«Оқы, оқы, және оқы, студент»

    «Оқы, оқы, және оқы, студент»

    Оны мұғалімдер арасындағы «ең талапшыл ұстаз» дейді. Дәрістері ұзаққа созылатын профессордың студенттері алдында беделі өте жоғары. Тарих туралы сөз қозғасаңыз, айтары көп, білгені мол. Ол ұстаздықты бала кезінен мақсат еткен. Студенттерді білімге жетелейтін оқытушылардың бірі –Бақтыбай Өтемісұлы.

    Балалық шағыңыз есіңізде ме? Не себепті мұғалімдікті таңдадыңыз?
    1938 жылы дүниеге келдім, қазір жасым сексеннен асты. Біздің балалық шағымыз қиын кезеңге тап келді. Соғыс уақыты болғандықтан қиыншылықтар көп болды.Ол кезеңді мен мүлдем еске алғым келмейді. Оның үстіне менің әкем соғысқа кетті, 1943 жылы ол жайлы «қара қағаз» келді. Ол кезде мен 6 жасар баламын. Колхоз бізді жұмысқа енгізді. Бізде балалық шақ болған жоқ, кілең еңбек. Ақтөбедегі №2 мектепті 1955 жылы бітірдім. Қазіргідей газет, радио жоқ. Жаңалықты тек мұғалімнен естиміз. Мүмкін сондықтан да осы мамандыққа қызығып, мұғалім болғым келді. Маған тарих, әдебиет пәндерінен сабақ беретін оқытушы ерекше ұнайтын еді.Мектепті орысша оқыдым.

    Сіз де біз секілді студент болдыңыз, оқу бітіргеннен кейін қандай қызмет атқардыңыз?
    1955 жылы Ақтөбеде пединститут ашылып, соған оқуға түстім. Тарих және әдебиетті таңдадым. Бірақ бізді Оралға ауыстырып жіберді. Сол қалада оқуымызды жалғастырдық. 1960 институтты тәмәмдадым. Содан кейін мені осы Ақтөбе облысына жұмысқа жіберді. Қалаға 40 шақырым жерде Петропавловка деген ауыл бар. Мектебі керемет болды. Сол мектепте жұмыс жасадым. Содан кейін Қос-Естек ауылына ауыстырып жіберді. Жұмыс жасай жүріп, қоғамдық жұмысқа қатыстым. Комсомолда қызмет еттім. Уақыт өте Ақтөбедегі обком комсомолға ауыстырды. Сол жерде үш жыл жұмыс істегеннен кейін, Алматыға комсомолға жіберді. Ол уақытта Алматы қаласы астана болатын. Бұл 1966 жыл еді. Одан кейін тағы да үш жыл Алматы обком партиясында қызмет еттім. Алматы сол кезеңде биліктің орталығы болып саналатын. Бұл мекемеде 11 жыл қызмет еттім. Басшымыз Дінмұхаммед Қонаев болды. Осы басшы туралы менің көптеген мақалаларым бар. Осы қызметтен кейін Ақтөбе қаласына обком партиясына келдім. Қайта құру саясаты басталғаннан кейін партия органдары ыдырай бастады. Қалада «АВЛУГА» (Актюбинская Высшее Летное Училище Гражданской Авиации) деген училище болды, ол жерде ұшқыштар дайындады. Осы училищеге кафедра меңгерушісі етіп тағайындалып, кафедраны 10 жыл басқардым. Сосын «АВЛУГА» училищесі Әскери училищеге айнала бастады.Осыған байланысты мен басқа жоғарғы оқу орнына ауысатын болдым.Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің басшысы Темірхан Бердімұратовты бұрыннан танитын едім.Жұмыспен осы университетке ауыстым. Сол уақыттан беріс осы оқу орнында дәріс беріп келемін. Бүгінде мен ҚОХУ-дің профессоры және тарих ғылымдарының кандидатымын. Кандидаттық диссертациямды Алматыда 1975 жылы қорғадым.

    Студенттер сізді өте талапшыл дейді, сол рас па?
    Байқауымша, студенттер менің сабағыма толық қатысады. Әрбір потокта отыз студент қатысады. Әрі кетсе бір-екі студент сабаққа келмей қалады. Себебі менде тәжірибе және өзімнің пәндерім бойынша жинақталған білім бар. Негізінде екі пәннен дәріс беремін: Қазақстан тарихы және саясаттану. Студенттер менің бөліскен біліміме риза деп ойлаймын. Себебі сабаққа жақсы қатысады, тыңғылықты дайындалады. Студенттер менен бағаны оңай ала алмайды. Бірақ өздеріне риза. Себебі білім алады. Әуелі тапсырмаларды көпсініп қиналады, маған ренжулері де мүмкін. Бірақ соның бәрі пайдалы екенін кейіннен түсінеді. Дәрісті бітіргеннен кейін сол пән бойынша танымы кеңейеді, білім деңгейі жоғарылайды. Жақсы оқу қиын емес. Тек бір айтарым: күнде оқысаң бәрі жақсы болады. Мысалы, бүгін дәріс болды, соны кешке қайта оқу керек. Сонда есте жақсы сақталады. Қазірде интернет бар, өкінішке орай студенттердің өздерінің бірнарсені зерттеп шығарулары қалып барады. Білімді бақылаудың бір тәсілі – мәнжазба. Менің байқағаным, студенттер мәнжазбаны интернеттен тауып, шығара салады. Кейбіреулері тіпті бір жолын да оқымайды. Сұрақ қойсаң, жауап бере алмайды. Қазір маған студенттер жазба түрде мәнжазба тапсыруды тоқтатты. Тек қана ауызша жауап береді. Тақырыпты береміз, студент дайындалып, оны қорғайды. Топты алдын-ала ескертемін, олар сұрақ қоюлары тиіс. Себебі әрбір тақырыпты қорғау кезінде дискуссия ретінде өтуі керек. Одан өздерінің публика алдында сөйлеу қабілеті де дамиды. Бұл университеттегі жаңалықтардың бірі десем болады. Ең жақсы жол – күнде оқу керек.

    Қандай жетістіктеріңіз бар?
    Негізі осы уақытқа дейін алған марапаттауларым көп. «Алтын медаль» медалі және «Алтын қанат» орденін тақтым. Адал еңбегімнің бағаланғанына қуанамын.

    Отбасыңыз туралы айтсаңыз. Балаларыңыздың тарихшы болғанын қаладыңыз ба?
    Отбасым бар, жарымның есімі – Сәмиға. Мамандығы – қаржыгер, қазір зейнеткер. Өмірлік жолдасыммен 2 ұл өсіріп тәрбиеледік. Бүгінде 4 немере, 2 шөбереге ата-әже болып отырған жайымыз бар. Үлкен ұлым Алматыда тұрады, кіші балам Ақтөбеде. Мамандық таңдауда олардың өздерінің қалауы орындалды. Екінші баламның мамандығы – заңгер. Ал үлкен балам дәрігерлік жолды таңдады. Бүгінде балалар дәрігері ретінде қызмет атқарып жүр. Негізі үлкен ұлымды автомобилист мамандығына дайындаған едім. Бірақ бір кезде өзінің дәрігер болғысы келетінін айтты. Кіші балам сурет жақсы салады, сызуды ұнататын. Сол салаға қабілетін байқадым. Сол себепті де мен оны сәулетші институтына дайындадым. Оның екі дипломы бар, бірі – тарихшы мамандығы, екіншісі – заңгер. Тарихшы ретінде үш жылдай сабақ берді, қазір заңгер мамандығымен жұмыс жасап жүр.

    Мұғалім болу қаншалықты оңай?
    Мұғалім болу қиын, әрине, оңай жұмыс емес. Мысалы, мен институт бітіргеннен кейін мектепте жұмыс жасадым. Мектепте сабақ беріп үйрену үшін кемінде 3-4 жыл керек. Ал ЖОО-ның мұғалімі болу үшін, оны игеріп, төселіп кету үшін 5 жылдай уақыт қажет. Ең қиыны – мұғалім ғұмыр бойы жұмыс істеуі керек. Ғұмыр бойы үйренуі керек.

    Ұстанымыңыз қандай?
    Менің ең бірінші ережем – адалдық. Сосын өзімнің білімімді жоғарылата беру. Ахмет Байтұрсыновтың «Қандай іс болмасын, балалардан бастау керек» деген сөзі ұнайды.

    Өмірде басты не нәрсе деп ойлайсыз?
    Қазақтарда былай дейді: білетінің – тоғыз, білмейтінің – тоқсан тоғыз. Әр уақытта солай болуы керек. Бәрін білемін деп ойлағанмен, олай еш уақытта болмайды. Сол себепті үнемі ізденіс үстінде жүру керек.

    Жалпы студент қауымына не айтар едіңіз?
    Тарих деген біздің өткен өміріміз. Оны білмеуге болмайды. Әр уақытта Отан тарихы туралы біліп жүру керек.Студенттер ұжымға айналып, жақсы студенттік ұжым қалыптасуы тиіс. Неғұрлым студенттік ұжым жақсы болса, олар бірін-бірі тәрбиелейді. Білім алуға өзара жәрдем береді. Бұл бір жағынан мұғалімдерге де әсер етеді. Негізгі платформаны жоғалтып алмау керек. Негізгі платформа – дәстүрлі білім беру жүйесі. Жаңалық енгізе беріңдер, бірақ осы жолдан таймау керек. Істеріңізге сәттілік серік болсын!
    Сұхбатыңызға рахмет!

    Бетті әзірлеген
    Салтанат ЕРЛАНҚЫЗЫ
    kerekinfoaktobe@gmail.com

    Ұқсас жаңалықтар
  • Студенттік өмірге билет алды
  • Сәния Қалдығұлова: “Отбасылық өмірді емес, карьераны таңдадым”
  • Баян БОРАШ: Шәкірт шыңға көтерілсе, ұстаз үшін сол бақыт
  • Ербол Шыма: Шетелде оқығым келеді
  • Әкімгерей КӨШЕРБАЕВ: Дәрігердің баласы аурушаң, мұғалімнің баласы тентек болады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге