««Адам тәрбиені өзінен бастауы керек!»

    Ол – бала тәрбиесіне ерекше ден қоятын әке. Еліміздің болашағына алаңдайтын патриот тұлға. Қоғамнан оқшауланып қалған жастардың дамуына барынша күш салып жүрген азамат. Ол-Халықаралық деңгейдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының «Даму» бағдарламасы Ақтөбе облысы бойынша өкілі Еділ Қонайұлы.
    ««Адам тәрбиені өзінен  бастауы керек!»

    Жастарға үлкен мүмкіндік
    Жастардың болашағы үшін алаңдайтын жандар бүгінде аз емес. Елдің ертеңі деп білетін жас- тарды кішкентайынан тәрбиелеу керек дейді бүгінгі кейіпкер.
    - 1984 жылы Хобда өңірінде Ахраб деген ауылда дүниеге келдім. 1991 жылы Ақтөбеге көшіп келдік. Қазір ата-анамызбен бірге тұрып жатырмыз. 5 балам бар, үйленгенмін. Жолдасым білім саласында жұмыс жасайды. Негізгі жұмысым – БҰҰ «Даму» бағдарламасы бойынша Ақтөбедегі өкілімін. Оның 3 жылдық жоспары бар. Соның ішінде Қазақстан бойынша екі облыс таңдалынды, Қарағанды және Ақтөбе облысы. Біздің облыстағы Темір, Шалқар және Мұғалжар аудандары бойынша «Жастарды бейбіт дамуды қолдайды» деген бағдарлама жүргізіп жатырмыз. Ол үлкен жоспар, ішіне көптеген шаралар кіреді. Соның бірі жақында Темір ауданында «Сана» жастарды дамыту орталығының ашылуы. Оған біз үш аудан бойынша тендер жарияладық. Соны ұтқан мекемелерге біз грант бөлдік, грант – 6 мың доллар. Теңгеге шаққанда шамамен 2 жарым млн теңгедей. Құдай қаласа, Қандығашта коворкинг центр, ал Шалқарда стрит-воркаут ашылуы керек. Биыл осы үш ауданға тағы екінші рет грант бөлеміз деп жоспарлап отырмыз. Одан бөлек, биыл қыркүйектен бастап 250 жұмыссыз жастарды 18-29 жастар аралығындағы жұмысқа орналастыру бағдарламасы бас талып кетті. Ол былай : біз оларға мекемелермен келісіп, 3 айлық жұмысқа кіруіне мүмкіндік береміз. Үш айға еңбекақысын, барлық шығындарды БҰҰ төлейді. Ал жұмыс беруші жастардың арасынан осы тәуірлеу,жұмысқа бейімдеуі дегендерді алып қалады. Одан бөлек, жергілікті жастарға сол жерден шыққан бір белгілі тұлғалармен кездесу ұйымдастырамыз. Олар келіп, өз оқиғаларын айтады. Мысалы Шұбарға гимназияның түлегін апардық. Қазір Ақтөбеде тұрып жатыр, Атырауда филиалын ашып тастаған жас кәсіпкер. «Мен кезінде шиномонтажкада жұмыс істеуді бастадым. Біз демалыс күнін білмейтін едік, солай көтерілдік» деп жастарға өзінің даму жолын айтып берді. Ал тағы бір тұлға бүгінде мұнай компаниясының өкілі былай деп айтты. «Мен әкесіз өстім, Ақтөбеге көшіп келгеннен кейін бутылка жинаудан бастадық. Жыл сайын «жастар күні» болады, бәрі соған қыдыруға дайындалады. Ал мен өзім сияқты балалармен бірігіп, келесі күнге дайындаламыз». Сөйтіп өзінің оқуының ақшасын өзі төлеп шыққан. Ол Қазақстан-Британ Техникалық Университетіне оқуға грантқа түсіп, ағылшын тілінде білім алды. Бұл – бір бағдарлама. Одан бөлек, біз стажировканың кезінде әрбір 20 балаға ментор тағайындадық. Ментор деген – осы Ақтөбе облысында мүмкін болса сол ауданнан шыққан бір жетістікке жеткен және ағалық көрсете алатын адам. Сондай адамдарды біз жалдаймыз. Ментор жастарды үйретеді, үш ай бойы қадағалайды. Тек қана жұмысқа кіргізіп қана қойған жоқпыз, оларды жетілдіруге тырысып жатырмыз, тәрбиелейміз. Әрбір ауданға сонда 2 ментордан тағайындалды, олар жастармен жұмыс істеген тәжірибесі болуы керек.

    Армандар орындалады
    «Need» деген санаттағы жастар бар. Ол оқымай да, жұмыс істемей жүрген. Сондай жастарды біз екі жыл қатарынан жинадық. Биыл үш ауданнан 33 адам жиналды. 10 күнге оларды Алматыға алып кеттік. Барлық шығынын біз өтедік. Оған қоса, олар уақыт бөлгендері үшін біз оларға ақша төлейміз. Ақша көлемі жолдың ұзақтық мерзіміне байланысты болады. Қателеспесем биыл төлегеніміз 45 мың теңге болды. Алматыға апарып, сол жақтағы үлкен кәсіпкерлермен кездестіреміз. Оған қоса, Қазақстандағы ең мықты деген психологтарды жалдаймыз, олар жастармен тренингтер жүргізеді. Бізде көбінесе комплекстері бар жастар. Тұйықталып қалған немесе өте гипербелсенді бұзақы балалар. Кейбірлері учетта тұр. Бір жігіт арманы орындалғанын айтты. Өзі авариядан кейін бас сүйек-ми жарақатын алған. Мүгедектік болған соң жұмысқа тұру да қиын. Ол психологтың көмегімен кез келген адаммен сөйлесе алатын адам болып кетті. Біз С.Демирал атындағы университетінің кампусында болдық 10 күн бойы. Ақтөбеге қайтып келгеннен кейін жаңағы жігіт районоға жұмысқа тұрды. Сосын сол Алматыдағы бізге тамақ беріп жүрген аспаз қызды алып қашты. Өміріне өзгеріс еніп, арманы жүзеге асты. Адамдардың көбісінде қолмен шешуге болатын мәселелер. Кейбір жастар бұзақылыққа ұрынуда. Түрмеге отырып, нашаға, діни жат ағымдарға ілігіп кетіп жатыр. Оған дейін бұл жастар арамызда жүрді, біз оларға мән берген жоқпыз. Кейін олар бір проблемасы пайда болып, оқшауланып қалды біздің ортамыздан. Сол кезде оларға көмек керек еді. Біздің қазір жұмысымыз сол, дамыту орталығы, коворкинг орталық сияқты ұйымдар ашамыз. Жастарға ағалық көмек ету, жас- тарды дамытумен айналысамыз.

    Ақтөбе мен Қарағанды
    Бұл бағдарлама 2018 жылы басталды, 2020 да аяқталады. Ол халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының арқасында жүзеге асып жатыр. Нью-Йоркта офисі орналасқан, ол әлем бойынша қай жерде қандай мәселе бар екенін зерттейді. Қазіргі жастардың арасында бұзақылық жиілеп, тәрбиелік жағы нашарлап, мәдениет төмендеп жатыр. Жалпы бұл бағдарлама Орта Азия бойынша жалғасып жатыр. Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан және Қазақстанда бар. Қазақстан бойынша Ақтөбе мен Қарағандының таңдалынған себебі: мәселесі көбіректеу. Оған мақтанудың еш қажеті жоқ. Аталған бағдарламамен жұмыс жасау барысында басында ақпараттандыру қиын болды. Көп жастар бейхабар. Бізге керек жастар олар үйлерінде жатыр, көшеде жүр. Оларды табу, бізге сендіру қиын болды. Биыл жергілікті билік өкілдерімен бірге үлкен аудиториялар жинап, жарияладық, конкурс жарияладық. Темірдегі «Сана» орталығын ашуының себепкерінің бірі – біздің бағдарламаға қатысқан жастар. «Энергосистема»-ға жұмысқа кіру үшін дипломнан басқа, допуск болуы керек екен. Сол себепті біз бағдарламаның ішіне мамандығы бар, бірақ қосымша біліктілігін арттыру жастарды қосымша оқытамыз деп қосымша қостық. Әзірге мамандықтардың санын түгендеп қойдық, жастарды дайындап жатырмыз. Бағдарламаға негізі үш ауданнан кез келген жастар қатыса алады. Бірақ ол өте бір дарынды жанып тұрған жас болуы керек немесе керісінше толған комплекс, қоғаммен байланысты болмай жатқан жас болуы керек. БҰҰ-да гендерлік тұрақтылықты сақтау шарт етіледі. Міндетті түрде ер және қыз балалардың санын бірдей қылдыруға тырысамыз, қай бағдарлама болсын. Енді ер балалар бұзақылыққа жақындау, есепте тұрғандар. Ал қыз балалар ауылдарында қалып қойған, ажырасқан, балаларымен үйде отырып қалған қыздар. «Даму» - үлкен бағдарлама, соның ішінде қосымшалар бар: жұмыспен қамту, оқыту, үлгілі жастарды көрсету, т.б. қатар жүріп жатыр.

    «Шаңырақ Ақтөбе»
    Біріккен Ұлттар ұйымындағы жұмысымнан бөлек Ақтөбеде «Шаңырақ Ақтөбе» деген қоғамдық қоры бар. Осы жерде ерікті болып жұмыс жасаймын. Жұмыстан тыс уақытта біз облыстың тұрғындарына көмектесуге тырысамыз. «Мектепке жол» акциясында рюкзактар сумка таратамыз. Биыл 210 рюкзак тараттық. Былтыр фондтың жұмысына облыс әкімі «Жомарт жүрек» медалін берді. Қобдишаларымыз сауда орындарында жаймен қойылып жатыр. Бұдан түсетін қаражат іс-шараларға жұмсалады. Мысалы, біз биыл 55 тонна көмір тараттық. Көмір таратқанда әкімшілік бізге қолдау көрсетіп, көмір таратуға тегін көлік берді. Кейін біз бағдарламамызды аяқтадық, ақшамыз таусылды. Одан кейін әкімшілік «Шаңырақ» бастаған «дәстүрді» жалғастырып кетті. Қуантатыны қазір көптеген біз танымаймын адамдар «Шаңырақ» қорына ат салысып жүр. Жәрмеңке ұйымдастырып, ДЦП-мен ауыратын балаларға 3 аппарат алып бердік. Ақтөбеде 250-ден астам бала осы дертке шалдыққан екен.
    ««Адам тәрбиені өзінен  бастауы керек!»

    Балаларыма арнайы уақыт бөлемін
    Әрбір отбасыда ер адам мен әйел адамның бөлек орны бар деп есептеймін. Әйел адам нәзіктік, үйдегі тұрақтылықты сақтайды және ер адамға арқау болады. Ал ер адамның міндеті - қауіпсіздік, нәпақа, және отбасы киімі- тұрағы. Бала тәрбиесімен көбінесе әйелім айналысады. Бір шартым бар: жұмыстан кейін кешкі сағат 7 мен 10-ның арасында жұмыс туралы сөйлеспеймін, телефон қарамаймын, балаларыммен уақыт өткіземін. Егер маған біреу звондаса, түңгі сағат 23:00-ден кейін ғана жауап бере бастаймын. Регламент сақтаймын. Өйткені бұл біздің балаға бөліп қойған уақытымыз. Балаларыма жақсы үлгі көрсетуге тырысамын. Мысалға балаға кітап оқы дегеннен көп нәрсе шықпайды, егер сен олардың көзінше өзің кітап оқымасаң. Немесе спортпен шұғылдан деп, өзің турникке тартылмасаң, нәтиже шықпайды. Мұндай іс-әрекеттерді мен өз ойымнан шығарған жоқпын. Жұмыс барысында көптеген тренингтерге еріксіз қатысамын, көремін, өйткені ұйымдастырушымын.Сол тренингтерді көп алып, кейбір жақсы жақтарын өзіме қолдануға тырысамын. Біріккен Ұлттар Ұйымындағы жұмысқа 2018 жылы бағдарлама басталғалы кірдім. Оған дейін жеке кәсіппен айналыстым. Барлығына үлгеру керек, басқа амал жоқ. Өмірлік ұстанымым – біз істемесек , кім істейді? Қазір біз жастарымыз үшін бірнәрсе істеп қалмасақ, кім істейді бізден басқа? Жалпы әр адам тәрбиені өзінен бастау керек!

    Сұхбатыңызға рахмет!
    Сұхбаттасқан Салтанат ЕРЛАНҚЫЗЫ
    Суретке түсірген Лилия БЕЛИКОВА

    Ұқсас жаңалықтар
  • Өз бизнесіңді ашуға мүмкіндік бар
  • Жұмыссыз жастарға қайтарымсыз ақша беріледі
  • Жұмыссыз жастарға бизнес ашуға несие беріледі
  • Жазда жұмыс істеген жастар жоғары жалақы алмақ
  • Жастар жемқорлыққа қарсы
  • Жұмыссыз жастар назарына!
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге