Сейітжан Төлемісов туралы естелік

    Сейітжан Төлемісов туралы естелік

    Биыл жеңістің 70-ші көктемі. Сұрапыл соғыс артта қалып, қиын күндер ұмытылғанмен, оның жүректерге салған жарасы әлі де жазылар емес. Жалғыз бауыры Сейітжан Төлемісов туралы естелік айтқан Роза Өтебайқызы Ақтөбе қаласының тұрғыны. 1928 жылы дүниеге келген кейуананың жасы қазір 87-де. Аяулы ана, ардақты әже Роза Өтебайқызының Жеңіс күні жақындаған сайын еңсесін түсірер бір жайт бар. Ол бауыр еті бауыры Сейітжан туралы естеліктер.

    Сұм соғыс Төлемісовтердің отбасына да кесірін тигізбей өтпеді. Отбасындағы жалғыз еркек кіндік Сейітжанды да ала кетті. Бір әулетке әке орнына әке, аға орнына аға болып отырған Сейітжан Өтебайұлы 1925 жылы Ақтөбе облысының Қызылту ауылында дүниеге келген. Қарапайым шаруа отбасында өмірге келген бала, ерекше зейінді болып өседі. Ақтөбе қаласындағы №6 мектептен 8 жылдық білім алған Сейітжанның сабаққа деген алымы жақсы болатын- дейді әпкесі.
    Роза Өтебайқызының айтуынша, ағасы үйде отырып сабақ оқымаған. Сөмкесін толтырып кітап та арқаламаған. Есесіне сабақ үлгерімі өте жақсы болыпты. Зерек жігіт ұстаздарының айтқанын ойына бірден тоқып алып, айтып беретін болған.

    Ағайынды екеу Роза мен Сейітжанның әкелері Өтебай соғыстан бұрын 1931 жылы қайтыс болады. Осыдан кейін әулеттің бар ауыртпалығы буыны бекімеген Сейітжанның мойнына көшкен.
    – Әкем теміржолда қызмет етті. Ал, анам теміржол асханасында еңбек етті. Әкем дүние салған жылдары қатты қиналдық. Әсіресе, 1934 жылға дейінгі уақыт біз үшін ғана емес, бүкіл ел үшін өте қиын кезең болатын. Біз ол кезде Ақтөбенің “Құрмыш” ауданында тұратынбыз. №6 мектепке жаяу қатынап оқыдық. Бүгінгідей жылы етіктеріміз де болмады. Сол кезде ағам мектепке конькимен баратын еді. Мектепке жеткесін шешіп қойып жүрді. Жарықтықтың дос-тары да көп еді...
    Сейітжан Төлемісов туралы естелік

    Отан үшін от кешкен жылдар
    Сұм соғыс Сейітжанның бозбала шағына тұспа тұс келді. 1940 жылы мектепті тәмәмдаған соң, ол Ақтөбедегі нан комбинатында еңбек ете бастайды. Ал, ҰОС басталған жылы Сейітжанның жасы небәрі 16-да ғана болатын. Араға бір жыл салып, 1942 жылғы 4 тамызда ол өз еркімен әскери қызметке сұранады. Майданға бірден қабылданып, 1942-ші жылғы 16 тамызда курсант ретінде Татарстанның Чистополь қаласындағы К.Е. Ворошилов атындағы Одесса әскери атқыштар училищесіне оқуға жіберіледі. Осы жылдың 19 тамызында атқыш ретінде Мәскеу облысының Ступино қаласына 6-рота 2-батальонның 17-гвардиялық әуе десанттық бригадасына ауыстырылады. 1942 жылдың 28 тамызында әскери ант қабылдайды.
    Сейітжан үшін сын сағаттар осыдан кейін туды. Бірақ, ол қорқыныш пен үрейді жеңе отырып, қайсарлық пен төзімділікті бойына жиып , кескілескен ұрысқа кірісіп кетті. Тайсалған жоқ. Бұл 1942 жыл болатын...

    Роза Өтебайқызы, Сейітжанның әпкесі:
    - Хатты сирек жазысып тұратынбыз. Өйткені, оларда бос уақыт болмайтын. Бір жазған хаты әлі күнге есімде. Ол 1944 жылы жазылған хат еді. Бауырым “Мәскеу түбіндеміз. Бірнеше минут қана тынығатын уақытымыз бар” деп жазған болатын. Оның бір айтқаны, 1944 жыл совет жауынгерлері үшін өте ауыр жыл болған.

    Әпкесі бауырының соғысқа дейінгі бозбала шағының да қиыншылықпен өткенін айтады. Әкесінен тым ерте қалған ағасының отбасын асырау үшін кешкен бейнетін ойласа, кейуананың кеудесін әлі де өкініш кернейді.
    Ол не көрмеді?! –деп күрсіне есіне алады Роза Өтебайқызы. - Ажал аузынан да аман шыққаны бар. Шайқастардың бірінде жараланып, 2-3 ай госпитальда жатып шықты.Оқиға былай болған. Парашютпен жерге түсіп келе жатқандарында жау әскері төменнен атқылайды. Қасындағы жолдастары түгел мерт болыпты. Сейітжан да аман қалмаспын деп ойласа керек.Көрер жарығы бар екен. Ағашқа ілініп қалыпты. Есін жиса, аяқ-қолы қимылдап жатыр екен. Кейін госпитальға жеткізіліп,ажалдан аман қалады.
    Сейітжан Төлемісов 1944 жылғы мамыр айынан бастап Карель майданында соғысқан. 1945 жылдың 9 мамырында Рейхстагқа Жеңіс туы тігілгенімен, Сейітжан мен оның қаруластары үшін ұрыс әлі де жалғасып жатты. 1945 жылдың 9 мамырынан 3 қыркүйегіне дейін әуе десанттық күштер құрамында болды. Осы жылдары еткен ерліктері ескерусіз қалмады. Сейітжан Төлемісов радио батальон курсантынан радио станция басшысына дейін көтеріледі. 1945 жылы 15 мамырда Сейітжан Төлемісовке аға сержант атағы беріледі. Осы жылдың 17 маусымында Аэродромға қызмет көрсететін 612 батальонның байланыс ротасына бөлімше бастығы болып тағайындалады. Төлемісов ұрыс даласындағы жанқиярлығы үшін Сталиннің алғыс хатын да (бұйрық №372 күні 23.08.1945) алған. “За Победу над Германией”, “За победу над Японией” медальдарымен марапатталған.

    Жас еді... Жігерлі еді...
    Ерлігі еленді. Бірақ... Жапониямен ұрыс даласында Сейітжан Төлемісовке суық тиіп, өкпесін қабындырып алады. 1946 жылғы 4 қазанда ол денсаулығының нашарлап кетуіне байланысты елге қайтарылған.
    - Қанша жерден от шешіп келсе де бауырымның мінезі бұрынғысынша ақжарқын еді. Көңілді жүруге тырысатын. Уайымын білдіргісі келмейтін. Дегенмен,оны ұрыс даласында жабысқан дерт жеңді. Ауруынан айыға алған жоқ. 1948 жылғы 12 мамырда дүние салды, - дейді Роза әжей.

    Мамыр айы жақындаған сайын, Роза әжейдің есіне сонау отты жылдар орала береді. Сол жылдар Роза апай мен оның замандастарының жастығын ұрлады... Сол жылдар біреуді бауырынан, біреуді әкесінен айырып, жұртқа қайғыдан қан жұтқызды. Сол жылдар Роза әжей мен оның замандастарының жадынан оңайлықпен өшпейді. Қазір зейнет жасындағы кейуананың жадында бауыры Сейітжан Төлемісов жас, жігерлі күйінде сақталып қалған. Қазір қарияның қолында сарғайған хаттар ғана бар. Сүйенері болған бауырының сыйынарына айналғанына биыл 67 жыл. Ал, Ұлы Жеңіске 9 мамырда 70 жыл толмақшы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 40 санының қасиеті туралы
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Біздің сүйікті кондуктор
  • Ақтөбенің қыршын кеткен әртістері
  • Жоғалған балалар котлованнан табылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге