«Мұғалімдікке киімге қызығу арқылы келдім»

    Ол – мектепте 30 жыл бойы балаларға білім үйреткен ұстаз. Ол – көптің ақылшысы. Өзінің қолында болмаса да, өзге адамдарға көмекке даяр жомарт жан. Ол – әкенің тәрбиесімен сусындаған перзент. Ұстаз болуды бастауыш сыныптан армандаған оқушы. Алланы аузынан тастамайтын қажы. Сауданың қыр-сырын меңгерген кәсіпкер, «Ұлт даңқы» орденінің иегері – Ғалима Сұлтанқызы.

    Бүгінгі кейіпкерім көп уақыттан бері кітап жазуды ойлап жүр. Өмірде біліп-түйгендерім келер ұрпаққа пайдаға жараса екен дейді. Кітап жазу туралы оған айналасындағылар ой тастапты. Өзгелерге жақсылық жасасам, жаным рахат табады дейтін ардагер ұстаз өзінің оқиғаларымен бөлісті.

    «Әкемнен көп нәрсе үйрендім»
    Мен кітап жазғым келеді. Көбісі әңгіме айтқан кезімде «апай, неге кітап жазбайсыз?» деп сұрайды. Балаларым да айтады үнемі «сіздің ақылыңыз бізге жол ашады» деп айтады. Мен 1952 жылы 19 қаңтарда дүниеге келдім. Туып өскен жерім – Қандыағаш қаласы. Ол кезең соғыстан кейінгі замандар ғой. Қызылордада оқып жүрген кезде қыздар «мамаң жоқ па?» деп айтатын. Анам болды, бірақ та мен әкеммен көп әңгімелесетін едім. Ол соғыс ардагері, кейін ауылнай болған кісі еді. Әкемнің аты – Сұлтан, сол кісінің көп әңгімесін тыңдап өскен баламын. Қасында ылғи еріп жүретінмін, көмектесемін. Отбасымда 3 қыз, 2 ұл болдық. Әкемнің әңгімелерін өзімнің өміріме көп қолданамын. Мен күлемін ғой мен бала кезден кәсіпкер болған адаммын деп (күлді-ред). Зейнетке шыққаннан кейін ол кісі көршілердің еденін салып береді, қобдишасын арқалап, қасында мен жүремін. Сөйтіп жүріп әкемнің айтқан ақылдарын тыңдап жүремін. Жомарттығым да әкеме ұқсағандықтан деп білемін. Ол кезде Қандыағаш угловая станциясы болды. №464 мектептің 8-класын бітіріп, Қызылордада М.Мәметова атындағы педучилищеге оқуға түстім. Ол мемлекеттік оқу орны болатын. 4 жыл дегенде оқуды бітіріп келдім. Одан кейін Темір ауданының Бәшенкөл деген жерге мені бастауыш кластың мұғалімі етіп жіберді. Ол кезде ауылдық жерде мұғалімдер жетіспейді. Педучилищенің білімімен барып, орыс тілінен, математикадан сабақ бердім. Мені өзімнің еліме тартты. Бір жылдан кейін Қандыағашқа қайтып келдім. №464 мектепте өзімнің сүйікті мамандығымды жалғастырдым. Туған апам сол мектепте математика пәнінен сабақ берді. Бастауыш класта оқып жүрген кезде Сара Жамантайқызы деген мұғалім болды. Сол кісінің киген киімі, сөйлеген сөзі, берген сабағы қатты ұнайтын. Әсіресе киген киімі ұнады. Соған қатты қызығатын едім. Мұғалімдікке киімге қызығу арқылы келдім. Мұғалім болсам деп сол кезден бастап армандадым.

    «Оқушыларымды қонақ ететінмін»
    Мектепте жүргенде педучилищенің білімімен, тәрбиесімен біраз жерге дейін көтерілдім. Қоғамдық жұмыстардан бас тартқан жоқпыз. Сол арқылы көптеген жақсы жетістіктерге жеттім. Өзімнің мамандығымды өте қатты жақсы көрдім. Оқушыларым каникулға кеткен кезде оларды өз баламдай сағынып жылайтын едім. Олар каникулда жүргенде бауырсақ пісіремін, ет асамын да, қонаққа шақырамын. Келіп домбырамен ән айтады. 31 бала үйімде қонақ болады, бір бөлмеде тізіліп отыратын. Өзімнің жұмысымды көрсете білдім. Ол атаққұмарлықтан емес, жұмысыма қызығушылықтан болды. Сөйтіп жүріп мектепте қалай 30 жыл жұмыс жасағанымды байқамай қалдым. Қазіргі жастарды ешнәрсемен ынталандыра, таңқалдыра алмайсың. Оларға таңқаламын. Бізді мықты патриот етіп тәрбиелеген, сондықтан біздің заманның жастарында патриоттық сезім өте жоғары деп айта аламын. Өміріміздің қиындығын ешкімге де міндеп қылып артпауымыз керек. Екінші , көп балалы анамын дейді. Алла баланы береді, ол біреуден көмек сұрау үшін емес. Әр баланы өз ырзық-несібесімен береді. Соған тәуба ету керек, сол бала үшін өмір сүру керек. Оны қайткен күнде де адам қылып, тәрбиелеп шығарамын, қоғамға, ортаға, пайдасы тисін деп ниеттену керек. Жастарға қарным ашады. Бірінші адам болып қалыптасу үшін намыс керек. Ол менің түсінігім. Мен көп қыдырғанды онша жақсы көрмеймін. Істелген жұмысты адал және уақытында ақтауға тырысамын. Ол өзіме деген патриотизм шығар, бәлкім. Қызым Айнашым мектепті алтын белгімен бітіріп, грантқа оқуға өзінің күшімен түсті. Содан кейін екі ұлым да өсті. Оларды оқыту керек болды. Осылай мен сауда саласына кеттім. Жұмыс істеп жүріп, сауда мен жұмысты бірге алып жүрдім. Сол кезде мектеп директоры болған Баян Айтбекқызына алғысымды білдіремін. Ол маған мотивация беріп, үлкен қолдау білдірді.

    «Жыланнан түк тартсаң да пайда»
    Қазақта мақал бар ғой «жыланнан түк тартсаң да пайда» деген. Сауданың өзіндік бір құпиялары болады. Біреулер екі есе, үш есе пайда табам дейді. Бірақ бәрібір де Алланың бұйырымы болады. Мейрамхана ашылғаннан бері той жасауға келген меймандарға әр келген клиентке 10 адамдық үстелді сыйлыққа беріп отырамын. Өйткені ақшадан қинала ма екен, балалары мен немерелері жүгіріп жүреді ғой. Зекет беруден аянбаймын. Қазақтың «шығын шықпай, кіріс кірмейді» дегені тағы бар. Кіріс кірсін демеймін, шашып жүргенді жақсы көремін. Алла маған берді, мен де қасымдағыларға көмектесуім керек деп ойлаймын. Қиналып келген адамдарға үнемі көмектесуге тырысамын. Өмірде көптеген қиындықтар көрдім, талай жылаған кездерім де болды. Бірақ та оны жеңе білдім. Ешкімге міндет артқан жоқпын. Міндет артқан деген ұят болады. Алақан жа-йып, әкімнің алдынан шыққандық деген ол бірінші мәдениетсіздік, екінші өзін сыйламағандық деп ойлаймын. Үшіншіден, өзінің әлсіздігін көрсетеді. Қазір жастарға үлкен мүмкіншілік бар. Біздердің кезімізде сенбілік болатын. Оған тегін шығатынбыз. Ал қазіргілер оның әр сағатын есептейді.

    «Үнемі тәуба етемін»
    Мектепте 30 жыл мұғалім болып қызмет еттім. Содан кейін апам қайтыс болды. Екеуміз бір мектепте жұмыс істеген едік. Ол өмірден өткен соң, әрі қарай жұмыс істей алмадым. Бар күшім мен энергиямды саудаға арнадым. Мен өзімнің әр жасаған дүниемнен рахат табамын. Адамға бір жақсылық жасасам, сол күні кәдімгідей қуанамын. Саяхаттағанды, демалғанды аса ұнатпаймын. Тек жұмыс істей бергім келіп тұрады. Алла Тағала сынды көтере алатын адамға береді. Сіз бұны қиындық деп емес, сын деп қабылдаңыз деймін адамдарға. Бүгінде 3 баланың анасы, 8 немеренің әжесімін. Жақсылық жасай бергім келеді. Менің тілім у, бірақ жүрегім жұмсақ. Адамдарға қатты-қатты сөйлеймін. Қатты сөйлеу арқылы адамның намысын оятамын деп ойлаймын. Ал намыс оянса, адам алға қарай талпынады. Маған көбісі айтады, «қандай кереметсіз, мейрамхана, балабақшаңыз бар деп. Оларға бұның бәрі менікі емес дедім. Мен Алланың құлымын. Ал мынаның бәрі соныкі. Оның берген күш-қуатымен және әкемнің берген тәрбиесімен жұмыс істеп жүрмін. Үнемі тәубе етемін.

    «Түсімде медаль алдым»
    Бір күні түс көрдім, бір жетіге шейін жори алмай жүрдім. Түсімде қызымның үйінде екенмін деймін, содан бір үлкен ата кіріп келді. Үстіндегі шапаны енді алтынмен түстес, жалт-жұлт етіп тұр. Сол кісіге «сіз кімсіз?» дедім. «Сұрама, қызым. Қолыңды жай, бата беремін саған» деді. Алақанымды жайсам, алақанымда жалтылдаған орден тұр екен деймін. Бата беріп, шығып кетті. Бір жетідей ертегі көргендей күй кешіп жүрдім. Содан балам не болғанын сұрағанда, көрген түсімді айттым. Балам маған конверт ұсынды. Ішін ашсам, «Ұлт Даңқы орденін тапсыру салтанатына шақырыласыз» деген хат келіпті. Сол түс болып тұр ғой енді. Мұның алдында аудан ішінде төрт рет «Жыл адамы» атағын алдым. «Үздік кәсіпкер» де атандым. Ең бірінші алған орденім «Ұлт даңқы» ордені болатын. Оны 2014 жылы алдым. Ал 2017 жылы «Ұлт қайраткері» құрметті атағымен марапатталдым. Елбасының қолынан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін алдым.
    Қазір мейрамханадан бөлек екі балабақшам бар. Мұғалім болғаннан кейін мұғалімдігімнен бір ескерткіш болып қалсын деп осыны мақсат етіп қойдым. Бар өзімнің фантазиямды салдым. Балабақшаның аты «Бақытты бала», екіншісін де солай атаймын. Неге мұндай атау бердім, өйткені қазіргі заманнның балалары бақытты. Әдемі ойыншықтармен ойнайды, әдемі киінеді. Тамақтың ең дәмдісін әке-шешесі соларға алып береді. Ал біздер деген нан-шекермен өскен балалармыз ғой. Ең тоғы – нанға май жағып жедік(күлді-ред).

    «Құлдықтан құтқардық»
    Өзімнің риза бола алатын бір оқиғам бар. Қызымның жоқ-жұқа отбасыда өскен бір кластасы бар еді. Біреулер оны басқа жаққа жұмысқа алып кетеді. Содан кейін зым-зия жоқ болады. Әжесі қайтыс болды, көре алмай кетті. Ал анасы тірі кезімде тапсам екен, көріп кетсем екен деп қиналды. Содан сөйтсе, бір орыс әйелден хат келіпті. «Сіздің балаңыз құлдықта жүр» деген. Онымен оның анасының жолға шығуына қаражаты жетіспеді. Сосын мен керекті органдарға хабарласып, жол шығынын төлеп, бір қызметкерді жоғалған баланы алып келуге жібердік. Қызметкердің қасына жаңағы құлдықта жүрген баланың досын ертіп жібердік. Содан апта өтті, Қызылорда жақтан табылды. Ол бала Қандығаштың баласы еді. Кеткен ақшама емес, баланың аман-саулығына алаңдадым. Солай баланы құлдықтан құтқардық. Анасы көзінің тірісінде көріп, бір қуанды. Орыс ұлтынан еді, өзіміздің аулада тұрды. Бұл оқиға бұдан 10-15 жыл бұрын болды. Негізі істеген жақсылықтарымды айта бермеймін, мақтаншақтық болады. Ал негізінде бұл тәрбиелік мәні бар зат қой. Өйткені қазіргі адамдарда аяушылық сезім жоқтың қасы.

    «Ашта жеген құйқаңды тоқта ұмытпа»
    Арманым мұғалім болу еді. Ұстаз болудан еш қандай қиындық көрмедім. Тек бір жылы бір класты алдым. Онда 15-і бастықтың балалары болса, 15-і есепте тұрған балалар. Ешкімге бағынышты емеспін, бағынбаймын. Өйткені менің приниципім – әркім сыйлағанның құлы. Егер мені біреу сыйласа, сол кісінің құлы болап, етігін сүртіп беруге әзірмін. Девизім осы. Ал саудада «Саудада жыланнан түк тартсаң да пайда» деген сөзді ұстанамын. «Ашта жеген құйқаңды тоқта ұмытпа» деген тағы бар. Ол дегеніміз кешегі қиын кезіңді бүгін шалқып отырғанда ұмытпа дегені. Әр қадам басқан сайын, алға қарай ұмтылған сайын, артыма бір қарап өтемін. Аллаға шүкір, тәуба деймін.

    Сұхбатыңызға рахмет! Кәсібіңіз алға баса берсін!

    Ұқсас жаңалықтар
  • «Әдемі дүниеден шабыт аламын»
  • «Адам өзін тәрбиелесе уақытты жеңе біледі»
  • «Оқы, оқы, және оқы, студент»
  • «Мұғалімдікке киімге қызығу арқылы келдім»
  • Өмірге құштар қыз
  • Қажымұқан САТЕНОВ: Қайта туа қалсам, әскери өмірді таңдар едім
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге