«Жұмысымды абыроймен атқару басты борышым»

    Ол – жас басшы. Оның өмірге деген көзқарасы тым ерекше. Ол өз мамандығына деген таңдауын аз уақыт ішінде жоспарлады. Ол – Түркияда білім алып жүрген жерінен қайта оралған азамат. Оған сыни көзбен қарайтын жандар да жетерлік. Ұжымының жасаған жұмыстарын сағаттап отырып айтуға бар. Ол – «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин.

    «Географияны тарихқа ауыстырдым»
    Хромтау ауданының Бөгетсай ауылында дүниеге келген жас басшы мектепті 2010 жылы аяқтаған. Дін саласын таңдауына себепкер болған Ақтөбе өңірінің алғашқы теолог маманы Төлеген Талдыбаев. Айтуынша, ұстазын жанашыр жақынындай көреді.
    - Төлеген аға бір жағынан өзімнің ауылдасым, жерлесім. Ақпараттық түсіндіру барысында ауылға келген еді. Мен ол кезде 11- сыныпқа географиядан тест тапсырып жүрген болатынмын. Бірақ осы кісінің дәрісінен кейін дінге деген қызығушылығым оянды. Ол кісіден ақыл-кеңес сұрадым. Маған өзі оқып келген Қожа Ахмет Яссауи университетіндегі дінтану мамандығына түсуіме кеңесін айтты. Ол университетті бітірген адам тек имам болмайды. Мемлекеттік қызметте де жұмыс жасай алады. Сол уақытта бірден ҰБТ-ға таңдаған география пәнін дүниежүзі тарихына ауыстырдым. 2010 жылы сол университетке түсіп, 2014 жылы бітірдім. Оқу жылы барысында облыстық дін істер басқармасында іс-тәжірибеден өттім. Оқуды аяқтағаннан кейін сол басқармаға инспектор болып жұмысқа тұрдым. 2 жыл сол жерде жұмыс жасадым. Алғашқы жұмысым маған үлкен тәжірибе болды.

    «Оқуымды аяқтай алмадым»
    2016 жылы қалада лаңкестік оқиға болды. Содан кейін діни ахуалмен көбірек жұмыс жасадық. Менде өзімді маман ретінде сезіне бастадым. Бүгінде күннен-күнге жүргізілген ақпараттық түсіндіру жұмыстарының арқасында халық сауаттанып келе жатыр. Халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бізде сауатты болуымыз керек. Сол мақсатты 2016 жылдың тамыз айында Түркияға діни білім алуға шықтым. Сол жақта алты ай білім алдым. Магистратураға оқу мақсатында кеттім. Араб тілін оқыдық. Бірақ сол жақта футбол ойнап жүріп аяғымды сындырып алдым. Екі ай гипспен жаттым. Ал, мына жақта отбасылық жағдай туындып, әкем жол апатына түсті. Осы жағдайға байланысты елге қайтуға тура келді. Үйдің жалғыз баласы болғаннан кейін ата-анамды бағу менің міндетім. Негізінде келіп-кетуге билет алған едім. Онымен Хромтау ауданының әкімі шақырып алды. Қаланың орталығынан қызметтік үш бөлмелі пәтер берді. Сол жақта ішкі саясат бөлімінің бас маманына жұмыс ұсынды. Бір жағынан отбасылық жағдайды ойлағаннан кейін қалуға тура келді. Әке-шешемді сол жаққа көшіріп алып, Хромтаудан жұмысымды бастадым. Ауылда 1,5 жыл жұмыс жасадым. Осы жыл ішінде Хромтаудың діни ахуалының тұрақтануына өз үлесімді қостым деп ойлаймын. Біраз жамағаттың дәстүрлі дінді мойындауына септігімді тигіздім. Қазірдің өзінде дүркіреп тұрған «Шапағат» ақпараттық кеңес беру қоғамдық бірлестігінің ашылуына тікелей ықпалым болды.

    «Басшы боламын деп ойлаған жоқпын»

    Менің ойымда тек жұмыс болды. Ауданда жүріп, жұмыстың өзекті екенін көрсете білдім. Аяқ астынан осы жерге басшы болып тағайындалдым. Маған ұсыныс білдірді. Мен қабылдадым. Бүгінде 20 адамды басқарамын. Осы мекемеге келгеніме 1 жыл болды. Ауданнан облысқа келіп жұмыс жасау өте күрделі. Дін мәселесі болғасын пиар арқылы жұмыс жасай алмаймыз. Көрсеткішімізді де көрсете алмаймыз. Біздер облыс көлемінде осыншама жат ағымдағы адам бар. Мысал ретінде біз оның осыншамасын қайтардық деп айта алмаймыз. Біздің жасаған жұмысымыз көрінбейді. Бірақ адамның санасымен жұмыс жасағандықтан өте күрделі. Үлкен бір ғалым «Әңгіме айтушы адамның жасына қарама. Оның айтқан әңгімесіне қара» деген екен. Жұмысқа таныс арқылы кіргенім жоқ. Бұл жетістігім өзімнің жұмысымның нәтижесі деп ойлаймын. Өзімнің жұмысымды әлеуметтік желі арқылы көрсетіп отырдым. Сыртымнан неше түрлі әңгіме айтатын адамдар бар. «Нұрсұлтан осында келіп, жастармен айналысып кетті. Басқа жұмыс тоқтап қалды» деген сыни пікірлерді бетіме айтпаса да сыртымнан естіп жатырмын. Мүмкін жас болғандықтан қабылдағысы келмейтін шығар. Көптеген шараларға барамын. Көп жағдайларда маман деп қабылдап қалады. Көбісі мені басшы деп көрмейді. Мен де басшылар сияқты өзгешелігім де жоқ. Қолыма сағат тақпаймын. Кейде галстуксіз жүремін. Спорттық шаралар болса спорт киімін киіп барамын. Себебі тұрғындармен бірге болғым келеді. Солармен бірге араласып, сөйлесіп, әңгімелесемін. Біздер жастармен жасаған жұмысымызды әлеуметтік желіде жариялаймыз. Ал, жат ағымдағы адамдармен сөйлесеміз. Бірақ біз оны желіге жариялай алмаймыз.

    «Адамдар түрлі сұрақпен келеді»
    Осы уақытқа дейінгі жұмысымыздың нәтижесі деп ойламын. 700-ге жуық адам біздің орталыққа түрлі сауалдармен жүгінді. Осының арқасында біреудің тура жолға түсуіне себепкер болдық. Адамдар түрлі мәселемен келеді. Жасырын болғандықтан айта алмаймыз. Бірақ қазіргі қоғамның ең өзекті сұрағына айналған «жеті шелпек пісіруге болады ма? Келіннің сәлем салуы дұрыс па? Музыка тыңдауға бола ма?» деген ауыр сұрақтармен келеді.
    Бізге Қызылорда облысынан хабарласқан ана болды. Қызының орамал тағатынын айтып, басқа діндегі азаматтармен сойлесетінін жеткізді. Ата-анасы Қызылордадан арнайы келді. Сөйлестік, қызына жақсылап түсіндірдік. Айта кетейін, бізде барлығы тегін түрде түсіндіріліп, кітаптардың өзі тегін таратылады.

    «Алғашқы авторлық жобам жүзеге асты»
    Жыл басында «Дін. Қоғам. Жастар» атты жоба болды. Бұл жобаның жалпы мақсаты – мәдени, спорттық шараларды жүзеге асыру арқылы жастардың бойындағы жат ағымға қарсы көзқарас қалыптастыру. Бұл жобаны жауапты ретінде 12 ауданға да бекітіп қойдым. Осы жобаның аясында түрлі форматта шаралар ұйымдастырдық. Тіпті аймақтық форум өтті. Спикер ретінде қаншама жанның бизнесін дамытуға септігін тигізіп жүрген Ахметбек Нұрсиланы шақырттық. Жастар тек дінге ғана қызықпау керек. Мына дамыған 20 елдің қатарына ену үшін оқу керек. Біз 2020 жылы еріктілер жылы болатынын білген жоқпыз. Наурыз айында «Аңсар еріктілері» деген топ құрдық. Қазір 30-40 еріктілеріміз бар. Апта сайын түрлі шаралар өткіздік. Әлі де өткіземіз. Оқырман ойында түрлі кітаптар оқыдық. Кейіпкермен сұқбат жүргіздік. Түрлі байқаулар өткіздік. Өткізген әр шарамыз біздің тараптан болғанымен, жастардың да идеясы бар.

    «Біздің де Ник Вуйчичіміз бар»
    Өзіміздің Ник Вуйчичіміз деп Әлібек ағамызды неге айтпасқа?! Әлібек Елеусізовпен өзім қалаға келгенімде таныс-тым. Бүгінде «Алаш» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Сөйлей алады. Жастарға ақыл-кеңесін айтады. Авторлық жобамда спикер болды. Тіпті кейіпкермен сұқбатымызға келді. Осыдан кейін әлеуметтік желіде парақшаға бір оқырманымыз «мен Алматыға Ник Вуйчичтің кездесуіне баруды жоспарлаған едім. Бірақ мен бүгінгі шарадан кейін Алматыға бармайтын болдым. Өзіміздің Ник Вуйчичіміз қалада жүр екен ғой деп пікір қалдырды. Әлібек ағамыз біздің ұйымдастырған түрлі шараларға қатысты. Хабарласып, бір-бірімізге көмектесіп тұрамыз.

    «Намазға келуіме әкем себепкер болды»
    Менің әкем діндар адам. Намазға келуіме тікелей отбасым себепкер болды. Әкемнің бастауымен намазға келдім. Қалалық мешіттегі ұстаздар мен имамдардан білім алып, сауатымды аштым. Университетке түспей тұрып, діни білімімді қалыптастырып бардым.

    Сұқбатыңызға рахмет! Жұмысыңызға шығармашылық табыс тілеймін!

    Cұқбаттасқан Ақтілек ОРЫНБАСАРОВА
    Суретке түсірген Лилия БЕЛИКОВА

    Ұқсас жаңалықтар
  • «Халықтың батасы жетеді»
  • Ақтөбелік теолог намаз оқу үшін ата-анадан рұқсат сұрау керектігін айтты
  • Асылжан Бүркітәлин: “Жас Отанның” бағасын халық береді
  • “Мен қалай хиджап кидім?”
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге