Өгей қызын зорламақ болған “әкенің” соты басталды

    Ақтөбеде 43 жастағы ер адам өгей қызын зорламақ болған. Осы аптада оның ісін сот қарай бастады. Бұл жөнінде “Керек.info” тілшісіне облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің маманы Жұлдыз Сайманова айтты.

    Оқушы қызды зорлауға әрекеттенген күдікті бұрын сотталмаған. Мартөк ауданы Родниковка ауылынының тумасы. Бірақ тұрақты баспанасы болмағандықтан, Ақтөбеде отбасымен бірге пәтерден пәтерге көшіп жүрген.
    Жұлдыз Сайманованың айтуынша, күдікті өгей қызын ең алғаш рет 2013 жылы зорламақ болған. Бұл әрекетін қайталауға кейін де бірнеше мәрте оқталғаны анықталды.Күдікті арам ойын азаматтық некедегі әйелі жұмысқа кеткен кезде жүзеге асырмақ болыпты. Тіпті жыныстық қарым-қатынасқа түссе, ұялы телефонын ойнауға беретіндігін айтып баланы алдарқатқан. Жәбірленушінің жасы қазір 14-те.
    Қылмыстық іс сот қарауына 1 қыркүйек күні түсті. Сот процесі жабық болғандықтан журналистер қатыстырылған жоқ. Тергеу 43 жастағы ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 121 бабының 4- бөлігімен айып тағып отыр. Кінәсі дәлелденсе, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сегіз жастағы қызды зорламақ болған ырғыздық сотталды
  • Ақтөбеде 8 жастағы қызды зорламақ болған жігіт сотталды
  • Ақтөбеде өгей қызын өлімші еткен әке сотталды

  • Өгей қызын балталаған әкенің ісі сотта қаралып жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге