"Өмірден өз орнымды таптым"

    Ол – үйінің ортаншы қызы. Ортада белсенді, жан-жақты, көпке үлгі болып жүрген жан. Оның өмірлік миссиясы - шәкірт тәрбиелеу. Ұстаз болу. Біреуге үйрету және көрсету. Қарапайым отбасынан шыққан талантты биші. Өмірде өкінбеуге, қашанда өзгеге көмектесуге құмартып тұрады. Заман талабына сай әлеуметтік желінің де жұлдызы. Ол – ақтөбелік хореограф Ақтоты Оразғалиева
    "Өмірден өз орнымды таптым"

    «Өзгенің сөзімен өз таңдауыма қарсы шықтым»
    Ата-анам өте қарапайым. Қарапайым отбасыдан шықтым. Үйдің ортаншы қызымын. Ағам, апам және сіңлім бар. Әкем – Абат Оразғалиев, Ойыл ауданы Жетікөл ауылынан. Қазіргі таңда көлік жүргізушісі болып жұмыс жасайды. Анам – Ақзира Оразғалиева, Шалқар ауданы Қайдауыл ауылында дүниеге келді. 35 жыл тәжірбиесі бар медбике. Алғашқы білімімді Әлия Молағұлова атындағы оқу орнында ақпараттық жүйе мамандығында оқыдым. Болашағымыз компьютерге байланысты болғандықтан осы саланы таңдап едім. Өзіме ол мамандық қатты ұнады. Бірден биге кетіп, хореографияға оқуға түспеуімнің өзіндік себебі бар. Мектеп кезінен бастап биді ұнаттым. Ол кезде айналамдағы орта қатты әсер етті. «Сен билейсің. Сенің бағаңды түсіремін» деген ұстаздар да болды. Үнемі сахнада, концертте жүрдім. Сабақтан сұрап немесе босатып алып кеткені мұғалімдерге ұнамайтын. Барымша сабақты жақсы оқуға тырыстым. Кластастарым, әсіресе жігіттер көп айтатын. «Сенің билегенің онша емес. Шошаңдап кетесің» деп сөйледі. Солай түсінетін. Негізінде менің ата-анам хореографияға кеткенімді қатты қалады. Бірақ өзім "ақ жейде, қара белдемше киемін. Отыратын жұмыс жасаймын" деп информатика саласына оқуға түстім. Сөйтсем, өмірде өз орныңды таппасаң да өте қиын екен. Осылай миссия орындалмағандай көрінетін. Оқу бітіргенен кейін мамандық бойынша екі жылдай жұмыс жасадым. Бірақ өте қиын болды. Өзімнің жанымды түсінбедім. Мектептегі тақтаның жоғарғы жағында Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деген сөзі жазылып тұратын. Сол кезде оның мағынасын түсінбейтінмін. Бізге қатысы жоқ деп ойладым. бірақ сол сөз жұмыс жасап жүргенімде есімнен кеткен жоқ. Содан кейін зерттей бастадым. Абайдың не айтқысы келгенін білгім келді. Содан кейін барып түсіндім. Ұғындым.

    «Жеңгем түсінді. Ол көмектесті»
    Маған Жанат деген жеңгем көмектесті. Өзі мұғалім. Мықты психолог. Сол кісі арнайы өзі маған келіп түсіндірді. «Сендегі миссия - хореограф болу. Сенің жүрегің тек қана шығармашылық деп соғады. Барлығы соған келіп тұр» деп айтты. Өз-өзімді қабылдауға көмектесті. Артынан хореограф болып жұмыс жасап жүрдім. Балаларды биге үйретіп, үлкен әйелдерді арықтатуға көмектестім. Жеке емес, мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасағым келеді. Ондай жерлерге диплом керек болды. Осылайша 2016 жылы оқуға түстім. Қ.Жұбанов университетінде 4 жыл оқыдым. Дипломымды қолыма алдым. Қазір магистратурада оқуды Ресейдің белгілі университетінде жалғастып жатырмын. Қазірдің өзінде шығармашылық академиясында хареограф болып жұмыс жасаймын. Оқушыларды биге үйретемін. Жоспар бойынша кәдімгідей сабақ болады. Арнайы ашық сабақтар өткіземін.

    «Мен махаббатпен таңдадым»
    Балл жетпей хореографияға түсіп кеткен көп қызды көрдім. Қала бойынша хореографтар жоқтың қасы. Ал диплом бойынша көп. Бірақ жұмыс жасағысы келмейді. Кез келген адам би қойып, балаларды дайындай алмайды. Оны жүрекпен қалау керек. Өзіме келген кезде шүкіршілік етемін. Балаларды үйреткенді жақсы көремін. Оларға барынша сезініп үйретемін. Қолдарынан келмесе, істей алмаса түсінемін. Оларды кемсітіп, жек көру деген қасиетім жоқ. Ондай оймен өзімді ластағым келмейді. Түсініп, уақыт керек деп мотивация беремін. Ең бастысы олар бастады. Ұнаса барлығы болады. Қорықпа деп түсіндіруге тырысамын. Қолынан келмеген балаларды одан сайын жақсы көруге тырысамын. Бала өзіне сеніп, нәтижесін көрген кезде қуанады. Әрі қарай барлығы қолынан келетінін түсінеді. Сол кезде өз-өзіме және балаға да риза боламын. Екіншіден, хореограф би қоя білу керек. Яғни, әрқашан идеяға шомылып жүргені дұрыс. Барлығына дайын болғаны жөн. Сол жағынан көп қыздар қиналады. Содан кейін жұмыстан шығып кететіндері көп.

    «Ұстаз болу өте қиын»
    Балалардың барлығына ұнай бермейсің. Олар сені жан-жақты қарайды. Тек сабақ беріп, сөйлегеніңе емес. Өмірге деген көзқарасыңды да байқайды. Әлеуметтік желіден де бақылайды. Барынша балаларды жақсы көріп, ата-ананы түсінуге тырысамын. Себебі ата-аналар әртүрлі. Ата-анаға өзінің баласы қымбат. Кейбір оқушылар халық биіне қатысқысы келмейді. Заманауи би билегісі келеді. Сабақ барысында жаттығулар жасағысы келмейді. Сол кезде ата-аналарына ашықтан ашық ештеңе айтпайды. Олар бірнеше сылтау іздейді. Бірінші күні ауырып тұрмын деп сабақтан қалады. Екінші күні апай жаман деуі де мүмкін. Сол кезде түсінетін де, түсінбейтін де ата-анадар болады. Барынша салмақты болып мәселенің шешімін табуға тырысамын. Оны қабылдайтын да, қабылдамайтын да жандарды кездестірдім. Бірақ одан көңілім қалды деп жұмыстан шығудан керегі жоқ. Ұстаз ретінде ата-аналарға айтар кеңесім, қанша жерден талантты бала болса да ата-ана мен ұстаз бірігіп жұмыс жасау керек. Сонда ғана баладан жақсы биші шығады. Бүгінгі таңда барлығы 170 оқушым бар. 4 жастан 15 жасқа дейін 12 группамен жұмыс жасап жатырмын.

    «Оқушымның жақсы нәтиже көрсеткенінің өзі жетістік»
    Қалалық, облыстық, республикалық байқауларға шығып жұрміз. Менің ұстанымым, менің ойым – әлемім бишісін шығару емес. Кем дегенде олардың бес қасиетін ашу. Академияда оқушылар бір жыл сабақ оқиды. Сосын тарайды. Оларды барынша ашуға, барынша шабыттандыруға тырысамын. Негізінде көп аналарын қыздарын биге ортада ашылу үшін әкеледі. Келген кезде атын айтпайтындарды да кездестірдім. Билеп болғанан кейін олармен 5 минут сөйлесуге тырысамын. «Сендер бір отбасысыңдар. Араласуға тырысыңдар. Болашақта бәрі бір кездесесіңдер. Бірақ бәсекелестікті ұмытпаңдар» деген сияқты айтып тұрамын. Қатты билеп тұрған бишіні көріп, екінші бала жабылып қалуы мүмкін. Бұл өзіне деген сенімсіздік. Мен сондай сәтті көріп тұрсам міндетті түрде көмектесемін. Керісінше шабыттандырамын. Сенімсіз баланы өте қатты билейтін балаға қарама-қарсмы қойып қоямын. Сол кезде шамалы оянады. Сосын мақтайсың. Ол одан сайын талпынады. Үндемейді. Сөйлемейді. Ешкіммен араласпайды деген баланың өзі жұлқынып, билеуге дайын тұрады. Міне, осы менің жетістігім деп білемін.

    «Қарапайым орта мен қарапайым жандар ұнайды»
    Шыншылықты бағалаймын. «Егер сен өзгені алдасаң да, өзіңді алдай алмайсың» деген сөз бар. Өзін алдамайтын адам, өзгені де алдамайды. Шынайлықты, қарапайымдылықты жақсы көремін. Қалай бар, солай қабылдайтын адамдар ұнайды. Өздерін алдайтын адамдар өз-өздерін жоғалтып алады. Қоғамда, достарының ортасында, жұмысында да сыйлы болмайды.

    «Өмірде өкіну менің үлкен қорқынышым»
    Менің қорқынышым – жақындарымды жоғалту. Адамның дәм-тұзы таусылған кезде періштелері жақындарының көзін, құлағын жабады дейді. Адам өткеннен кейін «әттең, мен неге солай жасамадым» деген өкініш пайда болады. Осы сөзден және солай өкінуден қатты қорқамын. Аллаға шүкір! Ондай өкініш жақындарымнан болған жоқ. Бірақ мен эмоцияны сыртқа қатты шығаратын жандардың қатарынанмын. Қатты бауыр басып қалсам, іздеп тұрамын. Кішкентай кезімде бірге ойнаған бала болды. Ол ата-анамның құрдастарының ұлы. Екеуміз бірге өстік. Ата-аналарымыз қалжыңдап, өскеннен кейін үйлендіреміз деп айтатын. Мүмкін сол үшін болар, үнемі бірге жүрдік. Бірақ өсе келе ұялып, араласпай кеттік. Кейін әлеуметтік желі пайда болды. Сол кезде де бір-бірімзі іздемедік. Бір жыл бұрын ол жігіт дүниеден өтті дегенді естіген кезде менде өкініш пайда болды. Неге сөйлеспедім? Бір шер тарқатып, балалық шағымызды айтпадық деген қимастық болды. Сондықтан өкінбеу үшін дәл қазір бағалау қажет.

    Ұқсас жаңалықтар
  • «Мұғалімдікке киімге қызығу арқылы келдім»
  • «Әдемі дүниеден шабыт аламын»
  • «Адам өзін тәрбиелесе уақытты жеңе біледі»
  • «Халықтың батасы жетеді»
  • Саулентай Талғатқызы: “Бала – ата-ананың дәлме-дәл көшірмесі”
  • Алмаз Әлімбаев: Бір тойымның болатынын білемін
  • Пікір

    ^ Үстіге