Пара алған жол инспекторы айыппұлмен құтылды

    Ақтөбеде жүргізушіден пара алған жол сақшысы 1,5 миллион теңгеге жуық айып-пұл төлейтін болды. Бұдан бөлек ол өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметпен айналыса алмайды.

    Ақтөбеде 20 мың теңге пара алған жол инспекторына қатысты сот аяқталып, үкім шықты. Өткен жылдың маусым айында 21 жастағы Арайбек Жаманбай “Ваз-14” маркалы автокөлікті тоқтатып, құжаттары жоқ екенін анықтайды. Көлік иесі жүргізуші куәлігін үйіне тас-тап кеткенін айтып ақталады.Кейін жүргізушіге Ақжар ауылындағы өзінің үйіне апарып тастауын өтінген полицей жолай оның жүргізуші куәлігінен айрылғанынан хабардар болады.

    Жүргізуші мен жол сақшысы тамыз айында тағы жолығады. Бұл жолы жол полицейі оның ішімдік ішкенін де байқап қалады. Заң бұзғаны үшін хаттама толтырмақ болады. Алайда, өзіне 30 мың теңге ұсынса, бұл істі жылы жауып қояты-нын айтады. Жүргізуші уәде еткен ақшасын әкелу үшін үш күн мұрсат сұрайды. Осыдан соң мүлдем хабарсыз қалған көлік иесін жол сақшысы телефон арқылы қорқытып, қоқан-лоққы жасай бастаған. 19 тамыз күні жүргізуші сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментке барып, болған оқиғаны баяндайды. Жол сақшысы үш күннен соң уәде етілген параның 20 мың теңгесін алу барысында қолға түсті.

    Судья Нұрлан Бисени жол инспекторын пара алғаны үшін айыпты деп тапты. Оған алған ақшасынан 70 есе көп, яғни 1,4 миллион теңге айыппұл салды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Парақор полицей 7,5 млн теңге төлейді
  • Тергеуші пара алғаны үшін айыпталуда
  • Пара алған жол сақшысына 2,5 млн теңге айыппұл салынды
  • Қаржылық бақылау инспекциясының басшыларына үкім шықты
  • Мас жүргізуші айыппұл төлейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге