"Өнердегі ұстазымнан үлгі аламын"

    «Өнердегі ұстазымнан үлгі аламын»

    "Өнердегі ұстазымнан үлгі аламын"

    Ол – 16 жасында халыққа танылған азамат. Оның өнері әлі күнге дейін көпшіліктің көңілінен шығады. Ол – өз өмірін сахнасыз елестете алмайтын жан. Акөңілідігі мен аңғалдығы кейбір сәтте өзіне сабақ болып тиеді. Бір үйдің жалғыз перзенті болғанымен өзі төрт баланың әкесі. Ол – «Екі езу» сатира театрының әртісі Құралбек Құрманғали.

    Аға, газет оқырмандарына өзіңізді қысқаша таныстырып өтсеңіз...
    Байғанин ауданының Қарауылкелді деген ауыында дүниеге келдім. Ата-анам қарапайым отбасынан шықты. Анам мектепте жұмыс істеді. Әкем құрылысшы болды. Мен оқыған кезде отызжылдық деген мектеп болды. Сол мектепте білім алдым. Отбасымда жалғыз баламын. Үйдің ұлы да, қызы да өзім. Қазақтың дәстүріне айналған көрісу күні дүниеге келдім. Атым Наурызбай болу керек еді. Үлкен кісілер алдында бауырларымның барлығы дүниеден өткенен кейін үй басы құралып кетсін деп атымды Құралбек деп қойыпты. Келіншегім Шалқардың қызы. Руы – Қаракесек. Төрт балам бар. Қолымда анам бар.

    Сізді халық «Екі езу» театры арқылы таниды. Өзіңізді «Екі езусіз» елестете аласыз ба?
    «Екі езуге» 16 жасымда келдім. Ауылдан арман қуып келген бала 2004 жылы осы театрға адам қабылдап жатыр дегенді естігеннен кейін ағаларыма бардым. Ағаларым маңдайымнан қақпай қабылдады. Ауылда қойған концерттерімді де көрген. Ағаларымның батасын алып жүріп, үлкен додаларға қатыстым. Халыққа көріне бастадым. Құралбек болып танылдым. Бірақ «Екі езуде» жүріп Құралбек бола бастадым демей-ақ қояйын. Мені Құралбек еткен «Екі езу» болатын. Сонымен қатар халқым. Менің кішкентай өнерімді тамашалап, өз бағаларын берген менің әріптестерім. Өз өмірімді осы театрсыз елестете алмаймын. Жалпы бітірген мамандығым мұнайшы. Мүмкін Атырауда мұнайдың ортасында жүрсем қалай болады деп ойланамын. Бірақ олай елестете алмаймын. Бірде мен «Екі езуден» бір ай кетіп қалдым. Жастықтың буы, өзімнің мінезімнен де болған шығар. Бір ай болмадым. Сол кезде ватсап желісіндегі «Екі езудің» чатынан бір айға дейін алған жоқ. Таңертең ұйқыдан тұрып сол чатқа қараймын. Мені өшіріп тастаған жоқ па екен деген ой болады. «Неге шығып кеттің?» деп сұрағандар көп болды. Қара жұмыс жасап көргім келді. Болмаса басқа жұмыс істеп көрейінші деп ойлап едім. Келістіре алмадым. Бір жұмысқа кіріп едім, күректі сындырдым. Бір жұмысқа кіріп едім, балтаны сындырдым. Сонымен «Екі езусіз» болмайды екен. Ақыры театрыма қайтып келдім.

    Бала Құралбек қандай еді?

    Бала күнімде өте еңбекқор болдым. Әкем 1998 жылы дүниеден өтті. Үйдің жалғыз баласы болғанан кейін жүктің барлығы маған түсті. Не бәрі бес оқып жүргенімде әкесіз қалдым. Сабақты жақсы оқыдым деп айтпаймын. Бірақ шаруашылықта жүрдім. Анама көмектестім. Көбінесе жан-жануарларға жақын болдым. Мысық, ит дегендермен мұңдастым. Солар менің досым болды. Үйде екі итім бар еді. Солар маған көмектесті. Екі итімді шанаға жегіп, көмір тасыған күнім болды. Тентек те болмадым. Күліп те жүрмедім. Менің арманым жақсы адам болу. Мектепте концерттерге шыққанымда ел танитындай адам болсам дедім. Өнер саласын көп қарадым. Қызықтым. Әртіс болуды армандадым. Арманыма жеттім. Барлығы орындалды демеймін. Дегенмен өзімнің шамам келген арманыма жеттім.

    Өмірде жаңылысқан тұсыңыз болды ма?
    Көп жаңылыстым. Әлі күнге дейін жаңылысып келемін. Мен аңғалмын. Біреуге сенгішпін. «Жоқ» деп айтпайтын адаммын. Жоқ деп айтасам, оның жүрегіне қадалып қалады деп уайымдайтын адамдардың қатарынанмын. Шама келсе соған бір көмектессем екен деп ойлап тұрамын. Сондай бір кезеңдерде жаңылыстым. Қателестім. Әлі күнге дейін қателік жіберіп келемін. Өзім білмей қаламын. Артынан барып түсінемін. «Екі езуден» кететін кезде бастығыма қатты айтып кеттім. Сол кезде қатты жаңылыстым. Ол кісі мені 16 жасымнан бастап жұмысқа алды. «Алсаң алған шығарсың. Мені сіз үйреттіңіз. Сол үйреткеніңізді үйрене алмай қалсам, осы күнге жетпес едім. Мен барлыған жеттім» деп қатты айтып жібердім. Сол күніме әлі күнге дейін өкінемін. Мен қайтып келген кезде қайтадан қабылдады. Осы тұстан жаңылыстым. Кешірім сұрадым. Алдынан өттім. Қателігімді түсіндім. Ол кісі түсінігі мол адам.
    Өзіңізбен бірге, тіпті ілгері келген әртістер бүгнгі таңда кино жұлдыздары болып үлгерді.Неге сізді бүгінгі таңда жарық көріп жатқан кинолардан көрмейміз?
    Маған енді ұсыныстар түсті. Ақтөбеде болғанан кейін біздің қалада кино саласы дұрыс дамыған жоқ. «Үлкен үй» деген сериалға ұсыныс түсті. Нұржан Төлендиев ағамыз бір-екі серияға түсуге шақырды. Бірақ мен үйдің жалғыз баласымын. Содан кейін менің артымда балалар да жоқ. Отбасына ие болуым керек. Барғым келді. Бірақ отбасымды тастап кете алмадым. Соған бола қалып қойдым. Ақша қумай-ақ қояйыншы дедім. Бір жағынан өзім үшін барып, танылғым келді. Дегенмен отбасымнан бөлек кете алмадым.

    Жақында болатын «Шымшы Like» кеші туралы айтып өтіңізші... Көрерменді не күтеді?
    Болатын дүниені алдын ала болжама дейді ғой. Қазір «Шымшы Like» үшін қызу дайындық үстіндеміз. Алматыдан Сырым Асқаров деген режиссер келді. Болат Атабаевтың шәкірті. Ақтөбеге жиен. Шалқарлық Бақыт Жанғалиева апамыздың баласы. Сол кісі келіп дәріс беріп жатыр. Тыңғылықты дайындық үстіндеміз. Бағасын беретін халық. 2011 жылы біздің театр үлкен бір шыңға барды. Екі күнде 5-6 сеаенстық кеш берген күніміз болды. Бастығымыз бізді қайрап, қамшылаған кезде сұранысқа ие концерт өтті. «Қайтадан қоясыздар ма? Тағы көргіміз келеді?» деген халықтың пікірін сағындым. Халық билет таба алмай қалды. Таныстарым, достарым телефонға маза бермеді. «Мені кіргізіп жіберші» деп студенттер сарайының алдында тұрған халық көп болды. Сол күндерді сағындым. Енді сол күндер қайтып болса деймін.

    Кімнен үлгі аласыз?
    Өнердегі ұстазым Нұрлыбек Жұбатқаннан үлгі аламын. Менің әкемдей адам. Оның жазуы, шеберлігі, айтуы, түсіндіруіне дейін ерекше. Ол кісіден әлі күнге дейін үлгі аламын. Сонымен қатар Уәлибек Әбдірайымовты құрметтеймін. Ол кісіден үйренеріміз көп.
    Қазір өнердегі көп әртістер мемлекеттік қызметке қызығады. Бір сәтте депутат болып кетсеңіз...
    Мен ондайға қарсымын. Бармай-ақ қояйын. Мен депутат болдым делік. Бірақ ештеңе жасай алмаймын. Істеймін деп барсам да істей алмаймын. Ойда жоқта депутат болып кетсем, бірінші сізге айтамын (күлді-ред). Барлығын айтып барып жасаймын.

    Алға қойған басты жоспарларыңызбен бөлісесіз бе?
    Алға қойған мақсат көп. Ең бастысы осы театрымды көркейтіп кетсем екен деп ойлаймын. Сахнағадағы ағаларымды, ұстаздарымды биік шыңға көтерсем деймін. Олардың зейнетке шыққан тойларын дүркіретіп өткізіп, халық әртісі деген медаль алып берсем деп армандаймын. Біздің «Екі езу» тарихта мәңгі қалса деген арманым бар. Өшіп қалмайтын, мәңгілік театр болғанын қалаймын.

    Сіздің қолыңыздан сахнада өнер көрсетуден басқа не келеді?
    Менің қолымнан сахнада өнер көрсету ғана келеді. Футболшы емеспін, басқа дүниелерге қызықпаймын. Хоббиім үйде бала-шағаның қасында болу. Достарыммен әзіл айтып отырғанды жақсы көремін. Көп адам маған «неге сахнада басқасың, өмірде басқашасың?» деп сұрайды. Сахнада халықты күлдіріп тұрғаныммен, өмірде дұрыс күлдіре алмаймын. Әзілдерім өтпей қалады. Сондықтан тыныш жүремін. Сахна шын мәнінде киелі.

    Балаларыңыздың өнерде жүргенін қалайсыз ба?
    Жоқ. Қаламаймын. Әрине, балаларым кішкентай кезінен сахнаға шықты. Қабілеттері бар. Анасы «өнерге берсеңші» деп айтады. Бірақ мен оны қаламаймын. Әртіс болғаннан кейін дұрыс әртіс болу керек. Шыққанан кейін ат ойлап шығу керек. Оларды арзан әзілге жібергім де келмейді. Сахнада жүрген жақсы. Жан-жағын таниды. Таза жүреді. Бірақ бүгінгі таңда өнер де арзандап барады. Арзан әзілмен атақ қуатындар көп. 17-18 жасқа келсін. Сосын көреміз. Сабақтарын оқыса екен. Мен білмеген мамандықты солар игерсе екен деген тілегім бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • «Өзімді басқа салада елестете алмаймын»
  • “Қазақстанда шоу – бизнес жоқ”
  • Берік НҰРМАҒАНБЕТОВ: Қазақтар кез келген әзілге күлмейді...
  • Бақыт Айтова: Мен отбасы бақытын емес, өнерді таңдадым
  • Жадыра Арыстанова: Той әндерін сахнаға алып шығу дұрыс емес!
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге