«Жолдасыма алғысым шексіз»

    Ол – балаларын мотиватор санайтын ана. Отбасымен спорт әлемін бағындырып жүрген байсалды жан. Ол – сұлулық пен спортты қатар алып жүрген адал жар, үлгілі келін. Ол – «Асыл ана-2018» форумының жеңімпазы Алма Отарбаева.
    «Жолдасыма алғысым шексіз»

    «Жарманова едім...»
    Осы жолғы кейіпкерімнің бір ғана «әттең-ай» деген сәті бар. Тұрмысқа шыққан кезде тегін өзгерткені үшін өз әкесінің алдында әлі күнге дейін ұялады. Ерте тұрмысқа шыққан Алманың қыз кезіндегі тегі Жарманова еді. Бір таңғаларлығы жолдасынан бастап, балаларының есімдері «т» әрпімен аяқталады. Алманың өзі жолдасына жиі әзілдеп, «есімімді Алмат деп өзгертіп алайын ба?» деп сұрайтын көрінеді.
    - Негізгі тегім Жарманова еді. Тұрмысқа шыққаннан кейін жолдасымның тегіне ауыстым. Төрт баланың анасымын. Дзюдодан спорт шеберімін. 2017 жылы «Мисисс Ақтөбеге» қатысып, бірінші вице-Мисс атағына ие болдым. Сонымен бірге 2018 жылы «Асыл ана» байқауында «Фитнес мама» номинациясына қатысып, жеңімпаз атандым.

    «Спортқа деген құштарлығымды анам оятты»
    Ақтау қаласының тумасы дзюдо спортына мектепке барған сәтінен бастап қатысқан. Артынан ерген сіңілілері де осы спорт түрін жалғастырыпты.
    - Туған жерім – Ақтау қаласы. Спортқа деген құштарлығымды анам оятты. Анам мектепке жиналысқа келіп, дзюдо спорт үйірмесінің хабарламасын көрген. Сіңілім екеумізді осы спортқа алып келді. Алғаш барған кезімізде тек ұлдар болатын. Жаттықтырушыларымыз ұлдармен күрестіретін. Отбасымызда өзімнен кейін 3 сіңілім бар. Төрт қызбыз. Барлығымыз бір-біріміздің ізін жалғап, осы спортта қалдық. Өзім 2009 жылы күйеуге шықтым. Жолдасым да спорт саласының үздігі. Күйеуге шыққаннан кейін спортты қойдым. Қазір балаларым жалғастырып жатыр. Екі қызым, екі ұлым бар. Үйдің екі үлкені осы спортпен айналысады. Мәскеуге барып келдік. Ол кезде үш баламмен бардым. Үшеуі де чемпион болды. Қызым бүлдіршіндер арасындағы «Мисс Ақтөбеге» қатысып, бірінші орынға ие болды. Қызым қандай жарысқа қатысса да, бірінші орын алады. Бұл мен үшін үлкен жетістік.
    «Жолдасыма алғысым шексіз»
    «Спорт пен өнерді бірге алып жүру қиын емес»
    Қызымның әдемілігі де қалыптассын деп биге, модельдік мектепке де барады. Көрсетілімдеріне қатысады. Өз-өзін бағалай білсін деп модельдік мектепке бердім. Көп халықтың алдында тік жүрудің өзі батырлық. Спортта қызым мүлдем басқаша. Ол жерде мінез, күш барлығын көрсетеді. Қарсыласын жеңіп шығу оңай нәрсе емес. Балаларымызды жолдасым туылғанына 40 күннен бастап аяқтарына тұрғызып, айналдыратын. Қыздарым ер бала сияқты болып кетеді-ау деген қорқыныш жоқ. Себебі өзіміз 4 қыз болып отбасымызда спортқа қатысқаннан кейін ер мінезді немесе ер бала сияқты болғанымыз жоқ. Көп адамдар «Сіздер спортпен айналысқан адамға ұқсамайсыздар» деп жатады.

    «Қызымның арманы бар»
    Отбасымызбен спортшылармыз. Әлі де осы спортты жалғастыра береміз. Үшінші қызым кішкене нәзік. Нәзік болса да өзіне күрескен ұнайды. Қазір мәнерлеп сырғанауға барғысы келіп жүр. Үлкен қызымның алға қойған мақсаты бар. Болашақта ең бірінші Қазақстанның атынан шыққан қазақ қызы болып олимпиаданың алтынына қол жеткізу. Үлкен қызым он жасқа толады. Өзінің армандарын қойын дәптеріне жазып жүреді. 2028 жылы 48 келі салмақта дзюдо спортынан Қазақстаннан шыққан олимпиада жүлдегері боламын деп арманын жазып қойған. Тіпті шкафқа да іліп қойды. Қызым тек дзюдомен ғана емес, жүзуге де барады. Қазір актерлік шеберлік сабағын алып жүр. Өз ойын еркін жеткізе білсін деген ой болды. Бұл өмірде жақсы актриса бола білу керек. Өмірдің өзі кино. Кезінде өзім қатты ұялшақ болдым. Сол үшін маған ұқсаған ұялшақ болмасыншы деп қолымнан келгенімше барлық үйірмелерге жазамын. Үлгергенімше апарамын.

    «Өзіме мүмкіндік
    сыйладым»

    Бала күтімімен үйде отырған анаға көп ойлар келеді. Бүгінде ата-енеммен тұрамын. Бірге тұрып жатқанымызға он жыл болды. Алдымен 2017 жылы әлеуметтік желіден «Мисисс Ақтөбенің» хабарламасын көріп қалдым.10 жыл бойы күрестім ғой, енді өзімді сахнада сынап көрейінші деген едім. Содан кастингтен өттім. Соған дайындала бастадым. Соның ішінде отбасылық нөмер бар. Соны жодасыма айтып, төрт баламызбен спорттық көрініс көрсетейік деген едім. Жолдасым келісті. Бір жақсысы ол кісі мені сыйлайды, түсінеді. Әрдайым қолдап отырады. Біздің спорттық көрінісімізден кейін барлық көрермен орнынан тұрып шапалақтады. Сол кезде қатты қуандым. Өзім үшін, балаларым үшін қуандым. Жолдасыма алғысым шексіз болды. Содан соң бізді басқа да газеттер шақарып сұқбат алды. Артынан «Асыл ана» ұйымдастырушылары маған хабарласып, байқауға шақырды. Сол байқаудан да жеңімпаз атандым. Содан бастап ашылдым. 2017 жылы өзіме осындай мүмкіндік сыйладым.
    «Жолдасыма алғысым шексіз»
    «Өз-өзін қорғай білу керек»
    Бұл өмір өте қорқынышты. Сондықтан адам өз-өзін қорғай білу керек. Өмірде неше түрлі адам бар. Біреу тиіскен кезде адам өз-өзін қорғай білу керек. Сондай жағдайлар менің де басымнан өтті. Қасымда екі сіңілім бар. Өзіміз көшеде келе жатырмыз. Бір сәтте артымыздан қыздар келіп, бізге тиісті. Сөмкелерімізді тартты. Біздің спортшы қыздар екенімізді білген жоқ. Қыздарға жауабын жақсылап қайтарған кезде олар көздері бақырайып, «сіздер спортшы екенсіздер ғой» деп таңырқай қарады. Дзюдо спортының қимылдарымен қыздарды лақтырған кезде шошып кетті. Көбісі спортпен айналысатын қыздары ірі денелі болу керек деп елестетеді. Бірақ олай емес.

    «Жолдасыммен осы спортта
    таныстым»

    Жолдасымның айтуы бойынша, 2005 жылы Қызылорда қаласына жарысқа барған. Сол кезде менде жаттықтырушыммен еріп барған едім. Сол кезде өтіп бара жатып, екеуміз соғысып қалыппыз. Мен ала көзіммен қарағанмын да, өтіп кеткенмін. Жолдасым сол сәтте «мына қыз өскен кезде әдемі болады» деп ішінен айтқан көрінеді. Біздің арамыз негізінде 9 жас. Содан 2007 жылы жолдасым Алматыға мен жаттығып жүрген спорт мектебіне келді. Менің жаттықтырушым жолдасымның досы. Сол кісінің журналынан менің нөмерімді алған. Содан хабарласып, сөйлесіп бастадық. Қазір мен үшін махаббат жасқа қарамайды. Жолдасың өзіңнен үлкен болса сыйластық болады. Мен жолдасыма сіз деп сөйлесемін. Кейбір құрбыларым түсінбей жатады. «Неге сіз деп сөйлесесің. Ол саған бөтен адам емес ғой» деп айтады. Мәселе бөтен адам да емес. Бұл менің сыйластығым. Жолдасым көп нәрсе үйретті. Кейде жолдасыма балаша еркелеймін. Болашақта екі үлкенімізді шетелге оқуға түсірсек деп ойлаймыз. Балаларымыздың болашағы үшін жолдасымыз екеуміз барлығына дайынбыз. Қолдан келгенше барлығын беруге, айтуға, түсіндіруге тырысамыз.
    «Жолдасыма алғысым шексіз»
    «Спорт саласында қиындықтар болды»
    Салмақ қуған кезде қиындау еді. Салмағым кейде 52-53 келі болып кетеді. Салмақ түсіріп, жарыстарда ұтылып қалған кезде жаттықтырушыдан қатты ұялып, өзімді жаман сезінген сәттер болды. Бірақ қандай жағдай болса да спортты тастап кеткім келген сәттер болған жоқ.

    «Көршілеріміздің балаларын қосып алдық»
    Біздер осы жазда күнде таңғы алтыда тұрып, үйдің алдындағы саябақта жаттығу жасайтын едік. Бізді көршілеріміз көріп, «балаларымызды қоссақ болады ма?» деп 10 шақты бала бізге қосылды. Жаттығудан кейін футбол ойнайтын едік. Таныстарымыз «өз балаларың жетпей ме, көршілеріңнің де балаларын қосып алыпсыңдар ғой» деп күлетін. Барлығы ерінбейсіңдер деп айтып жатады. Бұл балаларымыз үшін мотивация. Өскен кезде айтып отыратын болады. «Біздің әке-шешеміз таңғы алтыда тұрып жаттығу жасатты. Біз үшін бәріне дайын болды» деп. Осының барлығы балаларға үлгі болу үшін жасаймыз. Сұлулық байқауына қатысқаным да балаларым үшін еді. Олардың көз алдында тек үйде жүретін ана болып қалғым келген жоқ. Таңғы алтыда тұрып жүгірудің өзі жалқаулықты жеңе білу. Кешке жақын балаларымызбен сөйлесеміз. Ертең алтыда тұрып жүгіреміз деп келісеміз. Ал, егер ертесі күні тұрмай қалсақ, балаларымыздың алдында ұят болады. «Ой, әкем мен анам айтады да, істемейді» дейтін болады. Сондықтан олай жасамаймыз. Маған мотивация беретін балаларым. Жаздың бір айын осылай өткіздік.

    Сұқбатыңызға рахмет!
    Балаларыңыздың арманы орындалсын!

    Ұқсас жаңалықтар
  • «Халықтың батасы жетеді»
  • “Күйеуім тоқал алды...”
  • Қандай жағдайда да сабыр сақта
  • Алмагүл Ізбасарова: “Осы дәрежеге жеткенім отбасымның арқасы”
  • Райса Байлиева: Жеңіске жетуімнің сыры қазы-қартада
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге