«Әдемі дүниеден шабыт аламын»

    Ол «Құтты мекен» аталып кеткен Ақтөбе қаласында 12 жыл тұрды. Қаншама жыл қиялдаған арманын өміріндегі өзгерістен кейін жүзеге асырған жан. Оның жасаған бұйымдары бүгінде сұранысқа ие. Ол - қазақтың қарапайым қызы. Ол - ер азаматтардың ішінен іріктеліп шыққан дара қыз. Оның есімі де ерекше. Ол – зергер Төлеубала Айдарқызы.
    «Әдемі дүниеден шабыт аламын»

    Төлеубала, зергер десек бірден көз алдымызға ер азаматтар елестейді. Осы мамандыққа келуіңізге не себеп болды?
    Ақтөбенің жігітіне тұрмысқа шыққан едім. Бірақ 12 жылдан кейін ажырасып кеттім. Туған жерім Шығыс Қазақстан облысы. 1991 жылдан бастап Алматыда оқыдым. Екі қызым, бір ұлым бар. Үлкенінің өзі 14 жаста. Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық университетіне оқуға түстім. Үшінші курс кезінде тұрмысқа шықтым. Әрі қарай Ақтөбедегі Қ.Жұбанов атындағы университетке ауыстым. Менің зергерлікке қызығушылығымды арттырған Ақтөбенің мұғалімдері еді. Қолданбалы өнер Ақтөбеде жақсы дамыған. Оқуымды осы мамандықта жалғастырдым. Дипломдық жұмысым да зергерлік өнер болып еді. 2006 жылы оқуды аяқтадым. Зергерлік өнерге деген қызығушылығымды арттырған Тәңірберген ағай еді. Айболат ағай, Жәнібек ағай да менің қызығушылығымды оятты. Барлығын ағайларымнан үйрендім. Осы өнерді Тәңірберген ағайдың арқасында үйрендім деп айтуға болады. Оқу бітіргеннен кейін зергерлік мамандық бойынша жұмыс жасаған жоқпын. Дегенмен өнер деген адамның тұла бойына бітетін қасиет екен. Оқуды бітіргеннен кейін зергерлікпен айналыспасам да өшкен жоқ. Әрдайым өзімнің қиялым мен арманымда жүрді.

    Оқу бітіре сала зергерлікпен айналысқан жоқсыз. Сонда осыған дейін қандай жұмыс жасадыңыз?
    С.Бәйішов университетінде дизайнер мамандығындағы студенттерге сабақ бердім. Қазір шәкірттерімнің өзі әр түрлі жарнамалық мекемелерде жұмыс жасайды. Артынан қазіргі Тарлан колледжі деп аталатын оқу орнында сабақ бердім. Біздің мамандық әр салаға бөлініп кете береді. 2009 жылы Қазақстан бойынша зергерлердің жиыны болды. Сол жылы Ақтөбе қаласына әр қаланың мықты деген зергерлері жиналды. Өздерінің өнерлерін көрсетіп, 10 күн бойы білімдерін жетілдірді. Білікті шеберлерден сабақ алдық. Мемлекет қаражатынан бөлінген тегін оқу болғандықтан, жасаған бұйымдарымызды сол жерде қалдырып кеттік. 12 жыл мұғалімдік қызмет атқардым. Зергерлік әшекей бұйымдар жасауды биыл наурыз айында бастадым. Алматыға 2016 жылы қоныс аудардым. Алғашында зергерлік өнермен айналысып, кәсіп бастау қиынға түсті. Өйткені құрал-жабдықтар қажет болды. Қазір үйімнің бір бөлмесін шеберхана ретінде ашып қойдым. Шебердің өзі бірнеше салаға бөлінеді. Біреу күміс жасаса, екіншісі алтынмен айналысады. Менің бағытым- қазақы бұйымдар жасау. Бір жағынан алтынмен де жұмыс жасаймын. Бүгінгі таңда екі бағытта да жұмыс істеп жатырмын. Осы заманға сай неке жүзіктері мен адам аты жазылған алқалар бар. Барлығын өзім жасаймын.

    «Әдемі дүниеден шабыт аламын»
    Ең алғаш жасаған жұмысыңыз қандай еді? Әлі күнге дейін өзіңізде бар ма?
    Ең алғаш жасаған бұйымым тұтас алқа мен екі сырға болатын.Оны дипломдық жұмыс ретінде дайындадым. Алғашқы жасаған жұмысымды университетте қалдырып кеттім. Енді көп жылдан кейін арманым қайта орындалды. Қайтадан өз жұмысымды бастап жатырмын. Көп уақыт болған жоқ. Дегенмен байқау мен көрмелер болса дайындаламын. Алғашқы тапсырысым сыйлық ретінде берілді. Достарымның баласына сыйлық ретінде берген едім. Мен зергерлік өнерді енді ғана кәсіп ете бастадым. Әлі аяғымды нық басып кете қойған жоқпын. Сол себепті алғаш жасаған бұйымымды жас сәбиге сый ретінде тарту еттім.

    Жұмысыңызға қанша уақыт жұмсайсыз? Бір бұйымды жасау үшін неше сағат кетеді?
    Күмістен жасалатын бір алқаны жасауға 3-4 сағат кетеді. Тіпті одан да аз уақыт кетуі мүмкін. Кейде үлкен, көлемді әшекей бұйымдарға бір апта жұмсауым мүмкін. Барлығы жұмыстың қиындығына байланысты. Кейде неке жүзіктерін жасауға 2-3 күн кетеді. Алтыннан жасалатын бұйымдарға ұзақ уақыт жұмсауға тура келеді. Адамдардан тапсырыс алып, өз-өзіме жұмыс жасаймын. Түнгі уақыттарда да жұмыс жасай беремін. Балаларым менің жұмысыма қызығып қарайды. Балаларым менің өнерімнен алыс емес. Болашақта балаларым шебер боламын десе қарсы болмаймын. Зергерлік-атадан балаға жалғаса беретін дүние. Бірақ мен бұл өнердің маған кімнен дарығанын білмеймін. Нағашы жұртым мен өз туыстарым да іскер болған. Солардан берілген шығар деп ойлаймын. Атамның өзі кезінде ер-тоқым жасаған.

    Зергерлердің көбісі ер адамдар болады. Мамандығыңызды шатастырып алған жоқсыз ба?
    Қыз баланың зергерлікпен айналысуы өте сирек кездеседі. Әйел адам мен ер кісінің жасаған дүниесінде айырмашылық болады. Бірақ көп адам оны байқай бермейді. Өзім зергер болғандықтан көріп тұрамын. Әйел адамдар нәзік етіп жасайды. Ал, ер кісілердің қолынан шыққан туынды үлкендеу болып келеді.
    Табиғатым осы өнерді қалап тұрды. Маған осы мамандық жақын болды. Менің мамандығымда суретші, дизайнер болуға да болады. Бірақ зергерлік менің жүрегіме жақын болды. Кез келген нәрсемен айналысуға болады. Бірақ адам өзіне жақынын ғана алады. Өзімнің жұмысыма қызыққандықтан, кейде орнымнан тұра алмай қаламын. Тапсырысты аяқтағанша, жасаған затты көзбен көргенше асығамын. Осы кезде ғана мен өз мамандығымды таптым. Өз мамандығымды жақсы көремін деп айтуға болады.

    Тынымсыз жұмыс жасаған күндеріңіз болды ма?
    Тапсырыс түскен кезде бір күн шеберханадан шықпай жұмыс жасаған күндерім болды. Балаларым ата-анамның қолдарында тұрады. Ата-анам өнерімді бағалап, қолдауларын білдіріп жатыр. Сол кісілердің арқасында ғана осы жұмыспен айналысып отырмын. Тұрмыста болған кезімде жолдасым зергерлікпен айналысуға қарсы болды. Ешқандай мүмкіндік болған жоқ. Сабақ беріп, мұғалім болуыма қарсы болмаса да, зергер болуыма ыңғай танытпады.
    «Әдемі дүниеден шабыт аламын»
    Жасаған бұйымдарыңызды қалай бағалайсыз?
    Қазір зергерлікпен айналысатын адамдар көп. Халықтың көзі ашылды. Тастардың бағасы өсіп жатыр. Жеке шеберхана ашып жатқандар көп. Барлығы әлеуметтік желі арқылы танымал. Сол арқылы жұмыс жасайды. Сол үшін бәсекелестікке қабілетті болу керек. Басқа шеберлердің бағасынан аспау керек. Олардан төмен түспеу керек. Бір бағаны ұстап тұру керек. Мәселен, күмістен жасалған, адамның есімі жазылған алқаның құны 10 мың теңгеден басталады. Әрі қарай шегі жоқ. Соңғы жасаған топтама 120 мың теңгені құрайды. Материалдардың шығыны да бар. Бірақ қатты жоғары баға да қоя алмаймын. Бағаларын түсіріп, жеңілдік жасауға болады. Бір тапсырыс берген адам екінші рет тағы келеді. Сондықтан жеңілдіктер жасап тұру керек. Зергерлер әдемі әшекейді жасай білгенімен, сата алмайды. Сата білу де өнер. Бұған Алматыға келіп, жұмыс жасаған жерімнің септігі көп. Сатудың да жолы бар.

    Өзіңіз жасаған бұйымдарды тағып жүресіз бе? Зергерлік бұйымдарға халық қаншалықты қызығады?
    Өзім жасаған әшекей бұйымдарымды тағып жүремін. Бала кезімнен әшекей бұйымдарға қызығамын. Тақпасам жүре алмаймын. Жасаған бұйымдарымды тағып, жарқырап жүргенді жақсы көремін. Адамдардың маған назар аударғанын қалаймын. Ортада жүргенде де «Қайдан алдың? Кім жасады?» деп сұрайтындар болады. Тіпті құлағымнан шешіп, сатып алып кеткен жағдайлар да болған еді.

    Соңғы жылдарда өміріңізде қандай өзгерістер болды? Ешкім естімеген қандай жаңалығыңыз бар?
    Магистратураға оқуға тапсырдым. Сәтін салып оқуға түсіп кеттім. Әрі қарай оқуымды аяқтап, мұғалімдік жұмысымды жалғастырғым келеді. Балалармен жұмыс жасаған ұнайды. Бір жағынан, шәкірттерім арқылы көп нәрсені білемін, үйренемін. Олармен жұмыс жасаған сайын қызығушылығым арта түседі. Мұғалім болудан қашпаймын. Магистратураны аяқтап, ЖОО-ға жұмысқа кіргім келеді.

    Өнер адамдары бір нәрседен үнемі шабыт алып жүреді. Ал, сіз осы жұмысқа деген шабытты қайдан аласыз?
    Шабыт деген қызық нәрсе. Тіпті оған көңіл-күй әсер ететін сәттер де болады. Жүрегім кең адаммын. Кез келген затқа қарап шабыт аламын. Әдемілікті көрсем, шабытым ашылады. Ол адамға байланысты. Тек жан дүниесі таза болса болғаны.

    Бала күніңізде кім болуды армандап едіңіз?Арманыңыз орындалды ма?
    Арманым шексіз. Бір дүние. Бір әлем. Менің арманым арқылы өмір сүруге болады. Бала кезімде әрдайым қалықтап ұшқым келетін (күлді-ред). Өмірде үлгі алатын жандарым-анам мен әкем. Ол кісілер мен үшін жан-жақты. Үлгі алуға тұратын жақсы адамдар.

    Ақтөбеден кеткеннен кейін өміріңіз қай бағытқа қарай өзгерді? Қиналған сәтіңіз болды ма?
    Отбасылық жағдайдан кейін Алматыға қайта келу қиын болды. Әр адамның басында бір қара сызық болатын шығар. Бұл менің өмірімдегі қара сызық болды. Адамның өмірінде жақсылық пен жамандық қатар жүреді. Сол қиыншылықтардан да өттік. Алға қойған жоспарларым мен мақсатым шексіз. Ойдың үстіне ой туындай береді. Бір бұйымды жасап отырып, екінші дүниені ойлап кетемін. Келесіде осылай жасау керек деп ойлаймын. Қиял деген - шексіз. Суретші болғасын біздің қиялымыз әлемнің басқа шетінде жүреді (күлді-ред). Суретшілерді барлығы қияли адам деп ойлайды. Суретшілер ақындарға ұқсайды. Олар өлеңмен жеткізсе, біздер сурет арқылы жеткіземіз.

    Ақтөбеге қайта келу жоспарыңызда бар ма?
    Ақтөбеге қайтып бару ойымда жоқ. Ол туралы ойлаған да жоқпын.

    Сұқбатыңызға рахмет!
    Жұмысыңызға шығармашылық табыс тілеймін!

    Ұқсас жаңалықтар
  • «Жұмысымды абыроймен атқару басты борышым»
  • «Халықтың батасы жетеді»
  • “Құлағыңа таққаның күміс сырға...”
  • Болат АТЫРАУБАЕВ: Ұлттық құндылық бизнеспен шектелмеу керек
  • Әділғали БАЯНДИН: Маған қыздардың күлкісі шабыт береді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге