Тәттігүл Талаева: «Адалдықты әкемнен, даналықты анамнан үйрендім»

    █ Жасыратыны жоқ, сұқбат барысында екіжүзділікке салынатын кейіпкерлер болады. Сөзі мен ісінің қабыспай жатқанын естіп, кейін таң қаласың. Ал, депутат, кәсіпкер Тәттігүл Талаева біздің сұрақтарға барынша ашық, шынайы жауап берді. Бірбеткейлігінен көпшілік арасында «Тентек Талаева» аталып кетсе керек. Бірақ бұл қасиеті оның 12 жылдан бері облыстық мәслихаттың депутаты болуына кедергі болған жоқ. Ол - «Тандем ТРК» ЖШС-нің директоры, облыстық мәслихат депутаты.

    «Тандем» намыспен ашылған радио»
    90-жылдардың басында Ақтауда кәсіпкерлікпен айналысып жүрген кезіміз болатын. Сонда «Таби» деген жекеменшік радиоға айына 3000 долларға жарнама беретін едік. Оған қоса кәсіпкер ретінде өңірде өтіп жатқан іс-шараларға демеушілік жасаймыз. Бір күні радио сатылымға шығарылды деген ақпаратты естіп, жалма-жан сатып алатын боп шештік. Бірақ олар бізге ескертпестен басқа адамға үстіне 5000 доллар қосып, сатып жібереді. Табиғатымнан өте намысшыл адаммын. Бірден Алматыға ұшып кеттім. Сол кездегі мәдениет министрі Шаяхметов мырзаға кіріп: «аға, мен радио ашқым келеді» дедім. Ол кісі де артық сөзге келмей, маған «құжаттарыңды дайында» деп нұсқау берді. Сөйтіп Алматыдан тіркеу куәлігін алып, Ақтауға келдім. Тез арада ғимарат тауып, ішін жасақтап, кадрларды тартып, 1994 жылы «Тандем» радиосын аштық. Радиомыз жиілікте пайда болған күннен бастап қыруар іс-шаралар, жобалар ұйымдастырып үлгерген едік. Қайырымдылық жарыстар өткіздік. Диджей де, жарнама жасаушы да, журналист те болған кездерім есіме түсіп отыр (күлді-ред.). Ол кезде жарнаманы да, музыканы да кассетадан қоятынбыз. Адам біреуге сөзін өткізу үшін, өз саласының нағыз маманы болу керек. Абыройлы басшы болу үшін қызметтің барлық этапынан өту керек. Авангард дегеннен гөрі перфекционист дегеніңіз дұрыс шығар. Кез-келген істі тыңғылықты істеймін, не мүлдем істемеймін. Көңіліме жақпайтын дүниеге жоламаймын. Ал, егер сол істің титімдей тұсы көңілімнен шықса, соңына дейін жүремін. Сауатты зерттелген аудитория мен уақытылы бақыланатын мониторинг жұмыстары кез-келген радионың бағын жандырады. Ал, жаңа бағдарламалар ойлап табу нағыз шығармашылықты қажет етеді. «Тандем» радиосы кезінде аймақтық радиолардың ішінен алғашқы боп «Алтын жұлдыз» сыйлығын жеңіп алды. Ұжымды ұжымның өзі басқарады. Мен ол жақта сирек боламын. Арасында маңызды мәселелер бойынша ақылдасып отырамыз. Ал негізінде радио қызметкерлеріне толыққанды еркіндік берілген.

    «Кәсіптегі ұқыптылық ұсақ-түйектен басталады»
    Менен «радио-бизнес пен өндірісті қатар алып жүруге бола ма» деп жиі сұрайды. Өндіріс пен шығармашылықты қатар ұстап, бір уақытта айналысуға болады. Білесіз бе, әр түрлі болуға тура келеді. Үйде ата-анаңа бала боп еркелесең, аға-бауырға әпкесің, балаға анасың, күйеуге әйелсің дегендей. Бір жерде өзіңді қатты, бір жерде жұмсақ ұстайсың. Адалдық пен ұқыптылықты жоғары бағалаймын. Тіпті қазір денсаулықты да сатып алуға болады. Ал, ұқыптылықты ақшаға ала алмайсың. Кәсіптегі ұқыптылық ұсақ-түйектен басталады. Ұқыпсыз адам қанша жерден мүмкіндігі болса да, жетістікке жетпейді.

    «Адамның өзінің ішкі цензурасы болуы керек»
    Радиода белгіленген цензура жоқ. Сіздің сұрағыңыздың төркінін түсініп отырмын. Президенттің осы уақытқа дейін сіңірген еңбектерін жоққа шығаруға болмайды. Ең оңайы – оппозицияға өту. Оған ағып жатқан ақыл-ойдың, ұшан-теңіз білімнің қажеті жоқ. Өмір бойы тырнақ астынан кір іздеп өтуге болады. «Тандемдегі» қыз-жігіттер мұны жақсы біледі. Ал, негізі адамның өз ішінде цензурасы болуы керек. Мен оларға үнемі осыны айтып отырамын. Өздерінің ішкі түйсіктері мен сана-сезімдері жақсы жұмыс істеу керек.

    «Грантты игеру үшін жаппай мамандық ашқан»
    Іскер әйелдер ассоциациясы басшылығында жүру азаматтық позициямды білдіруге қажет алаң бола білді. Бірақ ұзынсонар жиналыстар мен іш пыстыратын отырыстарды мүлдем ұнатпаймын. Нәтижесіз іске уақыт шығындауды артық көрдім. Азаматтық альянсты басқарғанда үкіметтік емес ұйымдарды бір шаңырақ астына жинау үшін біраз еңбектендік. Бұл да бір тәжірибе болды. Қазіргі таңда өзімді қоғам белсендісі қырынан көремін. Республика бойынша арнайы құрылған мониторингтік топтың Ақтөбедегі төрайымымын. Неге бұл жұмыс? Себебі нәтиже бар. Мен үшін ең бастысы - сол. Мысалы, біз жақында Ақтөбедегі оқу орындарына бөлінген гранттарды тексердік. Биыл біздің өңірге 3971 грант бөлінген. Алайда, оқушылардың білім сапасы өте нашар. Грант игерілмеу облыста болмаған жағдай. Екіншіден, барлық колледж-техникумдарда бір-бірінен көшірген мамандықтар жетерлік. Оның барлығы грантты қалай да игеру үшін ашылған, алайда материалдық базалары талапқа сай емес. «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» мамандығына 145 грант бөлінген. Бізде күнде фитнес – клуб ашылып жатыр ма не? Мұнай және газ колледжі мен ауыл шаруашылығы колледждеріне бұл мамандықтың қатысы қанша? Не дұрыс материалдық базасы жасақталмаған, не өзінің ғимараты жоқ «Тарлан» колледжіне 100 грант бөлінген. Ең өкініштісі, бүгінде ата-ана мен баланың көкейін тек диплом ғана теседі. Ал, ол қай мамандықтың дипломы? Ол дипломмен лайықты жұмыс табыла ма? Белгісіз. Оқуға түсе алмаған бала жұмыс істеу керек. Диплом маңызды емес. Ол бала жұмыс істеп жүріп-ақ, өмірлік бағытын айқындап, келесі жылы қандай оқуға тапсыратынын анықтай алады. Қиын жағдайда қалған адам ғана әрі қарай жылжиды, өседі. Сосын мектепте 1-4 сынып аралығындағы барлық оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету керек. Балалардың арасында «оның ақшасы жоқ, сондықтан тегін тамақтанады», «менің ақшам көп, сол үшін тамақты сатып ішемін» деген теріс көзқарас қалыптасып кетпеуі керек. Бұл да бүгінгі күннің ең өзекті проблемасы.

    «Депутаттығымды пайдаланған емеспін»
    12 жылдан бері облыстық мәслихат депутаты болған соң, ауыз толтырып айтар іс-шаралар жетерлік. Депутат боп сайланған күннен бастап Ақтөбеден балаларды уақытша оқшаулау орталығының салынуына тікелей себепкер болдым. Екінші бір атқарған жұмысым – депутаттық сауалдың нәтижесінде медициналық колледждің жатақханасына қол жеткіздік. Қазір енді ол жатақхананың төменгі қабаттарынан массаж кабинеттерін ашып тастаған. Ал, студенттер жатақхана тапшылығының зардабын әлі де болса тартып отыр. Білім басқармасы бұл мәселені назарына алады деп ойлаймын. Қоғамда қалыптасқан теріс стереотипке байланысты депутаттық ол – тегін, қоғамдық жұмыс. Біз ешқандай айлық алмаймыз. Белсенді, азаматтық ұстанымы бар адам ғана нағыз депутат бола алады. Ал, статус үшін, жеке мақсаты үшін сайланатын азаматтар өз-өздерін алдап жүр. Осы 12 жыл ішінде депутаттығымды пайдаланып, бірде-бір рет бизнеске қатысты шаруамды шешкен емеспін.

    «Барлығы мені «жиналыстағы
    Талаева» деп ойлайды»
    Менің айналамда жанашыр, адал достарым өте көп. Олар менің шын мәнінде қандай екенімді жақсы біледі. Сіз білесіз бе? Жиналыстағы Талаева мен үйдегі Талаева – екеуі екі бөлек адам. Қызметте көптеген адамдардың мені жақтыртпайтынын білемін. Маған бәрібір. Жұрттың бәріне ұнайтын жүз купюралы доллар емеспін ғой. Менің депутаттық сауалым мен көтерген проблемам – біреудің жан айқайы мен көз жасы болуы мүмкін. Оны дер кезінде айтпасам, өзімді жайсыз сезінетімді білемін. Аллаға шүкір, тәуелсіз адаммын. Сондықтан кез-келген пікірімді кез-келген жерде еркін білдіре аламын. Кейбір адамдарды жүйе сындырады. Ол рас. Ал, отбасымның ортасында маңайыма қамқор, қонақжай, бауырларыма жанашыр адаммын. Үйдің тұңғышы болған соң, ерте кезден жауапкершілікті сезініп өстім. Адалдықты әкемнен, даналықты анамнан үйрендім. Түз де, үйде де ұқыптылық пен тазалықты, жайлылықты жақсы көремін. Адам соңынан «іс қалдырамын ба, із қалдырамын ба» деп ойланады. Мен - артыма із қалдыра алған бақытты жанмын. Әркез ұлдарыма «әкелерің екеуміздің арамыздағы жағдай – жеке проблемам, бірақ ол сендердің құрмет тұтар әкелерің болып қалады» деп айтатынмын. Құдайға шүкір, арамызда достық пен сыйластық жарасым тапқан. Бөлек тұрсақ та, бір-бірімізді үнемі қолдап, демеп жүреміз. Екінші рет тұрмысқа шығуды ойлаған жоқпын. Өйткені ер мен әйелдің арасында ұлы махаббат пен сенім болу керек, есеп-қисаппен, сыйластықпен ғана отбасын құруға қарсымын. Маған осы өмірім де ұнайды. Үлкен ұлым шаңырақ көтерді. Бір немерем бар. Әжемін. Екінші ұлыма лайықты қалыңдық іздеп жүрмін (жымиды-ред.)

    «Патриотизм тілде емес, жүректе!»
    Барлығы менің орыстілді екенімді жақсы біледі. Ақтауда тұрғанымызда орыс сыныбындағы жалғыз қазақ қызы мен болатынмын. Өзіңіз білесіз, Кеңес одағының солақай саясаты қазақты дінінен, тілінен, тамырынан ажыратуға күш салды. Біз - сол жүйенің құрбанымыз. Есіме бір оқиға түсіп отыр. Қашан екені есімде жоқ. Әкімдіктегі бір жиналыс кезінде мен таза орыс тілінде баяндама жасап, әкеммен құрдас қарт кісіден сөз естідім. Ақсақал болған соң үндемедім. Екінші рет депутаттық сауал жолдағанымда тағы бір кісі маған ескерту жасады. Адамның қоғамға жасаған жақсылығы мен төккен терін тіл білместігімен жуып-шайып жіберуге болмайды. Мен ол кісілерге осылай деп айттым. Қоғам белсендісі Аружан Саин бір ауыз қазақша сөз білмейді деп, ұшан-теңіз еңбегін жоққа шығаруға бола ма? Жоқ. Қазақ тіліне деген фанатизм ұлттар арасындағы өшпенділікті тудырады. Олай етуге болмайды. Патриотизм тілде емес, жүректе!
    Сұқбатыңызға рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Вайнер болу оңай емес”
  • “Қазақстанда шоу – бизнес жоқ”
  • Сәния Қалдығұлова: “Отбасылық өмірді емес, карьераны таңдадым”
  • Марат Итеғұлов: Ең бастысы – халыққа қызмет ету
  • Арнұр Мәденов: “Шетелде “қазақ студенті” деген бренд бар”
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге