10/8/2017

    Манас Көшербаев: “Республикалық сахнаны бағындыра алмадық деп өкінбейміз”

    Ол – атақонысын аңсап келген қазақтың бір ұлы. Ол туған жерінің топырағын басуды көп армандады. Арманына жетті де. Ол бүгінде еліне деген махаббатын әнімен жеткізіп жүрген өнер адамы. Ол – арманшыл, ата жолын балалары жалғап алып кететініне кәміл сенеді. Ол – әнші, “ағайынды Көшербаевтар” тобының солисі Манас Көшербаев.

    10/8/2017

    Амантай САДИЕВ: Террористердің балаларына көмектесеміз

    “Мінбердің” бүгінгі қонағы — Ақтөбе қаласының бас имамы Амантай САДИЕВ.

    3/8/2017

    Айгүл Дүйсенова: “Балалар бопсалау құралына айналып кетті”

    Ол – түрлі кедергілерге қарамастан, ең бірінші боп Ақтөбеде әйелдерді қолдау орталығын ашқан адам. Ол – күйеулерінен зәбір көрген қорғансыз әйелдерге көмектесуді міндетім деп санайтын жан. Ол көмек сұраған жандарға әрдайым ашық, дайын. Ол – “Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы, қоғам қайраткері Айгүл Дүйсенова.

    27/7/2017

    Сәния Қалдығұлова: “Отбасылық өмірді емес, карьераны таңдадым”

    Ол - бала кезінен мұғалім болуды армандаған саясаткер. Арманына аз уақыт қана қол жеткізді. Ол – Ақтөбенің бетке ұстары, әкімнің ең сенімді серіктерінің бірі. Ол – әйел, ана болу бақытын туған қаласының өсіп-өркендеуіне саналы түрде айырбастаған жан. Ол – “Құрмет”, “Парасат” ордендерінің иегері, “ҚР білім беру ісінің үздігі”, “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері”, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова.

    20/7/2017

    Марс Қызылбаев: “Отыз градус ыстыққа кәдімгідей тоңамыз”

    Ол – сөзге сараң болғанмен, іске мығым. Ол – 30 жылдан аса уақыт 1000 градус ыстықтың үстімен жүріп келеді, балқыған металды судай сапыратын әккі маман. Ол - ыстыққа ең төзімді адамдардың бірі. Ол –Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1 балқыту цехының кран машинисі, "Еңбегі сіңген жұмыскер”, “Алтын төс” белгісінің иегері Марс Қызылбаев.

    13/7/2017

    Кеңес Бірманов: “Зейнеткер болсам да қарап отырған жоқпын”

    Ол жоқшылық пен жетімдіктің зардабын ерте тартты. Әкесін соғыс жалмады. Ол – өз білімімен қарапайым жұмысшыдан бірінші хатшыға дейін өскен еңбекқор жан. Ол – жұмысты үздіксіз 55 жыл бойы істеп келе жатқан, Ақтөбенің ең белсенді ақсақалы. Ол – облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Кеңес Бірманов.

    6/7/2017

    Индира Өтеміс: “Қарапайым десе қуанамын”

    Ол жастайынан журналист болатынын анық білді. Ол - өлеңдеріне Фариза Оңғарсынованың өзі баға берсе де, асқақтап кеткен жоқ. Қызмет пен атақ қумады. Қарапайым. Біртоға. Ол – адал жар, асыл ана, ақын, журналист. Ол Ақтөбе жұртшылығына етене таныс ақын Индира Өтеміс.

    29/6/2017

    Арыстан Аймағамбетов: “Жастайымнан ақпарат құралдарында жүруге құмартатынмын”

    Ол – облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер журналист. Ол Ақтөбе журналистикасының алғашқы қарлығашы. Ол Қазақстанның құрметті журналисі. Ол үш кітаптың авторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Арыстан Аймағамбетов.

    23/6/2017

    Алмагүл Ізбасарова: “Осы дәрежеге жеткенім отбасымның арқасы”

    Ол – инабатты келін, аяулы ана. Ол қызметінде жеткен жетістігінде енесінің еңбегі бар деп есептейді. Ол әскерилер династиясының келіні, өзі де осы мамандық иесі. Ол Ішкі істер департаментінің ақпараттық-сараптамалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағатының аға инспекторы, полиция лейтенанты Алмагүл Ізбасарова.

    15/6/2017

    Сағындық Ниянқұлов: Артықтау «мінезінен» өлеңдерім жарық көрмейді

    Ол – газет ісіне 20 жылын арнаған ардагер журналист, майталман маман. Ол – еңбегінің өтеуін міндетсінбеген, қызмет қумаған, қарапайым, атағы жоқ азамат. Ақын. Отты ақын. Ол – инсультпен бетпе-бет келсе де, жігері мұқалмаған, дертін “демалыс” деп қабылдаған жан. Ол – ҚР Журналистер Одағының мүшесі, журналист, ақын Сағындық Ниянқұлов.



kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған
^ Үстіге