11/5/2018

    “Айлығымыз аз болса да, алатын сауабымыз мол”

    Мейірбике деген кім? Ол – аурухана не медициналық орталықтың 70-80 пайыз жұмысын атқаратын еңбекқор қызметкер. Ол – хатшы, ол – науқасты күтуші, ол – дәрігер мен фельдшердің оң қолы, ол - ... кете береді. Сондай бір әмбебап мейірбикелермен жолығуды көздеп едік. Дәл таптық. Элеонора Жазболғанова, Ақтөбе облыстық медициналық кеңес беру және диагностикалық орталығының аға мейірбикесі, “Үздік мейірбике” номинациясының бірнеше мәрте иегері. Элеонора Кеңесқызының жүзінен мейірім төгіліп тұр. Ғұмырының 30-дан астам жылын медицинаға арнапты. Науқастың мінезін есіктен кіргеннен сезіп, қалай сөйлесуді шебер меңгерген қызметкер.

    3/5/2018

    “Күйеуіме күнде рахмет айтамын”

    Ақтөбелік Динара Еділованы “Миссис World Wide-2017” халықаралық байқауына қатысып, “Ең үздік көйлек” номинациясы мен “Ұлт бейнесі” тәжін жеңіп алған кезінен таныдық. Үш баланың анасы, қайырымдылық қордың президенті, тізімді жалғастыра беруге болады. “Алмаз” қайырымдылық қорының президенті оқырмандарға өз өмірінен сыр шертті.

    26/4/2018

    “Ұлттық грамматиканы қайта жасау керек”

    Нұрлыхан Аитова, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, ҚР БҒМ «ЖОО-ның Үздік оқытушысы», филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҰҒК мүшесі. Нұрлыхан Аитованың «Кейіпкер» айдарында айтары көп екен. Тұтас зерттеу жұмысы тұрмақ, гуманитарлық ғылымға бөлінбей отырған көңіл мен мұғалім еңбегінің бағаланбауы, студенттердің тестке бауыр басуы, қолданысқа дендеп кеткен қазақ тілінің грамматикалық жүйесінің халықтың поэтикалық ойлауына жылдар бойы тигізген залалы туралы пікірлерін ықшамдап, бірақ негізгі ойды сақтап беруге тырыстық.

    19/4/2018

    “Маңдайға жазылғаны болады деу қате түсінік”

    Ұялы телефоныңыздың нөмірі қандай? Пәтеріңіздің нөмірі ше? Олардың тағдырыңызға әсер ететінін білесіз бе? Әлде бұл Жаратқанның ісіне қайшы деп ойлайсыз ба? Сандардың көмегімен лотореядан көлік не пәтер ұтуға болатыны рас па? Цифрлардың сыры неде? Ақтөбелік нумеролог Айсара Беденованың сұхбатын оқыңыз.

    12/4/2018

    “Саяхатымның нүктесін Марспен қойғым келеді”

    Данат Әлиев – дүние қууды ойламай, 10 жылдан бері ел-жерді аралап жүрген ақтөбелік жігіт, саяхатшы. Оның мақсаты әлемнің ең керемет 100 еліне бару болса, соның бүгінде 44-не табаны тиіпті. Еуропа, Азия, Оңтүстік және Солтүстік Америка, Африка, тіпті Антарктида да болған. Бүгінгімен өмір сүретін саяхатшының алдағы жоспары қандай? Еліміздегі туризм ісіне неге көңілі толмайды? Шетелде жүріп берген сұқбатын оқи отырыңыздар.

    5/4/2018

    “Құдайберген Жұбанов әлі толық зерттелген жоқ”

    Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушысы, жұбановтанушы Әлия Ұлықпанованың есімін гуглде терсек, алдына “бастамашыл” деген сөз қосылып жүреді екен. Бекер емес. Жарты сағат деп келіскен сұқбатымыз үш сағатқа жетіп жығылды. Әлия Жолдасқалиқызы Жұбановтар туралы сөз бастаса, көзі жанып, дауысы зорайып, құдды бір диссертация қорғап жатқандай әңгімелейді екен. Тұтас әңгімені газетке сыйғыза алмасақ та, ғалымның көп айтыла бермейтін әдебиетшіл, ақындық қырына қатысты тың деректерді жариялауға тырыстық.

    29/3/2018

    “Жарасыммен өмір сүретін жұптың әйелі ерке болады”

    Make-up шебері, екі баланың анасы, 28 жастағы Динара Мирасбек жуырда Ақтөбенің ең сұлу келіншегі атанды. Әкесінің актрисалық жолды таңдауына қарсылығы оның өнерге деген махаббатын еш суытпапты. “Сұлулық байқауына сахнаны сағынған соң қатыстым” дейді өзі. Алайда дайындық интригасыз өтпепті. Динараның “Миссис Ақтөбе -2018” байқауына екі апта қалғанда қатысудан бас тартуына не себеп болды?

    15/3/2018

    Венера Серғазина: «Қара шаңырағымның атына кір келтіргім келмейді»

    Венера Серғазина облыстық телеарнаға 90-жылдардың соңында кездейсоқ келді. Орыс тілі пәнінің маманы эфирге 60-қа жуық қыз-келіншектің арасынан таңдалып, суырылып шығады. Қарапайым халық оның қазақ телевизиясының кеңес дәуірінде қалыптасқан дикторлық мектебінің соңғы өкілдерінің бірі екенін біле бермейді. Тағдырын Ақтөбе телеарнасымен ғана байланыстыруына не себеп болды?

    8/3/2018

    “Алғашқы жұмыс күнім қанды оқиғамен басталды”

    Ақтөбе қаласы ІІБ Сазды полиция бөлімі кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Мөлдір Болатбаева. Телефон тұтқасын көтерген кейіпкеріміздің жұп-жұмсақ дауысына алғашында таң қалдық. Мөлдір небәрі 24 жаста. Мақсатына жетпей тынбайтын жас инспектордың демалысы жоқ жұмысы мен уақыт табуға қиналатын жеке өмірі туралы сұрап білдік.

    1/3/2018

    “Ескі құрылғылар актерлардың басына түсіп кете ме деп қорқамын”

    Ақтөбедегі Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрына жаңа басшының келгеніне үш ай болды. Не өзгерді? Мәскеулік инженерлер театрға не үшін күлді? Неге премьераға сырттан актерлар шақырылды? Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының директоры, актер Нұрхан Кәдірбаевпен осы және өзге де сұрақтар төңірегінде сұқбаттастық.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге