27/7/2017

    Сәния Қалдығұлова: “Отбасылық өмірді емес, карьераны таңдадым”

    Ол - бала кезінен мұғалім болуды армандаған саясаткер. Арманына аз уақыт қана қол жеткізді. Ол – Ақтөбенің бетке ұстары, әкімнің ең сенімді серіктерінің бірі. Ол – әйел, ана болу бақытын туған қаласының өсіп-өркендеуіне саналы түрде айырбастаған жан. Ол – “Құрмет”, “Парасат” ордендерінің иегері, “ҚР білім беру ісінің үздігі”, “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері”, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова.

    20/7/2017

    Марс Қызылбаев: “Отыз градус ыстыққа кәдімгідей тоңамыз”

    Ол – сөзге сараң болғанмен, іске мығым. Ол – 30 жылдан аса уақыт 1000 градус ыстықтың үстімен жүріп келеді, балқыған металды судай сапыратын әккі маман. Ол - ыстыққа ең төзімді адамдардың бірі. Ол –Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1 балқыту цехының кран машинисі, "Еңбегі сіңген жұмыскер”, “Алтын төс” белгісінің иегері Марс Қызылбаев.

    13/7/2017

    Кеңес Бірманов: “Зейнеткер болсам да қарап отырған жоқпын”

    Ол жоқшылық пен жетімдіктің зардабын ерте тартты. Әкесін соғыс жалмады. Ол – өз білімімен қарапайым жұмысшыдан бірінші хатшыға дейін өскен еңбекқор жан. Ол – жұмысты үздіксіз 55 жыл бойы істеп келе жатқан, Ақтөбенің ең белсенді ақсақалы. Ол – облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Кеңес Бірманов.

    6/7/2017

    Индира Өтеміс: “Қарапайым десе қуанамын”

    Ол жастайынан журналист болатынын анық білді. Ол - өлеңдеріне Фариза Оңғарсынованың өзі баға берсе де, асқақтап кеткен жоқ. Қызмет пен атақ қумады. Қарапайым. Біртоға. Ол – адал жар, асыл ана, ақын, журналист. Ол Ақтөбе жұртшылығына етене таныс ақын Индира Өтеміс.

    29/6/2017

    Арыстан Аймағамбетов: “Жастайымнан ақпарат құралдарында жүруге құмартатынмын”

    Ол – облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер журналист. Ол Ақтөбе журналистикасының алғашқы қарлығашы. Ол Қазақстанның құрметті журналисі. Ол үш кітаптың авторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Арыстан Аймағамбетов.

    23/6/2017

    Алмагүл Ізбасарова: “Осы дәрежеге жеткенім отбасымның арқасы”

    Ол – инабатты келін, аяулы ана. Ол қызметінде жеткен жетістігінде енесінің еңбегі бар деп есептейді. Ол әскерилер династиясының келіні, өзі де осы мамандық иесі. Ол Ішкі істер департаментінің ақпараттық-сараптамалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағатының аға инспекторы, полиция лейтенанты Алмагүл Ізбасарова.

    15/6/2017

    Сағындық Ниянқұлов: Артықтау «мінезінен» өлеңдерім жарық көрмейді

    Ол – газет ісіне 20 жылын арнаған ардагер журналист, майталман маман. Ол – еңбегінің өтеуін міндетсінбеген, қызмет қумаған, қарапайым, атағы жоқ азамат. Ақын. Отты ақын. Ол – инсультпен бетпе-бет келсе де, жігері мұқалмаған, дертін “демалыс” деп қабылдаған жан. Ол – ҚР Журналистер Одағының мүшесі, журналист, ақын Сағындық Ниянқұлов.

    9/6/2017

    Асылжан Бүркітәлин: “Жас Отанның” бағасын халық береді

    Ол оқушы кезінен білімге құштар боп, биікке ұмтылып, алдына мақсат қойды. Ол студент кезінен жұмыс істеді, дебаттық ойындардың шебері атанды, дебат клубының президенті болды. Ол – “жұмыстың жаманы жоқ, ал адамның сылтауы көп” деп жиі айтады. Өзіндей жастарды еңбекқор болуға шақырады. Оның қарамағында 7000-нан астам жастар бар. Ол небәрі 24 жасында “Жас Отан” жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы болды. Ол – Асылжан Бүркітәлин.

    1/6/2017

    Қайыржан Тоқышев: Зейнетке шыққаннан кейін, сурет үйірмесіне барғым келеді

    Ол мемлекеттік қызметке 30 жылдан астам уақытын жұмсады. Саналы ғұмырын мемлекеттік қызметшілердің тәртібін бақылап, шалыс кеткендерді тезге салуға арнап келеді. Ол – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қайыржан Тоқышев.

    25/5/2017

    Нұрлан Орақова: “Балаға тек бағыт беру керек”

    Ол – әже болуды армандайтын ана, талапшыл ұстаз, көп ізденетін педагог. Ол – қызметіне адал жан, балалардың болашағына алаңдайтын қамқор жетекші, “Үздік әдіскер”. Тоқырауға жаны қас, еңбекті сүйеді, үнемі тың идеялар ойластырып жүреді. Ол – оқушылар арасында жыл сайын өтетін “Аққұс” фестивалінің жетекшісі. Ол – қалалық Оқушылар сарайының педагог-ұйымдастырушысы Нұрлан Орақова.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге