Жадыра Арыстанова: Той әндерін сахнаға алып шығу дұрыс емес!

    Ол ешқашан ән байқауларынан құр алақан қайтқан емес. Ақтөбеде жүріп-ақ бірнеше халықаралық ән байқауының жүлдегері атанды. Қазір Астана қаласының тұрғыны. Оның табиғат берген сұлулығы бар. Сахнаға шыққанда одан бетер сұлулана түседі. Ол талғампаз. Айтатын әндері ғана емес, сахналық костюмдеріне де биік талғамымен қарайды. Ол өте кішіпейіл. Ол сүйікті жар, мейірімді ана. Ол - әнші Жадыра Арыстанова.

    Жадыра, әнсүйер қауым сіздің ақтөбелік екеніңізді жақсы біледі. Дегенмен, өнердегі алғашқы қадамдарыңыз жайлы білетініміз аз. Өзіңіз айтып берсеңіз.
    Менің өнер адамы болатынымды ата-анам бала күнімде-ақ сезді. Есімде, 4-5 жасар кезім. Төрде қара домбыра ілулі тұратын. Есім сол домбырада. Домбыраға қатты қызыққаным сондай, көтеремін деп жүріп оны ақыры сындырып тындым. Сөйтіп жүргенімде “Әй, осы баладан бірдеңе шығады” деп әкем маған “Еркем-айды” үйретті. Алғашқы әнім сол болды.
    Мектеп қабырғасында жүріп мерекелік шараларға қатыстым.
    9 бітіргеннен кейін Ақтөбе қаласында-ғы Ахмет Жұбанов атындағы музыка колледжіне түстім. Дәстүрлі әннен қосымша сабақ алып жүрдім. Колледжден соң Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясына барып, ол жерде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Люция Төлешевадан дәріс алдым. Алматыда оқып жүрген кезімде байқауларға, концерттерге көп қатыстым. Бірақ, ол байқаулар кішігірім болатын. Ақтөбеге келгеннен кейін халықаралық байқауларға жолым ашылды.
    Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда жұмыс істеп жүргенімде филармонияның сол кездегі директоры Есет Дүйсенбаевтың қамқорлығының арқасында көптеген байқауға барып, бірнеше рет жеке концерт бердім. Есен Дәуітұлы өнер жолында маған бағыт көрсетті. Ялтада өткен “Восточный базар” байқауынан жеңіспен оралдым. Башқұртстанның “Урал моно” конкурсына қатысып, ІІ дәрежелі лауреат атандым. Ақтөбеде оқып жүргенімде республикалық Шәмші Қалдаяқов әндері байқауының жеңісі маған бұйырды. Колледжде оқып жүрген студент үшін бұл жеңіс үлкен жетістік еді.

    Қазір немен айналысып жүрсіз? Шығармашылығыңызда қандай жаңалық бар?
    Өнер адамына бір орында тұрып қалмау керек. Кейде маған “Жадыра, неге көрінбей кеттің?” деп жатады. Халықтың алдына дайындықпен, ізденістен кейін шыққым келеді. Жаңа әндер жазып жатырмын. Клиптер түсіргім келеді. Теледидардан көріп жүрген боларсыздар, Алматыда көптеген түсірілімдерге, оның ішінде “Әндария” және “Сағындырған әндер-айға” шығып жүрмін. Жақында Ескендір Хасанғалиевтің кешінде Бауыржан Исаевпен бірге дуэт айттым. Осындай жаңалығым бар.
    Енді алдағы уақытта Алматы және Астана қалаларында жеке концерт беруді ойлап жүрмін. Ақтөбеде жүргенде төрт рет жеке концерт бердім. Астанаға кетерімде өткізген кешімді “Ақтөбеме мың алғыс” деп атадым. Кештің бір ерекшелігі болды. Біздің әндерімізді өңдейтін аранжировщиктеріміз көбіне аты аталмай, үнемі назардан тыс қалып жатады. Шын мәнінде әннің болмысы ашылмаса, халыққа жетпес еді. Ал әннің болмысын, табиғатын ашатын - аранжировка. Мысалы, Ақтөбеге танымал күйші Бақытбек Зейнелов ағамыз республикаға танымал Өмірқұл Айниязовтың көптеген әндерін өңдеп берді. Айтайын дегенім, сол кештің бір ерекшелігі, ән өңдеушілерді сахнаға, халықтың алдына шығарып, үстеріне шапан кигіздік.

    Өзіңіз айтып кеткендей бірнеше рет халықаралық конкурстарға қатыстыңыз. Бұл байқаулар сізге не берді?
    Әр байқаудың деңгейі әрқалай. Бір-біріне ұқсамайды, өзіндік қиындығы бар. Мен байқаулардан көп тәжірибе жинадым. Себебі, әр елден жиналған өнерпазға қарап, көп нәрсе көресің, өсесің. Мен үшін бұл байқаулардың пайдасы көп болды. Кейбір олқылықтарды көріп, олардан жиренген кездерім болды.
    Ялтаға барғанымда конкурсанттардың ішінде Якутиядан келген Юлиана Кривошапкина атты бұрымы төгілген орындаушы болды. Шаңқобызда қасқырдың ұлығанын, құстардың, табиғаттың небір дыбыс-тарын шебер ойнайды. Екеуміз танысып, сөйлескеннен кейін мықты тіл табысып кеттік. Естелік ретінде маған шаңқобызын сыйға тартқаны бар. Сол шаңқобыз үйімде әлі сақтаулы.
    Өз басым байқауларға тыңғылықты дайындалатынмын. Демалып, өз-өзімді көп шаршатпауға тырысатынмын. Ән мен киім жағы әуелден сақадай сай тұрды. Қазылар алқасындағы бір келіншек кейін өзіме жеке жолығып: “Жадыра, сіз ұлттық киіміңізбен, өзіңізді сахнада ұстауыңызбен, иіліп еткен сәлеміңізбен қазақтың қандай екенін көрсете білдіңіз. Денеммен құмырсқа жүріп өткендей, өне бойым жыбырлап кетті. Қазақтың қыздары осындай болады екен-ау. Мұны барлығы айтып жатыр” деді. Ялтада болғанымда түріктер маған ерекше сыйлық берді. Олар жабық киінген әншілерді өте жоғары бағалайды. Түркияға екі адамға жолдама сыйлады.

    Сіз қазір екі бала тәрбиелеп отырған анасыз. Соған қарамастан өнерді бір адамдай отбасымен бірге тең ұстап келесіз? Қиын емес пе?
    Менің бағым болар, жолдасым – өнер адамы. Ән таңдаған кезде бірге ақылдасамыз. Әркез концертке шыққан сайын менің өнердегі беталысымды қарап, қателіктерім болса, дер кезінде түзеп отырады. Гастрольдерге кеткенде, үйде менің жоқтығым білінбесе, ол да жолдасымның арқасы. Балаларымның тамағы пісірулі.
    Өнерде жүру әйел адамға өте қиын. Түнделетіп жүретін кездері бар. Содан шамалы ыңғайсызданамын. Бірақ, мен тойдың басынан аяғына дейін отырмаймын. Бір-екі әнімді орындап, әдемі көрініп кетемін. Қалай болғанда да отбасымның жағдайы мен үшін бірінші орында.

    Сіз тұрмысқа ерте шыққан қыздардың ауылынан екенсіз. Отбасылық өмірге тез үйренісіп кеттіңіз бе?
    Мен 19 жасымда тұрмыс құрдым. Жолдасым үйінің кенжесі. Шаңырақтарына мен келін болып түскенде ата-енем жасы ұлғайып қалған кісілер екен. Иманды болсын. Мен кіп-кішкентай болдым. Қазір еске алып отырсам, маған ол кезде жұрттың бәрі керемет болып көрінетін. Өте аңқау болыппын.
    Ата-енем асты-үстіме түсіп, “ұйықтай қой” деп жиі еркелететін. Қолдарында екі жыл тұрдым. Бірде-бір рет “келін” деп айтқан емес, кенже қыздарындай көрді. Қайын апаларым да “сабағыңды оқы, айналайын” деп алақанына салып ұстады. Қазір Аллаға шүкір ата-енеме көрсетіп үлгермеген қызметімді қайын апаларыма көрсетіп жүрмін. Мен жас болғасын аяйды ма, енем марқұм еркелетіп қасына отырғызып, “анаңды сағындың ба” деп сұрайтын.
    Екі баламның арасы 1,5 жыл. Үлкенім қазір 15-те. Үйде бала тәрбиесімен отырған кездері әншілердің сахнада ән айтып тұрғанын көріп, сахнаға деген сағыныштан ішім “күйетін”. Арасында той-томалақтарға шығып тұрдым. “Қарайып” қалмас үшін, босқа отырмай, көп ізденуге тырыстым. Бұрын-соңды айтылмаған халық әндерін қарастырдым. Спортпен айналыстым.

    Сіз танымал әнші Сәкен Майғазиевпен бір курста оқыған екенсіз. Осыдан біраз уақыт бұрын Сәкенмен дуэт құрып, ән салған едіңіз. Сол әнді қазір үлкен концерттерде неге орындамасқа?
    Театр оқуына түскенде біздің топта басында 24 адам едік. Кейбірі оқуға жағдайы болмай, кейбірі отбасылық жағдайымен оқудан шығып кетті. Соңында 4 студент қана қалды. Үш қыздың ортасында Сәкен жалғыз болды. Қазір өнерде жүрген сол Сәкен екеуміз ғана. Қалған екі құрбымның бірі Қостанайдағы театрда жұмыс істеп жатты. Әлия есімді екінші қыз өнерден мүлдем қол үзді. Әлияның әнге деген қызығушылығы мықты болды. Оқып жүрген кезде әкесі қолдау көрсетіп, концерттерге шығатын. Минусовка жаздырып жүрді. Минусовка жаздыру біз үшін арман болды. Кейін әкесі қайтқаннан кейін тұрмыс құрды.
    Өнер жолы оңай жол емес. Көп қаражат керек. Бір әнді жаздыртудың орташа бағасы 1000-1500 доллар. 10-20 мың долларға жаздыратындар бар. Оның үстіне әйел адам болғасын, сахнадағы киімің мен сымбатың үшін де біраз қаражат керек.
    Сәкен екеуміз айтқан әнді менің жеке концертіме жаздырғанбыз. “Кеш келген махаббатым” атты Марат Омаровтың әнін студент кезімізде сынақтарда, емтихандарда жиі айттық. Ақтөбенің филармониясында жүргенде Сәкен арнайы шашбауымды көтеріп концертіме келетін болғаннан кейін, дуэт айтайық деп ақылдаса келіп, әлгі ән есімізге түсті. “Мұзарттың” студиясында жаздырдық. Халық жақсы қабылдады. Қазір “Қазақ” радиосынан беріп тұрады. Ол әнді үлкен сахналарға алып шығуға Сәкеннің уақыты келмей қалады. Ылғи гастрольдермен жүреді.

    Театр немесе кино саласында өзіңізді сынап көрген жоқсыз ба?
    Оқып жүргенімде кино жөнінде көп ұсыныс түсті. “Музыкалық драмаға ауыссаңызшы. Сіздің келбет-кескініңіз киноға келеді” дегендер болды. Өзім қарсы болдым. Оған көп уақыт керек. Отбасым бар, оның үстіне жаңа келін болып түскен кезім. Жас болдым ба, шаршайтынмын. “Әзір қажеті жоқ, әніңді дұрыс шығарып ал” деп жолдасым да құптамады. Қазір ондай ұсыныстар болып жатса, өзімді сынап көрер едім деп ойлаймын.

    Жолдасыңыз өзіңізге дәріс берген ұстазыңыз екен. Жас айырмашылықтарыңыз да біршама. Ата-анаңыздың көзқарасы қалай болды?
    Жолдасым Мараттың адамгершілігі өте мықты. Осы уақытқа дейін ол кісінің біреуді жамандағанын естіген емеспін. Қолынан келгенше алдына келген адамға көмектескісі келіп тұрады. Сондай кеңпейіл адам. Тіпті өзім де кейде таңқаламын. Бірден ғашық болдым деп айта алмаймын. Сыйладым. Бауыр басып қалдым. Байқауларға әрдайым бірге барамыз. Шынымды айтсам, кейін Маратқа қалай ғашық болып, қалай жақсы көріп қалғанымды өзім де білмей қалдым. Оның маған деген көзқарасын өз басым уақыт өте келе соңғы курстарда сезе бастадым. Курстас талай қыздар қалжыңдады. “Жадыра оны қайтсін? Ертең-ақ танымал болғасын оп-оңай тастап кетеді” деп жатты. Бірақ, менің басыма ондай ой кіріп те шықпайтын. Марат мені бір көргеннен жақсы көріпті. Тағдырым деп есептеймін. Ата-анам Мараттың ұстазым екенін білетін, танитын, сыйлайтын. Естіген кезде, әрине біраз қимай, ақыры баталарын берді. Кім болса да, баласының өз теңін тапқанын қалайды емес пе? Кейін кішкентайымыз дүниеге келіп, жарасымды жұп екенімізге көздері жетті. Шешем Маратты “алтын күйеу балам” деп төсін дайындап, алақанына салып отырады. Марат - анамның ең жақсы көретін күйеу баласы.

    Тойларға шығып тұрасыз ба?
    Астанаға барғаннан кейін көп ешқайда шыққан жоқпын. Балаларым басқа ортаға әбден сіңіп кеткенше, Астананың ауа-райына бейімделгенше үйде отырдым. Той болсын, сахна болсын шығармашылық адамының өлерменденіп кеткенін құптамаймын. Бір жағынан, өзім танымал болуға онша талпынбайды да екенмін. Өзімнің тыңдармандарым бар. Іздеп, жағдайымды сұрап тұрады. Іздеушісі бар әнші – бақытты жан. Астанаға барған кездері Ақтөбеге көп шақырды. Тыңдармандарымның көңілін жықпай, жиі келіп тұратынмын. Астанада енді танылып келе жатырмын. Артымызда жастар өсіп келе жатыр. Жылтыңдап кез келген концертке шыға бергім де келмейді. Көрерменді сағындырып шыққанды жақсы көремін.

    Хит әндерге көзқарасыңыз қалай?
    Хит әндерге көзқарасым жақсы. Халықтың көңілінен шықса, ол әнді іздесе, онда тұрған ештеңе жоқ. Бірақ, кейбір той әндері сахнаға да шығып кетіп жатады. Меніңше, ол дұрыс емес. Тойдың талабы осы екен деп, сөздерін өте жеңілдетіп жіберіп жатырмыз. Мен өзім мағынасы мен сөзі жеңіл әндерді айта алмаймын. Әр сөзіңді халыққа жеткізіп, жүрегіңмен орындамағаннан кейін рахат алмаймын. Көңілімнен шықпайды. Ән айтқанда халықпен бірге рақат алу керек. Тойларда халықты билететін, көңілді әндер репертуарымда бар. Бірақ, олардың сөздері жеңіл емес. Сонда да ол әндерді сахнаға алып шықпаймын. Менің репертуарымда терең мағыналы, лирикалық, концерттік әндер өте көп. Мысалы, “Бұрым туралы баллада” қандай керемет ән?! Қарап тұрсақ, Әлиядан басқа батыр апаларымызға арналған әндер өте аз. Бұл әннің авторы Ерсайын Нарымбаев, сөзі Дүйсенбек Қанатбаевтікі. Ол кісі екі жыл бұрын қайтыс болды. Бірақ, әнді естіп көзіне жас алды. Маған дейін бір қыз бала орындап, көңілінен шықпаған. Мен орындаған кезде, бірден ұнатты.

    Бұл әнді сізге автордың өзі ұсынды ма?
    Ол кісі бірде Ақтөбеге шаруаларымен келеді. Филармонияға келіп, “кең диапазонды әншілерің бар ма?” деп сұрапты. Әріптестерім мені ұсынған. Ол кісі кездесуге үйіне шақырды. Шынымды айтсам, әнді тыңдап көргенде бірден түсінбедім. Үлкен кісі дірілдеген даусымен айтып берді. Жолдасым өзі музыкант болғасын бірден ұнатты. “Мұндай әндер аз” деді. Нотаға түсіріп әнін айтып көргенде, керемет екенін сезіндім. Жеңіс күндерінде осы әнді көп сұрайды.
    Көп әнге ғашықпын. Мен көбіне жолдасымның әндерін орындап жүр-мін. Репертуарымда ақтөбелік ақындар Ертай Ашықбаев, Талғат Тілеулесов пен Орал-Қосай Байсеңгірдің сөзіне жазылған әндер бар. Мен өзімнің ғана талантымды емес, жерлестерімнің де шығармашылығын көрсеткім келеді.

    Сіз халықаралық байқаулардың лауреатысыз. Ақтөбенің мәдениет саласында аз жұмыс жасаған жоқсыз. Сізге атақ берілді ме?
    Бірде-бір атағым жоқ. Колледжде оқып жүрген кезден бастап Айнагүл Сақауова екеуміз Ақтөбенің үлкен концерттеріне шығып келеміз. Облысқа 14-15 жасымнан қызмет етіп келемін. Бәрі әлі алда деп ойлаймын. Еңбегімді бағалап, атақ беріп жатса, нұр үстіне нұр емес пе?! Өйткені, өнеріңе құрмет өзіңе жігер береді. Біз шығармашылықтың адамы – сезімнің адамымыз. Қуана да білеміз. Өкпелеп те қаламыз. Халықтың алдында жүру оңай емес.

    Жадыра, сұқбатыңызға көп-көп рақмет! Халықтың алдындағы абыройыңыз арта берсін! Өнердегі қанатыңыз талмасын!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бағлан ҚЫСТАУБАЕВ: “Арт Тұмарды” көбіне қызын өзге ұлтқа ұзатушылар шақырады
  • Нұрболат АБДУЛЛИН: Мен үшін қыздан гөрі, әнге ғашық болған қиын
  • Аян СЕЙІТОВ: Менің барым да, нарым да – айтыс
  • Асхат ТАРҒЫНОВ: Нигериялық Рич Димен дуэт құрмақшымын
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге