«Жұлдыз-жорамалға сенетін адаммын»

    Ол- спортты жақсы көретін адам. Қызмет жолын бас қаладан бастаған мемлекеттік қызметкер. Бала кезінде «Мирон» деген лақап атқа ие болған оңтүстіктің күйеу баласы. Ол -Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов.
    «Жұлдыз-жорамалға сенетін адаммын»

    «Жүзуді жақсы көремін»
    1989 жылы 6 қараша күні Ақтөбе қаласында өмірге келдім. Руға бөлінбейтін адаммын. Бірақ айтып кетейін, Әлімұлы, оның ішінде Кетемін. Әкем Қобда (бұрынғы Исатай ауданы-ред.) ауданының, ал анам Мәртөк ауданының тумасы. 1-7-класты №38 мектепте, сосын 8-11-класты №51 мектеп-гимназияда оқыдым. Содан кейін Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық Университетіне оқуға түстім. Оқу бітірген соң жұмысымды Астанада бастадым. Бастапқыда ҚР Туризм және спорт министрлігінің спорт комитетінде қарапайым «договорник» болдым. Шамалы уақыттан кейін кеңсе қызметіне ауыстым, сарапшы болдым, бас сарапшы қызметін атқардым. Кейін екі басқарманың басшысы болдым. Негізгі оқыған мамандығым – халықаралық қатынастар факультетінің аймақтану бөлімі. Сосын сырттай дене шынықтыру және спорт мамандығын алдым. Спортқа жақынмын, барлық ер балалар сияқты спортпен айналыс-тым. Мектепте 5 жылдан астам уақыт «Шағала» бассейнінде жүзумен айналыс-тым, облыс чемпионы болдым. Өзім жүзумен айналысқан соң жүзуді жақсы көремін. Одан бөлек үстел теннисін, футбол, волейбол мен бас-кетбол ойнағанбыз. Бала кезімде спорттың барлық түріне барып шықтым. Мектепте жақсы оқыдым. Біз 90-шы жылдары өстік, еркелейтін заман болған жоқ. Әке-шешеміз орнымен қатты болды. Отбасыда үш ағайындымыз, ағам және апам бар. Ол кезде планшет секілді жаңа технологиялар болмады. Сабақта, жаттығу кезінде де достарым көп болды. Жас кезімнен ортаға тез бейімделетін, көпшіл болуға тырыстым. «Шанхайда» туып өскенмін. Бұзық болдым деп айта алмаймын. Бірақ ер бала болғасын барлығы да болды. Мектеп кезінен қоғамдық жұмыстарға жиі араластым. Орта кластарда биологияны жақсы көргенмін. Өйткені класс жетекшіміз биология пәнінің мұғалімі болды. 11-класс бітіргенде «Алтын белгі» алуға 3 балл жетпей қалды. Өзіме өте қиын болған пән ол – химия. Алтын белгі ала алмағандықтан, грантқа түсе алмадым. Сосын ол кезде туған ағам Астанада оқып жатқасын, үйдегілер мені сол қалаға жіберуге шешім қабылдады. Ол қалада 11 жыл тұрдым. «Нұр Отан» арқылы оқу-өндірістік тәжірибеге барып, сол жерде қалып қойдым. Ол кезде 2011 жылы менің алғашқы айлығым – 18 мың теңге болды.

    «Спорт – өте қызық сала»
    Бала кезімде достарым мені «Мирон», ал анам «Мирош» деп атайтын. Одан басқа лақап атым болған жоқ. Өзім бір шешім қабылдасам, сонымен жүре беретін адаммын. Дұрыс не бұрыстығына көзім жетпейінше қоя қоймаймын. Жеңілісті қабылдай аламын. Қиындық болса, әрбір адам өзі соны сезінуі керек. Ер балаға бөлек, қыз балаға бөлек тәрбие берілуі керек. Ер балаға шамалы болса да бостандық керек. Қазір заман оқығандардың заманы. Бір ғана қара күшпен бар арман-мақсатқа жету қиын. Мемлекеттік қызметке келетін болсақ, мемлекет қызметшілердің статусын көтерейін десе, қоғам әртүрлі қабылдайды. «Шенеунік» деген сөзбен баламалап айтып жатады. Байқасаңыз, қазір мемлекеттік қызметте бірыңғай жастар жұмыс істейді. Мәселен, Ресейде мемлекеттік қызметте, мекемелерде үлкен адамдар жұмыс істейді. Оны да тура басып, дұрыс-бұрыс деп айтуға болмайды. Жеке өзімнің пікірім: бұл жақсы нәрсе, жастарға мүмкіндік беру керек. Мемлекеттік қызмет ішіндегі спорт саласы-өте қызық сала. Өйткені қағаздан бөлек «тірі жұмыс» жүреді. Жарыстар, іс-шаралар ұйымдастырасың, адамдармен жұмыс істейсің. Одан бөлек оның нәтижесін көре аласың, спортшылар жақсы орын алып келген кезде жұмыстың нәтижелі болғанынан өзің баға бересің. Басқа саладағы әріптестерімізде бітпейтін қағаз, жұмыстары көрінбейді.

    «Дипломмен ауылға»
    Жанұям бар, екі қыздың әкесімін. Әйеліммен бірге оқығанбыз, группаласпыз. Ол Шымкент қаласының тумасы, Шымкенттің күйеу баласымын. 11 жыл Астанада тұрдым. Ақтөбеге жұмыспен ауысқанда отбасыммен бірге көшіп келдім. Барлығы «отбасыңды алып келдің бе?» деп қызық сұрақтар қоятын. Отбасыда қатаң әке емеспін. Өйткені балаларымды көп көрмеймін(күлді-ред). Бала тәрбиесіне келгенде ақыл айтып” былай тұр, отыр” деген сөздерді ұнатпаймын. Құдайға шүкір, әйелім пысық. “Шымкенттің қыздары пысық” деп ақтөбелік қыздарды ренжітіп алмайын. Қыздарымның ең бастысы тамағы тоқ, киімі көк болса болды. Жанұямды еркелетіп, әлі шетелге қыдыртып көрмеппін. Арасында әйелім де ренжіп қояды. Жасыратыны жоқ, мемлекеттік қызмет болған соң, жауапкершілік үлкен. Министрлікке қарағанда, әкімдіктің жұмысы өте қиын. Ол жақта 5 күн жұмыс істейді, сенбі-жексенбі демаласың. Біз адамдармен жұмыс істегесін, сенбі күні бір мәселе шықса, біз оған «дүйсенбіге дейін күте тұрыңыз»» деп айта алмаймыз. Қазір адамдар сабырсыз, шыдамсыз. Сондықтан да біз өз жұмысымызды толықтай атқаруға тырысамыз. Барлығымыз білеміз, қазір жастарға жасалып жатқан жағдайлар жақсы. Олардың жалындайтын уақыты келді, барлық есіктер ашық. Осы жылы Жастар жылы болды. Қазір көптеген бағдарламалар бар. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бұрыннан жұмыс істеп келе жатыр. Үлкен проблема қазір: Ақтөбенің жастары Астана мен Алматыға қарап отырады. Шамалы болса да «әке-шешенің қолынан шығып көргім келеді, өзімізді сынап көргім келеді» деп ұмтылады. Ал ауылдың жастары қалаға қарап отырады. Ауыл қалай көркеймесін, ол бәрібір қалаға жетпейді. Оларды ауылдарына қайтадан қайтару жеңіл емес. Кейбірінің ата-анасы ауылда тұрғандықтан, бір бүйрегі ауылға бұрып тұрады. Біз сол жастарды пайдаланып, оларға жағдай жасау керекпіз. Мұғалімдікке оқуға түсіп, ауылға барып жұмыс істегенге не жетсін, тәжірибе жинайсың. Қай ауылға бармаңыз, қалаға қарағанда мұғалім мен дәрігердің статусы биік. Ауылда әкімнен кейін орын алатын - мұғалімдер мен дәрігерлер.

    «Әр салада шикілік бар»
    Келесі жыл - еріктілер жылы. Ақтөбеде қазір 33 еріктілер тобы бар. Ал еріктілердің саны 1 500 адамға дейін жетіп отыр. Ол жерде бізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Ерікті деген жан-жақты жұмыс істейтін адамдар. Іссапармен үлкен жарыстарда екі рет шетелде болдым. Жапония, Корея еріктілерінің арасында 70-80 жастағы адамдар бар екенін байқадым. Жалпы спорт саласында 8 жылдай жұмыс жасадым, Ақтөбеде 1 жыл және Астанада 7 жыл. Әрбір салада шикілік бар. «Ауруын жасырған өледі» дейді. Сондықтан шикілікті, әрине, айту керек. Жастарға көп нәрсе шикі болып көрінеді ғой. Сол жерде ең басты мәселе - тәжірибенің аздығы да болып қалады. Бір жылдары біз халықаралық тәжірибені, модельдерін қарадық. Спорт әр елде әртүрлі дамиды. Бізде қазір барлық саланы үкімет өзі алып жүруге тырысып жатыр. Бірақ оның кемшіліктері бар. Бүгінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің(БЖСМ) барлығы тегін. Бірақ тегін мен ақылы қызмет алатын болсаңыз, сіз сападан айырмашылық көресіз. Егер облыс әкімдігі қаражат бөлмесе, бізде жабылып қалатын спорт түрері де бар. Оның ішінде олимпиадалық және олимпиадалық еместері де бар. Ақтөбеде ММА спорт түрлері қатты дамыған. Кешегі Жалғас Жұмағұлов, Сергей Морозовтың тарихын қарасаңыз, олар ешқашан мемлекеттік ғимаратта отырмаған спортшылар. Олардың жаттықтырушылары -мемлекеттен жоғары айлық алмаған жаттықтырушылар. Бірақ олар өздерінің күштерімен жұмыс істеп, ақылы қызмет көрсетеді. Соның арқасында, ақша тауып, өздерінің сүйікті жұмысымен айналысады. Ақылы қызмет көрсеткендіктен олардың қызметі сапалы болып келеді. Әрине, жүзу сияқты спорт түрлеріне мемлекеттік көмек керек. Өйткені бассейн, оның құрылысы болсын, өте қымбат. Спорттық ғиамараттарды көптеп салу керек. Өйткені ғимаратсыз бұл саланы дамыту қиын. Он екі ай бойы далада спортпен шұғылдану мүмкін емес.

    «Жұлдызым –
    сарышаян»

    Жастар оқуы керек, оқи беру керек, өзім де тырысамын. Мүмкіндік болса, тағы бір оқуға түсер едім. Біздің қоғамда бала жиырмаға келгенде ересек санаймыз. Ал ол өмірдің енді қызып келе жатқан тәтті шақтары. Қазір шетелдік бағдарламалар көп, жалғыз «Болашақ» емес. Бүгінде жастардың арасында мәселе көп, бірақ Ақтөбенің жастары оқуға келгенде де мықты, қоғамдық жұмысқа келгенде де белсенді. Жұлдыз-жорамалға сенемін. Жұлдызым – сарышаян. Өте қиын адаммын(күлді-ред). Мен оны мойындаймын. Ең бастысы қандай қызметте отырмасаң да, адам өзінің жұмысын білуі тиіс. Алдына бір адам келген кезде, ұялмай жауабын беретін, білмеген жерін сұрастырып, үйреніп алатындай қабілеті болуы керек. Субардинацияны жек көремін. Бірақ мемлекеттік қызметте болған соң, бұл керек. Әкемнің атымен атағанды ұнатпаймын. Ағай-апай деген де дұрыс емес. Біз басшы болғанымызбен, көп ұрыс естиміз. Бірақ оны дұрыс түсіну керек. Өйткені ұрыс ортақ іс бітпей жатқан кезде пайда болады.

    Әңгімеңізге рақмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ілияс ИСПАНОВ: “Әкім болам деп ойлаған жоқпын”
  • Сапарбаев: «Тамыр-танысы бар спортшылар ғана жарысқа қатысады»
  • Спортқа жаңа басшы тағайындалды
  • Ербол Шыма: Шетелде оқығым келеді
  • Ардагер УАЙДИН: Әкемнің атына кір келтірмеуге тырысамын
  • Алмаз Әлімбаев: Бір тойымның болатынын білемін
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге