Асылбек Төлешев: Мен үшін туған топырақтан қастерлі ештеңе жоқ

    Ол қазақ жеріне әрдайым алып-ұшып жетеді. Сондай сапарлары кезінде сағынышын су сепкендей басатын жайттарға да жолығып қалып жатады. Соған қарамастан ол да “әр қазақ - менің жалғызым” деген принциппен өмір сүріп жүрген азаматтардың бірі. Отандастарын аңғал-саңғал, ашық-жарқын қалпымен жақсы көреді. Қарлығаштай қанатымен су сепкісі келеді. Бірақ, сүйікті кәсібі де, отбасы да Мәскеуде. Ол - Мәскеу қазақтарының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясы төрағасының орынбасары Асылбек Төлешев.

    Асылбек Қуантайұлы, Ақтөбеге қош келіпсіз! Демалыстың қарсаңында келгендігіңіз бен асығыс екендігіңізге қарап, тойға келген боларсыз деп шамалап отырмын. Әлде қателестім бе?
    Ол рас. Тойға келдім. Інім келін алып, жұбайым екеуміз сол тойға Мәскеуден арнайы келгенбіз. Жаттанды болып естілуі мүмкін. Бірақ, қазақтың тойына ештеңе де жетпейді. Ағайын-туыстың басын қосатын да, салт-дәстүр көрініс табатын да жиын – той емес пе? Елден жырақта жүрген қазақ үшін бұдан артық не керек?
    Былтыр кіші ұлым отау көтеріп, келін түсірген кезде де тойын Ақтөбеге келіп жасағанбыз. Атыраумен құда болдық. Әрі Мәскеуде той жасап, Ақтөбедегі ағайынды әуре-сарсаңға салмайық деп ойладық. Қазақы қалыппен өткен той өзіме қатты ұнады. Әрине, Мәскеуде мейрамхана да көп, ас мәзірі де сан алуан. Бірақ, тойды Мәскеуде жасасақ осылай болар ма еді, жоқ па, кім білген? Ағайынның ортасына келіп, ыстық ықыласына бөленудің жөні бөлек қой.

    Бір айта кетер жайт, маған ақтөбеліктердің тойға 1,5-2 сағат кешігіп келетіндері ұнамайды. Шақыру қағазында сағат жергілікті уақытпен 19:00 деп көрсетілген. Бірақ, қонақтардың алды 20:30 шамасында келе бастайды. Бұл дегеніңіз, алтын уақытты қадірлемеу емес пе?
    Бір ғана мысал, мен 21 жылдан бері Мәскеу қаласының тұрғынымын. Қала өте үлкен. Күн сайын жұмыс орныма жету үшін үйімнен 2 сағат бұрын шығамын. Қайтар жолға да осынша уақыт жұмсаймын. Сонда 8 сағаттық жұмыс күнін есептемегенде күн сайын 4 сағатым жолға кетеді екен. Қайран уақыт десеңізші? Меніңше, уақыттың қадірін білу үшін мегаполистің тұрғыны болу шарт емес. Ал тойға кешігіп келу - өзіңнің ғана емес, өзгенің де уақытын сыйламау.

    Айтыңызшы, Мәскеу қазақтары да біз сияқты кешігіп жүре ме? Мысалы, сіз Мәскеу қазақтарының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясы төрағасының орынбасарысыз. Түрлі іс-шаралар өткізуге тура келеді. Сондайда не байқадыңыз?
    Жоқ. Кешікпейді. Күтпеген жерден қиындықтар туындап, келмей қалуы мүмкін. Бірақ, кешікпейді. Кешігетін болса, алдын ала хабарлап, кешірім сұрайды. Яғни, өзге жұртты есікке қаратып алаңдатып қоймайды.
    Елден жырақта жүрген адам жинақы болады. Бауырмал болады. Бірін бірі іздеп тұрады. Өздеріңізге аян, Мәскеуде Қазақстанның елшілігі бар. Бірақ, ол ресми мекеме. Ресейде жүріп, басына іс түскен әрбір қазақ азаматы елшілікке емін-еркін, қалаған уақытында кіріп бара алмайды. Өйткені, кеңсенің аты - кеңсе. Сондықтан көп жағдайда Мәскеу қазақтарының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясына келеді. Маңдай тіреп келгендіктен қандастарымыздан қолымыздан келгенін аянып қалмаймыз. Жөн сілтеп, жол көрсетеміз.
    Мысалы, менің жұбайым Мира Бердіқожақызы - дәрігер. 37 жылдық еңбек тәжірбиесі бар педиатр. Ел жақтан денсаулық мәселесімен келген кез келген адамнан кеңесін аяған емес. Өйткені, біз тұрып жатқан мегаполистегі медицина мен оның жай жапсарына қанық. Сол сияқты Мәскеу қазақтарының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясына мүше кез келген азамат отандастарымызға қол ұшын беруді өзінің азаматтық парызы деп санайды. “Жоққа жүйрік жетпейді”, әрине. Бірақ, қолымызда барымызды бөлісеміз. Бұл Мәскеу қазақтары ғана емес, жалпы қазақтың қанында бар қасиет.

    Елшілікпен байланыстарыңыз қалай?
    Жаман емес. Тәуелсіздік күні, басқа да ірі мемлекеттік мерекелер кезіндегі ресми іс-шараларға шақырып тұрады. Бірақ, Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі боп тұрған кезеңмен салыстыруға келмейді. Қырымбек Елеуұлы дипломатиялық қызметте өзін білікті қайраткер ретінде көрсетіп қана қоймай, Мәскеу қазақтарының ынтымағын арттыруға көп күш салды. Көптеген қоғамдық ұйымдар Қырымбек Көшербаев елші болған тұста жұмыстарын қайта жандандырып, Мәскеудің этномәдени өміріне белсене ат салысты.
    Бейресми деректер бойынша, қазір Мәскеу мен Мәскеу түбінде 20-25 мыңдай қазақ тұрады. Тұрғындарының саны 12 миллионнан астам ірі мегаполис үшін ол аса көп те емес болар? Бірақ, жырақта жүрген біз үшін әр қазақ - жалғыз. Отандастарымыз ана тілін ұмытпасын деген мақсатпен ана бір жылдары совет одағының батыры Әлия Молдағұлова атындағы №402 гимназиядан (бұрынғы №891 мектеп) қазақ сыныбын ашқымыз келген. Өкінішке орай, ойымызды жүзеге асыра алмадық. Кедергілер өте көп болды.
    Бірақ, біз қол қусырып отырғаны-мыз жоқ. Ресей Федерациясының 21 аймағында қазақтардың қоғамдық бірлестіктері бар. Осы бірлестіктермен өзара тығыз байланыстамыз. Өз басым әсіресе, Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастарының ынтымағына, елжандылығына қатты риза боламын. Біздің есебімізше, Мәскеудегі жоғарғы оқу орындарында екі мыңнан астам қазақ баласы білім алып жүр. Қазақ студенттері құрған “Шаңырақ”, “Сана” сынды қоғамдық бірлестіктер бар. Олар этномәдени шаралардан ешқашан қалыс қалып көрген емес.

    Елшілікті ресми мекеме деп атап өттіңіз. Ол жерге ірі мемлекеттік мерекелер кезінде ғана барады екенсіздер. Үлкен қалада қазақтардың басын қосатын басқа қандай орын бар?
    Елшілікке жақын маңда Чистопрудный гүлзарында Абай Құнанбаевтың ескерткіші бар. Көбіне сол жерде кездесеміз. Бұл жер бір кездері Мәскеу оппозициясының сүйікті орны болды. Олар интернетте #ОккупайАбай хештэгімен жарияланған жазбалар арқылы бас қосып, билікке өз наразылықтарын білдірген болатын. Қысқа ғана уақыт аралығында бұл хэштег ресейлік қана емес, әлемдік твиттердегі ең танымал белгіге айналды. Осы арқылы ресейліктер Абайдың тұлғасына қызығушылық білдіріп, шығармашылығымен танысты. Ал біз үшін бұл ескерткіш қағбадай қасиетті орын.
    Одан бөлек Мәскеу түбіндегі Зеленоград қаласында Бауыржан Момышұлының атындағы мектеп бар. Сол мектептің ауласында батырдың ескерткіші тұр. Ол жерге де жиі ат басын бұрамыз. Мәскеу қаласында қазақтың ең алғашқы кәсіби әскери генералы Шәкір Жексенбаев жерленген.

    Мәскеу қазақтарының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясы туралы айтыңызшы? Жырақта жүрген отандастарымыздың басын қосқан ұйым қашан және қалай құрылды?
    Бұл қоғамдық ұйым 1997 жылы құрылған. 2006 жылдан бері Мәскеу қазақтарының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясына Полат Джамалов жетекшілік етіп келеді. Мен сол кісінің орынбасарымын.
    Бұл ұйым сырт көзге Мәскеуде де, Ақтөбеде де толып жатқан көп қоғамдық ұйымның бірі болып көрінуі де мүмкін. Шын мәнінде олай емес. Этномәдени шараларға белсене қатысып жүргендігі өз алдына, қазақ халқының мәдени, рухани құндылықтарын насихаттау тұрғысынан да белсенді.
    Мәскеу қазақтарының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясы ҰОС жылдары қазақ жерінде құрылған атқыштар бригадалары соғысқан жерлермен тығыз қарым-қатынас орнат-қан. Мысалы, Псков облысындағы Новосокольникиге жиі барамыз. Ол жер - қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың мәңгілік мекені. Сол сияқты РФ Тверь облысындағы іздестірушілер отряды, облыс басшыларымен де тығыз байланыстамыз.
    Даңқты 100-ші, 101-ші атқыштар бригадалары соғысқан бұл аймақтан әлі күнге дейін қазақстандық жауынгерлердің мүрделері табылып жатыр. Өкініштісі, көп жағдайда сүйегі араға жылдар салып табылған жауынгерлердің туыстарын анықтай алмай жатамыз. Бұл Қазақстандағы қала, көше атауларының өзгеріп кеткендігімен де байланысты. Ресми сұрау салған жағдайдың өзінде кейбір кеңсе қызметкерлері құжат ақтарып, бас ауыртқысы келмеген сыңай танытады. Бюрократия басым.
    Мысалы, жуырда Тверь облысындағы Белый қаласы маңынан қандағаштық барлаушы Қуатбай Игіліковтің сүйегі табылды. Кейін Ақтөбедегі БАҚ көмегімен барлаушының осы өңірге танымал әнші Гүлсім Юсупованың нағашысы екенін білдік. Мұндайда іздестірушілер тобы ең алдымен бізге Мәскеу қазақтарының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясына хабарласады. Біз жауынгердің туыстарын әлеуметтік желілер мен қазақстандық достарымыз арқылы іздей бастаймыз.
    Бірер күндікте Смоленск облысының Темкинск ауданындағы “Обелиск” іздестіру отрядынан хабар алдық. Олар Темкинск түбінен қостанайлық Қуанышбай Дәуітовтің сүйегін тапқан. Қостанай облысы кезіндегі Пешковский ауданы Свердловск колхозынан майданға аттанған Қауынбай Дәуітовтің 1942 жылғы тамыз айында қаза болғаны да анықталып отыр. Әзір оның туыс-тарын таба қойған жоқпыз. Бірақ, жауынгердің туыстары табыла қалған жағдайда жол көрсетіп, жөн сілтеуге дайын отырмыз.

    Мәскеу қазақтарының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясы төрағасы қоғамдық негіздегі жұмысыңыз ғой. Жалпы қандай кәсіппен айналысасыз?
    Теміртаудағы Завод-ВТУЗ-дың түлегімін. Мамандығым – инженер-құрылысшы. 1991 жылы Мәскеуге докторантураға барғанмын. Содан бері Мәскеу қаласында тұрақтап қалдым. Оқытушы, доцент, профессормын. Жұбайымның дәрігер екендігін айтып өттім. Ержеткен екі ұлымыз бар. Үлкеніміз Айбек мектепті үздік бітірді. Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің түлегі. Екінші баламыз И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін тәмамдаған. Қазір Атырау қаласында тұрып жатыр.
    Өзім Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданының тумасымын. Руым - кенегес. Атамның есімі - Төлеш. Білетін жұрт өте сауатты адам болған деседі. Сталиндік қуғын-сүргін кезінде Ресейдің Комсомольск-на-Амуре қаласына айдалып кеткен. Архивтерді ақтарып жүріп, атамның кеңсе қағаздарына жауапты писарь болғанын білдім. Құжаттарға қарағанда, атам өзінің жазықсыз жапа шеккендігін айтып, Берияға үш рет хат жазған екен. Екінші хатынан соң Берия оған рақым жасау туралы шешім қабылдапты. Бірақ, неге екені белгісіз Берияның резолюциясын Ақтөбедегі “үш әріп” жүзеге асырмаған. Үшінші хатын жолдағаннан соң атам айдауда жүріп, ауыр науқастан қайтыс болады. Төлештің екі інісі Сахи мен Қали да "халық жауы" атанған адамдар.
    Біздің атамекеніміз - қазіргі Мұғалжар ауданының Жаңажол ауылы. Жаңажолға жақын Шеңгелші ауылында ағайындарымыз әлі де тұрады. Жаңажол мен Шеңгелшінің жайын білетін боларсыз? Жазық дала. Өндірістік аймақ. Күні-түні шаң борайды да жатады. Бірде жолым түсіп, ауылға барғанымда апаларым “Үйге кірсеңші? Шаң борап тұр ғой” дейді. Менің сол шаңды сағынып келгенімді қайдан білсін? Жалпы, адам туған жердің қадірін алыс кеткен кезінде біледі екен. Түсімде қазақтың жазық даласын жиі көремін. Өңімде ұшы-қиыры жоқ жазық далаға табаным тисе, кеудемді кере терең тыныс аламын. Сол сәттегі жай-күйімді дәл қазір сізге сипаттап бере алмаймын.

    Кешіріңіз... Бірақ, сіз шаңын сағынып жететін Жаңажол мен Шеңгелшінің халқы лас ауа жұтып отырғанынан, оның бергі жағындағы Ембінің жолы шұрық-тесік екендігінен хабардар боларсыз?
    Әрине! Ол жағдайлардың бәріне бір кісідей қанықпын. Мұғалжар ауданының Ембі қаласында енем тұрып жатыр. Ембіге баратын жол – жол емес! Көрген сайын жүрегім ауырады. Сол жерлерде тұрып жатқан халықтың төзімділігіне таң қаламын.
    Меніңше, биліктің Ембі мен Қандыағаш қалаларын қосып жібергені бекер болды. Әрқайсысы өз алдына бөлек аудан болғанда бәсекелестік те, бақылау да болар еді. Жолдың да жайы шешілер ме еді, кім білген? Дәл қазір менің қолымнан келер қайран жоқ. Жырақта жүріп қолымнан келері - туған топырағымның гүлденуіне деген перзенттік тілеулестік қана. Мен үшін туған топырақтан қастерлі ештеңе жоқ. Тек мен емес Мәскеу мен Мәскеу түбінде тұратын қазақтардың барлығы Қазақстанға елеңдеп, жақсы хабар күтіп отырады.

    Ендеше, қандастарға сәлем айта барыңыз. Сұқбатыңызға рақмет! Жақсылықта жолығайық.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Барлаушының туыстары табылды!
  • Қазақстанның үш азаматы Сириядан эвакуацияланды
  • Қандыағаштық барлаушының сүйегі 73 жылдан соң табылды
  • Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл
  • Есен Елеукен: Cпорт комментаторы болуды армандайтынмын
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге