“Лицейдің ғимараты бізге тарлық етеді”

    “Лицейдің ғимараты бізге тарлық етеді”

    Ғимараты ескі, тар болғанымен, білім деңгейі жағынан бірінші орынды ешкімге бермейтін «Білім-Инновацияда» болдық. Дәліздің қабырғалары кілең мақтау қағаздары мен кубоктарға, медальдарға толы. Әріректе үздік оқушылардың суреттері. Қабылдау бөлмесін таба алмай, адасқанымызды байқап, мұғалімдері көмектесіп бәйек. Жас басшы Қуаныш Нұрланұлы да қойған сұрақтарымызға барынша ашық жауап берді.

    «1000-нан оқушы сынақ тапсырып, 50-і ғана өтті»
    2017 жылдың 24 қыркүйегінде білім ордасының басшысы қызметіне тағайындалдым. Ақтөбедегі лицей-интернат сонау 1993 жылы ашылған. Ал, жалпы алғанда еліміз бойынша 27 қыздар және ұлдар лицейі жұмыс істеп тұр. «Қазақ-түрік лицейі» деген атау «Білім-Инновация» болып өзгертілгенмен, жүйе сол қалпында қалды. Тек жаппай ребрендинг жасалды. Не үшін жасалды деп сұрар болсаңыз, біздің мектептер еліміз бойынша көшбасшы білім ордалары қатарында және кез-келген жаңашылдықтарды бірінші боп қабылдап отырдық. Оның үстіне Қазақстанда қазір инновациялық даму, it-дәуірі үстем алып тұр. Соған сай лицей-интернаттардың да аты жаппай өзгертілді. Бізде жыл сайын мектептер арасындағы тәжірибе алмасу өткізіліп тұрады. Тек ол ғана емес. Жазда мұғалімдер Астана-Алматы қалаларында ұйымдастырылатын апталық семинарларда шетелден шақырылған мамандардың дәрісін тыңдап, жаңа оқыту әдістемелерімен танысып, жаңа инновациялық технологиялар жайында мағлұмат алады. Негізі орта білім беру мекемелеріндегі әдістеме барлығымызда бірдей. Басқа мектеп оқытқан бағдарламаны біз де оқытамыз. Біздегі ерекшелік – 24 сағат оқушылардың қол астымызда болуы. Бұл жақсы нәтиже береді. Оқушылар таңертең 9-дан түскі 4-ке дейін сабақ оқып, кешкі сағат 7 мен 9 аралығында сабаққа дайындалады. Қастарында тәрбиешілер жүреді. Мұғалімдері кестеге сай кезек-кезек қосымша сабақтар өткізеді. Мектепішілік шараларға ата-аналарды қатыстырамыз. Ата-аналар арасында жиі жарыстар, спартакиадалар өтеді. Ай сайын бір ата-ана тәрбиелік сағат жүргізеді. Былайша айтқанда, «ата-ана-мектеп-мұғалім» деген принциппен жұмыс істейміз. Бұл да біздің ерекшелігіміз саналады. Барлық оқушылар лицейге тек емтиханмен қабылданады. Яғни, математика, логика, қазақ тілі мен қазақстан тарихы пәндерінен тест тапсырады. Былтыр Ақтөбе өңірі бойынша 1000-нан аса талапкер емтихан тапсырып, соның тек 50-і ғана оқуға қабылданды. Конкурс бойынша әр орынға 20 баладан деген сөз ғой бұл. Біздегі талап пен іріктеу өте жоғары.
    «Лицей жабылады деген мәселеге нүктеге қойылды»
    «Білім-Инновация» лицей-интернаты - олимпиададағы жетістіктер бойынша 20 жылдан астам уақыт еліміздің ең үздік үш мектебінің қатарында. Былтыр Білім және ғылым вице-министрі Қ.Айтмағанбетов СДУ-де өткен тамыз кеңесінде еліміз бойынша тек Алматы, Тараз және осы Ақтөбедегі «Білім-Инновация» лицейін «Әлем шыңын бағындырушы» номинациясымен марапаттады. Үш түлегіміз кезінде облыстың «Жыл адамы» атағын жеңіп алған. Гарвард университетінде білім алған оқушыларымыз бар. Гарвардқа анау-мынау түлектің тісі бата бермейді. Қазіргі таңда лицей-интернатта 257 оқушы білім алуда. Қарапайым мектептерде 6-сыныпты бітірген оқушылар тест тапсырып, 7-сыныптан бастап лицейде оқуын жалғастыра алады. Бізде білім алу, жатақханада жату тегін. Ата-аналар тек қана тамақ ақысының 20%-ын төлейді. Бұл мемлекеттің бекіткен жаппай стандарты десек болады. Сабақтан тыс домбыра үйрену, футбол, шахмат, волейбол, дебат, көркем сөз мәнерлеп оқу, робототехника, логикалық қабілеттерін дамытатын қосымша үйірмелер өтеді. Биылдан бастап неміс тілін үйрету курсы ашылды. Еліміздің даңқын шығарып келе жатқан лицейлердің жабылуына қатысты мәселеге әлдеқашан нүкте қойылған.
    «Қыздар лицейі қашан ашылады деп жиі сұрайды»
    Сұраныс жоғары болғанмен, ол мәселе бүгін-ертең шешіледі дей алмаймын. Себебі жаңа ғимарат керек. Қазір облысымызда үш ауысымды, апатты жағдайдағы мектептер бар. Ең алдымен осы мәселелер күн тәртібінде тұр. Үш ауысымды білім беру мекемелері толығымен жойылған соң, халықтың сұранысына сай қыздар лицей-интернаты ашылады деп сенемін. Біздің мектепке арнайы келіп, «қыздар лицейі қашан ашылады?» деп сұраушылар өте көп. Біздің оған қатысымыз жоқ.
    «Жаңадан келген оқушыларды жалғыз қалдырмаймыз»
    Лицейде жаратылыстану бағытына сай математика, физика, информатика пәндеріне басымдық берілген. Ол сабақтар түгелімен ағылшын тілінде өткізіледі. Ауыл-аудан мектептерінен келген оқушыларға ағылшын тілі қиынға соғатынын білеміз. Бұл – жыл сайын қайталанатын мәселе. Сондықтан 7-сыныпта ағылшын тілін игеру деңгейлеріне сай оқушыларды бастауыш, жалғастырушы деп екі топқа бөлеміз. Әрі аптасына 12 сағат ағылшын тілі пәні оқытылады. Барлық оқушылар оқу процесіне ілесіп, тілді де меңгеріп, сабақты да түсініп шығады. Тек ата-анасын қатты сағынып, ортаға бейімделе алмаған, тәртіпке үйреніспеген оқушылар бастапқы 7-сыныпта өз мектептеріне оралады. Ол жағдайдың өзі сирек. Интернатқа келген бала оқу жылының алғашқы тоқсанынан кейін толығымен мектептің тыныс-тіршілігіне төселіп кетеді. Психолог мамандардың көмегіне жүгінетін оқушылар қазір атымен жоқ. Әр сыныптың жетекшісі, тәрбиешісі болады. Оқушыларға тәрбиеші «ана» қызметін, сынып жетекшісі «әке» қызметін атқарады деп қалжыңдаймыз. Бұл жерде тәрбиешілердің рөлі зор. Олар сабақтан тыс уақытта жаңадан келген оқушылардың жалғыз қалып қоймауын қадағалайды. Кешкілік әңгіме-дүкен құрып, шай ішеді деген сияқты. Ал, мұғалімдерге қойылатын басты талап – өз саласының маманы болу және шетел тілін жетік меңгеру. Бұрын аталған пәндерді түрік ағайлар оқытатын, қазір басым көпшілігі қазақ мұғалімдері, лицейіміздің кезіндегі түлектері. Мен де лицейдің (Алматыдағы-ред.) түлегімін. Осында әуелі ұстаз болып, орынбасар қызметіне көтеріліп, былтырғы жылдан бері басшы лауазымын атқарып келемін. Лицейде сабақ беретін ұстаздардың басқа жерлерде қосымша жұмыс істегенін құптамаймыз. Олар барлық уақытын осы білім беру ордасына арнау қажет.
    «Оқушыларға бір-бірін «аға» деп айтуға үйретеміз»
    Әрине, ұл балалардың басы қосылған жерде түрлі келіспеушіліктер болады. Әсіресе, жаңадан келген оқушылардың арасында 1-2 ай бойы түсініспеушіліктер болады. Бірақ уақыт өте келе барлығы бір үйдің баласындай боп кетеді. Ол жағынан алып бара жатқан даулы мәселелер жоқ. Біз ата-аналардан «не үшін біздің лицейді таңдадыңыздар?» деп сұраймыз. Олар «өзге мектепте жоқ тәртіп сіздерде бар, әрі ұл балаға ер мұғалімдердің сабақ бергенін құптаймыз» деп айтады. Қазіргі уақытта лицейімізде тек екі түрік, бір филиппин азаматы ғана жұмыс істейді. Бұрын өзіңіз білесіз, мұғалімдер мен тәрбиешілер жаппай түрік азаматтары болатын. Сол кезде қалыптасып кеткен «аби» сөзі соңғы кезде қолданыстан шығып келеді. Оның орнына оқушылар бір-бірін «аға» деп атайды. Біз оларға солай үйретіп жатырмыз. Қазақ балалары бір-біріне «аби» деп емес, «аға» деп тұрғаны жағымды естіледі. Жоғары сыныптың оқушылары да бауырларына ағалық қамқорлықтарын көрсетеді. Бұл енді лицейде әбден қалыптасып кеткен әдет-ғұрып десе болады. Өздері ұйымдастырып, қосымша сабақ өткізіп, білмегендерін үйретіп, олимпиадалық жарыстарға дайындайды. Біз жоғары сыныптың оқушыларына мұны міндеттеген емеспіз.
    «Ғимараттың тарлығы көп нәрсеге мүмкіндік бермейді»
    Мектеп ғимараты тар, ескі. Кейбір техникалық қауіпсіздік стандарттарына сай келмейміз. Мысалы, ғимараттың төбесі аласа. 1976 жылы бой көтерген құрылыс қанша дегенмен ескіреді. Кең ауламыз жоқ. Балалар сыртқа шығып, емін-еркін футбол ойнағысы келеді. Кейбір үйірме сабақтарын өткізе алмаймыз. Материалдық-техникалық базамыздың аясын кеңейткіміз келеді. Ол жағы да қиын. 1000-нан аса оқушы емтихан тапсырғанмен, тек 50 талапкерді ғана оқуға қабылдай аламыз. Мектебіміз үлкен болғанда бұдан да көп баланы қабылдар едік. Қазір 250 оқушы ғана білім алып жатыр. Өкінішке қарай, одан артық балаға жатақханада орын жоқ. Осыған байланысты жергілікті билікке сұраныс берілген болатын. Нәтижесінде жер де бөлінген, алайда ол жер игерілмей қалып қойды. «Үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер жойылмай, сіздерге жаңа ғимарат салып бере алмаймыз» деп кесіп айтты. Ғимаратымыз үлкен болса деп армандаймыз. Қазір енді жоқтан жақсы деп, балаларға барынша білім беруге, бос уақыттарын қызықты етіп өткізуге тырысып жатырмыз.
    «Қызмет бабымен жиі орын ауыстыру қиын емес»
    Алматы облысы Есік қаласындағы кезіндегі қазақ түрік-лицейін 2004 жылы бітірдім. ҚазҰУ-де математика және механика факультетінде білім алдым. Алғашқы ұстаздық жолым Алматыға қарасты Ақсай ауданындағы қазақ-түрік лицейінен басталды. Кейін Шымкент, Түркістан қалаларындағы мектептерде сабақ бердім. Былтырдан бастап осы Ақтөбеде жұмыс істеп жатырмын. 90-жылдардың басында ел-жері бөтен, тіл білмейтін түрік азаматтарының салып берген сара жолын енді біз жалғастырып жатырмыз. Кезінде түрік мұғалімдеріміз «біз сіздердің жерлеріңізге байрақты тіктік, енді сол байрақ өздеріңе аманат» деп жиі айтатын. Олардың жағдайымен салыстырғанда бәріміз бір қазақтың баласы, бір қазақтың жерінде еңбек етіп жүрміз. Қызмет бабымен жиі орын ауыстыру аса қиын емес. Оның үстіне әйелім де кезіндегі қазақ-түрік лицейінің түлегі. Екеуміз де мұғалімбіз. Бірге осы жолды таңдадық. Ұстаздық жолдың қиындығы мен қадір-қасиетін қатар түсіндік. Оқушылар мен ата-аналары алдындағы жауапкершілік өте жоғары екенін ұғындық. Тағдырдың айдауы шығар, әйелім екеуміз үш баламен көшіп-қонып жүрміз (күлді-ред.). Жасырын емес, Алматыны сағынамын. Жүрегім әрқашан Алматы деп соғады. Жора-жолдастарымының барлығы сол жақта қалды. Қазір Ақтөбеде пәтер жалдап тұрамыз. Жақсы қала екен. Ұнады.
    Сұқбатыңызға рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік оқушылар жүлдемен оралды
  • Ақтөбелік оқушылар суық мектепте оқуға мәжбүр
  • Ұбт: биыл қандай өзгерістер бар?
  • Бірінші сыныптың білімі балдық жүйемен бағаланады
  • Ақтөбеде қыздар лицейі ашылады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге