«Танымалдық пен жүргізушілік алысқа апармайды»

    Отбасылық мереке саналатын Жаңа жыл қарсаңында отбасы институтын дәріптеп жүрген әріптесіміз, «Aqtobe» телеарнасының тақырыптық хабарлар бөлімінің редакторы, журналист Әлия Оразайдан сұқбат алуымыз бекер емес. «Шаңырағы шаттыққа толы отбасыларды насихаттап жүріп, өзіме түйген дүнием көп» дейді күн дидарлы әріптесіміз. Иә-иә, қашан көрсең Әлияның жүзінен нұр төгіліп тұрады. Күлімдегені - оның визиткасы.

    «Арманым - әкемнің тілегін орындау болды»
    Үйде он баланың кенжесі, бауырларымның кішкентайы болған соң, ерке өстім. «Қандай арманың болды» деген кезде әркім өзінің бір кездегі жүрек қалауымен бөлісіп жатады ғой. Ал, менің арманым ата-анамның тәрбиесімен астасып жатты, сол кісілердің алдыма қойып берген мақсатынан, қалауынан туындады десем артық айтқандық емес. Өйткені әкем «қызым, сен жаңа заманның ұрпағысың, көзің ашық, сауаттысың, өлмейтін жағыңды қарашы» деп үнемі айтатын. Тағы бір сөзінде «әй, кәпірдің баласы атандырмашы мені» дейтін. Менің арманым қалай да осы әкемнің сөзін аяқ асты етпеу болатын. Ал, балалық шағымның Жаңа жылы апа-жездемнің жыл сайын Алматыдан салып жіберетін мандаринінің бұрқыраған иісінде қалыпты. Әрі ауыл балалары үшін мектептің спорт залында, ауыл клубында өтетін мереке қашан да қызық қой. Ата-анамыз бірнеше күн бұрын өздеріне де, бізге де жаңажылдық костюмдерді қолдан тігіп дайындайтын. Ақшақардың бас киімін картон қағаздан қиып, бетіне желім төгіп, мақта жабыстырып, тағы да желім төгіп, үстіне шыны бөтелкенің ұнтақтарын себетін. Ересектер жағы қалың тондарды теріс айналдырып, беттеріне маска киіп шығатын. Ешкім танымаған адам сонда сыйлық алатын. Бір күні Жаңа жыл мерекесінде аяқ асты жарық сөніп қалып, ол да бір қызық күндер боп артта қалды. Мерекеде көршілер үй-үйді аралап, бір-бірін құттықтап, домбыра-баянмен ән салып, шат-шадыман боп жүретіні жүрекке жылулық сыйлайды.

    «Шет тілдер маманы болғым келген»
    Негізі мектепте ағылшын тілін өте жақсы оқыдым. Мектеп бітірген соң заманауи мамандықтың бірін игерем бе деген арман желдей есіп жүретін. Құжат тапсыратын кезде журналистика мамандығы барын естіп, бағымды сынап көрмекші болдым. Егер грантын ұтып алсам оқимын, болмаса шет тілдер мамандығының ақылы бөліміне оқуға түспекшімін. Айтқандай журналистика бөлімінің гранты бұйырмады да, аудармашы боламын деп шештім. Сол аралықта ауылға барып, оқудың ақшасын алып келгенімше топ толық жасақталып, деканат қызметкерлері мен үшін тағы бір топ аша алмайтындарын айтты. Кешігіп қалыппын. Солай журналистика кафедрасына оқуға қабылдандым. Кейін аудармашы мамандығына деген қызығушылығымды журналистика басып тастады. Айтпақшы, мектепте оқып жүргенде жиі «Балдырған», «Ұлан» газетіне материалдар жариялап тұрдым. Редакциядан «Құрметті, Әлия Нұрмағанбетова, сіздің хатыңызды алдық» деп жауап келгенде қатты қуанатынмын. Сондай хаттарды күтіп жүретінмін. Журналистикаға келуіме бала кездегі газетке қызығушылығым себеп болды ма деп ойлаймын.

    «Бізді табыстырған – «Тандем» радиосы»
    Журналистика факультетінің үшінші курсында оқып жүргенде Орал облыстық радиосынан іс-тәжірибеден өттім. Ондағы журналистер таза, ашық дауысым мен дайын дикциямды ұнатып, демалысқа шыққан дикторлардың эфирін сеніп тапсырды. Сөйтіп Оралдың облыстық радиосынан өзіме біраз тәжірибе жинап әкелдім. Ақтөбеге келген соң, игерген білімімді әрі қарай шыңдайын деп, «Тандем» радиосына хабарластым. Солай Жәкеңмен (күйеуі Жаңалық Ахаш-ред.) алғаш рет телефонмен сөйлестім. Тұтқаның әр жағынан шыққан қатқыл дауысқа ептеп тіксініп қалғанмен, құрбымды ертіп алып, радиоға бардым. Ол кезде Жаңалық осы радиода жұмыс істейді екен. Бізді күтіп алып, студияда дауысымызды тексерді, мәтін аудартты. Алғашқы күннен пультке отырып, «Вареники» құттықтау хабарының жүргізушісі боп шыға келдім. Жәкеңмен таныстырып-табыстырған – осы «Тандем» радиосы. Алғашқы эфир, журналистикадағы алғашқы қадам, алғашқы таныстық...айта берсе, талай қызықты күндер бастан өтті ғой (күлді-ред.). Ең бірінші эфирден соң радио басшысы Тәттігүл Жақсыбайқызының «Жаңалық, мына қызбен әрі қарай жұмыс жаса, бұл қыз алысқа барады» деген сөзі есімде қалыпты. Журналистикаға жаңа-жаңа аяқ басқан тілшіге мұндай сөздер үлкен стимул береді. Жаңалық та аса мақтап, көкке көтермегенмен, сынап та тастаймайтын. Бір күні мешітке имамнан сұқбат алуға барып, қалам сатып алатын 50 теңгені садақа жәшігіне салып жіберіппін. Мешітке бұрын-соңды барып көрмеген соң, елдің бәрі темір жәшікке тиын-тебен тастап жатқанға, мен де ақша салуға тиістімін деп ойлағанмын ғой. Әрі ішке кіре алмай, қорқып біраз тұрдым. Молданың қасына барып, кейін шегініп кетіп қаламын. Сөйтіп әрең дегенде сұқбат алдым. Редакцияға келген соң, Жәкең «қалам алдың ба?» деп сұрамасы бар ма?! Мән-жайды айтқан соң, мені қасына шақырып алып «сен өзі журналист болғың келе ме?» деп сұрады. Басымды изедім. «Мына нәрселер есіңде болсын: журналист ұлт пен жынысқа бөлінбейді әрі жасқаншақ болмау керек» деді. Әлі күнге осы айтқан сөздері есімнен кетпейді.

    «Әр түрлі сюжет үшін дауласып көрмеппіз»
    Жаңалық екеуміздің дастархан басындағы күнделікті әңгімеміз, ортамыз – бір. Ара-тұра кереғар пікірлер туындап қалғанмен, қызылкеңірдек боп дауласу болған емес. Мысалы, мен облыстық телеарнаның жаңалығында «бүгін қаламызда үлкен балабақша ашылып, тұрғындардың мәселесі шешілді» деуім мүмкін. Сол күннің ертесінде «КТК» телеарнасынан Жәкең «балабақша ашылды, бірақ ата-аналардың наразылығы бар» деп сюжет жасауы мүмкін. Бұл - біз үшін қалыпты жағдай. Арасында тіпті бірігіп ақпарат іздеп, тақырыпты ашу үшін бір-бірімізге көмектескен кездеріміз де болды. Қиын жағдайға тап болған адамдар түн демей, Жаңалыққа телефон соғып, ол жауап бермесе, маған звондайтын кездері болады. Жәкеңе келіп түскен өткір видеоларды кейде өзіме алып жатсам, «бұл маған бірінші боп келген ақпарат қой» деп күледі. «Ақпарат ортақ, біз өзімізше, сендер өздерінше сюжет жасайсыңдар» деп сұрап аламын (күлді-ред.). Осындай да қызықты сәттер болады.

    «Барған жерімнен қажетті ақпарат алмай кетпеймін»
    Журналистика саласында жүргеніме 15 жылдай уақыт болды. Журналистің асыл қасиеті оның – шынайы ақпаратқа жұмыс жасауы деп білемін. Өз басым біреудің жеке басына тиісіп, намысына тиетін ақпарат беріп көрмеппін. Журналист өзгеге де, өзіне келгенде де әділ болу керек. «Мен кәсібимін», «мен мықтымын» деп айтатын журналистер алысқа бармайды. Сала көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатыр. Журналистер де соған сай үнемі ізденісте болу керек. Менде барған жерден ақпарат алмай қайтпаймын деген әдет бар. Әдет пе, табандылық па оны өзіңіз шешерсіз. Былтыр Димаш Қытайдан Ақтөбеге ұшып келгенде өңірдің күллі БАҚ өкілдері әуежайға жиналды. Бірақ бірде-біреуі ақпарат ала алмады. Көбісі кері қайтып кетті. Қасымда оператор, режиссер, жүргізуші ағай жүр. Дереу Димаштың анасына хабарласып, сюжетті үйіне барып түсіретін болдық. Дегенмен, Димаштың өзімен тілдесу мүмкін болмады. Қытай елімен арадағы келісімшарты оған рұқсат бермейді екен. Бірақ Димаштың ата-әжесінен сұқбат алып, тың дүниелер жинап қайттық. Ал, «Шаңырақ шаттығы» хабарының жаңажылдық түсірілімі кезінде Димаш телефон арқылы құттықтау сөзін білдірді. Қытай елінен бөлек республика шеңберінде сұқбат бермеген жерлес жұлдызымыз сол кезде біздің телеарнаға ғана сұқбат беруге келіскен болатын.

    «Балалардың журналист болғанын қаламаймын»
    «Шаңырақ шаттығы» отбасылық хабарын түсіру барысында түйген дүнием көп: отбасы бақыты не биік-биік шыңда болады, не терең мұхиттың түбінде жатады. Оған жету оңай емес. Ерлі-зайыптының алдында түрлі жолдар, сынақтар болады. Үйде қандай жағдай болса да, көңілге алмауға тырысамын. Керісінше түсіністікпен қарап, қолдауға ұмтыламын. Өмірде шама келгенше күліп жүру керек. Кез-келген нәрсеге күлімсіреп қарау керек. Өзімнің ұстанымым – осы. Ашуымның қайтымы да тез. Жәкең де сондай. Маған ауыр, лас сөздер айтқан емес. Осыған шейін аузынан жаман сөз естіген емеспін. Құдайға шүкір, көп ешкімге ұқсай бермейтін, жұп-жұмыр, жып-жинақы, бояуы қанық, сондай отбасылық өмірді кешіп жатырмыз. Тек ұзағынан болса екен деп тілеймін. Бұның бәріне дәнекер – балаларымыз. Ұл-қыздарымызға жақсы тәлім-тәрбие бере алатын ата-ана болсақ, біз үшін ең бастысы – сол. Балаларымның журналистика саласына бет бұрғанын аса қаламаймын. Күнде көріп жүрген ортақ жұмыс болған соң ба, қиындығынан ба нақты айта алмаймын. Одан өзге саланы таңдаса екен деп тілеймін.

    «Өңірге журналистика кафедрасы өте қажет»
    Облыстық телеарнадағы жұмысымнан бөлек, Қазақ-Ресей халықаралық университетінде журналистика мамандығында оқитын болашақ тілшілерге дәріс оқимын. Көбісі тележүргізуші боламын дейді. Мен оларға танымалдылық пен дайын дүниені оқып беретін жүргізушінің алысқа бармайтынын бірінші күннен айтып түсіндіремін. Одан бөлек телеарнамыздың ішінен ашылған телеакадемияда журналист болуға талпынған кішкентай балаларға, оқушыларға да білгенімді үйретемін. Жалпы өңірімізге журналистика кафедрасы өте қажет. Дипломы бар журналистер көптеп шығуы үшін журналистика мамандығының ашылғаны қажет. Медиа-мектептер мен оқыту орталықтарындағы білімді оқу орнының берер білімімен салыстыруға болмайды. Ұстаздықтан бөлек екі тақырыпты хабарым бар. Корпорацияның атынан түрлі тапсырмалар келіп түседі. Соның бәріне үлгеруге тырысамын. Жоспар мен жүйе үйлесіп тұрса, оған деген талпыныс пен құлшыныс болса, бәріне үлгеруге болады.

    «Жаңа жыл күні кезекші де болғанбыз»
    Жаңа жылды отбасында екі рет қарсы аламыз. Бірін – астанаша, екіншісін – ақтөбеше уақытпен. Шама келгенше үйде, балалардың қасында болуға тырысамыз. Ара-тұра кезекшілікке түсіп, Жаңа жылдың туар сәтінде орталық саябақта сюжет жасаған кездеріміз болды. Биыл ешқайда жұмсап жібермесе, үйде қарсы аламыз деп отырмыз. Әріптестерімнің қаламы мұқалмай, халықтың сұранысындағы жазарлары көбейсін! Ал, сұқбатымызды оқып отырған оқырмандарға, хабарымызды күтетін көрермендерге шаңырақ шаттығын тілеймін!
    Әумин! Айтқаныңыз келсін!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Баспасөздің “бандиттеріˮ
  • Венера Серғазина: «Қара шаңырағымның атына кір келтіргім келмейді»
  • Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.
  • Баян Сәрсенбина: “Журналистер сот процесінен өтуі керек”
  • Жаңалық АХАШ: Құдалыққа барудан қатты рахаттанамын
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге