«Ешқашан танымал болуға тырысқан емеспін»

    Шынайылығынан жасандылығы басым қазақ эстрадасында өзінің даңғыл жолын тауып, халқына есті әндер сыйлап жүрген ақтөбелік әнші Жадыра Арыстанова – біздің кейіпкер. Ақтөбе десе көңілі елеңдеп тұратын Жадыраның халқымен бөлісер жаңалығы бар: алдағы уақытта туған өңірінің шалғай ауылдарын аралап, концерт бермекші. Сұқбат эксклюзивті болып шықты.

    «Әйел адамның көп сөйлемей, дөп сөйлегені абзал»
    Негізі табиғатымнан тұйықпын, өз-өзіммен жүрген осы қалпым ұнайды. Жасым қырыққа келген соң, енді-енді ашылып, бұқаралық ақпарат құралдарына сұқбат беруге тырысамын, шақырған жерден қалмаймын. Бұрын олай болмайтын. Жастайымнан әжемнің қолында тәрбиеленген соң, «ұят болады», «жаман болады» деген тыйыммен өскен қызбын. Мүмкін ол бір жағы дұрыс та емес шығар?! Бірақ сөзге сараңмын. Әңгімені ащы ішекше созып айтып отыру – табиғатыма жат. Қысқа, нұсқа, орнымен сөйлегенді ұнатамын. Бұрын аналарымыз көп сөйлемегенмен, дөп сөйлеген ғой. Күйеуіммен қонақта, тойда, көпшілікте отырсам, тіпті сөйлемеуге тырысамын. Жағаласпаймын. Рас өнер адамы болған соң, кейде сені ортаға алып, сұрақ қойып, қызығушылық танытып жатады. Сосын кейбір тілшілермен ашық-жарқын сөйлесіп кетемін, кейбіріне тіпті ашыла алмаймын. Көңіл-күйдің адамы болған соң шығар, сәл нәрсеге уайымдасам аузымнан сөз шықпай қалады (күлді-ред.). Көңіл-күйімді әнмен көтеремін. Әнсіз өмірімді елестете алмаймын. Бірден қолыма домбыраны аламын.

    «Тасқопаға 10 жыл бойы концерт қоюға ешкім бармаған»
    Темір ауданы, Тасқопа ауылында туғаныммен, 3 жасымда отбасыммен Қарғалы ауданы Қызылжар ауылына көштік. Сол жерде өсіп, сол жерде білім алдым. Ал енді Тасқопа – ата-бабамның, ата-әжелерімнің мекендеген жері, киелі топырақ. Қашан барсам да, «біздің Жадырамыз келді» деп ауыл халқы құрметтеп, ықыластарына бөлейді. Осыдан екі жыл бұрын Тасқопаға жеке концертіммен барып қайтқанымның өзі бір хикая. Наурыз айы болатын. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан облыстық филармонияның жанынан құрылған «Достық сазы» ансамбілінің қыз-жігіттерін ертіп алып бардым. Ол жаққа 10 жылдан астам уақыт ешбір әнші концерт қоюға бармапты. Жолы жаман болған соң шығар. Өзіміз де жолда тұрып қалып, әрең жеттік. Халық балаша қуанып, әр айтқан әніме билеп, қосылып айтып, ерекше бір рухани кеш болды. Өзім де рухани байып қайттым. Біздің өнер адамдарына осы жағы жетіспейтін сияқты. Былай қарасаңыз өмірдің мәні – сол. Біздің қолымыздан келетіні не? Ән айту, халықтың көңілін көтеру. Алдағы уақытта гастрольдік сапармен ауылдық жерлерді аралап шығу жоспарда бар. Жалпы өзім Ақтөбе десе елеңдеп тұрамын. Халықтың да ыстық ықыласын сеземін. Кеше «Анаға тағзым» слетінде де үлкен апа-әжелер мені құшақтап, сағыныштарын білдіріп жатыр. Сол күні ерекше бір сезімде болдым. Ішімнен «Аллаға шүкір! Іздеушім бар екен ғой» деп ойлап қоямын.

    «Нағыз өнер адамы домбырамен ән айта білуі керек»
    Негізі анам да, әкем де өнерге жақын адамдар. Өзім 4 жасымнан бастап ән айта бастадым. Өнерге деген іңкәрлігім ерте кезден басталды. Есімде төрде ескі қара домбыра ілулі тұратын. Соны бір күні аламын деп қолымнан түсіріп, сындырып алдым. Үйдегілер ұрсатын болды-ау деп қатты қорықтым. Әкем болса керісінше «бұл балаға домбыра керек екен ғой» деп әлгі домбыраны жөндеп, маған ең алғаш «Еркем-ай» әнін үйреткен. Бір рет көрсеткеннен қағып алыппын. Кез-келген әнді солай жаттап алатынмын. Ауыл үлкендері «әй, осы бала биіктен көрінеді» деп батасын беріп жүретін. Оқу бітірген соң, Ақтөбедегі А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжге оқуға түстім. Бірақ мен оқуға түскен жылы «халық әндері» бөлімі болмады да, Жайлау Асылханов ағамыздың күй сыныбына қабылдандым. Оқу бітіретін жылы Света Мырзагереева апамыздан халық әндерін үйреніп үлгердім. 1994-1996 жылдары Қазақстанда эстрада жанрының дамып жатқан уақыты болатын. Эстрадалы әндерге ден қойып жүргенімде халық әні «Ақжайнақты» алғаш алып шығып, Ақтөбе жұртшылығы мені «Ақжайнақ» деп атап кетті. Сөйтіп жүріп Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына эстрадалық бөлімге құжат тапсырдым. Шынымен де, көбісі менің дәстүрлі әндер айтатынымды біле бермейді. «Эстрадаға қарағанда домбырамен ерекше айтасың» деп естіген халық таң қалысып жатады. Меніңше, өзін нағыз қазақ әншісі санайтын өнер адамы ең алдымен домбырамен ән айта білуі керек. Кез-келген ортада, кез-келген жиын-тойда домбыра ұсынса, шырқай жөнелуі керек қой. Өзім үнемі Сәуле Жәймпейісова апамыздан ақыл-кеңес сұрап отырамын.

    «Танымал болуға тырысқан емеспін»
    Дұрыс аңғардыңыз. Танымал болуға тырысқан емеспін. Тырыспаймын да. Себебі ең бірінші орынға отбасымды қоямын. Әйел отбасымен ғана бақытты. Өнерді екінші орынға қоямын. Қайбір жылдары тіпті өнерді тастап, өзімді біржола отбасыма арнаймын деп шешкен едім. Күйеуімнің біраз жас үлкендігі бар, кішкентай балалар бар, үйге келетін қонақтар бар – бәріне жауапкешілікпен қарауға тиіс болдым. Болмайды екен. Ауырдым. Ауыр күйзеліске түсіп, уайымшылдық басып жүрді. Бірақ ара-тұра сахнаға шықсам, құлан-таза айығып кетемін (күлді-ред.). Сәуле апайым бір күні шақырып алып: «Жадыра, өнеріңді тастама. Бұл – Құдайдың саған берген сыйы. Тұншықтырма» деп ақылын айтты. Көбісі «осы сені мінезің құртады, жарқырап шықпайсың ба? Ешкімнен кем емессің» деп ренжіп жатады. Туа біткен мінезді өзгерту мүмкін емес шығар. Тырысамын, бірақ менікі емес. Шақырылған концерттердің бәріне бара бермеймін. Алдымен қандай әндер орындалатынын, кімдер ән айтатынын қараймын. Ән таңдағанда да алдымен сөзіне мән беремін. Тіпті жеңіл ән болса да, сөзі жұтаң, қарабайыр болмау керек. Бұл жағынан енді мақтана аламын. Мысалы, «Қазақ радиосының» Алтын қорына менің 30-ға жуық әндерім енгізілді. Бұл кез-келген әншінің қолынан келе бермейді. Арнайы комиссия әр әннің мәтінін, өңделуін қатаң тексереді. Өнер әншінің дауысы ғана емес, ол оның түр-келбеті, өзін ұстауы, киім киісі, ән айтуы, тіпті мимикасынан тұрады. Барлығы жарасымды болып тұруы керек. Өнерде жүрген адам қай жағынан болсын, өте таза болуы керек. Шынайылылық бар жерде халықпен байланыс орнайды. Жанды дауыспен айтқан әннің энергетикасы өте күшті. Халық бәрін сезеді. Қолымнан келгенше жанды дауыста ән айтуға тырысамын.

    «Тұрмыс құрған әншінің ән айтуы өзгереді»
    Бірден айтайын: отбасының берекесі әйел адамға, сіз бен бізге байланысты. Өнер жолында жүрген немесе өнер жолына бет бұрғысы келетін сіңілілеріме үнемі «тұрмысқа шығуды ойлаңдар» деп айтамын. Өнер жолына түсу ешқашан кеш емес. Былайша айтқанда, тұрмыс құрып, ана болған әншілердің орындаушылық қасиеті пісіп, әнді бойынан өткізіп, жүрекпен айта бастайды. Дауыстары мүлдем өзгеріп кетеді.
    «Ән айтып тұрып, қатты шаршап қалатынмын»
    Бұл сұрақты маған сіз бірінші рет қойып отырсыз. Мен бір жылдары сахнаға өте жиі шығып кеттім. Тойға да көп шығатынмын. Сол кездері бойымнан ауыртпашылықты жиі сезетінмін. Тіпті, кейде халықтың алдына шықсам, жүрегім айнып лоқситынмын. Сондайға дейін жеттім. Ән айтып тұрып, шаршап қалатын кездерім болды. Бір күні емші апай «мынадай әдемі көйлегіңмен, сұлу келбетіңмен, дауысыңмен, әрине ауырасың. Сахнаға шыққанда біреулер қызығып, біреулер қызғанып қарайды. Сүрелерді оқы» -деді. Содан дереу «Мұсылман қорғаны» деген кітапшаны сатып алып, сүрелерді жаттап, үйден шығарда «біссімілләмді» айтатын болдым. Содан кейін ғана жақсы болдым. Шынында да сөз бен көз бар екен. Осы аралықта намазға жығылғаныма бес жылдай уақыт болды.

    «Көп әншілер тоймен күн көріп жүр»
    Тойдың өнерге кері әсерлері бар. Әндер тым жеңілденіп кетті. Көбіне маған той иелері «билететін ән айтыңызшы» деп қолқа салады. Бұл жерде асабалардың да қате пікірі қылаң береді. Халық билесе ғана той күшті өтеді деп ойлайды. Неге? Кей адамдар той-домалақта көңілді тербететін ән тыңдап, демалғысы келеді. Оған көзім жеткен соң айтып отырмын. Сондықтан у-шумен, ойын-сауықпен, көңілді әндермен ғана өткен той қызықты болады деп ойламаймын. Жасыратыны жоқ, көп әншілер сол тойдың арқасында күн көріп, нәпақасын тауып жүр. Себебі концертке шыққаны үшін көп гонорар төленбейді. Асылық айтсам, Алла кешірсін. Концерт те, той да бола берсін. Бұрын тойға жиі шығатынмын, еңбегімнің өтеуі де ондай қымбат болған жоқ. Қайта сұраныс өте жоғары болды. Қазір тойға ұсыныс түссе, «мынадай баға» деп айтамын. Қалғанын той иесі өзі шешеді.

    «Бақытты әйел болу - өзіңнен»
    Көп нәрсе әйел затының өзіне байланысты. Өзің қандайсың, өзің өмірден не күтесің, сол болады. Айту оңай, әрине. Негізі іштегі менменшілдікті, тәкаппарлықты жеңу керек. Алғаш үйленген жылдары сәл нәрсеге ашуланып қала беретінмін. Қазіргі Жадыра бұрынғы Жадырадан мүлдем бөлек. Көп өзгердім. Сабырға келдім. Кішіреюді үйрендім. Негізі келін боп түскеннен бастап кішірейе берсең, ертең сені әулетің төбеңе көтеретін болады. Сол үшін шыдамдылық керек. Жаңа сіз сұрап отырсыз жолдасым Марат Жанғазы - домбырашы, күйші, композитор. Екі ұлымыз бар. Екеуі де өнерден құр алақан емес. Тұңғышымыз біздің жолымызды қуып, өнер академиясына оқуға түсті. Кенжеміз алдағы жылы мектеп бітіреді. Марат өзі өнер адамы болған соң, менің өнерімді қолдады, өнерімді бағалады. Қызғаныш бас кезінде болды, әрине. Бірақ арамыздағы сыйластығымыз ерекше. Директорым да, продюссерім де, демеушім де – сол кісі.
    Халқыңыздың сүйікті Жадырасы боп жүре беріңіз!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алма Адаханова. “Ақтөбеге келіп, жан тыныштығын сезіндім”
  • Манас Көшербаев: “Республикалық сахнаны бағындыра алмадық деп өкінбейміз”
  • Бейбіт Оралұлы: Ән айту еріккеннің ермегіне айналды
  • Жадыра Арыстанова: Той әндерін сахнаға алып шығу дұрыс емес!
  • Жайлау Асылханов: Маған кейбіреулер “Отсталыйсың!” дейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге