«Өзімді басқа салада елестете алмаймын»

    Ол – ақтөбеліктер үшін театр әлеміндегі ханшайым. Оның киім үлгісінің өзі ерекше. Себебі ол өз киімдерінің дизайнері. Ол – әр рөлін жүрекпен сезініп, ақылынан өткізіп барып ойнайды. Жолдасы мен қызы оның тірегі. Ол – өнер мен өмірді бөлмейді. Ол – мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, актриса Майгүл Мұзбаева.
    «Өзімді басқа салада елестете алмаймын»

    Шынайы өмір мен театрдағы өміріңіз қаншалықты
    байланысты?

    Адам мамандық таңдағаннан кейін оның ішінде театр өнерін, актриса мамандығын таңдағаннан кейін ол бөлек мамандық деп ойлаймын. Алланың адамға берген сыйы. Сондықтан өмір мен театрды бөліп тастай алмаймыз. Өйткені шынайы өмірде өзгеше бола қалдым. Театрды ұмытып кеттім деп айтпаймын. Өмірімнің көп уақыты театрда өтіп жатыр. 24 сағатымның көбі театрда өтеді. Сондықтан өмір мен театрды бөлмеймін.

    Өзіңізді басқа салада елестетесіз бе?
    Иә, осы сұрақ көп қойылады. Осы сұрақ қойылған сайын өзімді басқа салада елестетіп көремін. Бұрын мұғалім, дәрігер болатын едім деп ойлайтынмын. Бірақ жақында егер өнерде, сахнада жүрмесем дизайнер мамандығын игерген болар едім. Осы күнге дейін мен сол дизайнерлікті сыртқа көрсетпегеніммен, айналысып келе жатыр екенмін. Киімді әдемілеп, киімді ойлап табу. Өз киімімнің ғана авторы емеспін. Жалпы жанымда жүретін, жан-жағымда жүретін құрбыларымның, таныстарымның да киімдерінің авторымын. Театрда қойлыған кейбір қойлымдардың суретшісі ретінде көмегімді тигізіп тұратыным бар. Бір ертегінің киімдері бойынша суретшісі болдым. Дегенменен өзімді театрдан, өнерден басқа салада елестете алмаймын.

    Майгүл Мұзбаеваның бала арманы қандай еді?
    Бала арманым әртіс болсам дейтін едім. Көп қыздар жұлдыздарға еліктеп әртіс болсам деп ойлайтын сияқты. Бірақ мен кішкентай кезімнен өнердегі танымал апаларымыз Фарида Шарипова, Торғын Тасбекова, сонау Майқановалардың теледидар мен радиодан дауыстарын естіп, қызығатынмын. Өзіміздің жергілікті Шалқарлық апам Бақытжан Ғалиеваның ойнаған кино-спектакльдерін көріп, солар сияқты болсақ екен деген арманмен өстім.
    «Өзімді басқа салада елестете алмаймын»

    Алдағы жоспарыңыз туралы бөлісіңізші?
    Жоспар көп. Өнердегі жоспарымды айтсам, сахнада жаңа образдар шығарсақ деймін. Ол жоспарды жүзеге асқан кезде айтқым келеді. Қазір есейдік. Жоспарды алдын-ала жариялап қойып, оның болар-болмасына күмән тудырғанша, осылай жұмбақ күйінде тұрған жақсы сияқты.

    Ақтөбеліктер үшін сіз театр ханшайымы іспеттесіз. Өнеріңізді қалың жұртшылық қалай бағалап жүр?
    Осы сұрағыңа рахмет! Иә, көрерменім бар екеніне көзім жетті. Осыған мен қуанамын. Бақыттымын. Әртістің өмірде бақыты көрерменнің есінде қалса, іздеп келетін көрермені болса, одан асқан бақыт жоқ. Сондықтан өнерімді бағалайды. Кездесулерге шақырады. Көп деген кездесулерге көрермендерім хабарласып, шақырады. Көрермендерімнен бөтен еңбегіме алған жүлделерім бар. Сондықтан мен өз деңгейімде бағаландым деп ойлаймын. Көрермендерім көрген жерде емес, әлеуметтік желіде де жақсы пікірлерін қалдырып, рахметін айтып жатады. Соған қуанамын. Мені бағалайды, жақсы көретіндеріне көзім жетті.

    Өнерден көңіліңіз қалған сәттер болды ма?
    Өнерден көңіл қалмайды. Кейде пендешілікпен көңілі қалуы мүмкін емес. Бірақ өнерден көңілім қалды деп айтпаймын.

    Өзіңізді кино әлемімен байланыстырасыз ба?
    Өзімді кино әлемімен байланыстыра алмаймын. Өйткені киноға түсіп көргенім жоқ. Киноға шақырту келген жоқ. Ақтөбенің өзінде енді-енді киноны түсіріп бастап жатыр. Келешекте шақыртулар болса, әрине қуана-қуана киноға барғымыз келеді. Бірақ әзірге ондай жоқ.

    Отбасыңыз туралы айтыңызшы...
    Отбасым жайлы айтатын болсам, жолдасым Сержан Аманқұлов осы театрдың негізін салушылардың бірі. Актер, қазір енді ардагер актер деуге болады. Қызым бар. Қызым бүгінде бір оқу орынын аяқтап, магистратурада оқып жатыр.

    Жүрегіңізге қатты қабылдаған қойылым болды ма?

    Жүрегіме қатты қабылдаған қойылым дегенді қалай айтсам болады?! Өзім ойнаған рөлдердің барлығын өзім арқылы өткізіп ойнаймын. Қай кейіпкерімді де өзім арқылы шығарамын. Сондықтан осы сахнаға алып шыққан «Беу, қыздар-ай», «Айсұлу», Т.Ахтановтың «Күтпеген кездесуіндегі» Ғалия деген оқушы қыздың рөлі, М.Әуезовтың «Қара қыпшақ Қобыландысындағы» Қарлығы, «Арыстан Сыбағасындағы» адуын әйелдің рөлі. Барлығы өзінше жүрегіме жақын рөл. Жүрегіме қатты қабылдаған қойлымды білмеймін. Бірақ Д.Исабековтың актрисасын ойнағанда ұқсастық табылады. Ойнағанда бір керемет сезімде боламын. Ішінде жүрекке жақын қабылдайтын оқиғалары да болады.

    Өнер жолында, өмір жолындағы ұстанымыңыз?
    Өнерде де, өмірде де ұстанымым – шыншыл болу. Екеуі де жалғандықты сүймейді. Сондықтан шыншыл, таза болу керек.

    Соңғы рет қашан жыладыңыз?
    Мен жиі жылап тұрамын. Жылай білетін адаммын. Сондықтан көңіліміз босағыш. Жылай білетін, жылай алатын жанмын.

    «Актрисалар кез келген мәселеден оңай жол табады» дейді. Осы қаншалықты рас?
    Неге актрисалар кез келгеннен жол табады дейді? Әртіс болып ойнап кету демеген шығар. Адам әртіс болсын, қарапайым адам болсын, егер барлығына миы жетіп тұрса жол табады ғой. Ал, жаңағы ойнап кету, әртістікке салып кету десе рас нәрсе емес.

    Өнерді сүйетін, өнер мен өмірді тығыз байланыстыратын Майгүл Мұзбаева қай жерде дүниеге келді?
    Туған жерім – Шалқар ауданы. Сол жердегі №2 гимназия мектебін бітірдім. Қазір сол мектебімде бір сынып менің атыммен аталады. Туған жерім батырлар, ақындар, жыраулар шыққан Шалқар елі.

    «Өзімді басқа салада елестете алмаймын»

    Ата-анаңыз туралы айтып өтсеңіз...
    Ата-анам туралы айтатын болсам, бес қыз тәрбиелеген. Қыздары әр салада өз орындарын тапқан. Ата-анама өз алғысымды айтамын. Көп өнер адамдары қиындықпен өстік, өз нанымызды өзіміз таптық деп айтатын болса, мен ата-анамның қасында жақсы өмір сүрдім. Сол кісілердің арқасында не киемін, не ішемін деп уайымдаған жоқпын. Әлі де солай ойлаймын. Ата-ана өз рөлін біліп, бала балаша еркелеуі керек. Енді бұл менің пікірім. Анам эстетикалық әдемілікпен өнерге ғашық еткен еді.

    Сұқбатыңызға рахмет!
    Шығармашылық
    табыс тілеймін!

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Сахнада ақылды әртістер өте аз”
  • Орал-Қосай Байсеңгір: “Ән туарда бошалаған түйедей кезіп кетемін”
  • Берік НҰРМАҒАНБЕТОВ: Қазақтар кез келген әзілге күлмейді...
  • Кеңес КЕМАЛБАЕВ: Театрға келмегенде тергеуші болар едім
  • Понтий Пилат: Арманым күн сайын орындалады
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге