«Халықтың батасы жетеді»

    «Халықтың батасы жетеді»

    Ол – үш баланың анасы. Жұмысына адал. Оны Ақтөбенің тең жартысы таниды. Халықтың батасын алып жүрген сүйікті кондуктор. №46 автобустың жолаушылары оның «оппа, көтерілеміз» деген сөзін жақсы көреді. Ол бір күн ішінде әлеуметтік желіде танымал болды. Ол – он жыл бойы автобуста кондуктор болып жүрген Жанна Хайруллина.

    «Қатты қорықтым»
    Бір күн ішінде инстаграмның жұлдызына айналған Жанна Хайруллина осыдан 11 жыл бұрын Ақтөбеге көшіп келген. Өзінің айтуынша, мамандықтың жаман-жақсысы жоқ. Жұмыстың да. №46 автобустың тұрақты жолаушылары қатты жақсы көреді. Бірі апасындай көрсе, екіншісі қызындай қарайды. Күн сайын халықтың ақ батасын алып жүр. Әлеуметтік желіге жасырын түсірілген суретін көрген кезде қорқып кеткенін жасырмады.
    - Ресейдің Ақбұлақ деген жерінен келдім. Ақтөбеге көшіп келгеніме 11 жыл болды. Туған-туыстарымыздың барлығы осы жақта тұрады. Содан кейін ғана отбасымызбен біздер көшіп келдік. Бір күнде инстаграмның жұлдызы болып кетемін деп ойлаған жоқпын. Тіпті сол жағдайдан кейін хабарлама арқылы каспий голдтың нөмерін сұрағандар болды. «Премияны мен-ақ берейін» деген хабарлама келді. Сол күні шыққан жүргізушім түнде менің инстаграмға шыққанымды жіберіп тұр. «Сені түсіріп алған. Қайны апа, қараңыз» деп жазып жіберіпті. Келіншегі біздің ауылдан болғандықтан солай айтады. Қарадым, шошып кеттім. Енді оны ашуға қорықтым. Халық неше түрлі пікір жазады. Жаман болып шығып, ауырып қаламын ба деп қорықтым. Өзім жүрекке тез қабылдаймын. Жүргізушім «жұлдыз болдыңыз» деп әзілдеп қояды. Сіздің суретіңіз бірнеше минутта 600-ден артық пікір жинаған дейді. Сосын ашып қарасам, жақсы нәрсе жазылған екен. Көп адамдар негізінде кондукторларды жамандап жазады ғой. Сондықтан қорқып кеттім. Бірақ осыған дейін де әлеуметтік желі арқылы рахметін айтып жазатын тұрғындар болған. Бірақ суретімді көрсетпейтін. Осы жолы жасырын суретке түсіріп салып жіберген. Бірақ кім түсіргенін, қалай түсіргенін білмедім. Кешегіде Ресейге барып едік. Шекарада кезекте тұрсақ, қайным әзілдейді. «Жұлдызсың ғой, кезекке тұрмай өтіңіз» дейді. «Зеллоға шығып кеткен екенсіз, селфи жасайық» деген адамдар болды. Содан кейін барлық адам күліп қарайды,-дейді Жанна Хайруллина.

    «Балалар мені қатты жақсы көреді»
    - Осыған дейін №15 автобуста жүрдім. №46 автобусқа ауысқаныма аз ғана күн болды. Айналмалы жолдарға келгенде микрофон арқылы «қаттырақ ұстаймыз, отырамыз, тұрамыз» деп қайта-қайта айтып тұрамын. Біздің автобусқа мінетін жолаушылар менің айтатын сөздеріме дейін жаттап алған. Сабақ уақыты кезінде «балаларым сізді қатты жақсы көреді» деп әйелдер алғыс айтады. Себебі мен балаларды алдыңғы жаққа шығарамын. Біздің жұмыс өте маңызды. Әр жолаушы үшін жауап беремін. Басында сұқбат беруден бас тарттым. Ойлана келе ғана шешім қабылдадым. Инстаграмдағы пікірлерді оқысам, барлыған апа, қарындас, әпке болып кетіппін. Аяқ астынан кондукторлар мен жүргізушілерге тума болып шыға келдім.

    «Барлығына уақыт өте келе үйрендім»
    - 2009 жылдан бастап автобуста кондуктор болып жүрмін. №26, №24, №46, №15 бағыттағы автобуста кондуктор болдым. Осы салада жүргеніме 1 жыл болды. Ресей азаматтығынан жақында ғана ауыстым. Ақтөбеге көшіп келген уақытта жұмыс табу қиын болды. Сондықтан осы жаққа кірдім. Әрине, басында қиналдым. Қазақша дұрыс сөйлей алмадым. Қазір ешқандай қиындығы жоқ. Адамдарды секіріп мінгізіп, секіртіп түсіремін (күлді-ред). Адам кез келген жұмыстан шаршайды. Сол сияқты менің де шаршайтын күндерім болады. Негізгі мамандығым - есепші. Бірақ мамандығым бойынша жұмыс жасаған жоқпын. Адам қандай жұмыс болса да жасай білу керек. Жолдасым бар. Үш баланы дүниеге әкелдім. Екі қыз, бір ұлдың анасымын. Үлкен қызым тұрмыс құрды. Ұлым оқуын аяқтады. Кішкентай қызым 11 жаста. Немерем бар. Үш жаста. Қыздың баласы болғаннан кейін жиен деп айтамыз. Кіші қызым модельдік курсқа барып жүр. Би үйірмесіне қатысады. «Русский сувенир» ансамблінде өнер көрсетіп жүр. Хареограф болуды армандайды. Өзім де соған тілекшімін. Үлкен балам өсті. Енді осы кішкентай қызым атақты биші болғысы келеді. Жетекшісі Элла Ивановнаға ризамын.

    «Ұйықтаған кезде де жұмыс жасап кетемін»
    Басқа автобустың жүргізушілері бізге шығып берші деп хабарласатындары бар. Азаматтық алғанша кондуктор болып жұмыс жасай тұрайын деп ойлаған едім. Бірақ он жылдан асып кетті. Қазір басқа жұмысқа шыққым келмейді. Халықпен жұмыс жасау өте қиын. 10 жыл ішінде ешқандай шағым түспеді. Жолаушымен кондукторлар арасындағы ұрысты көп естиміз. Жол ақысын төлемейтін адамдар болады. Өзімде сондай жағдай болса «өзіңіздің ұятыңыз білсін» деп кетіп қаламын. Жұмысымыз таңғы 5:30-да басталады. Үйге кейде тоғызда немесе онда барамыз. Әйел адамның жұмысы бітпейді. Қазір жаз маусымы. Компот жабамыз. Варенье қайнатамыз. 3-4 сағат ұйықтап, таңғы бесте қайта жұмысқа шығамыз. Жұмыста көп қимылдаймыз, көп сөйлейміз. Кейде ұйықтап жатқанымда «проезд, пожалуйста» деп сөйлеген күндерім болған. Үйдегілер бір күліп алатын. Сұқбат беруге көндірген өзімнің құрбым. «Өмір бойы кондуктор болып жүре бересің бе?» деп айтқан еді. Кондукторлардың ішінде де үздігі бол деп кеңесін берді. Адам көп болған кезде жұмыстың қызығына кіріп кетеміз. Тез-тез сөйлеп, тез қимылдаймыз.

    «Өз жұмысымды жақсы көремін»
    Бүгінде бір жолаушының алғысы үшін он төрт мыңнан артық лүпіл мен мыңнан астам пікір жинаған оның суретін ақтөбеліктерің біразы көріп үлгерген. Сұқбат барысында да жолаушылар ризашылығын білдіріп, мақтауын асырды.
    - Жұмыста өзімді де жолаушы сияқты сезінемін. Ешкіммен ұрысқым келмейді. Өзіңнің жұмыс жасап жатқан мамандығыңды жақсы көрсең, бәрі жақсы болады. Дәрігерде мамандығын жақсы көріп тұрса, науқасты емдеп шығады. Біздің мамандық сол сияқты. Ең қиын мамандықтың қатарына жатады. Себебі үнемі жолда жүреміз. Халықпен жұмыс жасаймыз. Тынымсыз сөйлейміз. Жүріп бара жатқан автобус ішінде жүреміз. Аз уақыт ұйықтаймыз. Үнемі таңертең үйден шығарда биссимилламызды айтып шығамыз. Бір аллаға ғана сенеміз. Барлығы жұмыс орныңыз ақшалай сыйлық берді ме деп сұрайды. Бірақ маған ол маңызды емес. Бастысы мен өз жұмысымды сүйіп жасаймын. Жұмысым ұнайды. Қандай жағдай болса да басшыларыма ризамын,-дейді Жанна Хайруллина.

    «Халықтың бабын табу керек»
    №46 автобустың жүргізушісі де кондукторы сияқты көңілді екен. Жол бойы әзілдесіп, езуімізді жидырған жоқ.
    - Осы автобусқа бірінші рет шығып тұрмын. Кешегіде ғана Автопарктің №15 автобусында жүргізуші болып жұмыс жасадым. Сол жақтан жұмыстан шығып, осы жаққа жұмысқа тұрдым. Бүгін алғашқы жұмыс күнім. Өзім №46 автобуста жұмыс жасағым келді. Көп жүргізушілер вахтада жасайды. Кейбіреулер тек осы жұмыс арқылы отбасын бағып жүргендер бар. Автобус жүргізушісі халықтың бабын таба білу керек. Әртүрлі адам мінеді. Қаншама халықты автобус жүргізушілері тасып жүр. Жолда келе жатқанда неше түрлі жағдайлар болады. Бірде жолаушылар жүргізушіге ұрысады. Кейде жүргізуші жолаушылармен сөзге келіп қалады. Автобус жүргізушісі болып жүргеніме алтыншы жылға кетіп бара жатыр. Бір жылдай вахталық тәсілмен жасадым. Бір айда 20-22 күн жұмыс жасаймыз. Көлікті жөндеуге қоямыз. Бір жағынан өзімізге демалыс жариялаймыз. Кондукторлар арасында үздікті анықтайтын болса, менің жеңгем бірінші орында тұратын еді. Ол тек жұмыста сүйікті кондуктор емес, үйде үлгілі келін, ақылды жеңге,-дейді №46 автобустың жүргізушісі Тұрар Садуов.

    «Штатқа тіркемейтіні қолайсыз»
    Автобус жүргізушісі жұмыста неше түрлі жағдайлардың болатынын жасырған жоқ. Бірде кондукторын аялдамада ұмытып кетіп, күлкіге қалғанын да жасырмады. Күніге мыңнан артық адам мінетін автобуста келеңсіз оқиғалар да болады екен.
    - Алғашқы көмек көрсетудің шебері болып алдым. Барлық жағдайға дайынбыз. Шаршағанымша осы салада жүре беремін. Жұмысым ыңғайлы. Тек штатта болмағаны жаман. Қалғанының бәрі жақсы. Табысымыз күніге 4000 теңгедей болады. Кондукторлардың ешбірі штатта жоқ. Сол үшін де реніш жоқ. Барлығына заң бірдей.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жаңадан 40 автобус іске қосылды
  • “Автопарк” адам қанай ма?!
  • Ақтөбеде қалта ұрыларын WhatsApp арқылы ұстамақ
  • “Автопарктің” кондукторлары аштық жарияламақ
  • Біздің сүйікті кондуктор
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге