«14 жылдан бері қызымның «ана» деген сөзін күтіп жүрмін»

    Әсел Тұрмағанбетова – тағдырлы ана. 17 жасында тұрмыс құрып, 18 жасында тұңғышын дүниеге әкелді. Оның қайғысыз-қамсыз өмірі небәрі 18 жылға созылып, 2004 жылы Аружанымен бірге күрт өзгерді. Сенген азаматы сатқындық жасап, жас ананы тағдырдың тезіне тастап кетті. Бірақ ол мойыған жоқ. Алға жылжи берді. Қызын да қатарға қосты. Үлкен кәсіпті де қолға алды.

    «Орталықтағы балалар мені «мама» дейді»
    2014 жылы «Радуга-Ақтөбеге» әкімші боп жұмысқа орналасып, бір-ақ жыл істеп үлгердім. Бұл орталық енді Ақтөбе қаласы бойынша алғаш боп балаларға мерекелік кештер ұйымдастыруды қолға алған болатын. Негізін құрған Райгүл Мұқашева, Гүлбара Мырзағалиева деген ақтөбелік іскер әйелдер. Қазір ол кісілер «Асыл ана» жобасын республикалық деңгейде өтуіне күш салып жатыр. Бір-ақ жыл деген себебім: 2015 жылы осы Ақтөбеде ауыр жол апатына түсіп, миым шайқалып, жамбасым сынып, Астанада бірнеше ота жасаттым. Алматыда біраз емделдім. Босқа қол қусырып жатпайын деп, оңтүстік астанада визажист мамандығының оқуын оқып, көптеген әншілермен жұмыс жасап, республикалық телеарналардың айналасынды жүрдім. Былтыр анам қатты сырқаттанып қалып, Ақтөбеге қасына шақыртып алды. Ақтөбеге қайтып келген соң, Гүлбарамен жолымыз қайта түйісіп, мені орталыққа қастарына шақырды. Әуелі Алла, сосын анам, содан кейін осы Гүлбара мен Райгүл апайларымның шапағаты көп тиді. Себебі өзім 14 жастағы сал ауруына шалдыққан қызымды асырып отырған жалғыз басты анамын. Содан былтыр күзден бастап «Радуга-Ақтөбе» орталығындағы жұмысымды қайта жандандырдым. Сөйтіп жүргенде орталық аяқ асты жабылуы мүмкін деген сөз шықты. Өзімнің жақсы көретін ісім, сүйікті салам болған соң, мен ол кісілерден орталықты сатып алмақшы болдым. Әрине, олар да екі бөліп төлеуге келісті. Қазір 40 шақты балам бар. Дені 10-сыныптан жоғары оқушылар, арасында студенттер де бар. Аз қамтылған отбасынан шыққан еңбекқор аниматорларым 10-15 мыңдап ақша табады. Сабақтарына еш кедергісі жоқ. Түнгі тапсырыс кезінде әр баланың амандығын мойныма алып, үйлеріне аман-есен жеткізіп тастаймын. Өздері шетінен өнерлі. Екі тілде сөйлейді, ән салады, би билейді, сценарийді де өздері құрады, балақайлардың көңілін көтереді. Өтпелі кезеңдегі балалар болған соң, мінездерінде аздап қиындық бар. Тез ғашық болып, ренжіп қалып жатады. Үйіндегі ата-анасына айта алмаған проблемаларын маған айтып келеді. Барлығы мені «мама» дейді (күлді-ред.). Қызымнан естімеген сөзді орталықтағы осы балалардан естіп, оларға да барынша ана әрі сырлас дос болуға тырысамын. «Мама» деп айтқан кездерінде кейде жылап аламын. Алдағы уақытта костюмдерімізді жаңартып, жаңа ғимаратқа көшкіміз келеді. Әкімдіктен, меценаттардан көмек сұрағым келеді, бірақ бір жағынан қысыламын. Қолымнан басқа жұмыс келіп тұрса да, балалармен жұмыс жасау өзіме қатты ұнайды. Мектеп кезінен қалыптасқан ұйымдастырушылық қабілетімді әрі қарай дамытқым келеді.

    «Қоғам ерекше балаларды қабылдауға дайын емес»
    Ерекше баланы тәрбиелеп отырған ана болғандықтан, тағдырлас аналардың күйін, басындағы жағдайын жақсы түсінемін. Сондықтан оларға арнап қолымнан келгенше қайырымдылық шараларын өткізуге, тегін кештер ұйымдастыруға тырысамын. Алға балалар үйіне, Алға оңалту орталығына, Бестамақтағы «Күншуақ» лагеріне, Яйсанға, «Үміт» жетімдер үйіне, т.б. балабақшаларға, интернаттарға жиі барып тұрамыз. Өне бойы бір бөлмеден шықпай жататын балалар бар. Солардың аз да болса көңілдерін сергітіп, қуантқым келеді. Қызыммен жиі ауруханаларда барғанда, автобустарға мінгенде қоғамның қарсылығымен, теріс көзқарасымен бетпе-бет келемін. Біздің қоғамда әлі де мұндай балаларды қабылдамау бар. Бір рет қызым автобуста бір әжейдің аяғын басып кетіп, қатты сөз естігенбіз. Ондай жағдайлар болып тұрады. Іштей қынжылсам да көнемін. Бірақ аяушылық тудыратындай жағдай жасаған емеспін. Сондықтан осындай балалардың бір күнін ұмытылмастай етсем деген талпынысым күшті. Шығын болғанмен, сауабы мен қайырымы - Алладан. Негізгі кәсібімнен бөлек, «Зелло хелп» еріктілер тобына мүшемін. Еріктілермен бірге тығыз жұмыс істеп келемін. Анда-санда донор боп тұрамын.

    «Күйеуім қызымның бес айлығында бізді тастап кетті»
    2004 жылы Аружанымды босанатын кезде «Саяжан» босану үйін жаппақшы боп жатты. Сол жерде босандым. Сәбиге туабітті менингит деген диагноз қойылды. Жүктілігім ойдағыдай өткен соң, іштегі шаранаға бұл қайдан келген кесел деп басында көп ойландым. Оны түсіндіріп жатқан дәрігер жоқ, керісінше менің рұқсатымсыз 2,5 айлық баламның жұлынынан сұйықтық алды. Сол процедурадан кейін қызым басын ұстамай, жағдайы күрт нашарлап кетті. Оған дейін дыбысқа елеңдеп, тәп-тәуір дамып келе жатқан еді. Шын айтсам, дәрігерлердің соңынан түсіп, жауап алуға еш мұршам болмады. Күйеуім де аяқ асты мойнымызға түскен ауыртпашылықты көтере алмай, Аружанның бес айлығында үйден кетіп қалды. Содан бері бауыр еті баласының жағдайын сұрап, бір рет келген емес. Қызының түрінің қандай екенін де білмейді. Ата-енемнен де еш қолдау болмады. Ауқатты адамдар болса да, алдарына алақан жайып барған емеспін. Негізі бір адамды тұқыртып жіберетіндей қайғыны бастан кештім. Осы қиындықтан алып шыққан әжемнің сөздері. Әжемнің бауырында тәрбиелендім. Өзі жастайынан қиындық көріп өскен соң, маған да төзімді болуды үйретті. Қазір қызымның жасы 14-те. Құлағы естімейді, ымдап сөйлеседі. Жүрісі баяу. Қасында жетектеп жүрмесем, құлап қалады. Әрине, «жалғыздық Құдайға ғана жарасқан» ғой. Бұрындары қайтадан тұрмыс құруға дайын болып жүрдім. Дегенмен, көңілін білдірген ер-азаматтар ерекше қызымның барын біліп, ұсыныстарынан айнып, бас тартып жатты. Жауапкершілігінен қашқан шығар... Бірнеше рет сондай оқиға болған соң, ер-азаматтардан біржола көңілім суып қалды. Қалған ғұмырымды тек осы қызыма арнаймын деп шештім.

    «Жетім балалардың күлгенінің өзі жетістік!»
    Өмірден қатты түңілген сәттерім болмапты. Қайтсем де осы қызымды қатарына қоссам деген мақсат мені үнемі алға жетелеп келеді. Түнгі ойлардың жөні бір бөлек. Қатты шаршап не біреуден қатты көңілім қалған түні ұйықтай алмай, сансыз ойлардың шырмауында жатамын. Бірақ таңертең оянған соң, бәрін ұмытып кетемін. Кейде өзіме өзім «Әсел, есіңді жи» деп айтамын (күлді-ред.) Әрі балалармен жұмыс істеу көңілді. Олардың қасында қайғы-мұңға берілу, түңілу, депрессияға түсу деген қиындықтар болмайды. Жетістіктеріміз өте көп. 150-ге жуық «Алғыс хаттарымыз» бар. Халықтың ақ жарма алғысы мен жетім балалардың күлкісінің өзі мен үшін жетістік!

    «17 жасымда тұрмыс құрғаныма қынжыламын»
    Менің өмірім – менің маңдайыма жазылған тағдыр. Ешкімді кінәламаймын. Ешнәрсеге өкінгім келмейді. Біреуге жамандық жасап, тілеп алған ештеңем жоқ. Тек әжемнің ақылын тыңдамай, 17 жасымда тұрмысқа шығып кеткеніме ғана ептеп қынжыламын (күлді-ред.). Ол кезде оқуға түсіп те үлгерген жоқ едім. Күйеуім мектеп бітірген соң алып қашты. Бірақ кейін баламен жүріп, колледжді аяқтадым. Өмірден түйгенім: адамдарға жаппай сене беруге болмайды. Соңғы кезде «бірінші өзіңе, өзіңе, сосын барып өзгеге» деген ұстаныммен өмір сүруді үйреніп жүрмін.
    Сізге сәттілік тілейміз!

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Күйеуім тоқал алды...”
  • “Аналар үйін” паналаған ақтөбелік келіншектердің жартысы күйеуге шыққан
  • “Мен көкек-ана емеспін”
  • Қандай қиындық болса да сабырмен жеңе білу керек
  • Әдемі Демеуова: “Көмегіме мұқтаж жандарды тастап кеткім келмейді”
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге