Ілияс ИСПАНОВ: “Әкім болам деп ойлаған жоқпын”

    Ол мектеп табалдырығын бес жасында аттаған. Сыныптастары арасында оның “Менделеев” деген лақап аты бар. Бала кезде түрлі жарыстар мен оқудан қолы босамаған оның жарғақ құлағы қазір де жастық иіскеп жарытпайды. Ағайынның тойына бармаса, оған ешкім өкпелемейді. Ол спортты жақсы көргенімен, спорт оны “маңына жолатпаған”. Алайда, спорт – оның сүйікті ісі. Ол таңғы алтыда тұрып жаттығуға барады. Ол – Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.

    Ілияс Сапарбекұлы, қызметтік мансабыңыздағы алғашқы әкім тағына Ақтөбеде отырдыңыз. Жалпы Ақтөбеге келемін деп ойладыңыз ба?

    Біріншіден, “әкім боламын” деп, сосын “Ақтөбеге келемін” деп ойлаған жоқпын. Мұндай жағдайлар көбіне күтпеген кезде болып жатады ғой. Қай адам болмасын, жаңа қызметке келгенде “Неден бастасам екен?” деп ойлайды. Ақтөбеге алғаш келгенде мен де солай ойладым. Бірақ проблема өте көп. Қазір үйреніп кеттім бе, білмеймін?! Проблеманы көрсем, ең алдымен оны тез арада шешудің мүмкіндігін ойлаймын. Қадалған жерден қан алмай қоймаймын. Тамшы тас теседі. Шешілмейтін мәселе жоқ деп ойлаймын. Қалдырмауға тырысу керек.

    Instagram желісіндегі жеке парақшаңызды өзіңіз жүргізесіз бе? Барлық пікірлерге жауап қатып отырасыз.

    Иә, өзім жүргіземін. Басқа біреу жүргізсе, нәтиже нашар болады. Адамның деңгейіне де байланысты. Басқа адамдарға қарағанда әкімшіліктің жұмысын, имиджін өзгерту тікелей маған байланысты. Байқаған шығарсыздар, парақшамды алғаш ашқан кезде көп жауап бермейтін едім. Бір жыл болды. Қолға ала бастадық. Себебі парақшаны ашып қойып, мәселелер бойынша келіп түскен сауалдарға жауап бермеуге тағы болмайды. Парақшаны ашып қалғанда жаңадан қосылған пікірлерді көріп, скриншот жасап аламын. Сол бойынша жауапты адамдарға тапсырамын. Әуелі сол хабарлама пікір жазған адаммен хабарласып, байланыс орнатамыз. akimat_aktobe, aktobe_akimat деген екі жұмыс парақша бар. Қазір 182 мың адам жазылған. Алғашында көбіне кемшіліктер туралы көп жазатын. Оларға жауап бермесең, небір нәрселерді жазып, ойына келгендерін айтатын. Кейде шектен шығып кеткендер де болды. Ондай кезде “Сіз дұрыстап жазыңыз” деп заңға сәйкес жазаланатынын айтып түсіндіреміз. Қазір ол жайдайлар түбегейлі өзгерді. Әлеуметтік желінің бір жақсысы, тұрғындар қарапайым нәрселерді дер кезінде хабарлап отырады. Мысалы, көше құдығының беті ашық қалды деп хабарлайды. Оны скриншоттап аламын да, жауапты мекеменің whatsapp желісіндегі топтық чатқа жіберемін. Жарты сағаттан кейін маған әлгі шаруаны қалай тындырғандарын суретке түсіріп, есеп береді.

    Топтық чат барлық мекемелерге ортақ па?

    Жоқ. Бірнеше топтық чат бар. Олар жұмыстың бағытына қарай құрылған. Мысалы, “Қоқыс шығару” деп аталатын топ бар. Оған осы салаға жауап беретін бөлім қызметкерлері кіреді. Тазалық жұмыстары жөніндегі есептерді осы топта беріп отырады. Менің телефонымда жұмысқа қатысты 18-ден астам WhatsApp тобы бар. Бұдан өзге “Туысқандар”, “Испановтар отбасы” деген топтар бар. Өзімнің отбасыма қатысты “Жанұя” атты топ бар. Онда өзім және келіншегім, төрт балам бар.

    Балалық шағыңыз туралы айтыңызшы. Лақап атыңыз болды ма?

    Үйдің үлкені әпкем болды. Ол менен екі жас үлкен еді. Жасы жетіге келгенде мектепке бармай қойған. Өзі ер бала сияқты. Үнемі шалбар киіп жүретін. Қазір Астанада тұрады. “Ілияс бармаса, мен де бармаймын” деген соң, үйдегілер мені де бес жасымда әпкеммен бірге мектепке апарады. “ Әзір жүре тұрсын. Кейін әпкесі үйреніскен соң шығарып алармыз” деп ойлаған. Бірақ мен сол кеткеннен мектепте біржола қалып қойдым. Химия мен физиканы жақсы көретін едім. Жарыстар мен олимпиадаларға көп қатыстым. Мені түрлі жарыстарға жібере беретін болғасын әрі Менделеев кестесін жатқа білетін болғасын сыныптастарым “Менделев” деп атап кетті. Гуманитарлық пәндерге аса қатты қызығушылық болған жоқ. Төрт ағайындымыз. Үйде әпкем, мен, інім және қарындасым болды.

    Бала Ілиястың арманы қандай болды және ол орындалды ма?

    Тым арманшыл болмадым. Бірінші мамандығым мал дәрігері болды. Сегізінші класты бітіргеннен кейін 13 жасымда техникумға түстім. Негізі 16 жасымда түсуім керек қой. Бірақ, жаңа айтқанымдай сабаққа екі жыл ерте бардым ғой. Сол кездері совхоз директоры болуды армандайтынмын. Мал дәрігеріне басқа не керек (күліп)?! Алматыда нархозда оқып жүргенде, банкте жұмыс жасадым. Ол кезде “Банктің бастығы болсам” деп армандап кететінмін. Байсалды, тұлғалы адамды көріп қызығасың ғой?! “Өзімнің ақшам болса, Алматыда тұрсам” дейтінмін. Жиырма жасымда банкке жұмысқа тұрдым.

    Неше жасыңызда үйлендіңіз?

    Жиырма жасымда үйлендім. Банкке жұмысқа кірген кезім еді. Барлық жағдай бар. Әжем “үйлен” деп қоймайтын. Оңтүстік жақта үлкен кісілер қыздың ата- анасын біліп алады да, “сонымен таныс” деп қоймайды. Өзің бармағасын, өздері таныстырады. Таныстыра берген соң шаршап кеттім. Ең ақырғы таныстырған қызға үйлендім. Содан кейін таныстыруды қойды ғой (күліп)!

    Қазір қай құрдастарыңызбен араласасыз? Әпкеңіздің құрдастарымен бе, әлде өзіңіздің бе?

    Шынымды айтсам, әпкем екеуміз жеті мектепте оқыдық. Әкем жұмысына байланысты бір ауданнан келесі ауданға жиі қоныс ауыстыратынбыз. Туған жерім - Ордабасы ауданы. Қалған туысқандарым Сарыағашта тұрады. Кейде Сарыағаштыкымін деймін. Кластастарыммен көп араласпаймын. Бірақ өздері байланысқа шығып жатады. Әпкем олармен жақсы араласады. Бір топта оқығандардан үш-ақ адаммен хабарласамын. Академияда оқығандардың бәрі қазір бастық болып кетті. Институтта оқыған бір құрдасым Ақтөбеде тұрады. Онымен бір-екі рет хабарластым.

    Көп қызметтің арасында жаныңызға жақын болғаны қайсы?

    Маған Жоғарғы Сотта жұмыс жасаған ұнады. Себебі аппарат басшысы болдым (күліп). Онда он мың адам қызмет істейтін.
    Қолыңыз қалт етсе немен айналысасыз? Хоббиіңіз бар ма?
    Қолым босаса, спортқа барамын. Жас кезімде боксқа қатыстым. Бір жарыста тісімді сындырып алғаным бар. Кейін футболға ауысып, тобығымды жарып алдым. Қазір тек өзім үшін таңғы жаттығуларға барып жүрмін. “Хаммерге” барып жүрмін. Таңғы сағат 06:50 - ден 08.40 - қа дейін жаттығамын.

    Менделеев кестесін әлі жатқа білесіз бе?

    Бәрін білмеймін. Бірақ көрсем бірден есіме түседі.
    Әкімдік қызмет сіз үшін жаңа белес болды. Әкім болудың сіз үшін ұнамды және ұнамсыз жерлерін айтыңызшы?!
    Ұнамайтыны – емін-еркін жүре алмайсың. Бір жерге барып қалсаң, “суретке түсейік” деп жатады (күліп). Қарап қалсаң, бірдеңе айтқысы кеп тұратын сияқты. Әрине, одан қашпаймын. Ұнайтыны –күнделікті жұмыс.

    Есіңізде шығар, бір кездері сіздің ұйықтап отырған суреттеріңіз жиі тарап кететін. Шынымен сол кезде қалада жұмыс көп болды ма?

    Ондай жағдай бір-ақ рет болды. Ол Ақтөбеге Асқар Мырзахметов іссапармен келген кез еді. Сағат алтыда күн жарық болып кетеді ғой. Ерте тұрып сонда барып, кейін тағы мектепке соқтық. Содан кейін спортқа келдім. Кейін тағы екінші нысанға бардым. Сол күні көп жерге бардық. Сосын, менде аллергия бар. Адам бір жағынан қатты ыстыққа да маужырайды емес пе?! Содан кейінгі кадрлар әдейі түсірілген. Басым төмен сәл түсіп кеткенде, көзім жұмулы отырған тәрізді. Сондай сәттерді “қағып” алған ғой.

    Ағайындардың той-томалағына барасыз ба?

    Олар мені шақырмайды. WhatsApp арқылы шақыру билетін салып жібереді. Туған әпкемнің баласы үйленгенде де бара алмадым. Олар да ренжімейді. Былтыр әкемнің 70 жылдық мерейтойына барып келдім.

    Уақытыңыз тығыз болса, отбасыңызға қалай уақыт тауып жүрсіз? Балаларыңызға қиын емес пе?

    Иә, балалар ренжіп жатыр. “Сіз-ақ осы жұмыстан босамайсыз” дейді. Балаларымды түскі тамақты ішуге барғанда көремін. Кешке жұмыстан барғанда олар ұйықтап қалады.

    Қала басшысы ретінде кез-келген қиындыққа тап болған отбасыларға көмек беріп келесіз? Ал жеке өзіңіздің бастамаңыз арқылы қайырымдылық шараларға қаншалықты жиі көңіл бөлесіз?

    Оған да уақыт керек. Оған да бір адамды қоюым керек. Ал енді біреулерге қайырымдылық жасап жатырсам, мешітке садақа салсам, оны айтуға болмайды ғой. Қазір бір баланы қамқоршылығыма алдым. Өзімнің айлық жалақымнан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотына ақша аударып тұрамын. Бірақ ол бала болашақта әжесімен бірге болады. Қазір колледжде оқиды. Әжесі қандай көмек қажет екенін айтады.

    Тойларға бармайсыз. Тым болмаса жеке мерекеңізді атап өтесіз бе?

    Менің туған күнім – 1 қаңтар. Мектеп кезінде қысқы демалысқа тап келетін. Бәріне қызығушы едім. Туған күні сабақ күндері болады. Сыйлық алып жатады. Менікі ұмыт қалып қояды (күліп). Қазір енді отбасымда жақын адамдарыммен қарсы аламын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Алғашқы жұмыс күнім қанды оқиғамен басталды”
  • Айгүл КЕНЖЕБАЕВА: Ата-анамыз қасымызда болғанға не жетсін?!
  • Ербол Шыма: Шетелде оқығым келеді
  • Президент отбасымен көрші тұрған әжей Шамалғанды сағынып жүр
  • Аян СЕЙІТОВ: Менің барым да, нарым да – айтыс
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге