«Едігені зерттеймін деген бірде-бір ізденуші жоқ»

    █ 45 жылын педагогика мен Ақтөбе өңірінен шыққан ақын-шешендерді зерттеуге арнаған ғалымның көңілі алаң. Ер Едігесін әрі қарай зерттеуге құлшынған ізбасары жоқ. Басына мола саламын деген ер-азаматтар батырдың сүйегін қалаға жақын жерлеп, рухани-туристік орталыққа айналдырса дейді. Ырғыздың түбіндегі Әбілқайыр ханның басына 2 жылда 30-ақ адам барыпты... Академик, едігетанушы-ғалым Жұбаназар Асанмен сұхбат осы тақырыпта өрбіді.

    «Атымды «Жұманазар» деп өзгерттім»
    Менің туған күнім мен айым белгісіз. Кеңес үкіметі кезінде 1 жасқа толған балаға жәрдемақы береді де, оған шейін еш жерде тіркемейді. Мысалы, мен жазда туғанмын. Әке-шешем қаңтарда туған деп, жас қостырып, ертерек көмек алуға ұмтылыпты. Содан не керек, әлі күнге нақты туған күнім беймәлім (күлді-ред.). Шын атым – Жұманазар. «Жұма күні туғандардың жолы ауыр болады» деп отыратын шалдар. Куәлікте орысша «Жубаназар» деп жазылып кеткен дүниені соңғы екі айда «Жұманазар» деп өзгерттіріп алдым. Адам өлгенде өз атымен шығарылуы керек дейді ғой. Ал, енді балалық шағым Шалқардың «Ұлы құм», «Борсық құм» дейтін жерінде өтті. Ол құмның ұзындығы – 230 шақырымның ішінде, ені кей жерде 15-20 шақырымға жетеді. Сол құмның ішіндегі шағын ауылда табиғатпен етене ер жеттік. Су жақын болған соң, өсімдікке де бай, аң-құсы да көп мекен болды. 1950 жылдар – соғыстан кейінгі қаусаған кезең, жоқшылық уақыт. Шалқардан соғысқа аттанған әрбір бес азаматтың үшеуі опат болған. Екеуі оралғанмен, біреуі мүгедек боп қалған. Негізінен қара жұмыс күшінің басында әйелдер тұрды. Жылқыға жеңіл шөп шапқыш көлікті тіркейді, түйеге тырма жегеді. Трактор, транспорт деген ол кезде атымен жоқ. Ең алғаш ауылға гүрілдеп трактор кіргенде бақырып үйге қашыппын. 5-6 жаста болуым керек. Тау-тау боп үйілген шөпті шанаға өгіз жегіп, қара жердің үстімен әупірімдеп тасиды. Балалық шағыма өкпем жоқ. Жақсы тәрбиелерді көрдік. Қазір ондай тәрбиелер жоқ. Мысалы, табиғатты сақтау. «Домалақ» деген аядай көлдің қасына 5-6 киіз үй қоныстанып, әкелеріміз шөп шабады. 20 күн өтер-өтпестен шалдар жағы «мына жер азып барады» деп қыңқылдай бастайтын. Ауыл боп көшетін кезде ересектер жаңағы жерді дұрыстап, жер ошақтың орнын тегістетіп кетеді. Ырқыған судың айналасында бала боп бір-бірімізге су шашып ойнап, арық қазып жүрсек, шешелеріміз «жаман болады, сумен ойнамаңдар» деп тыйып тастайтын. Табиғатты солай сақтаған. Тәртіп мәселесіне де өте мығым болған. Ағаңның жағасынан алсаң, астыңдағы атыңнан, үстіңдегі щапаныңнан айырыласың дегендей. Қайталанса жер аударып жіберуге дейін барған. Рудан аластату – жазаның үлкені. Қазақ халқы түрме салмаған. Тентегін үлкендер өздері-ақ тезге салып отырған. Біз сол тәртіптің шет жағасын көріп өстік. Соғыста екі баласы бірдей қаза болған жетім кемпірді, жалғыз баласы қайтыс болып, соның күйігінінен кемпірі өліп қалған қу бас шалды руластары тастамай алып жүретін. Жоқшылықтың зардабын тартса да, кісілігін жоғалтпай жетім баланы балаларына қосып жіберетін. Озық тәрбие ғой.

    «Мектеп бітіре сала жұмысқа тұрдым»
    Мектепті үш шақырым жерден жаяу жүріп, қатынап оқыдық. Пән мұғалімдері жетіспеді. Сегізінші сыныпқа шейін дұрыс оқу болмады. 9-10-сыныпты аудан орталығында аяқтап, тым тәуір нәтижемен үйге келдім. Алматыға оқуға түсемін деп құлшынып жүргенмін. Әкем «оқымай-ақ қой» деді. Әкенің айтқаны заң. Үйде жеті ағайынбыз ғой. Бәрі сырт жаққа бытырап кеткен соң, кенжесін қасынан ұзатқысы келмеген шығар. Бір айдан кейін ауылдық кеңестің хатшысы боп жұмысқа тұрдым. Келесі жылы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болсам деген арманыма жете алмай, математика – физика мамандығына оқуға түстім. Оның өзінде әскер қатарына шақыртқан соң, тағы да әкем қарсы болды. Соғыс кезінде әскерге алынған жігіттер жаппай қырылып қалған соң, жүрегі шайлықса керек. Амалсыз Ақтөбеге оқуға жіберді.

    «Ақтөбе өңірінде айтылмай қалған ақындар көп»
    Оқу бітірген соң, бағыма орай Сарышолақ ақынның ауылына барып, ұстаздық еңбек жолымды бастадым. Сарышолақ деген ғажайып ақын Кеңес үкіметіне қарсы болған соң, жарыққа шықпай қалды. Абайдың замандасы. Жыл мезгілін, аңшылықты жырлау Ыбырай мен Абайдан кейін осы Сарышолақта ғана бар. Шамам келгенше облыстық газеттерге, «Жұлдыз» журналына жазып, халықпен қауыштырғандай болдым. Бірақ әрі қарай алып кететін бала болған жоқ. Соңындағы жоқтаушысы тағы жоқ. Мен енді қартайдым. Мөңке биді үкімет айттыра қоймайтын заманда Мөңке би ауылына мұғалім боп бардым. 12 жыл сол ауылда тұрдым. Жиын-той болса, ауылдың ақсақалдарын біреуін қолтықтап, біреуін шанамен сүйретіп алып келеміз. Шалдардың басы қосылса, Мөңке биді жырлайды кеп. Қызығып тыңдап жүретінбіз. Кейін би туралы материалдарды жиыстырып, республикалық, облыстық басылымдарға беріп жүріп, көше сұрадық. Сол кезде біраз сауатты адамдар қол қоймады. Білмейді екен. Негізі Мөңке биді жазайын деп жазған жоқпын. Мөңке бидің жырларын атасына теліп алған пысықайлар көбейіп кетті. Бұлай болмайды деп, біржола зерттеп, қайта-қайта кітап етіп бастырып, үніміз жеткен жерге шейін таныттық. Жас кезде энергия ішке сыймайды екен ғой (күлді-ред.) Оған шейін ақынның есімі ауылдан әрі асып шыға алмаған.

    «Едігені айтып-тауысу мүмкін емес»
    Ақтөбеге 1997 жылы келгенімді айтпаппын ғой. Оның өзінде Жұбанов атындағы педагогикалық институтта әдеби шығармашылық деген пән ашылып, соған оқытушы таба алмай жатыр екен. Әдебиетке қатысты жазып-зерттеп жүргенің бар деп маған қолқа салды. Қайтпайтын кез. Қазір болса беттемес едім. Ол уақытта сырттай филология факультетін бітіргенмін. Бағдарламаны құрастырып алдым. Сарышолақты да, Мөңке биді де университетте Ақтөбе өңірі ақындары мен шешендері деген арнайы курста оқыттым. Кандидаттық диссертация қорғайтын кезде «Шалқар ақындары» деген тақырыппен Алматыға көрнекті ғалым Алма Қыраубаеваны іздеп бардым. Ол кісі жетекші болуға бірден келісім берді. Қызық болғанда Кәкішевтің нұсқауымен тақырыбын «Ырғыз-Шалқар ақындары» деп өзгертіп, мәз болып жүргенмін. Сөйтсем тың тақырып алмау керек екен ғой (күлді-ред.). Мен байғұс дорбамды арқалап, ел кезіп кеттім. Қолда еш дерек жоқ. Ырғыз бен Шалқардың түкпір-түкпірін аралап, азып-тозып біраз жүрдім. Ыждаһаттап, көп кешіктірмей диссертациямды жүйелеп, Алматыға жетекшіме салып жібердім. Алма апай күзде ауырып, кенеттен қайтыс болып кетті. Содан Жұбановтағы жергілікті профессор Ә.Молдаханов ұсыныс білдірген соң әрі қол астында жұмыс істеген соң келістім. «Кімнің арбасына мінсең, соның әнін саласың» дейді қазақта. Докторлық диссертация қорғайтын кезде Едігені тағы өзім таңдап алдым. Бала кезден «Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен» деген еміс-еміс естігенім бар-тын. Едіге батыр жырының 50 шақты нұсқасы болса, соның біреуін жазушы Мұхтар Мағауиннің ұлы Едіге Шоқан Уәлиханов нұсқасы бойынша зерттеп, қорғап шықты. Едіге батыр енді күллі түркі халқының сүйіктісіне айналған соң, өзіміздің қазақ тіліндегі нұсқасына қосып, түркі халықтарының мұраларындағы ол туралы жырларды жинастырдым. 20-дан астам нұсқасын алып зерттедім. Эпостың неғұрлым варианты көп болса, ол адам халықтың сүйіктісі болған деп саналады. Ғылымда солай. Бір қызығы, орта ғасыр тарихшысы Қадырғали Жалайырдың еңбегінде Едіге батырдың Мәртөк жерінде қалай өлгенін, кім сатып кеткенін тайға таңба басқандай көрсетеді. Батырды одан асып зерттеген ешкім жоқ. Мәскеу тарихшыларының өздері Жалайырға сілтеме жасайды. Ақпараттың ең сенімді қайнар көзі деп есептейді. 2016 жылы Мәртөктің сол кездегі әкімінің өзі ықылас танытып, белгітас қойдық. Тағы бір қызық, Байғанин ауданың Қопа дейтін ауылына бардық бірде. Қасымдағы серігім зерттеу жұмысымен жүр. Содан Едіге туралы әңгіме шығып, анадайда көлеңкеде отырған екі шал «Ей, Едігең мына төбеде жатыр. Төбе «Едігенің жалы» деп аталады» деді. Күліп кетіп қалдым. «Осы үлкендер айта береді, Ұлытауда емес пе» деп қоямын ішімнен. Содан бір күні Алматыдағы тарихшы «Едігенің моласы» деп белгіленген картаны жіберді. Ендігі мен бойлығын өлшеп қарасам, жаңағы шал айтқан жерде жатыр. 1869 жылғы патшаның әскери картасы екен. 1904 жылы түсірілген тағы бір картада «могила Едыге» деп көрсетілген. Ол да сол жерді көрсетіп тұр. 1983 жылғы Кеңес үкіметі кезіндегі ғарыштан түсірілген үшінші картаны тауып алдық. Тағы шалдың айтқаны дәл келіп тұр. Бәрін «бүлдіріп» жүрген әлгі адай шал (күлді-ред.). Сонымен, дереу Қопаға жетіп, басындағы үш түрлі кірпішті дорбама салып, Р.Бекназаров деген тарихшы-археологке көрсеттім. «Аға, бұл кірпіштер 14-16 ғасырда салынған молаға тиесілі» деді. 15-ғасырдың басында Едіге қаза болған. Содан зерттеу жұмысына тағы дендеп кеттім. Мұның бәрін кейін бірнеше кітап етіп басып шығардық. Республикалық газет-журналдарға жаздық. Бірде-бір ғалым, жазушы қарсы пікір айта алмады. Себебі біздің қолымызда дәлел бар. Биыл көктемде Ер Едіге есімін кең ауқымда мансұқтау үшін халықаралық конференция өткіздік. Бұның енді менен руын, тегін сұрайды. Шыны керек, руын-тегін анықтай алмай-ақ қойдым. Өзінің кіндігінен 70 шақты баласы болған. Біраз ұрпағы Ресейге сіңісіп кеткен. Едігені айтып-тауысу мүмкін емес.

    «Едігеге көп есік жабық болды»
    Өкініштісі Қопа жеріндегі батыр моласына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмей отыр. Әйтеуір облыстық мәслихат биыл Едігені көше атауына бекітті. Ескерткішке жер алдық. Осының өзіне үш жыл жүріп, әрең қол жеткіздік. Едігеге негізі көп есік жабық болды. Бөгесіндер көп болды. Барған жерде «Едіге кім? Атилла ма?» деп сұраған шенеуіктерді талай кездестірдік. Өзі көп дүние жинап едім жас кезімде. Соның бәрін игеретіндей көріппін. Біраз жасқа жақындап қалдық. Бұрынғыдай таңды-таңға ұрып, кітап кеміріп, болмаса архивтерді аралап жүре беретін қауқар жоқ. Ізденетін студенттер де жоқ. Әлде мен студенттің тілін тауып, қызықтыра алмадым ба білмедім. Алтын Орданы 17 жыл билеп, екі рет қазақ халқының жойылып кетуінен сақтаған Едіге батыр – қазақ халқының перзенті. Құмкентте туып, Ақтөбеде жерленген. Сүйегі жатқан жер зерттеліп, қалаға жақын жерден басына мазар тұрғызылса, күллі халықтың зиярат ететін орталығына айналады. Ақтөбенің де абыройы асқақтап, жас балалардың рухы биіктейді.
    Сұқбатыңызға рахмет, аға!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Белгісіз батыр
  • “Құдайберген Жұбанов әлі толық зерттелген жоқ”
  • Нұрлыбек Қалауов: “Қазір “ұры” айтыскерлер көбейіп кетті”
  • Ардақ Жұбанова: “Атамды ұстап берген өзінің шәкірті, қазір белгілі ғалым”
  • Қайырғали Қожанбаев: Қайрат Нұртасқа зар боп қалдық
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге