28/12/2017

    Алма Адаханова. “Ақтөбеге келіп, жан тыныштығын сезіндім”

    Ол өнерлі отбасында дүниеге келіп, 3 жасынан бастап қолына микрофон ұстады. Ол өнерлі адамның басына үйірілетін қара бұлттан қашып құтыла алмады. Дегенмен, морт сынған жоқ. “Сахнаға шығып, өзімді қайта таптым” дейді. Маңдайына жазылған тағдырына еш өкінген емес. Өзінің айтуынша, жүрегі тек “ән” деп соғып тұр. Ол – Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі Алма Адаханова.

    21/12/2017

    Жеткербай Қайдасов: “Жылда оқулық өзгерту дұрыс емес”

    Ол - бала кезінен есеп-қисапқа құмартып өсті. Қарапайым жылқышының баласы. Ауыл мектебінің математика бағдарламасын қорашсынып, өз бетінше ғылыми кітап-журналдар оқып, білімін тереңдетеді. Ол алдына мақсат қоя білді. Қызмет пен отбасын қатар алып жүріп, Ресейде білімін жалғастырып, жаңалық ашты. Ол – 2005 жылдан бері шығып келе жатқан геометрия, ең алғашқы электронды оқулықтарының (геометрия) авторы. Геометрияны компьютерлік графикамен ұштастырып жүрген ғалымның әлі де халыққа берері көп. Ол – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, ҚР Білім беру ісінің үздігі Жеткербай Қайдасов.

    14/12/2017

    Аман Құлбаев: “Клоун болғым келді”

    Ол әуелде клоун болғысы келді. Сол арманы жас жігітті Жамбылдан Алматыға жетелеп әкелді. Ол жарты ғасырға жуық ғұмырын театрға арнаған ұстаз, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының негізін қалаушылардың бірі. Ол – Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы университетінің “Театр өнері” факультетінің деканы, профессор Аман Құлбаев.

    7/12/2017

    Айжан Табаракқызы: «Қуанып жүріп, өлең жазатын ақынды көрмеппін»

    Ол – ақындықты мұрат тұтпайды, ол үшін өлең – бір сәттік көңіл-күйдің көрінісі. Оның мінезі, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі ер-жігітке тән, бірақ жырлары – нәзік, шынайы, мөлдір лирика. Ол кейде жалғыздықты аңсап, күз боп мұңаяды, кейде дауылдатып, құйындатып өтеді. Ол -Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, республикалық жас ақындар жыр мүшәйраларының лауреаты, «Әдебиет» порталының редакторы, ақын Айжан Табарак.

    30/11/2017

    Нұрлыбек Қалауов: “Қазір “ұры” айтыскерлер көбейіп кетті”

    Ол Ойылының ыстық құмын Алматының асфальтына айырбастамаған қаламгер. Ол бір көргенде жаны нәзік, көп сөйлемейтін, сабырлы көрінгенмен, азаматтық лирикасы жанып тұрған от дерсің. Ол - Ақтөбенің “Нұрағасы”, бүгінде ел ағасы. Ол – айтыстың ардагері, ұстаз, журналист. Ол – ҚР мәдениет саласының үздігі, ҚР Журналистер одағының мүшесі, айтыскер, ақын Нұрлыбек Қалауов.

    23/11/2017

    Баянғали Әлімжанов: “Тәуелсіздік алғалы эфирден жыршыларды көрсетпейтін болды”

    Бұл кісіні қазіргінің “Біржан салы” деп атайды. Жыршы-жыраулығы бір төбе әрі Қазақстандағы жалғыз “Манасшы”. Оған Құдай бар талантты аямай бере салған, бағы мен бабы қатар келіскен бақытты жан, өмірді шексіз сүйетін ақын. Ол – азулы айтыскер, драматург, жазушы, сатирик, кинорежиссер, тележүргізуші, сыншы, Қырғызстан Композиторлар одағы мен Мәдениет министрлігінің А.Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері Баянғали Әлімжанов.

    16/11/2017

    Қадырғали Көбентай: “Біздің халық әртіс десе, сайқымазақ деп қабылдайды”

    Ол – өнер үшін туылып, ән мен гитараны жанына серік еткен бүгінгінің сал-серісі. Оның бір басында бірнеше талант тоғысқан: суретшілігімен қоса ақындығы, әншілігі, сазгерлігі, актерлігімен қоса тарихты бір адамдай біледі. Ұстаз. Шәкірті бар. Ол әдемі поэзияны әнге қосып, халықтың эстрадалық сауатын жоғары деңгейге көтеруді армандайды. Ол - ҚР Мәдениет қайраткері, композитор, театр және кино актері, әнші-сазгер Қадырғали Көбентай.

    9/11/2017

    Әлия Маханалина: “Ақтөбеде жылына жүзден астам әйелден сүт безінің қатерлі ісігі анықталады”

    Ол бала кезінен дәрігер болуды армандап, 20 жылдан бері қаншама пациенттерді қабылдап келеді. Ол – Ақтөбедегі ең алғашқы маммологтардың бірі. Ол – әрі ана, әрі жар, әрі маммолог-онколог, әрі хирург, тіпті, психолог және мотиватор. Ол өзінің саласын жанындай жақсы көреді, бар ғұмырын арнауға әзір. Ол –1-ші санатты дәрігер Әлия Маханалина.

    26/10/2017

    Әли Ермекбаев: “Қазақстанның музыкасына реформа қажет”

    Оның музыкадағы өмір жолы 10 жасында басталды. Әкесінің орындалмаған арманын жүзеге асырғанмен, еш өкінген емес. 10 шақты аспапта емін-еркін ойнай алады. Ән айтады. Музыка жазады. Ол бүгінде Ақтөбенің саусақпен санарлық кәсіби музыканттарының бірі әрі болашақ аспирант. Ол – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның камералы оркестрінің көркемдік жетекшісі, дирижер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Әли Ермекбаев.



kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған
^ Үстіге