Әкімгерей КӨШЕРБАЕВ: Дәрігердің баласы аурушаң, мұғалімнің баласы тентек болады

    Ол мұғалімдік мамандыққа аса құлшынып келмеген. Бірақ, қазір өз ісінің шебері. Еңбек жолы мектеп директорынан департамент басшысына дейін өрлеп келеді. Ол үшін мансаптың бәрі биік. Жұмыс орнын бөле жармайды. Себебі, ол кез-келген қызметті шығармашылықпен атқарады. Ол облыстық білім беру саласын бақылау департаментінің басшысы Әкімгерей Көшербаев.

    Әкімгерей аға, сіздің әкеңіз бүкіл ғұмырын бала тәрбиесіне арнап, мектептің шаруасын бір кісідей ұйымдастыра білген, сонысымен ел есінде қалған тұлға екенін жақсы білеміз. Сіздің білім саласына келуіңізге әкеңіздің өмір жолы әсер етті ме? Бұл салаға қалай келдіңіз?

    Біз ауылдық жердегі мектепте білім алып өскен ұрпақпыз. Бар білетініміз, пединститут пен мединститут еді. Бөтен саланы ойлап та көрген емеспіз. Ырғызда, Комсомол жағында мал шаруашылығы жақсы дамығандықтан, біздің жақтан осы салаға көптеп баратын. Онда да Оралға, кейде Алматыға барады. Теміржол деген болған жоқ. Сондықтан шығар, басқа саланы зерттемеппін де. Қалғандарын қайдам, өзім солай өстім.
    Мектепті бітіргеннен кейін оқуға түскім келді. Бірақ, ол жылдары “қой бағу бригадасын шығару керек” деген үндеу болды. Совхоз директорларына сондай тапсырма беріледі.
    Қой бағып жүргенде де менің ойым -пединститут немесе мединститутқа түсу болды. Екі жыл совхозда жұмыс істедім. Ол кезде жұмыс істеген, тәжірибелі балаларға аудандық білім бөлімінен жолдама береді. Маған орыс тілі пәні мұғалімінің мамандығы бұйырды. Әкемнің мамандығы да сол еді. Өзім де орысшаны тәп-тәуір білетінмін. Қалай дейсіз ғой?! Ырғыздан екі класс оқып, Комсомолға көшіп келгенде қазақ мектебі атымен болмады. 3 кластан бастап орысша
    4 жыл оқыдым. Бірінші жылдары қатты қиналдым. Пионерлер қатарына нашар оқитын 2-3 оқушымен бірге ең соңынан қабылданғаным бар. Менің қасымдағы балалар сабақты дұрыс оқымайтын шығар. Ал мен орысша дұрыс түсінбегенімнен үлгерімім нашар болды. Мұғалім кейде әкемді шақырып алады. Әкем өзі де педагог қой. “Сізге баланың қасына бір оқушыны неге бекітпеске? Орысша түсінбегені болмаса, бұл сабақты жақсы оқитын бала. Кез-келген есепті беріңіз, мен балама аударып беремін. Ол шығарып береді” деді. Маған әкем есепті қазақшаға аударып берді. Тақтаға барып бірден орындап шықтым. Содан жаздай балалармен ойнап жүріп, орыс тілін тез үйреніп алдым.
    Жолдама бұйырып, орайы түсе кеткені болмаса, бұл мамандыққа кәдімгідей құлшынып келдім дей алмаймын. Институтты жаман оқымадым. Институтты бітіргеннен кейін кафедра меңгерушісі “қалсаңшы” деп бір-екі рет ұсыныс жасады. Бірақ, мен өз ауылымдағы мектепке барамын деп шештім. Себебі, өзім көріп жүргенімдей, институт мұғалімдері жатахқанада тұратын еді. Бала-шағасы жатақханада өсіп жатты. Мен олай тұрғым келген жоқ.
    Жабасақ ауылының ар жағында 60 шақырым жерде Аққұм деген жер бар. Кезінде үлкен ферма болды. Қысқа 50 мың қоймен кіретін. Совет үкіметі кезінде дүркіреп тұрды. Сол ауылдағы тоғыз жылдық мектепке директор болып бардым. 5 жыл сонда жұмыс істедім. Кейін жол қатынасы қиындап кетті. Кейін 10 жылдай ауылда электр жарығы болмады. Жас отбасымыз. Кішкентай баламыз бар. Ауырып қалса, дәрігерге апаратын жер жоқ, қиналып қалатынбыз. Сөйтіп, балаларымның қамы үшін қалаға келдік.

    Тәуекел етіп келгенде, орталықтан жұмыс бірден табыла қоймаған болар?

    Жұмыс іздеп жүргенмін. “Дүние” университетінің жанында жекеменшік “Ұлағат” мектебі болды. Кезінде институтта бізге декан болған Таисия Антипова сол жерде директор болып жұмыс істеп жатыр екен. Жеке өзіне барып жолықтым. Әскерге кеткен мұғалімнің орны бос тұр екен. Бір жылдай сонда жұмыс істедім. Одан кейін “Қайнар” университетінде сабақ бердім. Кейін №24 мектепке директор қып тағайындады.
    №24 мектепте 5 жарым жыл жұмыс істедім. Ол мықты ұжым болды. Шығармашылық потенциалы өте жоғары болатын. Ғылыми жұмыстармен айналыстық. Сол кезде 12 жылдық жүйенің жаңа басталған кезі. Эксперимент болды. Біздер бірнеше эксперимент жүргіздік.
    Зерттеп қарасам, біздің қалада мұғалімдердің өз бетімен ізденіп оқып, әдістемелік білімін көтеруге мүмкіндігі жоқ екен. Жұмыс кестесі тығыз, үйге барғасын жеке өмірі бар. Мектеп әкімшілігі болғасын менің бірінші мақсатым - мұғалімге жағдай туғызу. Мектеп ішінде жағдай бұрыннан жасалған. Бірақ, әдістемелік жағынан “оқы, меңгер” деп талап қойғанмен өз бетімен меңгерудің қиын екенін түсіндім. Бір күні мектеп қабырғасында орталық ашып оқыту керек деген ойға келдім. Сөйтсем, Сәуле Имжарова “Сын тұрғысынан ойлауды дамыту” қоғамын ашқысы келіп жүр екен. Кездейсоқ жолығып қалдық. Ол кісіні бұрыннан білетінмін. Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту қоғамының мұғалімдерге әдістемелік жағынан жақсы көмек екенін түсіндім. Ол кісі заңды мекен жайы болмағасын, жаңа қоғамды әділет органына тіркей алмай жүр екен. Мен айттым: “Біздің мектептің мекен жайына тіркеңіз. Бірақ, сіз менің 30 адамымды оқытып бересіз” дедім. Сөйтіп, келісімге отырдық. Оқыттық. Семинарға тренерлер шақырттық. Әр мұғалім бір кластан эксперименталдық етіп таңдап, осы класқа тек қана сын тұрғысынан ойлауды дамыту бойынша сабақ берді. Бұл эксперименттік кластарда білім сапасы қапыл өсіп кетті. Соның нәтижесінде балалардың оқуға ынтасы жоғарылады. Жақсы бір жетістік болды.

    Қазір көптеген дарынды шәкірттер жеке репетиторлықпен айналысып жүр. Оқушыларды ҰБТ сынағына да дайындайтыны, өз білімін саудалап жүргені жасырын емес. Біздің қоғамда интеллектуалдың бағасы жоқ болғаны ма? Дарындылар неге жұмыссыз қалып отыр?

    Кейбір балалар өз білімін күнкөріске пайдаланып жүргені рас. Жоғарыда айтып кеткен сын тұрғысынан ойлауды дамытудың қандай ерекшелігі бар? Бұл әдіс оқушылардың өз бетімен ізденуге, анализ жасауға, пікір қалыптастыруға үйретеді. Шетелдік оқушылар мен біздің оқушылардың басты айырмашылығы осында. Біздің оқушылар берілген тапсырманы жақсы орындайды. Бірақ, соны өз ой елегінен өткізіп, күнделікті тіршілікте пайдалануды білмейді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдісімен оқыса, ол білімді күнделікті тіршілікте пайдалануды үйренер еді. Осы әдісті ыңғайы келсе, жаттықтырушылар көбейтіп, мұғалімдерді оқытып алса тамаша болар еді. Сондай білімді бала болашақта өзіне зияны тиетіндей нәрселерге жұмсамас еді.
    Репетитор болып тек бос уақытта айналысуға болады. Жап-жас баланың институтты бітірген бойда курстарға сабақ беріп жүргенін қолдамаймын. Жастар білім жетілдіру керек. Өмірде бір жетістіктерге жету керек. Курста сабақ беріп жүрген адам қандай жетістіктерге жетеді? Ғылымда дәлелденген нәрсе бар. Білім 5-10 жыл өткеннен кейін ұмытыла бастайды.

    Соңғы кездері мұғалім мен оқушы арасында болатын даулар жиілеп кетті. Ондай жайттер биылдыққа Ақтөбе мектептерінде де кездесті. Сіз де сол саланың қазанында қайнап жүрсіз. Сіз әріптестеріңіздің мұндай қылықтарын қорғар ма едіңіз?

    Бұл екі жақты мәселе. Мұғалімнің оқушыға қол жұмсауы дұрыс емес. Бұрын ата-ана баласын молдаға: “Сүйегі өзімдікі, еті сіздікі” деп береді екен. Молда ұрып-соғып оқытады. Ал педагогиканың тәсілі басқа. Баланы қызықтырып оқыту керек. Мәселенің екінші жағы да бар. Бала өз отбасынан да, қоғамнан да мұғалімге деген құрметті үйренуі керек. Тоғызды бітіргеннен кейін кейбір баланың сабақты оқығысы келмейді. Ата-ана ол баламен 9 жыл бойына шаруасы болған жоқ. “Балаңыз 9 сыныптан кейін лицейге барып жұмысшы мамандыққа оқысын” десе, “Жоқ, менің балам 10-11 класты оқиды. Заң бойынша оқу керек, Конституциялық құқығы бар” деп 10 класқа күштеп отырғызып қояды. Оқуға ынтасы жоқ оқушымен мұғалім амал жоқ жұмыс жасайды. Осыдан келіп ақырындап конфликт пайда болды.
    Кешегі Шымкентте болған оқиға сондай бір конфликттің шарықтау шегіне жеткені деген сөз. Ойлаңызшы, көбейту кестесін білмейтін бала
    11 класта не істеп жүр? Ата-ана баласын жұмысшы мамандыққа берсе, қалаған мамандығын алып шығар еді. Бірақ, көп баланың қалаған мамандығы да жоқ. Өйткені, ата-ана бұл бағытта баласымен әркез санаса бермейді. Ата-ананың жауапкершілігі қазір өте төмендеп кетті. Құқығын жақсы біледі, міндетін білмейді деп айтуға болады. Әрине, бұл менің барлық ата-ана қауымына күйе жаққаным емес.
    Мектеп директоры болып жүргенде талай жағдайлар болды. Ата-ана “менің баламның соңына мына мұғалім түсіп алды” деп ренжіп келеді. Ашуланып, ешкімді тыңдамай өз әңгімесін айтады. Бала мен мұғалімді шақырып алатын едім. Көзбе-көз сөйлеседі. Мұғалім де өз назын айтады. Бала мұғалімнің айтқанын жоққа шығармайды. “Көрдіңіз бе, бала сізге өтірік айтпайды. Бала тек өзіне қажет шындықты айтты, қажет емес жерін айтқан жоқ” деп ата-анаға түсіндіремін. Ата-ана ақыры өзінің қатесін түсінеді. Сондықтан қандай жағдайда да мәселенің байыбына бармай мектеп пен мұғалімді кінәламау керек.

    Мұғалімдердің жалақысын көтеруге қалай қарайсыз?

    Мұғалімдердің жалақысы жоғары болғанын құптаймын, бірақ жауапкершілігі де жоғары болуы керек. Себебі, мұғалім әр түрлі. Ол да адам. Кейбіреулер бар, мектепке әншейін келіп-кетіп жүреді. Кейбіреулер бар сабаққа барынша дайындалады, жұмысты жақсы істейді, еңбекқор. Екеуінің айлығы бірдей. Біз көбіне қазақшылыққа, ағайыншылыққа салынамыз. Жұмыс істегісі келмейтін жалқау мұғалімдер толып жүр. Артынан баласы білімсіз болып қалатынын, баласына зиян келетінін ешкім ойламайды.
    Жақында бір аудандағы ферманың бастауыш мектебін жаптырдық. Төрт бала бар екен. Төрт баламен мектеп ашуға болады. Бұл заңға қайшы емес. Бірақ, мұғалім қасындағы совхоздағы тума-туыстарының балаларын жинап оқытып жатыр. Ата-аналар туысы үшін ұялғаннан берген. Анау мұғалім айлық алғысы келеді. Балаларда түк білім жоқ. Тест алдық. Нөл пайыз. Бұл төрт баланың ертеңін ана мұғалім қор қылайын деп отыр. Жақсы мұғалімге жақсы жалақы беру керек. Нашар мұғалімнен үйренуді талап ету керек немесе жұмыстан кету керек.

    Қалаға келген бастапқы жылдары жекеменшік мектептерде жұмыс істедім деп едіңіз. Былайғы мектептерде сабақ беруден айырмашылығын сезінген боларсыз?

    Иә, мектеп жекеменшік болғасын, оның қожайыны бар. Басты мақсаты – ақша түсіру. Оқушылар да әр түрлі болады. Кейбіреулер айтылған сынды жақсы түсінеді. Кейбіреулері бар, қит етсе ата-анасын жетектеп келеді. Сондықтан, мұндайдың бәрі ескеріледі. Ақылы мектепте балаға толыққанды білім беру қиындау. Бала өзі түсінсе оқиды. “Неге оқымадың” деп те айта алмайсың.
    Екіншіден, тәжірибе көрсеткендей, айлық жоғары болмайды. Жекеменшік мектепте жүргенімде №24, №51 мектеп гимназиялары мен гуманитарлық колледждегідей құлшынып жұмыс істеген жоқпын. Ол әр түрлі жағдайға байланысты болған да шығар.

    Мұғалімге өз баласын тәрбиелеу оңай ма?

    Менің дос-жолдастарымның ортасында отырғанда қалжыңдап айтатын сөзім бар. Бірақ, оның артында шындық тұрған сияқты. Дәрігердің баласы аурушаң, мұғалімнің баласы тентек болады. Себебі, мұғалім таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін мектепте. Өз баласымен айналысуға күші қалмайды. Жұмысы солай болғасын, өз баласына қарағанда жұрттың баласы жақынырақ. Сондықтан, мұғалімнің өз баласына көңіл бөлуі өте қиын. Ондай адамдар болса, нағыз алтын адам дер едім.

    Өзіңіз ше? Сіз өз балаларыңызға жеткілікті тәрбие бере алдым деп ойлайсыз ба?

    Күнделікті жүріс-тұрысыңның өзі тәрбие. Мен балаларыма үлгілі деңгейде тәрбие бердім деп те айта алмаймын. Бірақ, олардың жан баласына өтірік айтпағанын, ешкімнің ала жібін аттамағанын жақсы көремін. Ондай тәрбиені бердім. Аллаға шүкір, балаларым артымнан жаман сөз ертіп жатқан жоқ.

    Елімізде болып жатқан экономикалық қиындықтар, елді алаңдатып отырған қаржы дағдарысы дейтіндер сіздің көңіл-күйіңізді бұзбай ма?

    Жоқ. Мен шенеунік болғасын айтып отырғам жоқ, Елбасы жұмыс істеймін, қаржы табамын деген адамға жағдай жасап отыр. Тіпті ауылда отырған ағайынға да мүмкіндік бар. Бір жолдасым ауылдық жерден шаруа қожалығын ашқан. Мал бағатын адам табылмай отырған көрінеді.
    Ауылдағы жұрт балаға берілетін жәрдемақымен күн көріп отыр. Жұмыс істегісі жоқ. Қаржылық дағдарыс бар, әрине. Бірақ, он екі мүшесі сау адам одан қорықпауы керек. Негізі әлемдегі барлық капиталистік елдерде халық мемлекетке алақан жаймайды. Олар социализмді көрмеген. Өз күнін өзі көреді. Бірақ, бізден нашар тұрып жатқан жоқ. Еңбек етеді. Әрқайсысының өз жұмысы бар. Себебі, олар мемлекеттен жәрдемақы күтіп отырған жоқ. Ол жақта жәрдемақы алу - ұят нәрсе деп қабылданады. Қолынан мүлдем ештеңе келмейтін адамның ісі саналады. Ауылда босқа отырғанша, қой бағып, мал санын неге көбейтпеске? Ауылға бара қалсаң, бәрінің айтатыны бір. Қорада 5-6 сиыры бола тұра, дүкеннің сүтін алады. Май шайқамайды, бұзауды емізіп жібере салады. Таңда ұйқысын қимайды. Қойдың ішек-қарнын аршымайды, сирақты үйітпейді. Бізде шынымен дағдарыс болса, солай болар ма еді? Дағдарыс біздің менталитетімізде. Менталитетті өзгертуіміз керек. Менің ойым осындай. Мектепте жүргенде балаларға: “Кәсіби шебер бол” дейтінмін. Ол міндетті түрде диплом алу деген сөз емес. Шебер адамға клиент көп келеді. Алдын-ала жазылып та қояды. Ал қызметің нашар болса, бағаң да төмен болады. Келген санаулы адамға мәз боласың. Біздің қоғамда әлі де мүмкіндік бар. Айналдырған
    17 миллионбыз. Тек жалқаумыз. Мына заманда кішкентай сәби мен науқастан өзгелері өз күндерін өзі көру керек.

    Хоббиіңіз бар ма?

    Бос уақытымда кітап оқимын. Тарихи және фантастикалық туындыларды жақсы көремін.

    Сіздің ашуыңыз қандай? Қатты қуана аласыз ба?

    Пенде болғасын, ашуланамын. Қапыл ашулануым да мүмкін. Бірақ, тез қайтамын. Бес минутта ұмытып кетемін. Жұмыстағылар да мұныма үйренісіп алған. Бастысы, олар кешірсе, ұмытып кетсе болғаны. Қатты ренжу мен қатты қуана білу- ол да бір өнер шығар. Мен неге екенін білмеймін, аса қатты қуана қоймаймын. Ерекше жағдайдың өзі менің жүрегімді қозғай алмайды. Мүмкін өте ерекше жағдай болмай жүрген шығар.

    Сұқбатыңызға рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Балаңыз біріншіге баратын болса...
  • Балаш ТҮСІПҚАЛИЕВ: Дәрігер болмағанымда, жақсы қойшы болар едім
  • Ата-ана мұғалім мен мектептен 3 млн теңге талап етіп отыр
  • Мұғалім оқушыны ұрды деп айыпталды
  • Жанат Самұратова: “Ондай мұғалімнің құны көк тиын!”
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге