАСҚАН»
    Діндегі адасып жүрген адамдардың басты арманы – дін үстемдік ететін мемлекет орнату. Діни фанатизмге ұрынған кей адамдар осы мемлекетті «тағұт» деп атайды, яғни пұтқа табынушылардың мемлекеті санап, «біз бұл мемлекетті мойындамауымыз керек» дейді. Екінші армандары – егер мұнда өздері қалаған мемлекет орнатуға мүмкіндік бермесе, сондай мемлекетке көшіп кетуге талпыну. Оның өздері «хижра» деп атайды. Нақты есебін білмеймін, бірақ соңғы ақпараттарға сүйенсек, еліміз бойынша 500-ге жуық қандасымыз Сирияды жүр. Оның 300-ге жуығы – балалар. Біз Сириядан оралған қандастармен жұмыс жасадық, әлі де сөйлесіп жатырмыз. Егер адамның өзінде ынта болмаса, оны оңалту өте ұзақ жылдарға созылады. Теологтармен әңгімеге келетін, өзінің де, өзгенің де пікірін ескеріп отыратын адамдармен жұмыс істеу анағұрлым жеңіл. 2017 жылы Ақтөбеде 603 адам оңалтылды. Осы жылдың алғашқы 8 айында 341 адам ата дініне қайта бет бұрды. Жалпы айтқанда, бүгінгі таңда Ақтөбеде 2000 мыңға жуық дінінен адасқан адам бар. Біз бүкіл Ақтөбе аумағы бойынша кімнің қандай дінде екенін жақсы білеміз. Сондықтан жат ағымның жетегінде кеткен адамдардың саны күннен-күнге өсіп жатыр деген ақпаратты жоққа шығара аламын. Қазіргі таңда халықтың топтасып жат ағымға кіріп кетуі сап тыйылды. Теологтармен әңгімелесуден бас тартып, заңға бағынбай, қоқан-лоқы, зорлық-зомбылық көрсеткен осы жолдағы адамдарды, әрине, құқық қорғау органдары әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартады. Кеше Ақтөбе қаласының №31 мектебінің үш ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3-5 күнге түрмеге қамалды. Өзге адамдарға өзінің көзқарасын таңу, тықпалау бұл – радикализм.

    «ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАН ЖЫЛЫ АҚТӨБЕДЕ БІР-АҚ МЕШІТ БОЛДЫ»
    Жат ағымға ерудің түп-тамыры халықтың дінге деген сұранысында жатыр. Ал, тәуелсіздік алған жылдары Ақтөбеде бір-ақ мешіт болды. Халықтың діннен адасуының себебі Құдайға құлшылық жасайтын орындар өте аз болды. Халық сұранысын қанағаттандыру үшін қайда барарын білмей, пәтер жағалап, жалған уағызшылардың сөзіне иланды. «Нұр Ғасыр» мешітінің ашылғанына биыл 10-ақ жыл. Бүгінде Ақтөбе облысында 847 мың тұрғын болса, соның 83%-ы өзін «дінге сенеміз» деп санайды. Бір өкініштісі, сол адамдардың 2%-ы ғана тұрақты түрде діни рәсімдерді орындайды. Яғни, 17 мың адам ғана тұрақты түрде мешітке, шіркеуге барады. Қалғаны Құдайға сенеді, бірақ құлшылық жасамайды. Облыс аумағында 67 мешіт жұмыс істеп тұр. Дінге түпкілікті бет бұрғысы келетін адам ең алдымен интернетке жоламауы керек. Екіншіден, кез-келген уағызшының сөзін тыңдамаған жөн. Жоғарыда аталған 67 мешітте 67 жоғары білімді имамдар отыр. Имамнан барып сабақ алу керек. Қалалық мешіттің жанында дәстүр үйінде әйел ұстаздар сабақ береді. Әйел адамдар сол жерге барып, діни сауатын аша алады. Рас, бұрын шетел көрген, діни білімді азаматтар деп бәрін жаппай мешітке жұмысқа ала бердік. Теріс көзқарастарғы имамдар болды. Оны жасырмаймыз. Себебі оның көзқарасын анықтайтын адам болмады. Қазір 100 пайыз кепілдікпен айта аламын: Ақтөбе облысының 67 мешітіндегі барлық имам хәнәфи мәзһабын ұстанады.
    Сұқбатыңызға рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде орамалды оқушылар келесі сыныпқа көшпей қалуы мүмкін
  • Ақтөбеде орамал дауы қайта ушықты
  • Ақтөбеде жат ағым өкілі ауырып жатқан баласына қан салдырмаған
  • Террористер мен олардың әйелдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
  • Дін істері комитеті: Жастардың 60 пайызы дін жолында
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге