«Адам өзін тәрбиелесе уақытты жеңе біледі»

    Ол Алланы ауызынан тастамайды. Өтірікке жаны қас. Әділдікті жаны сүйеді. Оның бүгінде 100 баласы бар. Ол әр ерекше баланы Алланың берген сый мен сынағы деп қабылдайды. Ол – 15 жыл медицина саласында қызмет жасаған маман. Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасына мүмкіндік сыйлап отыр. Ол – «Жайна» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру стационарының директоры Нұрила Жарболова.

    «Балалардың жағдайы жақсарды»
    «Жайна» орталығы осы күнге дейін 150 баланы қабылдаған. Оның ішінде ата-анасы бас тартқан балалар да бар. Бұл орталық 1,5 - 18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдайды. Оларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Орталықтың директоры мұндағы әр баланы бес саусағындай біледі. Туған балаларындай жақсы көретіні жүзінен-ақ көрініп тұр.
    - Әлеуметтік медициналық, психологиялық көмек болады. Бұл жерге келетін балалар жүйке ауруына шалдыққан. Жүйке ауруына шалдықса адамның барлық жері сыр береді. Туылғаннан мүгедектігі бар балалар. Яғни, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетеміз. Мұны сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Менің жүрегім ауырады. Бұл балалар мектепке баруға жарамсыз. Үшінші типтегі оқи алмайтын балалар. Сонымен қатар олардың талмасы бар. Салқын ауа райы да оларға әсер етеді. Барлығы дәрігердің бақылауында. Біз оларға алты мезгіл тамақ береміз. Ғалымдарымыздың зерттеуі бо-йынша жүйке жүйесі зақымданған балаларға тамақтану уақыты бар. Олар осындай мезгілде көтеріледі. Қарны ашқан кезде, өзіне қажетті затты ала алмаған кезде бала қатты көтеріледі. Біз қазір тілін таптық деп ойлаймыз. Үш жылдан бері балалармен жұмыс жасап келе жатырмыз. Екі сағат сайын тамақтарын беріп отырамын. Қазір осындағы балалардың 90 пайызының талмасынан арылды. Кішкене талмасы болса бірден қараймын. Дәріні беру мақсат емес. Ашылған жылдары ата-аналардың өздері куә. Барлық балалардың тістері бүлінген. Содан олардың тістерін емдеттік. Қазір тістерін дұрыстағаннан кейін балалардың барлығы тынышталды. Сағат тоғызда олар ұйықтайды. Тоғыздан кейін осы жерде шыбынның ызыңы естілмейді.

    «Жұма сайын ет жейді»
    Ғимарат іші балалар үшін өте қолайды. Жылылық сыйлайтын бұл ортада ер балалар көп.
    - Екінші этажда ер балалар жатады. Ал, үшінші этажда жататын балалар мен қыздар. Әр топтың бала күтушісі 24 сағат жұмыс істейді. Бір топта 3 күтушіден болады. Екі күн демалады. Әр топта мұғалім бар. Жататын төрт топ болса, солардың өзінің уқалаушысы бар. Балалар бір маманға қадалып қалмасын деп мамандарды көбейттік. Жүретін балаларға дене шынықтыру сабағы болады. Осы үш жыл ішінде ұққаным науқас бала болғанымен біз оларды бағып отырмыз. Оларға қиянат жасамай, адал түрде жұмыс жасағымыз келеді. Мен балалардың 1 грамм етін жегізбеймін. Соның өзін қадағалап отырамын. Әр жұма сайын балаларға ет беремін. Жатқан балаларға сорпасын ішкіземін. Өйткені барлық балаға бөлінген өздерінің мамандары бар. Осы жерде қаншама камера тұр. Барлығын бақылаймын. Тіпті үйден де бақылап отырамын. Қазақта бір мақал бар. «Халық айтса, қалып айтпайды» дейді. Осының барлығын аналары көрсін деймін. Көңілдерінде күдік болмасын. Көңілде күдік болса адамнан иман кетеді. Олай болғанын қаламаймын.

    «Балаларымның анасын жұмысқа алдым»
    - Қазір осы жерде қаншама ата-ана жұмыс жасап жатыр. Санын да ұмытып барамын. Ата-аналарды қызметке алып жатырмын. Бір ата-анам медбике болса, екінші ата-анам кір жуады. Әр балам аппақ төсекке жатады. Өзімде бір ой қалыптасып қалған. Оларды түрлі-түсті төсекке жатқызбаймын. Онсыз да өздері өмірге өкпелі балалар. Аппақ болып отырғандарын қалаймын. Әр топта жуынатын бөлмесі бар. Аптасына екі рет суға түседі. Соларға ыңғайлы болсын деп қолымнан келгенін жасап жатырмын. Көпшік-көрпелерін тарыдан саламын. Балалар жатқанда жұмсақты сезіну керек. Тағы бір ата-анам осында музыкант. Қызының жатқанына 3 жыл болды. Қазір тым жақсы болып қалды. Бір ата-анамыз бар мұғалім. Тіпті тамақ таратып беретін де анамыз бар. Айбегімнің анасы жетісіне екі рет келіп баларды суға түсіреді. Балаларды суға түскен кезде иіс сабынды қолдандырмаймын. Денсаулығы болмағаннан кейін аллергияға бейім болып келеді. Сондықтан арнайы сабын алдырамын. Осы 100 баламның тырнағына дейін қарап отырамын. Кімнің қай жерінде қандай жара бар. Кім немен ауырады. Соның барлығын бес саусағымдай білемін. Мына жерде бастықпын деп отырмаймын. Өзіме психологиялық тұрғыда қалыптастырып алғанмын. Өз жұмысымды Алланың алдында дұрыстап жасауым керек.

    «Менің таңдауым»
    - Кәсіпкермін. Басқа да жұмыстарым бар. Медицина саласында 15 жыл қызмет жасадым. Өзім дефектолог бола тұра осындай балаларға неге жәрдемдеспеске деген ой келді. Неше түрлі науқастармен жұмыс жасадым. Жеке меншік пен мемлекет серіктестігі аясында Елбасымыздың бастамасымен алға қоя отырып, жүзеге асырдым. Мемлекет тарапынан әр балаға күніге 4800 теңге бөлінеді. Сол ақшаға баланың тамағы, дәрісі, жұмысшылардың жалақысы, салықтың барлығы осыған кіреді. Осы жерде 100-ден артық қызметкер бар. Олардың жалақысы тағы бар. Қызметкерлерім сауапты іс деп келгенмен де нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Қазір есіктің алдына шығып такси тоқтап, тамақтану үшін де ақша керек. Айлық жетпейді деп айтып жататын кездер болады. Ақшам жетіспегендіктен жұмысшыларымның жалақысын көтере алмай отырмын. Қазіргі уақытта мамандарды табу қиын. Тәрбиешілер келеді. Оларға барлығын түсіндіреміз. Бүгінде адамға емес, камераға сенетін заман болды. Бірақ адам адамгершілік құндылықтарын жоғалтпау керек. Адам болып туылғаннан кейін адам сияқты қызмет көрсетуге міндеттіміз. Мен басшымын деп кетіп қалмаймын ғой. Сондықтан қызметкерлеріме берілген 24 сағатта дұрыс жұмыс жасауды тапсырамын. Екі ортада бала жапа шегеді. Маған баланың қиналғаны керек емес. Кейбірі шыдамай кетіп қалады. Жұмысты қиын деп айтатындары да бар. Мұғалімдерім, дәрігерлерім тұрақты жұмыс жасайды. Біз өзімізді үлкен отбасымын деп айтамын. Жататын балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілерімнің көбісі ауысып кетті. Белдері, бүйректері ауырды. Сол кезде мен ата-аналарды қатты аяймын. Неше жыл баласын арқалап келді. Ата-ана баласын еріккеннен бермейді ғой. Кейбір адамдар түсінбейді. «Неге береді екен. Өздері бақпайды ма?!» деген ауыр сөздер болады. Береді. Демалыста үйлеріне сұрап та алады. Өздері жұмыс жасап жатыр. Қандай жақсы. Үй алды. Ал, балалары осы орталықтан ем алып жатыр.

    «12 баланы оқуға қостым»

    - Мамандарыма бір күн жұмыс жасасаңдарда адал болыңдар деп айтып отырамын. Ешкімнің алдында қорықпаймын. Тек алладан қорқатын адаммын. Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген сөз бар. Жақында 12 баланы оқуға қостым. Қазір жетінші мектептен мұғалім алдыртып, оқытып жатырмын. Басқа бір орталық ашуға болатын еді. Бірақ құдай осыған тартып тұрғандай болды. Осындай балаларға көмектескім келіп тұрды. Мен үшін жұмыс қиын емес. Әрине жұмыс күрделі, жауапкершілік көп. Сауап алатын іс. Қазір ауру бала түгелі, сау баламен жұмыс жасау қиын.

    «Әлі күнге дейін жұмыста смартфон ұстамаймын»

    - Қызметкерлерім де смартфон ұстатпаймын. Күндіз тек хабарласуға ғана телефон ұстаймын. Бір жағдай болса телефонды кінәлі қылатын адамдар бар. Смартфонның да пайдасы бар. Алыс жерден хабар алғызады. Дегенмен оны дұрыстап пайдалана білу керек. Адам өзін тәрбиелесе уақыттан ұтылмай, уақытты жеңе біледі. Телефонды күзетшіге тапсырады. Құлыпқа салынады. Қол қойылады. Шығар кезде алады. Үйімен хабарласуға қарапайым телефон ұстайды. Менің балаларым қиналмау керек. Телефон ұстаса ол сылтау айтуға мәжбүр болады. Одан өтірік айтады. Адам осындай ұсақ нәрседен бұзыла бастайды. Қателік жібермеу үшін басынан бастап қарау керек. Телефоннан қарағанда кітап пайдалы. Сөмкеме кітап салып жүремін. Соны оқимын. Үнемі кешкісін өзіме есеп беремін. Біреуге артық сөз айтып қоймадым ба деп ойлаймын. Сөйтіп өз-өзімді тәрбиелеймін. Кінәні басқадан емес, өзінен іздегені дұрыс.

    «Алдағы жоспарымды ешкімге айтпаған едім...»

    Алғашқы ашылған жылы балалар көрпе-жастықтарды жеп қоятын сәттер болды. Терезедегі жапқышты жұлып, кілемдерді тарқатып тастайтын. Қазір үйренді. Көш жүре бара түзеледі дейді. Балаларды өзіміз бағып келіп жібергіміз де келмейді. Алдағы жоспарым 18-ден кейін де балаларды әр қарай қарағымыз келеді. Үлкен бір ғимарат салып, ересек балалар мен олардың ата-аналарын қолдағымыз келеді. Қазір жобаны құрып қойдық. Енді соны іске асырамыз.

    «Жайна – қызымның есімі»

    - Осы орталыққа қызымның атын бердім. Қазір «Дарын» мектебінде оқиды. Он үш жаста. Маған құдайдың сыйы деп ойлаймын. Осында 100 балам болса, Жайна менің 101-қызым(күлді-ред). Осындағы балаларымның барлығы қылықты. Көз алдымда өсіп жатқандықтан қатты жақсы көремін. Ата-аналары қуанған кезде, біз одан сайын қуанамыз. Бір баладан бір қылық көрсек, біз үшін үлкен жетістік. Негізінде науқас бала туылмасын деп тілеймін. Бұл да ата-аналарға беріп жатқан алланың сынағы деп ойлаймын. Бұл балалардың да өзіндік ерекшеліктері бар. Осы жерді балалардың үйі деп атаймын. Бұл жер балалардың тәлім-тәрбие алып, оқып, ем алатын орталығы.

    «Ата-аналарды жақсы түсінемін»
    - Басында ашылған кезде көп адамдар шатастырды. «Ойбай, балаларын тапсырып жібереді» деп шошыды. Бұл балаларды тапсырып жіберетін жер емес. Бұл әлеуметтік көмек көрсететін оңалту орталығы. Қиналған жандарға медеу табатын орын. Осындай қоғамда көмек беріп жатқан кезде бұрып айтуға тыйым салу керек. Айтатын адамдар қиналған ата-ананың орнына өздерін қойып көрсін. Сол кезде түсінеді. Ата-аналарды жақсы түсінемін. Баласы ауырғаннан кейін олар да екінші мүмкіндікті шектеулі жандай сезінеді. Бұл үкіметтің, қоғамның, біздердің беріп жатқан көмегіміз. Осындай көмекті неге алмасқа?! Бұл сәбилер үйі емес. Өсек деген тез тарайды. Жалған ақпарат таратуға болмайды. Өмір мен өлім арасында тайталасып жатқан балалар осы жерге келіп жақсарды.

    Сұқбатыңызға рахмет!
    Балаларыңыз ауырмасын!

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Қызметкерлерді көшеден жинамаймын”
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған лагерь ашылады
  • “Мен көкек-ана емеспін”
  • Балабақшада кішкентай қызды балалар талап тастаған
  • Айгүл КЕНЖЕБАЕВА: Ата-анамыз қасымызда болғанға не жетсін?!
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге